Issn 2073-333x международный научный журнал


МАҚАЛАНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН КӨЛЕМІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР



Pdf көрінісі
бет8/169
Дата17.10.2022
өлшемі7,69 Mb.
#43641
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   169
МАҚАЛАНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН КӨЛЕМІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
1. 
Мақала көлемі 10 мыңнан 20 мыңға дейінгі белгілерді құрауы керек немесе 6 бет пен 10 бет- 
тің аралығында болғаны жөн. Егер материал бұл көрсетілген мөлшерден аз немесе көп болса 
журнал редакциясы ұжымымен келісілуі керек;
Ескертпе: журнал форматына сәйкес авторлардан 4х5 мөлшеріндегі фотоларын жіберуін 
сұраймыз, мақаламен қоса жарияланады.
2. 
Мақала мына критерийлерге жауап беруі керек: ғылыми жаңашылдығы, жазудағы ерекшелік 
(мәтіннің өзіндік стилі 80 пайыздан жоғары), мақалада зерттеліп отырған тақырып пен 
мәселеге деген авторлық көзқарас болғаны жөн.
3. 
Мақалада келтірілген материалдар тек деректерді баяндау және сипаттау мазмұнында бол- 
мауы керек;
4. 
Мақала мазмұнына сәйкес келетін материалдарды қолданғанда, оларды дұрыс және дәлдік- 
пен қолдану мәселесіне мән берген дұрыс. Авторлар ұсынылған материалдың дәйектілігі 
үшін жауап береді, ол үшін плагиаттың жоқтығы туралы анықтама өткізеді. ПЛАГИАТҚА 
жол берілмейді.
5. 
Мақалада отандық (Қазақстандық) авторлардың еңбектерін міндетті түрде қолдану ке
рек. Сонымен қатар «Қазақстанның ғылым мен өмірі» журналының алдыңғы сандарында 
жарияланған авторлардың мақалаларына сілтеме жасауға кеңес беріледі.
6. 
Автор мақала жазу барысында өз еңбектеріне сілтемені азырақ жасап,басқа маңызды 
ғалым- дардың еңбектеріне сілтеме жасағаны жөн болар.
МАҚАЛА МӘТІНІН КӨРКЕМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
1. Мақала мәтіні редакцияға WORD-тың кез келген нұсқасында сақталған файл түрінде жі- беріледі:
2. Мақала құрылымы: мақала атауы, мақала мәтіні, автордың тегі, аты, әкесінің аты, автормен 
байланысу және тағы д а басқа мәліметтер (атап айтқанда: жұмыс немесе оқу орны, мекен- 
жайды көрсету, ғылыми атағы мен лауазымы, қызметі), кілт сөздер (5 сөзден кем болмауы 
тиіс), қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қысқаша анықтама (3-4 сөйлемнен кем болма- 
уы тиіс) және библиография. Егер мақала шет тілде жазылса, мақала атауы, мақала мәтіні, 
автордың тегі, аты, әкесінің аты, автормен байланысу және тағы д а басқа мәліметтер (атап 
айтқанда: жұмыс немесе оқу орны, мекен-жайды көрсету, ғылыми атағы мен лауазымы, қыз- 
меті), кілт сөздер, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қысқаша анықтама сонымен қатар 
орыс тілінде берілуі керек.
3. Мақала келесідей құрамнан тұруы тиіс: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды. Баяндаудың 
белгілі бір нақтыланған тәртібін сақтаған жөн.
4. Мақала мәтіні«Times New Roman» қаріпінде терілуі тиіс, қаріп өлшемі – 14, жол аралығы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет