Issn 1999-4214 (print) issn 2957-5095 (online) еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы



Pdf көрінісі
бет9/18
Дата23.10.2023
өлшемі0,8 Mb.
#120748
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
Байланысты:
2. Ғ.А. БАЙТИЛЕУОВА

Түйін сөздер: когнитивтік лингвистика, дүниетаным, фрейм, фреймдік 
модель, фреймдік семантика, білім жиынтығы, слоттар.
Кіріспе. Бүгінгі таңда қазақ тіл білімінде ғылыми бағыттардың терең, 
астарлы, жан-жақты талдануына зор мүмкіндік беретін саланың бірі когнитивті 
лингвистика кең өріс алып келе жатыр. Осы бағыттың негізгі артықшылығы 
тілді дүниетаныммен тығыз байланыста зерттеуінде, тіл мен танымның 
тұтастықта қарастырылуында. Бұл – әлем бейнесін тіл арқылы модельдеудің 
бірден бір тиімді жолы. Себебі әлемді тану барысында адам санасында пайда 
болған түсініктер тіл арқылы таңбаланатыны көптеген зерттеушілерге мәлім. 
Сонымен қатар маңызды мәселе – білімді қалай ұйымдастыруға болады? 


Ғ.А. Байтилеуова, М.П. Ешимов, Р.И. Дүйсенбаева
 
22 
№ 1/2023
ВЕСТНИК Евразийского гуманитарного института.
BULLETIN of the Eurasian Humanities Institute.
Мақаланың мақсаты – когнитивті лингвистиканың негізгі ұғымдарының 
бірі «фреймді» қарастыра отырып, оны тілдік бірліктерді бекітудегі қажетті әрі 
тиімді тәсіл ретінде қолдану үлгісін ұсыну.
Таным мен тілдің байланысы қалыптасқан заңдылық екені анық: тіл 
білімін зерттеуде тілтанымдық аспектіге көп мән беріліп келеді, біздің ақыл-
ойымыз танымдық аппараттардың көмегімен білім қорын жинай отырып,
өзара байланысқан ақпараттың үлкен көлемін сақтай алады, американдық 
ғалым Ф. Бартлетт терминдерін қолдана айтатын болсақ «ақпарат схемасы» 
немесе адамның «есте сақтау схемасы» іспетті құрылымданған тілдік 
қолданыстар пайда болады. Адамның есте сақтау механизмінің бірден бір 
мақсаты – өзін қоршаған орта туралы білім жиынтығын үнемі арттырып отыру. 
Осы тұрғыдан алатын болсақ, біз фреймдер стандартталған құрылым болып 
табылғандықтан, оны жинақталған білімді белгілі бір иерархия арқылы 
ұйымдастыратын кластер немесе модель деп қарастырамыз. Дәлірек болсақ, 
фреймді ұйымдастырылған ақпараттар ретінде сипаттағымыз келеді. 
Фрейм («fram» «fram work») ағылшын тілінен аударғанда бірнеше мағынаны 
білдіреді, яғни 1) жиектеу, рамкаға салу, бірнәрсені тұрғызу; 2) каркас, қаңқа, ферма 
(құрылыс термині, шатырды жабу ерекшелігі); 3) кино саласында «кадр» дегенді; 4) 
fram-up – сот кезінде жүргізілетін инсценировка деген мағынаны білдіреді.
Фрейм туралы ХХ ғасырдың соңында ХХІ ғасырдың басында ерекше жиі 
айтыла бастады. Әсіресе, қазақ тіл білімінде бұл тақырып бүгінгі таңда «дүрмекті» 
нысанаға айналған. Оның да себебі бар, өйткені жоғарыда айтып кеткеніміздей
фрейм адамның жадында сақталған барлық білім қорының өлшемі мен сипаты 
болып табылады. Бізді қоршаған әлем сан қырлы болғандықтан, біз үшін кез 
келген фрейм – тәптіштеліп құрылымданған өте қажетті ақпарат үзігі. Яғни 
фреймнің тілді меңгертудегі тиімділігі оның өз құрылымы мен түйіндері бар 
болуында. Фреймнің жоғарғы сатысы – гештальт, құрылымы – сценарий, шексіз 
түйіндері – слоттардан құрала отырып, кез келген жағдаяттың мазмұнын ашуға 
негіз бола алады. Әрине, бізге қолайлысы стандартты тақырыптарды фреймдік 
кестелерге айналдыруымызда, қажетті слоттарды анықтау арқылы оларды 
мазмұнға толықтыруымызда болып тұр. Сондықтан фреймді білімді ұсынудың, 
оны жүйелі ұйымдастырудың басты құралы деп танимыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет