Issn 2073-333x международный научный журнал



Pdf көрінісі
бет32/169
Дата17.10.2022
өлшемі7,69 Mb.
#43641
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   169
Байланысты:
Наука и жизнь Казахстана №3 2020 РСИУ (1)

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Каиржанов Е.И. Криминология. Общая часть. – Алматы: Өркениет, 2000. – 288 с.
2. Платонов К.К. Краткий словарь системы педагогических понятий. – М., 1994. – 264 с.
3. Алауханов Е.О. Криминологические проблемы борьбы с корыстно-насильственными преступлениями. 
– Алматы, 2002. – 282 с.
4. Криминология: Учебное пособие / Под ред. С.Е. Вицина и В.А.Уткина. – М., 2001. – 297 с.


Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
55
ӘӨЖ 343.339 (274)
Бижан Н.Р.
з. ғ. к., аға оқытушы Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті,
Шымкент, Қазақстан
Шеримкулова Г.Д.
з. ғ. к., аға оқытушы Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті,
Шымкент, Қазақстан
Литвинова Т.А.
з. ғ. к., аға оқытушы Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті, 
Шымкент, Қазақстан
Дайрабаева Г.М
п. ғ.к., аға оқытушы, Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті, 
Шымкент, Қазақстан
СОТ ТӨРЕЛІГІН ЗАҢ МЕН СОТ АЛДЫНДАҒЫ 
 ТЕҢДІК БАСТАУЛАРЫНДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Түйін. Бұл ғылыми мақалада сот төрелігінің сот алдындағы теңдігі қарастырылған.
Тірек сөздер: заң, сот, теңдік, төрелік, норматив, шарт, акт.
Резюме: В данной статье рассмотрены вопросы по осуществлению правосудия на началах равенства 
перед законом и судом и независимость судей.
Ключевые слова: закон, суд, равенство, арбитраж, норматив, договор, акт. 
Summary. This article discusses the issues of justice on the basis of equality before the law and the court and the 
independence of judges.
Keywords: law, court, equality, arbitration, regulation, contract, act.
Сот төрелігін заң мен сот алдындағы тендік негіздерінде жүзеге асыру принципінің конституциялық 
сипаты Конституцияның 14-бабында атап көрсетілген, онда: "Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. 
Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге 
көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез-келген өзге жағдаяттар бойын-
ша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды" деп белгіленген. Конституциядағы бұл қағида ҚПК-те 
қылмыстық ізге түсуден иммунитеті бар адамдарға қатысты қылмыстық сот ісін жүргізудің шарттары 
Қазақстан Республикасының Конституциясымен, ҚПК-пен, заңдармен және Қазақстан Республикасы 
бекіткен халықаралық, шарттармен айқындалатынын атап көрсетумен толықтырылған .
Бұл қағиданың белгілеріне мыналар жатады: 
– қылмыстық іс қозғаудан бастап, ол шешілгенге дейін бүкіл процесс барысында ықпал ету;
– қағиданың сот ісіне тартылған адамға субъективті мінездеме беру (оның әлеуметтік және 
мүліктік жағдайы, нәсілі, тілі, жынысы және т.т.) жөніндегі пассивтігі;
– сот ісін жүргізу процедурасында тең статусы бар қатысушылар жөнінде елеулі анықтамалардың 
жоқтығы (мысалы, куәлар, субъективті сипаттамаларына қарамастан, процесте бірдей құқықтарға 
ие болып, бірдей міндет атқарады; жауап беруден бас тартқаны немесе жалған жауап бергені үшін 
қылмыстық жауаптылық қатерінің өздеріне қатысы жоқ кәмелетке толмаған куәлар бұған жатпайды; 
сонымен бірге, кәмелетке толмаған кез келген куәнін жағдайы, оның қандай отбасынан шыкқанына, 
ана тілі қай тіл екеніне және т.т. қарамастан, бірдей);
– белгіленген қылмыстық процедураны қылмыстық ізге түсу органдары мен соттың, процеске 
қатысушылардың бәрінің міндетті түрде сақтауы;
– басқа да тең жағдайларда тең қылмыс үшін, қылмыс жасауға кінәлі адамдардың субъективті 
сипаттамаларына қарамастан, бірдей қылмыстық жауаптылық белгілеу;
55


Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020 
56
– кемтарлығына немесе өзге де себептерге байланысты өз құқықтарын өз бетінше жүзеге асыра 
және мүдделерін қорғай алмайтын адамдар үшін қосымша іс жүргізу құралдарын көздеу,сол 
арқылы процесте бәсекеге түсу үшін тең жағдайларға жету(мысалы, сот ісі жүргізілетін тілді ай-
ыпталушы білмейтін іске аудармашының қатысуы айыпталушының өз мүдделерін тең қорғау жөніндегі 
кемітілген мүмкіндігінің орнын толтырады,процесте жасалатын іс-әрекеттердің мәнін, шығарылатын 
шешімдердің мазмұнын толық көлемінде қабылдау мен түсінуге мүмкіндік береді).
Бұл қағида Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабында баянды етілген, онда былай 
деп атап көрсетілген:
1. "Судья сот төрелігін жүзеге асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады.
2. Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол 
берілмейді және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеліп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп 
бермейді".
Негізгі Заң болып табылатын Қазақстан Республикасының Конституциясын жалпы өзге заңдарға 
қарама-қарсы қоюға болмайды. Келтірілген бапта Конституция мен заңның жеке-жеке аталуы заң 
шығарушының, біріншіден, Конституция нормаларының тікелей қолданылатынын атап көрсетуге, 
екіншіден, барлық өзге заңдар мен нормативтік актілердің Негізгі Заңға сәйкестігі туралы ереженің 
мәнділігін күшейтуге ұмтылғанын дәлелдейді [1; 10б.]. 
Судья, заңға бағына отырып, қолданылуға тиісті актінін заңдық күші туралы мәселені шешу-
ге тиіс. Конституция мен өзге құқықтық акті арасында қайшылық бары анықталған жағдайда мына-
дай шешімдер қабылдануы мүмкін: а) Қазақстан Республикасы Конституциясының тиісті нормасын 
тікелей, салалық заңды орағыта отырып қолдану; ә) іс жүргізуді тоқтата тұрып, қолданылуға тиісті 
актіні конституциялық емес деп тану жөнінде Конститупиялық Кеңеске жүгіну.
Сонымен, судьяның заңға бағынуы қолданылуы заң талабы-на сәйкес келетін құқық көзінің 
іріктелетіндігін білдіреді.
Судьяның тек заңға ғана бағынуы оны заңсыз ықпал ету немесе қысым жасау әрекеттерінен 
қорғайды. Тәуелсіздік және тек заңға ғана бағыныстылық судьяның әлеуметтік салиқалылығы жоғары 
деңгейде болуын көздейді.
Сонымен бірге қаралып отырған принпипті қамтамасыз ету үшін бір ғана әлеуметтік салиқалылық 
жеткіліксіз. Кепілдіктер керек, олар мыналар:
– судьяның сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметіне қандай да болсын араласу үшін 
қылмыстық жауаптылық қатері;
– нақты істер бойынша судьяның есеп бермейтіндігі;
– судьяға қарсылық білдіру үшін негіздемелердің заң жүзінде көзделуі;
– істі қарау кезінде соттың дәлелдер жинау құқығы;
– іс бойынша үкім шығару кезінде соттың ерекше пікірде болу құқығы;
– судьялар кенесінің құпиялылығы.
Бәсекелестік – істің сотта қаралуы айыптау функциясы қорғау функциясынан және істі шешу 
функциясынан бөлі-нетіндей етіп құрылуын көздейтін сот ісін жүргізу принципі; сот процесте басты 
жағдайда болады, сотта істің қаралуына басшы-лық етеді және істің мән-жайын жан-жақты, толық 
және объективті зерттеу, іс бойынша ақиқатты анықтау үшін заңда көзделген барлық шараларды 
қолдануға, іс бойынша занды және дәледді шешімдер шығаруға міндетті; сотта істің қаралуына қаты-
сушыларға, соның ішінде айыптаушы мен айыпталушыға тең іс жүргізушілік құқықтар берілген .
Келтірілген анықтама құқықтық негізі Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табы-
латын осы принциптің мәні туралы жалпы ұғым береді. Салалық заңда принциптің ықпалы іс жүргізу 
нормаларының бүкіл жүйесінің мәнінен және ҚПК 23-бабында оны орындау қажеттігінің тікелей атап 
көрсетілуінен туындайды.
Сот ісін жүргізуді тараптардың бәсекелестігі мен тең құқықтылығы негізінде жүзеге асыру 
принципінің мазмұнына мыналар кіреді:
– қылмыстық ізге түсуді қорғаудан және істі соттың шешуінен бөлектеу, бұл аталған функция-
лар қылмыстық процесті жүзеге асырушы түрлі органдардың орындауымен қамтамасыз етіледі;
– сотталушыға тағылған айыпты дәлелдеу міндетін айыптаушыға жүктеу;
– қорғаушының сотталушыны қорғаудың заңда көзделген барлық құралдары мен әдістерін пай-
далану міндеті;


Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
57
– сотты қылмыстық ізге түсу органдарының шегінен шығару және оған бәсекелесуші тараптардың 
мүдделерін білдіруге байланысты емес рөл беру;
– соттың тек құқық мүдделерін білдіруі;
– соттың объективтілігі мен бейтараптылығы;
– тараптардың өздеріне жүктелген іс жүргізу міндеттерін орындауы және заң берген құқықтарын 
жүзеге асыруы үшін соттың қажетті жағдайлар жасауы;
– қылмыстық процеске қатысушы тараптарға өз айқындамаларын қорғауға тең мүмкіндіктер 
беру;
– соттың шешімді зерттеуге қатысуы тараптардың әрқайсысына бірдей негізде қамтамасыз 
етілген дәлелдер негізінде қабылдауы;
– тараптардың өз айқындамасын, сондай-ақоны қорғаудың әдістері мен құралдарын дербес 
таңдауы;
– ҚПК-те белгіленген тәртіппен қажетті материалдар алу мәселелері бойынша кез келген 
тараптың өтініші негізінде олар-ға соттың жәрдем көрсетуі;
– мемлекеттік айыптаушы мен жеке айыптаушының ҚПК-те көзделген негіздер бойынша 
адамның қылмыстық ізіне түсуден бас тарту құқығы;
– сезікті мен айыпталушыға өз кінәсін еркін жоққа шығару немесе өзін кінәлімін деп мойындау 
құқығын беру;
– азаматтық талапкерге талап-арыздан бас тарту немесе азаматтық жауапкерге бейбіт келісім жа-
сасу құқығын беру;
– азаматтық жауапкерге талап-арыздан бас тарту немесе азаматтық жауапкерге бейбіт келісім жа-
сасу құқығын беру;
– соттың тараптарға бірінші және апелляциялық, сатылар бойынша істі қарауға қатысу құқығын 
қамтамасыз етуі;
– айыпталушыны және оның қорғаушысын істі қарау процесіне қадағалау тәртібімен және 
жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша жіберу;
– соттың әрбір қылмысты істі қарауына мемлекеттік айыптаушының немесе жеке айыптаушының 
қатысуы жолымен айыптау тарабының мүдделерін білдіру.
Сонымен, бәсекелестік қағиданың заң жүзінде орнықты-рылуы қолданылып жүрген ҚПК 
қабылданғанға дейін орын алып келген принциппен үйлеседі.
Әдетте процесс бәсекелестігінің мына элементтері ажыратылып келген еді: айыптауды соттан 
бөлу; айыптаушы мен айыпталушының іс жүргізудегі тараптар ретіндегі жағдайы; тараптардың іс 
жүргізудегі тең құқықтылығы; соттың тараптар жөніндегі дербес жағдайы.
Сонымен бірге айыптауды сот төрелігінен саралаудың мәні қорғау сияқты элементсіз сыңаржақты бо-
лады. Айыптау бар жерде қорғаудың болуы гносеологиялық тұрғыдан қажет, әйтпе-ген жағдайда процесте 
айыптауға бейімділік басым болады да, оның өзі сот төрелігінің міндетгері мен мақсаттарына қайшы келеді. 
Сондықтан, функциялардың қиылыспайтыны туралы айтқан кезде айыптау мен қорғаудың арасалмағын еске-
ру қажет, олардың қызметі – мүдделер, айқындамалар, көзқарас күресі, бәсекесі. Айыптау мен қорғау про-
цесте бір-біріне қарама-қарсы болады. Осы қарама-қарсылыққа баға беріп, іс бойынша шешім шығаратын 
сот қана.
Айыптаушы мен айыпталушының тараптар ретіндегі іс жүргізушілік жағдайы. Бәсекелестік қарама-
қарсы мүдделер тартысы. Сол мүдделерді білдіретін және сот алдында қорғайтын тараптар. Процесте мы-
налар тараптар болып табылады: қылмыстық ізге түсу органдары; өзін тағылған айыптан қорғану мүддесін 
көздейтін айыпталушы (сотталушы); айыпталушының, мүддесін білдіретін қорғаушы; процесте қылмыстан 
келген зи-янды өтеттіру жөніндегі өз құқығын қорғайтын жәбірленуші мен азаматтық талапкер немесе 
олардың өкілдері; айыпталушы мен жауапкер бір адамда үйлесім таппаған жағдайдағы азаматтық жауапкер 
мен оның өкілі [2, 5б.]. 
ҚПК-те процеске қатысушы бұлар тараптар деп тура атал-ған, мұнымен бірге бұл ұғым құқықтар мен 
міндеттер жиынты-ғымен айқындалатын олардың іс жүргізушілік мәнінен орынды түрде туындайды.
Тараптардың іс жүргізудегі тең құқықтығы. Процесте бәсе-келестікке тиімді жағдайлар жасау үшін 
тараптарға тең құқықтар беру қажет. Бұл қағиданың бұзылуы белгілі бір жаққа ауытқуға (жазалау құқығын 
ақтаусыз қатайтуға немесе тым босаңсытуға) сөзсіз әкеліп соғады.


Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020 
58
Тең құқықтық мазмұны кеңейте түсінік беруге жатпайды. Тең құқықтық сот ісіне қатысушының 
қылмыстық іс жүргізу статусына ешбір қатысты емес. Айыпталушы мен жәбірленушінің, прокурор мен 
қорғаушының және т.б. статустарындағы айырмашылық дәлелдеуді қажет етпейді. Мұның өзі қылмыстық 
процесте тараптардың іс жүзіндегі тең құқықтығы жоқ екенін және болуы мүмкін емес екенін білдіреді. 
Олардың іс жүзінде тең құқықты болуының мүмкін еместігі процесте олар атқаратын функциялардың, 
мақсаттардың және міндеттердің айырмашылықтарынан туындайды.
Тараптардың бәсекелестігіне қатысты олардың тең құқықтығы істе өз мүдделерін қорғау үшін 
оларға заң беретін іс жүргізу құралдарының тендігінен басқа еш нәрсе де емес. Тең құқықтықты осы-
лайша түсіну тараптарды процесте "... өз айқындамасының негізділігін дәлелдеуге міндеттемейді... заң 
шығарушы тараптарға өз мүдделерін қорғау ісінде тең, құқықтар бере алады. Бірақ ол тараптарға заң 
алдындағы жауаптылықтан қорқып айтыста қайткенде де жеңіп шығу, айтыста екінші жақтың емес, 
бірінші жақтың айтқаны ақ екенін дәлелдеу міндетін жүктей алмайды және жүктемейді де".
Тараптар тең құқықтығының бірдей түсінілуі ҚПК 23-бабындағы нақты нұсқаулармен 
қамтамасыз етілген, онда айыпталушы, сотталушы, қорғаушы, жәбірленуші мен оның өкілі, сондай-ақ 
азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдері соттың істі қарауы кезінде дәлелдер 
келтіру, дәлелдерді зерттеуге қатысу және өтініштер айту жөнінде бірдей құқықтар пайдаланады деп 
белгіленген.
Соттың тараптар жөніндегі белсенді, дербес жағдайы. Істі нақтылай шешу сот алдына анықтау 
мен тергеу кемшіліктерінің орнын соттың объективті мүмкіндігі шегінде толтыру, егер ақиқатты 
анықтау үшін қажет болса, басқа да дәлелдерді анықтау, сұратып алдыру және бағалау міндетін қояды. 
Мұны сот тараптар жөнінде белсенді рөл атқарған жағдайда ғана жүзеге асыруға болады. Сонымен 
бірге сот әлдебір тараптың дәлелдерімен байланысты емес және сотқа дейінгі кезендерде байқалған 
дәлелдер жиынтығымен шектелмеген, процесте соттың тараптар жөніндегі дербестілігі жалпы алғанда 
осымен айқындалады.
Сөйтіп, процестегі бәсекелестіктің қаралған элементтері генетикалық тұрғыдан, қылмыстық 
іс жүргізу құқық қатынастарының бүкіл жүйесі тұрғысынан өзара байланысты және талдау жасалып 
отырған принциптің мәнін түсінудің кілті болып табылады.
Істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерт-теу принципі соттың, прокурордың, 
тергеушінің және анық-таушының іс үшін маңызы бар барлық мән-жайларды мұқият зерттеу, сол мән-
жайлардың бар немесе жоқ екені туралы тұжы-рымдардың дұрыстығына кепілдік беретін дәлелдер 
жиынтығын тарту, пайдалану, тексеру және бағалау міндетін білдіретін негіз.
Бұл принциптің құқықтық негізі Конституцияда қаланған, оның 13-бабында Қазақстан Респу-
бликасы Конституциясында және заңдарда орнықтырылған барлық құқықтар мен бостан-дықтардың 
сот арқылы қорғалуына кепілдік беретіні айтылған. 
Жасалған әрекеттің толық, объективті көрінісіне қол жетпейінше сот қорғауы мүмкін емес. Осы 
мақсаттарда ҚПК 24-бабы сотты, прокурорды, тергеушіні және анықтаушыны істің мән-жайларын жан-
жақты, толық және объективті зерттеу үшін заңда көзделген барлық шараларды қолдануға міндеттейді. 
Бұл талаптың маңыздылығы оның принциптер категориясына жат-қызылуынан туындайды.
Қаралып отырған принциптің ерекшелігі – оны құрайтын үш элементтің біртұтастығы. Оған мы-
надай ерекше белгілер тән:
1) үш элемент – жан-жақтылық, толықтық және объективтілік бәрі бірге ғана бірыңғай принцип 
құрып, оның мазмұнын ашып көрсетеді;
2) аталған элементтер өзара байланысты және өзара сіңіседі,бірақ бірін-бірі ауыстырмайды; 
тығыз өзара байланыстың болуы оларды белгілі бір дербестіліктен айырмайды;
3) бұл принциптің бір элементін елемеу зерттеулердің біржақтылығына және толық, болмауына 
әкеліп соғады, оның өзі сайып келгенде іс бойынша ақиқатқа қол жетпегенін білдіреді; ал ақиқатқа қол 
жетпеуі істің қысқартылуына немесе үкім күшінің толық жойылуына әкеліп соғады.
Осы айтылғандарға байланысты Ф. Н. Фаткуллиннің "... дәлелдеуге жататыны ізделіп отырған 
фактілердің жекелеген қасиеттері, ерекшеліктері және егжей-тегжейлері емес, ал қа-сиеттер мен 
сапалардың қайталанбас жиынтығының сақтаушы-сы болып табылатын фактілердің өздері" екені ту-
ралы пікірі өзекті.
Жан-жақтылық – заң тұрғысынан елеулі мән-жайларды, өздеріне тән барлық қасиеттерімен, сапа-
ларымен және белгілерімен бірге дәлелдердің, олардың байланыстарының, қатынастарының және бір-


Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
59
біріне тәуелділігінің, жасалған қыл-мысқа, оның зардаптарына қатысты себептер мен салдарлардың 
салыстырмалылығын анықтау [3; 4 б.].
Жан-жақтылықтың маңызы мынада: ол іс материалдарынан туындайтын барлық ықтимал бол-
жамдарды тізуге және мұқият тексеруге жәрдемдеседі. Болжамдар сыңаржақтылық пен субъективизм-
ге жол бермейді және барлық мән-жайлар мен дәлелдерді жан-жақты зерттеудің нақты мүмкіндігін 
және іс бойынша ақиқатқа қол жеткізілуін қамтамасыз етеді.
Толықтық – қылмыстық іс бойынша анықталуға тиісті барлық мән-жайларды, айыпталушы мен 
оның сыбайластары-ның қылмысты әрекетінің барлық эпизодтары мен фактілерін анықтау және осы 
міндетті шешуге мүмкіндік беретін дәлелдер жиынтығын іске тарту.
Толықтық мәні мынада: ол дәлелдеудің көлемі мен шегін сипаттайды, қандай мән-жайлар және 
қандай шектерде белгіленуге тиіс екенін, заңды және дәлелді шешім қабылдау үшін жеткілікті қандай 
дәлелдер жиынтығы зерттелуге және пайдаланылуға тиіс екенін көрсетеді.
Объективтілік – нақты болмыс құбылыстарын санада дұрыс бейнелеу, зерттеуге айыпталушы-
ны "жақтайтын" да, оған "қарсы" да барлық мән-жайларды бірдей ескеретін жол белгілеу, дәлелдер 
жинауға, тексеруге және бағалауға қатысты көзқарас білдіру, сондай-ақ іс бойынша нақты тұжырымдар 
қалыптастыру.
Объективтіліктің маңызы мынада: ол білімді фактіге айналдырудың қажетті шарты ретінде оның 
нақты болуына жәрдемдеседі.
Қылмыстық процесте толықтық, жан-жақтылық және объективтілік принциптерінің көрінісі сан 
алуан. Оның ең елеулі көріністері мыналар:
1) толықтық, жан-жақтылық және объективтілік кінәні анықтау бөлігінде де, сондай-ақ 
кінәлілікті анықтау бөлігінде де орыналуға тиіс;
2) бұл принципті жузеге асырудың шектері бар; яғни зерттелетін мән-жаймен болар-болмас 
байланысы бар және іс бойынша ақиқатты анықтау үшін ешқандай маңызы жоқ нәрселердің бәрі 
дәлелдеуді керек ететін нәрсе бола алмайды және болуға тиіс емес;
3) қылмыстық процесте жан-жақтылықтың, толықтықтың және объективтіліктің, талап етілуі 
сотқа, прокурорға, тергеушіге және анықтаушыға іс бойынша дәлелдеу міндетін жүктейді және оның 
процеске қатысушы басқаларға, ең алдымен айыпталушыға аудара салынуына жол бермейді;
4) бұл принцип дәлелдердің іс жүргізушілік күшінің дәрежелері бойынша құбылуына жол 
бермейді, іске байланыстары бойынша барлық дәлелдердің маңызы бірдей;
5) іс бойынша дәлелдеу және тұжырымдар жасау кезінде жан-жақтылық, толықтық және 
объективтілік принципі мемлекет органдарын бір-біріне тәуелсіз жағдайға қояды (мұның өзі 
прокурордың іс зерттелмеген жағдайда оны өз нұсқауларымен тергеушіге жіберу құқығынан ерекше 
айқын көрінеді);
6) білікті сот органы жан-жақтылық, толықтық және объективтілік принципін анықтау және тер-
геу органдарының сақтауын тексереді және сонымен бірге істі қарау мен оны нақтылай шешу кезінде 
осы принципті өзі де басшылыққа алады.
Дәлелдемелерді ішкі сенім бойынша бағалау принципі сот, прокурор, тергеуші және анықтаушы 
қызметіне қатысты. Ішкі сенім қаралған дәлелдердің жиынтығына негізделуге және қол-данылып 
жүрген заңға сүйенуге тиіс. Мұнымен қатар судья, прокурор, тергеуші және анықтаушы өз ар-ожданын 
басшылыққа алады.
Қылмыстық іс жүргізу заңында ешқандай дәлелдеменің күні бұрын белгіленген күші болмайты-
ны жазылған .
Бұл принциптің мазмұнына мыналар кіреді:
– іс бойынша жиналған дәлелдемелерді соттың, прокурордың, тергеушінің және анықтаушының 
еркін бағалауы;
– соттың өз тұжырымдарында қылмыстық ізге түсу органдарының бағалау пікірлерімен байла-
нысты болмауы;
– дәлелдемелерге баға беруде негізсіздік элементіне жол берілмеуі, бұған заңды басшылыққа алу 
қажеттігімен кепілдік берілген;
– іс бойынша жиналған дәлелдемелерді соттың және қылмыстық ізге түсу органдарының 
бағалауы кезінде олардың өмірлік тәжірибесін пайдалануы және мораль нормаларын қолдануы, мұның 
өзі олардың заңмен бірге ар-ожданды басшылыққа алуға тиіс екені туралы қағидадан туындайды.


Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020 
60
Сезіктінің, айыпталушының қорғануға құқығын қамтамасыз ету принципінің негізі Конститу-
цияда қаланған, оған сәйкес әркім өз құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы келмейтін барлық 
тәсілдермен қорғауға хақылы, ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам 
сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының)көмегін 
пайдалануға құқылы .
Осы нормаға жасалған талдау сезіктінің, айыпталушының қорғану құқығын қамтамасыз ету 
принципінің мазмұнына мыналар кіретінін көрсетеді:
– сезіктінің, сондай-ақ айыпталушының қорғануға тең құқығы, бұл олардың қылмыстық іс 
жүргізу статусымен қуатталған;
– сезіктінің, айыпталушының қорғануды өзінің тікелей, сондай-ақ қорғаушының, заңды өкілдің 
көмегімен жүзеге асыру құқығы;
– қорғануды ҚПК-те көзделген тәртіпке қатаң сәйкес жүзе-ге асыру;
– қорғануды заңда тыйым салынбаған барлық құралдармен жүзеге асыру;
– қылмыстық процесті жүргізуші органның сезіктіге, сондай-ақ айыпталушыға олардың 
құқықтарын, соның ішінде айыптаудан қорғану құқығын міндетті түрде түсіндіруі;
– қылмыстық процесті жүргізуші органның сезіктінің, айыпталушының жеке және мүліктік 
құқықтарын қорғау шараларын қолдану міндеті;
– сезіктінің, айыпталушының өздері қатысқан тергеу әрекеттерінің жүзеге асырылуына 
қорғаушының қатысуын сұрау құқығы;
– сезіктіге, айыпталушыға заң берген құқықтарды іске қорғаушының, заңды өкілдің қатысуына 
(қатыспауына) қарамастан толық көлемінде сақтау;
– сезіктіден, айыпталушыдан жауап алу кезінде қылмыстық ізге түсу органдарының қандай да 
болсын қысым жасауына, мәжбүрлеуіне тыйым салу;
– қылмыстық ізге тұсу органдарының өздеріне қандай да болсын жәрдем көрсетуге сезіктіні, 
айыпталушыны мәжбүрлеуіне тыйым салу;
– бірлесіп қылмыс жасауға қатысушылар бар екеніне қарамастан сезіктінің, айыпталушының 
қорғану құқығын қамтамасыз егу жөнінде заңда белгіленген кепілдіктерді сақтау;
– қылмыстық ізге түсу мүмкіндігіне, қылмыстық ізге тусу процесі кезіндегі өзге де субъективті 
факторлар мен мән-жайларға қарамастан айыптаудан қорғану құқығы мазмұнының өзгермейтіндігі
[4; 10б.]. 
Сезіктінің, айыпталушының қорғану құқығының қылмыс-тық іс жүргізу принципі өзге де құқық 
көздерінің ережелерімен күшейтілген. Президенттің "Қазақстан Республикасындағы сот-тар және 
судьялардың мәртебесі туралы" Конституциялық Заң күші бар Жарлығының 5-бабына сәйкес барлық 
соттарда және сот ісін жүргізудің кез келген кезеңінде кәсіптік заң көмегін алу және қорғану құқығына 
кепілдік берілген. Мұның өзі қорғану құқығы қылмыс жасады деп күдік келтірілген кезден немесе адам 
айыпталушы ретінде тартылған сәттен бастап пайда болатынын және өз күшін іс сотта шешілгенге 
дейін сақтайтынын білдіреді. Алайда, бұл үкімнің, яки өзге шешімнің шығарылуы айыптау-дан 
қорғану құқығының жүзеге асырылуына жол берілмейтінін білдірмейді. Адамның жазасын өтеуі сот 
тәртібімен дәлелден-ген айыптаумен өзара байланыста қаралуға тиіс. Айыптау үкімінің күшіне енуі 
айыпталушының айыптаудан қорғану құқығын сақтайды. Қорғану құқығы мына жағдайларда тамам-
далды деп саналады. 
– соттың ақтау үкімін шығаруы;
– сот белгілеген қылмыстық жазаны адамның өтеуі. "Қазақстан Республикасының прокуратура-
сы туралы"
Қылмыстық іс жүргізу құқығының қағидалары ретінде қылмыстық іс жүргізу заңы ережелерін 
толықтырып дайындау қажет және осы заң бойынша қызмет атқаратын органдардың қызметтерінде 
басшылыққа алынатын негізгі идеялары, басты ұстанымдары алынады. Демек, қылмыстық іс жүргізу 
қағидалары тек сот, прокуратура, тергеу органдарының қызметтерінде ғана басшылыққа алынбай, ол 
сонымен қатар, алғашқы заңды дайындау кезінде де ескеріліп, алғашқы кезекте анықталып, кейінгі 
заң ережелерінің дайындалуында да қатаң сақталады. Бұл құқық саласында қағидалардың кезекті 
бір рөлі, ол тергеу немесе сот қызметінде қылмыстық іс жүргізудің қағидалары сақталмаған болса, 
онда ондай тергеу, сот қызметінің шешімдері заңсыз деп танылатындығында. Демек, қылмыстық іс 


Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
61
жүргізу құқығының қағидалары бастапқы түсініктер, ережелер болып табылатындықтан заңның өзге 
ережелерінен пәрмені бойынша жоғары тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет