Фрейм арқылы сөздік қорды арттыру
Еуразия гуманитарлық институты ХАБАРШЫСЫ
№ 1/2023
25
сыйласу сияқты 9 слотқа бөлдік. Олардың лексикалық бірліктерімен қатар
жіктемесі төмендегідей болды:
1)
шаңырақ слоты, яғни «баспана, үй-жай» мағынасындағы слот, осы слоттың
аясында жиі қолданылатын лексикалық бірліктер: баспана,
қара шаңырақ, дүние-
мүлік, үйлі-күйлі болу, үй-жайы болу, үй-іші, әулет, түтін түтету, бірге тұру;
2)
ата-ана слоты, яғни «қамқоршы»
мағынасындағы слот, осы слоттың
аясында жиі қолданылатын лексикалық бірліктер: әке, ана, бала-шаға, туыс,
бауыр, ағайын, аға, жеңге, әке болу, ана болу, табыскер, ата-баба, мұрагер,
ұрпақ, немере, жиен, бөле, өгей, қамқорлық, құдалық.
3)
қариялар слоты, яғни «ақсақал» мағынасындағы слот, бұл слоттың
аясында жиі кездесетін лексикалық бірліктер: ата, әже, қария,
қарт адам,
ақсақал, әулеттің үлкені, дана, ата-баба, құрмет, қазына, көпті көрген, жасы
ұлғайған адам, ақыл-кеңес беруші, ақылгөй, қамқорлық.
4)
бала-шаға слоты, яғни «перзент» мағынасындағы слот, оның аясында
жиі қолданылатын лексикалық бірліктер: ұл, қыз, тұңғыш, ортаншы, кенже
бала, нәресте, бөпе, сәби, жас иіс, перзент, немере, жиен, жетім бала, дүниеге
келу, өсу, жетілу, ер жету, бойжету, туу, дүниеге келу, үйлі-баранды, әке атану;
5)
ағайын-туыс слоты, яғни «жақын адамдар»мағынасындағы слот, оның
аясында жиі қолданылатын лексикалық бірліктер: ағайын-тума, алыс туыс,
жақын туыс, тума, қандас, қай елсің, жекжат, құда-жекжат, жұражат, бауырлас,
қайын жұрт, өз жұрты, нағашы жұрты.
6)
некелесу слоты, яғни «неке» мағынасындағы слот,
оның аясында жиі
қолданылатын лексикалық бірліктер: неке, некеге тұру, шаңырақ құру, отау
құру, шаңырақ көтеру, некені бұзу, енші алу, құда түсу, құда болу, үйлену,
тұрмысқа шығу, 13 жаста отау иесі, күйеуге шығу, қалыңдық, келін, күйеу бала,
ерлі-зайыпты, той, неке қию, тойға шақыру, қалың мал, алып қашу, көңіл қосу,
қара шаңырақ иесі, тойлау, жесір қалу.
7)
үй иесі, шаңырақ иесі слоты, яғни «басшы» мағынасындағы слот, оның
аясында жиі қолданылатын лексикалық бірліктер: отағасы, отанасы, әке,
қожайын, қамқоршы, қорған, көке, бедел, ықпал етуші, табыскер, бата беруші;
8)
отбасылық дәстүр слоты, яғни «салт» мағынасындағы слот, оның
аясында жиі қолданылатын лексикалық бірліктер: қонақжайлылық, салт-
дәстүр, құт келу, құтты қонақ, енші беру, үлкенді құрметтеу, төрлету, қонақасы,
қазан көтеру, дәм тату, дастарқан жаю, қолға су құю, бата сұрау, бата беру;
9)
сыйластық, сыйласу слоты, яғни «қадірлеу» мағынасындағы слот, оның
аясында жиі қолданылатын лексикалық бірліктер: құрмет көрсету, құрметтеу,
сыйлау, сәлем салу, сәлем беру, орын беру, бағу, қарау, көмектесу, қолғабыс көрсету,
қонақ күту (ухаживать), қонақ ету, сый тарту, тыңдау, қарсы келмеу, бағыну.
Берілген 9
слотты сипаттай отырып, Отбасы фрейміндегі басты
мағыналық компоненттер «бірігу», «көбею», «сыйласу» деген ойға келдік. Оған
халқымыздың «Бас екеу болмай, мал екеу болмайды» деген мақалы дәлел.
Ғ.А. Байтилеуова, М.П. Ешимов, Р.И. Дүйсенбаева
26
№ 1/2023
ВЕСТНИК Евразийского гуманитарного института.
BULLETIN of the Eurasian Humanities Institute.
Сонымен отбасы концепті бойынша фреймді және оның слоттарын
төмендегідей кластер үлгісінде құрылымдап көрдік.
1-сурет – Отбасы концепті бойынша фрейм-сценарий.
Осы фрейм-сценарий негізінде слоттарға қажет тірек сөздер қатарын
құрамыз. Бұл слоттар белгілі мағынаны, олардың байланысын көрсетеді. Бұл
құрылымдардың мәні көп модельді қамтуында емес, маңыздысы – тілдік
фреймдер үлгілерінің құрылуы. Тағы ескеретін жағдай, слоттарда жиірек
қайталанатын немесе студенттер шатастыратын сөздермен жалғастыра отырып,
кластер құруға болатындығында.
Кез келген адам ақпаратты жағдаятқа қарай фрейм түрінде
қабылдайтынын психологтер жиі айтады [7, 29].
Психологиялық тұрғыдан
фрейм
жинақталған
тәжірибенің
жалпыланған
құрылымы
болып
табылғандықтан, фрейм арқылы адамның санасы сыртқы әлем объектілерінің
қалпын қалай өзгертуді, оқиғалардың дамуы мен мазмұнын, олардың өзара
байланысын болжайды. Неліктен сөйлеу және жазу фреймдері студенттер үшін
тиімді идея болып табылады? Себебі студенттерге басқа тілде сөйлеу мен
жазуды құрылымдау, жаңа тілдік құрылымдар мен модельдерді дәйекті түрде
пайдалану өз бетінше қарым-қатынас жасауға ынталандырады, фрейм
семантикасына мән беру қажеттілігі пайда болады. Мәселен, Ч. Филлмор
фрейм семантикасын «сөз мағыналарын талдаудың ерекше тәсілі,
сонымен
қатар жаңа сөздер мен сөз тіркестерін жасау принциптерін сипаттау тәсілі» деп
анықтайды [8, 54]. Сөздер біздің жадымызда кездейсоқ сақталмайтыны анық.
Олар тек құрылымдық семантикадағы қатынастар негізінде ұйымдастырылып
қана қоймайды, сонымен қатар олар бір-бірімен байланысты.
Студенттерге фрейм слоттарында қандай да бір мағына сақталатынын
үнемі ескеру керек. Көбіне слоттардағы мағына атаумен және жағдаяттармен
байланысты. Фрейм-сценарийі бойынша «Отбасы» тақырыбына қатысты
ақпарат алу үшін немесе керісінше, мәлімет беру үшін студенттердің базалық
Қазақ отбасы
Әке-шеше
2-слот
Ата-ана,
отбасы
мүшелері
Отбасы
Бала-шаға
1-слот + 3-
слот + 5-
слот
3-слот + 2-
слот + 6-слот
+ 7-слот + 8-
слот
3-слот + 4-
слот
Ата-ана,
ағайын-
туыс
2-слот + 3-
слот + 4-
слот + 1-
слот
3-слот + 4-
слот + 5-
слот + 6-
слот + 8-
слот
Фрейм арқылы сөздік қорды арттыру
Еуразия гуманитарлық институты ХАБАРШЫСЫ
№ 1/2023
27
білімін пайдалана отырып, көптеген сұрақтарға жауап беруге болады, мәселен,
Отбасыңыз қандай? Отбасыңызда мұрагер бар ма? Ата-бабаңыз туралы не
айтасыз? Бала-шағаңыз аман-есен бе? Отбасы дәстүрлерін сақтайсыз ба?
Отбасыңызда ең құрметті адам кім? Отбасында қазақша дәстүрді
қалай
сақтайсыздар? Неше жастарыңызда некелестіңіздер? Қашан әке атандыңыз?
Сұрақтар тізбегін студенттер осылай жалғастыра береді.
Расында, ғаламның концептуалды тілдік бейнесі біздің белгілі бір түрде
әрекеттерімізді ұйымдастырады және басқа адамдардың мінез-құлқын дұрыс
түсінуге мүмкіндік береді. Осыған орай атап кететін жағдай, фреймдер өзара
байланысты оқиғалар туралы ақпаратқа тәуелді болып келеді, шектеулі
ақпарат қате фрейм тудыруы мүмкін. Егер солай болса, онда орынды сұрақ
туындайды: қандай жағдайларда ақпараттың ең аз мөлшері арқылы фрейм
құруға болады? Кез келген ақпарат тек фактіні ғана емес, сонымен қатар
жанама түрде сөздер мен сөз тіркестерін таңдау
арқылы жасалған мәтінді
көрсетеді. Нәтижесінде нақты факті маңыздырақ рөл атқарады, дегенмен, сол
фактінің астарындағы сипаттау, толықтыру арқылы ақпарат пен шынайы
жағдаят объективті ғана емес, сонымен қатар субъективті реңктерге ие болып,
белгілі бір фреймдерді қолдануға (құруға) мәжбүр болады. Дж. Кайперс те
«Фреймдер соншалықты күшті, олар бізді әлемді сүзгіден өткізіп алып,
қабылдауға итермелейді» [9, 181] деген пікірді ұсынады.
2-сурет – Отбасы концепті бойынша фреймдік слоттар мазмұны
Достарыңызбен бөлісу: