Issn 2226 1176 индекс 75756



Pdf көрінісі
бет26/54
Дата10.12.2023
өлшемі2,59 Mb.
#136038
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   54
Байланысты:
sciPaper29922

ТӘРБие ТаҒлыМы
ВОПРОСы ВОСПиТаНия
ECUCATION IssUEs
ӘОЖ 373.1.02
ОТБаСыНда ГеНдеРлІк ӘлеУМеТТеНдІРУдІ 
ЖҮЗеГе аСыРУдаҒы МекТеПТІҢ РөлІ
В.О. иманбай
1
, а.қ. Набиева
2
«Өрлеу» ҰБАО» АҚ филиалы Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесінің басшы және 
ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын 
республикалық институты
1
, Алматы, Қазақстан
Ақсай қаласы №4 жалпы орта білім беретін мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі 
орынбасары, Батыс-Қазақстан облысы, Қазақстан
2
Түйіндеме.
Мақалада жалпы гендерлік саясат, гендерлік әлеуметтендірудің мақсаты мен 
міндеттері қандай деңгейде насихатталып іске асырылып жатқаны жөнінде баяндалған. Отбасында 
гендерлік әлеуметтендіруді қалыптастыру мәселелері бойынша ата-аналар қандай үлес қосуда 
,жалпы қоғамдағы көзқаркас қалай. Оқушылар, мұғалімдер арасында қандай жұмыстар жүргізілуі 
керек, осы жұмыстарды іске асыруда мектептің рөлі қандай және қандай шаралар өткізіліп 
жатқандығы қысқаша баяндалған.
Түйінді сөздер: 
гендерлік саясат, гендерлік әлеуметтендіру, отбасы тәрбиесі.
Қазақстан Республикасы үздіксіз білім 
беру жүйесіндегі Тәрбие тұжырымдамасы 
тәрбие саласындағы мемлекеттік жалпы 
стратегиялық саясаттың мақсаты мен міндетін, 
тәрбие мазмұнының негізгі бағыттарын және 
оларды іске асыру шарттарын айқындап 
берген бірден-бір құжат болып табылады [1]. 
Тұжырымдама тәрбиенің құндылықтары мен 
мақсат-міндеттерін және басым бағыттарын, 
жүзеге асырылу шарттары мен орындаудан 
күтілетін нәтижелері айқындалған. 2012 жылғы 
29 маусыда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
№873 «Барлық білім беру ұйымдарында оқыту 
процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту 
жөніндегі үлгілік кешенді жоспарды бекіту 
туралы» қаулысы қабылданды [2]. Жоспар 
«Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 
қаңтардағы 
«Әлеуметтік-экономикалық 
жаңғырту – Қазақстан дамуының басты 
бағыты» [3] атты Қазақстан халқына Жолдауын 
іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 
Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 
жылғы 30 қаңтардағы № 261 Жарлығын іске 
асыру мақсатында әзірленген болатын. Жоспар 
бірнеше айқын міндеттерді жүктеді. Соның 
бірі: «Білім және тәрбие процесін іске асыруда 
ата-аналарды педагогтермен және балалармен 
бірлескен шығармашылық, бірлескен авторлық 
процеске тарту үшін үштағанның өзара іс-
қимылын қарастыратын тәрбие жұмысының 
жаңа нысандары мен технологиялары дамитын 
болады» делінген. Қазақстан Республикасында 
гендерлік теңдіктің тұжырымдамасы бекітілді 
және осы тұжырымдаманың негізінде Үкіметтің 
2003 жылғы 27 қарашадағы №1190 қаулысымен 
Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясат 
тұжырымдамасы мақұлданды [4]. 
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына 
Жолдауында «Егер біз адамгершілігі жоғары 
қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-


БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 2, 2015 ж. 
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 2, 2015 г. 
56
бірінің алдындағы, ең бастысы балаларының 
алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз. 
Мемлекетіміздің болашағы жастар, оларды 
білімді, саналы азамат етіп өсіру, отанының 
патриоты етіп тәрбиелеу барлығымыздың 
міндетіміз», – деген. Бұл пікір, “Болашақ 
ұрпағымызды 
тәрбиелегенде 
оларға 
жастайынан имандылық пен сауаттылық, 
адамгершілік 
қасиеттерді 
сіңіре 
білсек, 
тәрбиелесек, сонда ғана біз рухы дамыған 
азамат өсіре аламыз”, – деген ғұлама, философ 
әл-Фараби көзқарасымен ұштасып жатқандай. 
Яғни, отбасы тәрбиесі – тәрбиенің басты мектебі. 
Тәрбие тұжырымдамасында көрсетіліп отырған 
мақсат-міндеттердің толық орындалуы отбасы 
тәрбиесімен ұштасып жатыр. Ал мектеп отбасы 
тәрбиесін көрген баланың шығармашылығы 
мен білімін шыңдай түспек. 
Отбасы 
тәрбиесі, 
отбасы 
қатынасы 
мәдениетін қалыптастырудың мақсаты: отбасы 
дәстүрін сақтай білуге, ата-анасын, үлкенді 
қадірлей білуге тәрбиелеу. 
Міндеттері:

отбасын құндылық ретінде сезіне білу 
қабілетін қалыптастыру;

отбасылық міндеттерді орындаумен 
байланысты қолданбалы біліктіліктері мен 
дағдыларын қалыптастыру;

отбасында дау-дамайсыз өмір сүру 
дағдыларын қалыптастыру;

гендерлік айырмашылықтарға бай-
ланысты психологиялық, дүниетанымдық 
ерекшеліктер жөнінде білімдерін қалыптастыру.
Гендерлік әлеуметтендіру – бұл адамның 
өзінің гендерлік рөлін игеру процесі. Осы процесс 
арқылы «ер» және «әйел» ұғымына сәйкес 
қоғамдағы этикет нормаларын, өз жынысына 
тиісті 
құндылықтарды, 
қажеттіліктерді 
үйренеді. 
Гендерлік әлеуметтендірудің мақсаты: 
мектептің тәрбие жұмысы арқылы ата-ананың 
отбасында қыз бала мен ер бала тәрбиесін 
әлеуметтендіруіне және отбасы мүшелерінің 
рөлін көтеруге әсер ету.
Гендерлік әлеуметтендірудің міндеттері:

отбасы 
тәрбиесінде 
гендерлік 
әлеуметтендіруді қалыптастыруда мектептің 
рөлін арттыру; 

отбасында гендерлік тәрбиенің жүйелі 
жүргізілуіне атсалысу;

отбасы тәрбиесіндегі әке мен ананың 
рөлін көтеру;

отбасы мүшелерінің мәртебесін артты-
ру;

отбасы тәрбиесіндегі ата мен әженің 
рөлін көтеру; 

отбасындағы ер бала тәрбиесін көтеру;

отбасындағы қыз бала тәрбиесін көтеру;

ата-ана мен туған-туыс арасындағы 
қарым-қатынас тәрбиесін қалыптастыру;

отбасы 
тәрбиесінде 
гендерлік 
әлеуметтенуді қалыптастыру бағытында іс-
шаралардың өтуіне ықпал ету; 
Баланы отбасында гендерлік әлеуметтендіру 
– жыныстық тәрбие мәселесі. Ер балаға, қыз 
балаға қатысты тәлімдік үлгілері бүгінгі күн 
талабына сәйкестендіріліп қарастырылады. Өз 
жынысына сай сапаларын жойып алмай, өмірге 
жан-жақты даярлау – басты парыз.
Жалпы күтілетін нәтиже:
Әке – шаңырақ иесі;
Әйел – отбасының ұйтқысы;
Әке мен шеше – отбасында баланы 
әлеуметтендіретін басты тұлғалар;
Ата – беделі жағынан әкеден жоғары, 
өмірлік тәжірибесі бай, эмоциялық-мейірімділік 
тұрғыда тәрбие беруді меңгерген, отбасының 
тірегі;
Әже – жанұядағы қарым-қатынасты 
реттейтін, балаларды өмірге бейімдеудің 
қарапайым түрлерін мейірім арқылы жеткізе 
білетін ақылшы, отбасының алтын қазығы. 
Отбасындағы ер бала – қара шаңырақ иесі;
Қыз бала – отбасы ұйтқысының жалғасы;
Келін – келген жерінде орнын табу, сыйлай 
білу, сыйымды болу, өз тамырын жайып, өсіп-
өну;
Күйеу бала – қайын-жұрттың тілін таба білу, 
көңілінен шығу, құдалық қарым-қатынасты 
жалғау [5].
Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласы №4 
жалпы орта білім беретін мектебінде отбасы 
тәрбиесінде 
гендерлік 
әлеуметтендіруді 
қалыптастыру мәселелері бойынша ата-аналар, 
оқушылар, мұғалімдер арасында сауалнамалар 
жүргізілді. Сауалнама бойынша 
5 сұраққа жауап алынды. 
1) 
Отбасы 
тәрбиесінде 
гендерлік 
әлеуметтендіруді қалыптастыру мәселесін 
қолдайсыз ба? 
а) иә; жоқ; білмеймін.
2) Отбасында ұл бала, қыз бала тәрбиесіне 
баса назар аудару керек пе? 
а) иә; жоқ; білмеймін.
3) Отбасы тәрбиесінде ата мен әженің рөлі 
басым ба? 
а) иә; жоқ; білмеймін. 
4) Бала тәрбиесінде ата-ананың рөлі басым 


БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 2, 2015 ж. 
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 2, 2015 г. 
57
болуы керек пе? 
а) иә; жоқ; білмеймін.
5) Отбасындағы туыстық-адамгершілік ата-
анадан өрби ме? 
а) иә; жоқ; білмеймін. 
Сауалнамаға жалпы саны 225 адам қатысты. 
Сауалнаманың қорытындысы бойынша отбасы 
тәрбиесінде 
гендерлік 
әлеуметтендіруді 
қалыптастыру мәселесін көпшілік қолдап 
отырғанын бұл жобаның тек біздер үшін ғана 
емес, ата-аналар мен оқушылар үшін де маңызы 
бар екенін түсіндік. 
Қазақстан 
Республикасын 
мызғымас, 
біртұтас мемлекет ретінде көру мұратымыз болса, 
бақытты отбасылық өмірге жасөспірімдерді 
баулу басты мақсатымыз. Отбасында ұл бала, 
қыз бала тәрбиесін өзін қоршаған ортада, 
олардың бір-біріне деген сыйластығы, ата-ана 
мен туған-туыс арасындағы қарым-қатынаста 
жүзеге асуына мейлінше бағыт бағдар беру 
тәрбие жұмысының басты бағыттарының 
біріне айналды. Аталмыш мектепте гендерлік 
әлеуметтендіру мынадай жұмыстар арқылы 
жүзеге асырылып келеді:
1-сурет – Мектептегі гендерлік әлеуметтендіру жұмыстары
«Гендерлік ерекшелік» жаттығуы арқылы 
адамдар өз қаситеттерін тауып, жағымды-
жағымсыз сипаттарын анықтай алады. Яғни, 
бұл жаттығуда адамның жағымды сипаттары 
жазылған кесте беріледі. Өздерінің бойында 
бар қасиеттердің астын сызып қояды. Қандай 
қасиеттерді дамыту керек, оның астын ирек 
сызықпен сызады. Аталмай қалған қасиеттерді 
тіркеп жазады.
2-сурет – Жынысына қарай адам бойында болатын қасиеттер


БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 2, 2015 ж. 
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 2, 2015 г. 
58
Отбасы құндылықтарын анықтау үшін, 
балаларға қарапайым сұрақтар беру арқылы 
отбасындағы маңызды да мәнді, қасиетті де 
қастерлі, қымбат та құнды ерекшеліктерді 
ұғындыруға, оған деген сыйластығын күшейтуге 
болады.
Сұрақтар: ең сыйлы, ең қымбатты, ең 
ақылды, ең сүйкімді, ең құрметті, ең құнды, ең 
бағалы, ең қажетті, ең қызықты.
Мектеп оқушылары әртүрлі жобаларға 
қатысып, өздерінің ұсыныстары мен пікірлерін, 
көзқарастары мен өзіндік пайымдарын білдіріп 
отырады. Сол жобалардың бірі “Өскелең ұрпақ 
тәрбиелеуде асыл әжелеріміздің рөлі” атты 
гендерлік тәрбие бағытындағы шығармашылық 
жұмыс. Жобаның авторы Дарисова Данагүл. 
Жобаның мақсаты:

әжелердің өнегелі өмірін үлгі ете оты-
рып, өмір сүруге үйрету; 

өскелең ұрпақты қазақтың ұлттық салт-
дәстүріне баулу;

туған, 
жерін, 
елін, 
шаңырағын 
ардақтайтын ұл мен қыз, төзімді, қайратты жан 
болуға, жас толқынды үлкенге құрмет, кішіге 
ізет көрсете білуге тәрбиелеу;

қазақ халқының қол өнерін дәріптеп, 
оны өмірде қолдануға баулу; 
Қорытындылар мен ұсыныстар:

отбасында гендерлік тәрбие беруді және 
ұл, қыз тәрбиесін көтеру керек; 

отбасы 
тәрбиесінде 
гендерлік 
әлеуметтендіруді қалыптастыруда мектеп 
ұжымының жұмысын жаңаша бағытта жүргізу 
керек; 

отбасы 
тәрбиесін 
насихаттау 
жөніндегі материалдарды бұқаралық ақпарат 
құралдарында көптеп жариялау керек; 

«отбасы 
тәрбиесінде 
гендерлік 
әлеуметтендіруді қалыптастыруға» байланы-
сты іс-шараларды көптеп ұйымдастыру керек;

“аталар”, “әжелер”, “әкелер”, “аналар” 
Кеңесінің жұмысын күшейтіп, жандандыру ке-
рек; 

ата-аналар, оқушылар, мұғалімдер үшін 
отбасы тәрбиесінде гендерлік әлеуметтендіруді 
қалыптастыру мақсатында саяси сабақтар 
жүргізу керек;

отбасы 
тәрбиесінде 
гендерлік 
әлеуметтендіруді қалыптастыруды жүргізу ісін 
бақылап, қорытындысын шығарып отыру ке-
рек;

“Мөлдір бұлақ”, “Алтын ұя” отбасылар 
сайысына отбасыларды тарту аясын кеңейтіп, 
аудан, облыс көлемінде “Жас отбасы” байқауын 
өткізу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет