БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 2, 2015 ж.
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 2, 2015 г.
58
Отбасы құндылықтарын анықтау үшін,
балаларға қарапайым сұрақтар беру арқылы
отбасындағы маңызды да мәнді, қасиетті де
қастерлі, қымбат та құнды ерекшеліктерді
ұғындыруға, оған деген сыйластығын күшейтуге
болады.
Сұрақтар: ең сыйлы, ең қымбатты, ең
ақылды, ең сүйкімді, ең құрметті, ең құнды, ең
бағалы, ең қажетті, ең қызықты.
Мектеп оқушылары әртүрлі жобаларға
қатысып, өздерінің ұсыныстары мен пікірлерін,
көзқарастары мен өзіндік пайымдарын білдіріп
отырады. Сол жобалардың бірі “Өскелең ұрпақ
тәрбиелеуде асыл әжелеріміздің рөлі” атты
гендерлік тәрбие бағытындағы шығармашылық
жұмыс. Жобаның авторы Дарисова Данагүл.
Жобаның мақсаты:
—
әжелердің өнегелі өмірін үлгі ете оты-
рып, өмір сүруге үйрету;
—
өскелең ұрпақты қазақтың ұлттық салт-
дәстүріне баулу;
—
туған,
жерін,
елін,
шаңырағын
ардақтайтын ұл мен қыз, төзімді, қайратты жан
болуға, жас толқынды үлкенге құрмет, кішіге
ізет көрсете білуге тәрбиелеу;
—
қазақ халқының қол өнерін дәріптеп,
оны өмірде қолдануға баулу;
Қорытындылар мен ұсыныстар:
—
отбасында гендерлік тәрбие беруді және
ұл, қыз тәрбиесін көтеру керек;
—
отбасы
тәрбиесінде
гендерлік
әлеуметтендіруді қалыптастыруда мектеп
ұжымының жұмысын жаңаша бағытта жүргізу
керек;
—
отбасы
тәрбиесін
насихаттау
жөніндегі материалдарды бұқаралық ақпарат
құралдарында көптеп жариялау керек;
—
«отбасы
тәрбиесінде
гендерлік
әлеуметтендіруді қалыптастыруға» байланы-
сты іс-шараларды көптеп ұйымдастыру керек;
—
“аталар”, “әжелер”, “әкелер”, “аналар”
Кеңесінің жұмысын күшейтіп, жандандыру ке-
рек;
—
ата-аналар, оқушылар, мұғалімдер үшін
отбасы тәрбиесінде гендерлік әлеуметтендіруді
қалыптастыру мақсатында саяси сабақтар
жүргізу керек;
—
отбасы
тәрбиесінде
гендерлік
әлеуметтендіруді қалыптастыруды жүргізу ісін
бақылап, қорытындысын шығарып отыру ке-
рек;
—
“Мөлдір бұлақ”, “Алтын ұя” отбасылар
сайысына отбасыларды тарту аясын кеңейтіп,
аудан, облыс көлемінде “Жас отбасы” байқауын
өткізу керек.
Достарыңызбен бөлісу: