Issn 2073-333x международный научный журнал



Pdf көрінісі
бет38/169
Дата17.10.2022
өлшемі7,69 Mb.
#43641
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   169
Байланысты:
Наука и жизнь Казахстана №3 2020 РСИУ (1)

Әділет ювенологиясын қалыптастыру елімізде арнайы кадрларды дайындауға қатысты болмақ. 
Сондықтан, педагогикалық бағыттарында қызмет көрсететін жоғарғы білім беру мекемелерінде 
кәмелетке толмағандарға қатысты құқықтық, медициналық, психологиялық және басқа да сұрақтар 
бойынша тереңдетіп оқытылатын, ал заңтану бағыттарындағы қызмет көрсететін жоғарғы оқу 
орындарында судьяларды, құқық қорғау органдары қызметкерлерін және қорғаушыларды дайындай-
тын арнайы кафедралар ұйымдастыру қажет. Кәмелетке толмағандар құқықтық дамуы Концепция-
сын жүзеге асыру, «Әділет ювенологиясы туралы» заңмен реттелетін Әділет ювенологиясы жүйесінің 
автономиялы жүйесіне өтуге мүмкіндік береді.
Кәмелетке толмағандарды қылмыстылыққа итермелеудегі аталған ықпалдардың ең қауіптісі – 
оны қылмыстық құқық бұзушылық жасауға тарту. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 
132-бабында бұл іс-әрекеттерді қылмыстың ерекше дербес құрамы ретінде қарастырады. Бұл заңсыз 
іс-әрекеттердің қоғамға қауіптілігі сонда, кәмелетке толған (ересек кісі) кәмелетке толмаған тұлғаның 
болашақ тағдырын бұзады, келешегіне кері әсерін тигізеді. Кәмелетке толған адамның бұл әрекеттері 
жасөспірімнің қылмыстық жолға түсуіне тікелей себепші болып табылады. 
Кәмелетке толмағандарды қылмыстық құқық бұзушылыққа тартудың қоғамға қауіптілік 
деңгейіне жақын келетін келесі бір формасы – аталған тұлғаны қоғамға қайшы іс-әрекеттер жасауға 
тарту: ішімдікті, есірткі мен олардың психотроптық ж.т.б естен тандыратын заттарды ұдайы пайдала-
ну; жезөкшелікпен айналысу, қайыр сұрау және тағы басқа қоғамға жат әрекеттерді заң шығарушы 
ҚР Қылмыстық кодексінің 133-бабы бұл іс-әрекетті өзінше бөлек құрамға жатқызған. Бұрынғы 
Қылмыстық кодекстің 210-бабы (1959 жылғы) бұл іс-әрекеттерді кәмелетке толмағандарды қылмыстық 
іске тартудың бір түрі деп қарастырған болатын.
Соңғы кезеңдерде кәмелетке толмағандарды қылмыстық құқық бұзушылыққа және басқадай 
қоғамға жат әрекеттерге тарту фактілері кебеюде. Егер 1990-2000 жылдар аралығында аталған әрекеттер 
үшін сотталған ересектер саны 2,6 есе көбейген болса (8203-тен 21062-ге дейін), 
2011-2013жылдар аралығындағы статистикалық мәліметтер келесідей.
Кесте 1
Жылдар
Қылмыстық 
жауаптылыққа 
тартылған жасөпірімдер
Жасөспірімдерге 
қатысты жасалған 
қылмыстар
Бұрын 
сотталғандар
Бас бостандығынан 
айырылғандар
2011
322
336
25
1
2012
421
415
24
2
2013
355
399
19
2


Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
71
Аталған мәліметтер, заңсыз іс-әрекеттер жасап отырған кәмелетке толған тұлғалардың саны 
азайғанымен, қылмыстық құқық бұзушылық сандары өсіп жатыр деген қорытынды жасауға мүмкіндік 
береді. 
1990-2000 жылдар аралығында кәмелетке толмағандарды қылмыстық немесе қоғамға қайшы 
әрекеттерге тарту қылмыстары оларға қатысты барлық қылмыстардың 25%-ын құраған болатын. 
Шындығында бұл керсеткіш едәуір жоғары, себебі – ересектер мен аталған тұлғалар бірлесіп жасаған 
қылмыстық құқық бұзушылықта ересектердің жастарды қылмысқа тартқандығын дәлелдеу қиынға 
түседі. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш 2-кестеге сай 17,1%-ы құрайды.
Кесте 2
Жылдар
Қылмыстардың барлығы Отбасына не жасөспірімдерге 
қарсы жасалған қылмыстар
ҚР ҚК-нің 131-бабы
2006
10 710
60
14
2007
9 475
51
7
2008
10 370
74
14
2009
9 896
81
12
2010
10 287
88
11
2011
17 893
102
12
2012
18 643
16
4
Жалпы қоғамға қауіптілігі жағынан кәмелетке толған тұлғалардың жасөспірімдермен бірлесе 
отырып жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтары оларды қылмыстық және қоғамға жат әрекеттерге 
тарту қылмыстарымен жақын тұр. Бұл жердегі қоғамға қауіптілік жасөспірімдер кәмелетке толған 
тұлғадармен бірлесіп қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауында ғана емес, ол қылмыстылықтың 
жасөспірімге тигізер теріс ықпалында. Нәтижесінде қоршаған ортану тану үрдісінің алғашқы кезедерінің 
өзінде жасөспірімдердің бойына қоғамға жат пікірлер ұялайды. Онсызда қоғамды жақсы түсінбейтін, 
онда өз орнын ала алмай отырған жеткіншекті бұзатын ыкпал, алдағы жасалатын қылмыстық құқық 
бұзушылықтардың себебінде елеулі рөл атқарады. Аталған теріс ықпалдарға түбегейлі тосқауыл 
қою үшін қылмыстық құқық бұзушылыққа бірге қатысатын кәмелетке толған тұлғалар мен қатар 
жасөспірімдердің де қылмыстық жауапкершілігін күшейту керек. Мұндай әрекеттер жасөспірімдер 
қылмыстылығынын алдын алудағы қылмыстық-құқықтық тәсілдердің бірі болар еді. Қазіргі таңда 
ҚР Қылмыстық кодексінде бұл туралы мәселе қозғалмаған. Бұл қылмыстық заңнамадағы елеулі 
олқылықтардың бірі болып табылады. Оның себебін, статистикаға сүйенсек аралас топтар жасай-
тын қылмыстар санының ұлғайғанымен түсіндіруге болады. 1990-2000 жылдар аралығында бұндай 
қылмыстар 2.2 есеге (16930-дан 36015-ке) дейін өскен. ҚР Бас прокуратурасының статистикалық 
мәліметтері мен ішінара зерттеу мәліметтері негізінде алған біздің есебіміз бойынша қоғамға қауіпті 
ықпалдың аталған формасы жасөспірімдердің 27,8 % қылмыстарының себептік жиынтығына кіреді.
Кәмелетке толмаған тұлғалар қылмыстылығының себептік жиынтығында жасөспірімдердің 
қоғамға қайшы мүдделері үшін кәмелетке толған тұлғалар жасайтын қылмыстар да елеулі орын алады. 
Бұған көптеген қылмыстық құқық бұзушылықтар жатады, мысалы: Жезөкшелікпен айналысуға тар-
ту (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 308-бабы), Қылмыстық жолмен табылған мүлікті 
жасөспірімдермен иемденуі немесе сатуы (ҚК-тің 189-бабы), қару-жарақты, оқ-дәріні, жарылғыш 
заттар мен құрылғыларды жасөспірімдермен заңсыз иелену, оларды жасөспірімдер беру, сату, өткізу, 
сақтау, тасымалдау не алып жүру (ҚК-тің 287-бабы), есірткі, прсихотроптық заттарды, жүйкеге әсер 
ететін заттарды жасөспірімдерді заңсыз иелену не оларды кәмелетке толмағанға сату (ҚК-тін 297-
бабы) және т.б. 
Кәмелетке толғандардың бұл қоғамға жат әрекеттері кәмелетке толмаған тұлғаларды біржола 
қылмыстық жолға түсіруіне себепкер болуы мүмкін, сондықтан да мұндай қылмыстық құқық 
бұзушылықтар үшін жауаптылықты күшейту қажеттігі туындауда. Ал, ҚР Қылмыстық кодексінде бұл 
туралы ешқандай арнайы норма көзделмеген. Аталған қылмыстық құқық бұзушылықтар саны жыл 
сайын қарқынды өсуде. Мысалы, жасөспірімдердің есірткіге қатысты қылмыстылығының деңгейі 
1988-2000 жылдар аралығында 5.9 есеге өскен. 


Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020 
72
Кәмелетке толмағандардың қоғамға қайшы мүдделері үшін ересектер жасаған қылмыстық 
құқық бұзушылықтар үлесі 25%-ды құраған. Ал, қазіргі таңда кәмелетке толмағандармен жасалатын 
қылмыстық құқық бұзушылықтардың ішінде қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы, 
оның ішінде бұзақылықтар ҚР ҚК-нің 293-бабы 2 есеге дейін (2013 жылы 2011жылмен салыстырғанда 
67-ден 117-ге) өскен.
Кесте 1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет