Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім



Pdf көрінісі
бет9/15
Дата03.03.2017
өлшемі1,99 Mb.
#6078
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15

2015  №2  (27)

59
ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ
Ақытұлы,  Жақып  Мырзаханов,  Шәміс
Құмарұлы,  Қалиолла  Нұртазаұлы,  Омархан
Асылұлы,  Раздан  Айдарханұлы,  Дутан
Сәкейұлы, Зейнолла Сәнік, Баяхмет Жұмабай,
Мағаз  Сүлеймен,  Жәди  Шәкенұлы,  Гүлнар
Омарова,  Камұна  Жанбоз,  Қайша  Табарак,
Сұлтан  Жанболатов,  т.б.)  бұл  ұлы  тұлғаны
дамылсыз таныстырып, үздіксіз зерделеп келеді.
Соңғы бірі, 1993 жылдан бастап, ақынның
атаулы  жылдарына  арналған  еске  түсіру
шаралары  өткізілуде.  Әрине,  ұлы  Абайдың
шәкірті  жайлы  сөз  Абайдың  келе  жатқан  170
жылдығында тіпті дабыралы қозғалмақ.
Жалпы  алғанда  ақын  Ақыт  өз
шығармаларында, 
Абай 
сықылды,
туындыларының  ажарына  ғана  емес,  оның
тереңдігіне, логикалық мәніне де баса зер салып,
шеберлік  пен  тереңдікті,  көркемдік  пен
пәлсапалықты тығыз ұштастырады, ақындық,
адамгершіліктік,  ағартушылық,  әлеуметтік
ойларын  (кейде  дін  туралы  пікірлерімен
жарыстыра)  баяндай  келіп,  өз  ұлтының
пәлсапалық  тұжырымын  жариялайды.  Бейне
Абай  сықылды,  Ақыт  өз  халқын  алға  қарай
қамшылайды, мінін «жылата айтуға» ұмтылады,
алайда өз халқына қатты сенеді, Ақытша да қазақ
ішкі  рухани  казынасының    баюы  тікелей
қазақтың өз қолында және ол сөзсіз мыңғырады,
әйгіленеді. Мұны
Оян қазақ, намыстан,
Өнер ізде алыстан.
Үйреніп білсек анығын,
Біз де ешкімнен қалыспан,
- дегені-ақ айғақтап тұр.
Ақыт,  бейне  Абай  сықылды,  табиғат
бейнесін,  қазақ  даласын,  қазақтың  ұлттық
сипатын, адамдардың портретін, қылықтарын,
мінездерін айқын суреттеген. Абай баса  сынаған
надандық,  арамдық,  берекесіздік,  жікшілдік,
еріншектік,  жалқаулық,  ықсыздық,  күншілдік,
өтірікшілік,  өсекшілдік,  мақтаншақтық,
жағымпаздық, жемқорлық сияқты қасиеттерді
Ақыт та аямай сөккен және  бұларды, ұлтының
бойындағы туа біткен қасиеттер емес, өзі өмір
сүрген 
қоғамдағы 
саяси-әлеуметтік
қатынастардың  салдары  деп  қараған.
Мақаланың тақырыбы мен көлеміне байлансты
себептен бұларға бұрылмайын.
  Әрі қоғамдық-саяси, әрі идеялық ағым
саналатын  ағартушылық  шығыста  сонау  Коң
Фузы, Сыма Чяндардан (б.з.д. VI-I ғасырлар)
тартып  дами  келе,  бергі  Вольтер,  Руссо,
Монтескье,  Гердер,  Лессинг,  Шиллер,  Гете,
Десницкий, Козельскийлер арқылы жалғасын
тапқан. Ол ұзақ тарих барысында сан салаға да
айрылды, XVIII-XIX ғасырларға жеткенде тіпті
дамыды.
Абайдың  әйгілі  ағартушы  екені  жұртқа
аян. Қазақ  еліндегі ағартушылықта  Абай мен
Ы.Алтынсариннің  орны  бөлек  болғаны
сықылды,  Шығыс  (Қытай  мен  Моңғолия)
қазақтары ішінде Ақыттың ағартушылығы өте
ықпалды болды.
Бұл ғұламаларша айтқанда, ағартушылар
дегеніміз  -  адамгершілікті,  ізгілікті,  әділдікті,
ғылымды,  білімді  таратып,  қоғамдағы
жақсылықты дәріптейтін, жамандықты сөгетін,
артықшылықтарды  өсіруге  ынталандырып,
кемшіліктерді  түзеуге  күш  салатын,  өз
уағыздарын  қоғамның  барлық  топтары  мен
жіктеріне, әсіресе билік иелеріне бағыштайтын,
өмірдегі  сүркейліктің  бәрі  надандықтан  деп
білетін,  қоғам  дамуындағы  сананың  шешуші
рөліне  ден  қоятын,  қо ғамдық  ағымның
белортасында жүретін қайраткерлер.
XX  ғасырдан  бұрынғы  қазақ  ағартуы,
әрине, өзіндік ерекшелікке ие болды. Оның XIX
ғасырға дейінгі сатыдағы ерекшеліктерінің бірі,
еуропалықтарша  емес,  өзінше  жол  басып,
тағылым-тәрбиені  Ислам  діні  уағыздарына
параллелдей,  жанай   отырып, дұрыс  жүргізу,
ислам  мен  ағартудағы  бұрмаланған  залалды
жіктерге тойтарыс беру еді. Абай да, Ақыт та
осы жолды құп көрді, өздерін осылай ұстады.
Исламияттағы  ғақылияттарды  осылар  үшін
пайдаланды.
Профессор  Камуна  Жанбоздың  «Ақыт
сауатын  ерте  ашып  өмірге  деген  көзқарасын
ерте  оятқан  адам.  Ол  діндар.  Бірақ,  дінді  өз
жолы, өз жөні бойынша ұстанып насихаттаған,
діннен пайдалана отырып туған халқына білім
бағыштауды  белгілі  тәсіл  есептеген.  Діннен
пайдаланып халықшылдықты, адамгершілдікті,
өнер-білімді насихаттаған», - дегені раc [2,350].
2015  №2  (27)

60
ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ
Ақыт өз шығармаларында, талай өлеңдері
арқылы, мысалы,
«Білімнен басқа өнер жоқ,
Бұған маккам наныңдар.
Білім түбі теңіз деп,
Айтқан үздік ғалымдар.
Жиған малдан не пайда,
Ғылым іздеп табыңдар.
Таусылмас білім азық деп
Сенім байлап наныңдар»,
«Кейбіреу көкпен ұшып жүр,
Ұшқан құстан пысық жүр.
Жер бетімен зырылдап,
Су астына түсіп жүр.
Қайда жүрсе қор қазақ
Мал соңында көшіп жүр»,
- деп, халқына жағы талмай жар салып, оларды
оқуға, білуге, жетілуге үндеген.
Ақыт  тіпті  тікелей  ұстаздық  та  жасап,
1890-1910 жылдары Моңғолияның Баян-Өлги
аймағы Делуін ауданында (Бардам үкірдай мен
Лайық хажылардың ауылдарында), одан кейін
Қытайдың  Алтай  аймағындағы  Шіңгіл,
Бурылтоғай  сықылды  аудандарында,  Шәкүрті
ауылында  мектеп  ашып  (не  өзгелер  ашқан
медресе  яки  мектепте)  бала  оқытқан.  Оқыту
барысында берген сабақтарының ішінде есеп,
араб  тілі,  дүние  жағрапиясы,  тарих,  шығыс
әдебиеті  сықылды  пәндер  қомақты  орын
ұстаған.
Ақыттың философиялық әлемі де Абайдан
үйренуге,  Абайға  еліктеуге,  оны  қолдауға,
таныстыра, толықтыра түсуге арналған.
Философия  –  Адам  назарын  өзіне
тартатын мәселелер (әлем, қоршаған орта, қоғам,
дін, діл, білім, саясат, мәдениет, т.б.) жөніндегі
қоғамдық сананың адамзатпен құрдас формасы,
болмыс пен  танымның жалпы  заңдылықтары
туралы  ілім,  дүниеге  (мифологиялық,  дінни,
фәлсапалық делінетін) көзқарастардың бір түрі.
Философия  б.з.д.  VII-VI  ғасырларда  ежелгі
Қытай, Үнді және Грек жерлерінде пайда болған
деседі.
Дала өркениеті негізінде өркендеген (Арғы
Анахарс, Заратуштыра, бергі Түрік қағандары
мен Асан аталарды еске алыңыз), ежелгі шығыс
философиясымен  кемелдене  түскен  қазақ
философиясы  орта  ғасырлардағы  ислам
филсофиясымен  өресін  өстірді  (мысалы,  әл-
Фараби,  М.Қашқари,  сықылды  ғалымдар
арқылы). XX ғасырға таяғанда, Ш.Уәлиханов,
Абай  Құнанбаев,  Ы.Алтынсарин,  Шәкәрім
Құдайбердіұлы,  Ахмет  Байтұрсыновтардың
бастауымен соны бағытта дамып, қазақ ұлттық
философиясы  деңгейіне  көтерілді.  Ұлы
Абайдың шығыстағы шәкірті Ақыттың да бұл
көтерілудегі үлесі зор.
Абай  мен  Ақыт  фило софиялық
көзқарастарында    діни  көзқарас  та,  одан
айырмашылығы  айқын  (нақты  ұғымдарға,
категорияларға сүйене отырып логикалық ой
қорыту ерекшелігі бар) пәлсапалық көзқарас та
көп. 
Және 
бұлардағы 
пәлсапалық
көзқарастарда  теоцентризм  (барлық  тіршілік
атаулыны жоғары жаратушы күш – Алла-Құдай
арқылы  түсіндіру)  мен  антропоцентризм
(негізгі  мәселе    адам  деп  санайтын
философиялық  көзқарас)  өзара  қабысып
отырады,  әсіресе  жұртына  қаратқан
насихаттарында  соңғысын  басым  орында
ұстайды.  Бұл  олардың  әлемді  ғылыми
түсінулеріне және түсіндірулеріне сәйкес келеді.
Ұлы Абай мен оның шығыстағы ұлы шәкірті
Ақыт философиясы гносеология (таным туралы
ілім), аксиология (рухани құндылықтар туралы
ілім),  праксиология  (адам  шығармашылығы
туралы ілім), антропология (адам туралы ілім),
логика  (дұрыс  ой-қорыту  жөніндегі  ілім)
сықылды  салаларды  түгел  шарпыған.  Атап
айтқанда,  қазақтың  өмір  сүру  жағдайы,
саналылығы мен санасыздығы, өмірдегі мәні
мен  әлемдегі  алатын  орны,  жан  дүниесі  мен
рухани өмірі, қоғамы мен табиғаты, өркениеті
мен  экологиясы,  дүниені  т анып  білуі
сықылдыларын қамтыған.
Абай Шығыс пен Батыс ойшылдарының
еңбектерімен  жақсы  таныс  бола  келіп,
филосо фиялық  трактаттар  стилінде  де
(мысалы,  «Қара  сөздері»),  өлеңдерімен  де
тақырыбы    ауқымды,  дүниетанымы  терең,
әлеуметтік жақтан  салмақты пікірлер көтерген.
Ақыт поэзиясы да тап осы бағаға лайық.
Бұл  екі  алып  та  Ислам  дініне  өзінше
сенген және діни танымындағы философиялық
2015  №2  (27)

61
ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ
көзқарастарын туындылары арқылы жеткізген.
Абайдың  дінге  көзқарасын  бағалап,
тұжырымдауда қате пікірлер орын алып келгені
жұртқа аян. Мұндай қате көзқарастар Ақытқа да
ауыр  тиді.  Менің  2013  жылы  Қытайдағы  Іле
Қазақ Автономиялы обылысы көлемінде өткен
жиындардың  бәрінде  мына  ұсынысымды
көтергенім және аймақ не облыс басшыларына
хат арқылы жібергенім осы себептен еді. Онда
былай дегенмін:
«Ең  маңызды,  ең  көкейтесті,  ең  шешуші
мәселе  неде?  Сайып  келгенде,  ең  маңызды  да
күшті фактор - адам. Әдебиетте де сол - автор
мен оқырман.
Мысалы,  қисса  мен  дастанда  да  сондай.
Қиссашы,  дастаншы  авторлар  мен  оны  жатқа
айтатын  қиссагерлер  және  құныға  тыңдайтын
жанкүйерлер.  Дастан  жайлы  не  ғылыми
баяндамалар  оқылар.  Бірақ,  ауыр  жылдарда
сонымен  айналысқан,  оны  дамыта  отырып
бүгінге  жеткізген  кешегі  қиссашылар  мен
дастаншылар  және  оларды  ардақтау  ұмыт
қалмауы керек.
Мысалы, биыл жылан жылы. Туған жылы
бойынша да, дастан-қисса әлеміне қосқан үлесі
бойынша  да,  отаншыл,  ағартушы,  демократ,
халықшыл,  алғабасар,  65  жыл  әдебиетпен
айналысқан, Алтайдан басталған қанішер Шың
Шысай  үкіметіне  қарсы  төңкеріске  тамыздық
болған,  118  жылдың  алдында  «Сәйфілмәлік-
Бәдиғұлжамал»,  «Жиһаншаһ  Тамұзшаһұғлы»
сықылды  дастан-қиссасы  қазан  шаһарынан
басылып шыққан және 10 неше рет қайта-қайта
жарияланған,  100  жылдың  алдында  11  кітабы
жарық көріп үлгерген, 20 неше қисса-дастанның
авторы, 
замандастарынан 
Арғынбек
Апашбайұлы  (1883-1946)  сықылды  талай
қаламдастарының  да  зор  құрметіне  бөленген,
«қазақ  әдебиеті  тарихында  ғана  емес,  дүние
әдебиеті тарихында да өзіне жарай орын алуға
тиісті тұлға» [3,51], бас қазы, ғұлама ақын атамыз
Ақыт  хажы  Үлімжіұлы  Қарымсақовты
(Алтайскиді. 1868-1940 жж.) ауызға алмай өту
айып саналмақ.
Ақыттың  қисса-дастандарын  ғылыми
талдау сынгерлердің міндеті. Менің ұсынарым -
биыл  ШҰАР  Мәдениет  меңгермесі,  Іле  Қазақ
Автономиялы  Облысы  және  Іле  облысы  мен
ШҰАР жазушылар қоғамы, Алтай аймағы мен
оның  қатысты  аудандары  бір  жағадан  бас
шығарып  Ақыт  ата  туралы  екі  шаруаны
тындырса.
Бірі,  биыл  ақынның  туғанына  145  жыл
толғанын дабыралы атап өту.
Енді бірі, оның алдағы 150 жылдығын (ана
жылғы Абайдікі сықылды) ЮНЕСКО аумағында
атап өтуге ертерек жолдау.
Бұдан бұрын Ақыт атамызды өзіне лайық
биікке шығаруға бөгет болмады емес. Соның бірі
ол кісінің діндарлығын сылтау еткен аз адамның
кідіртуі.
Меніңше, бір ғасырдың алдында, бас қазы,
әйгілі  хажы,  ғұлама  молда  болған  Ақытты,
идеямызды  азат  ете  түсіп,  тарих  пен  тарихи
тұлғаларға озық ойлы теориялар арқылы қарап,
өз заманына қоя бағаласақ, бұл ол кісіге бөгет
емес, демеу, тіпті мәртебе болуға тиісті.
Энциклопедияларша  айтқанда,  «Дін  -
адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды
әлеуметтік-мәдени сана. Діннің басты мақсаты
-  адамның  рухани  жетілуі  және  о ның
жаратушыға  сенімі».  Мен  бүгінгі  былық  пен
шылықтың көбі кей адамдардағы осындай бірер
әлеуметтік-мәдени сананың, қажетті (не заңға,
не адамгершілкке, не үкімет жолына, не құдайға)
сенімнің жоқтығынан деп білем. Өз заманында
Ақыттың елді ислам діні арқылы оңаудан басқа
амалы жоқ еді. Ол кезде мұндағы қазақ арасына
өзге  амалдар  мен  измдер  келіп  жетпеген
болатын.
Иә, Ақыт атамыз діндар. «Діндар – әлде
бір  сенімнің,  діннің  қағидаттарын  қатаң
ұстанатын  адам».  Ақыт  өз  сенімін,  ислами
қағидаттарды қатаң ұстанғаны үшін, бас қазы
болып сайланып қоймай, халықтың, тіпті Жоу
Чүнхұй сықылды өзге ұлт, өзге дін уәкілдерінің
де  зор  құрметіне  бөленді.  Бүгінгі  былық  пен
шылықтың  ішінен  «діндар»  атанып  алған
алаяқтар да кезігеді. Ендеше, бүгінде Ақыттай
қатаң да дұрыс діндарларды құрметтеу ауадай
қажет. Бүгінгі діндарлар Ақытты үлгі тұтулары
керек.
Дінтану  яғни  теология  (иллаһият)  -
жаратқан  жайлы  ілім.  Теология  ұғым  ретінде
Платон  еңбектерінен,  оның  мифологияға
қаратылған  философиялық  талдауларынан
2015  №2  (27)

62
ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ
бастап  кездескен  екен.  Біртіндеп  дами  келе,
бергі ғасырларда теология - жаратқан және оған
сенім жайлы жүйелі ілім деген ұғым қалыптаса
бастапты. Теология аянға негізделіп, жаратушы
болмысын материалдық дүниедегі заттар мен
құблыстарды  талдау  арқылы  дәлелдейтін
физикалық теология,  адамгершілік моралдық
принциптерді талдап, жаратқанның болмысын
дәлелдейтін догмат.
Дін  еркіндігі  бар  біздің  қоғамымызда
Ақытқа  алакөзбен  қараудың  өзі  күлкілі  жәйт.
Қайта ол кісіні тарихымыздың өз сатысындағы
теология ғалымы ретінде ғылыми айналымға
енгізіп, зерттеуіміз керек.
Менің  бір  ғалым  бауырым  айтқандай,
кешегі Коң Фузы да діндар емес пе еді. Ол ғана
ма,  кешегі  бабаларымыз  әл-Фараби,  Махмұт
Қашқарилардан  тартып  Абай  мен  Шәкәрім
Құдайбердиевтер де діндар болатын. Бүгінгілер
ішінен  де  құрметке  бөленген  діндарлар
табылады. Біз мына жаңа заманда, идеямызды
азат ете түсіп, әдеби мұраларымызды қорғауды
кешегі қаламгерлерді құрметтеу, олардың және
олардың  шығармаларының  мәртебесін
көтерумен тығыз ұштастыруымыз керек. Соның
бірі  -  Ақытты  жоғарыда  мен  айтқан  екі  істі
тындыру арқылы өз биігіне толық шығару. Ақыт
- дастаншы ғана емес, асқан ақын, ғақылияты
мол туындылардың иесі!»
Амал  не  бұл  ұсыныс  өзіне  тән  жауапты
әлі ала қоймады. Бірақ мен ол жауаптың әйтеуір
бір  күні  біз  күткендей  қайтарыларына  кәміл
сенемін.
Жалпы  алғанда,  Ақыт  ақынның  дін
туралы  толғамдарын  дұрыс  түсінбеудің,  дін
туралы  түсініктеріне  тарихи,  диалектикалық
тұрғыдан  емес,  солақай    со циологияша
қараудың  салдары,  аздаған,  алайда  ықпалы
күшті адамдарда ауыр болып келді. Абай мен
Ақыт  заманында  қазақта,  өзге  измдер  емес,
діннің үстем орында болғаны әлемге аян және
Алла мен Құдай, тәңір мен адам, өмір мен өлім,
жан мен тән, иман мен ұят, дін мен ғылым, дін
мен  діндарлар  туралы  алуан  көзқарастардың
жарыса өмір сүргені белгілі. Саналы да ғылыми
зиялы  бұларды  сол  өз  дәуіріне  қоя  тануы,
талдауы керек.
Алдымен дін – бір түрлі көзқарас формасы.
Ол құдіретке (бәрінен жоғары жаратушы күшке)
және оның қоршаған орта мен адам баласына
әсеріне деген сенімге  негізделеді. Дұрыс та дана
діндарлар  дін  арқылы  этикалық  мәселелерді
көтеріп,  қоғамды  игі  істерге  шақырады,  адам
баласын  сыйласымдылыққа,  әділеттілікке,
төзімділікке тәрбиелейді, мәдениеттің өрлеуіне
себін  тигізеді.  Ақыт  діннің  осы  қасиеттерін
құрметтеген  және  оны  халқын  баулу  үшін
мықтап  пайдаланған.  Мысалға  Ақыттың
антропоцентризмдік (негізгі мәселе  адам деп
санайтын) философиялық көзқарасын алайық.
Ол:
Толғансам көңілім қозады,
Бір ойдан бір ой озады.
Пайымлап, байқап ойласам,
Патшаның тағы тозады.
Тозбайды халық өседі,
Жақсыға жаман көшеді.
Бір ізде дүние тұрмайды,
Ауысып келер есебі»,
- деп түйеді.
Және  «Салынулы  қала  жоқ,  оқытылған
бала жоқ. Білім, ғылым үйренер талапты ер тағы
жоқ»,  «Қазақ  байқұс  жатпай  ма,  ұйқыда  әлі
бырылдап.  Берекесі  қашқан  жұрт  ала  болар
ырылдап», «Қоршаған төңіректі бұлт пен тұман,
шығынсыз  құтылмайсың  тіпті  мұнан.  Хан
қайқы,  биің  бүкір,  молдаң  соқыр,  мен  түзу
дегендердің бәрі бұраң», «Адам қойды атымды,
надан қылды халқымды.... Барар жер жоқ басар
тау, оңда құдай артымды», - деп жар салады.
Бұлар  –  ұлы  ақынның  сөз  өнеріндегі
көркемдік  қуатын,    пәлсапалық  даналығын
даралап 
көрсететін 
классикалық
туындыларынан  үзінді  сөздер  ғана.  Ақыт
шығармаларын  толық  оқыған  саналы  азамат
Ақыт  жайлы  менің  ойларымды,  әсіресе  оның
Абайдың  шығыстағы  көрнекті  шәкірті  екенін
толық құптайды..
Миуалы дарақтардың басын жемісі жерге
иеді емес пе. Ақыт өте кішіпейіл адам-ды.
 Мен де надан ғапылмын,
  Бәрінен де құр қалдым
2015  №2  (27)

63
ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ
 Ғылым менен ақылдың.
 Жасым шықты жетпіске,
 Төрден көрге жақынмын,
– дей тұрса да, қазаққа, адамзатқа берері әлі көп
еді.
Амал  не,  ұлы  ақын  1940  жылы  қанқор
Шың Шысайдың түрмесінде:
       Патша Құдай панаңда,
       Сырымды айттым қаламға.
      Қарап тұрып қайранмын,
       Қалғаныма қамалда.
       Қысқы күндей қысылдым
       Тамызда, ыстық амалда.
        Залалсыз едім адамға,
        Анық едім ғаламға.
       Тақым қысып, қамшы сап,
        Көрмеп едім шабанға.
        Толық көрмей шаң қауып,
         Ергенім жоқ баранға.
        Ат сауырын көп бердім
       Жаяу-жалпы адамға...
– деген беті, жауыз жендеттердің қанды қолынан
көрген ауыр азаптан шәһит болды. Бірақ оның
қасиетті де асқақ рухы халқымен мәңгі бірге.
Әдебиет
1.
Манапұлы Қ. Ақынның сөзі өлмейді
// Шалғын, 1980, №3
2.
Жанбоз  К.  Ақыттану.    -  Іле  халық
баспасы
3.
Қазақ әдебиетінің тарихы. Шинжяң
халық баспасы. 3-том. – Ұрымжы, 2003.
Резюме
Resume
2015  №2  (27)
В статье рассматривается творчество поэта Акыта Үлімжіұлы.
Theworks of the poet Akyt Ulimzhiulais consideredin the article.

64
2015  №2  (27)
М.ӘУЕЗОВТІҢ ПОРТРЕТ ЖАСАУ ШЕБЕРЛІГІ
Кейіпкердің  кескін-кейпін,  қимыл-
әрекетін  беруде  оның  әр  түрінің  арасында
үндестік  болуы  қажет.  Қаншалықты  өссе  де,
таным-түсінігіне,  көзқарасына  қаншама
өзгерістер  енсе  де,  қаһармандардың  басым
көпшілігі өзінің басты сипатынан айрылмайды.
Бұл  адам  басындағы  көптеген  сипаттар  мен
өзгерістердің бәріне тұтастық беріп отырады.
Көркем  бейне  –  адамның  даралығын,
ерекшелігін танытатын нақтылы көрінісі. Мүсіні
сәтті жасалған кейіпкер – әрі белгілі бір топтың
негізгі сипаттарын бойына  сіңірген жиынтық
бейне де, әрі өзіндік түр-тұлғасы бар,  ешкімге
ұқсамайтын нақты адам.
Мұхтар  Әуезовте  кейіпкердің  сырт
көріктілігі  көбіне  оның  ішкі  жан  дүниесінің
әдемілігімен,  сыршылдығымен,  қиялдау
биігімен, өнерді қадірлей білуімен, өнерлілігімен
тығыз байланысты болып келеді.
Романдағы ер адамдар портреті де өзіндік
бояуларымен,  ешкімге  ұқсамайтындығын,
даралығын  көрсететін  ерекшеліктерімен
эпопеяның көркемдігін арттырады.
Романда  Әбдірахман  мен  Мағауияның
портреттері  ерекше  талдауды  қажет  етеді.
Жазушы  алдымен  Мағауияның  екі-үш  жасар
кезіндегі суретін жасап шығарады:
«Сүйегі  ұсақ,  беті  жұқалаң,  аппақ  сұр,
қасы, көзі сонша сұлу қиылған Мағаш аса бір
сүйкімді, биязы қозғалыс жасап, Абайға қарай
жақындады да, еңкейе берген әкесінің мойнынан
құшақтап, бетіне бетін басты» [1.48]. Сүйегінің
ұсақ, бетінің жұқалаң боп келуі дене бітіміндегі
нәзіктікке  меңзейді.  Көптен  көрмеген  әкесін
жатырқамай, құшақтай жөнеледі. Ділдәдан туған
кенжесі  Мағаш  Абайға  ең  ыстық,  ең  тәтті
көрінетін.  Романда  жазушы  Абайдың
балаларының ішінде Мағаштың ғана кішкентай
кезін  бейнелейді.  Бұл  Абайдың  Мағауияны
басқалардан ерекше жақсы көретіндігінен болар.
Енді Мағаш екінші кітаптың «Биікте» тарауында,
Семей қаласындағы Таңжарық деген саудагердің
үйінде бірталай жастың бас қосқан жиынында
сипатталады:
«Бұлардан  басқа  қонақтың  бірі  –  ең  жас
қонақ,  Абайдың  аса  жақсы  көретін  баласы
Мағауия. Ол – арықша біткен ақ сұр, сүйкімді жас.
Биік, кең ақ маңдайы да, жоталы келген қырлы
сұлу мұрны да бар өзге жиын ішінде бұны бір
оқу-біліммен  ағарған  жан  сияқты  көрсететін»
[1.43]. Маңдайының биік, кең боп келуі әкесіне
ұқсаған.  Бұл  Мағаштың  терең  ойлы  адам
екендігіне меңзейді. Бет-жүзінің ақ болуы оның
оқу-біліммен 
ағарғандығымен, 
көзі
ашықтығымен  байланыстырылып  тұр.Бұл
үзінділерде Мағаштың дене бітімін, бет-пішінін
сипаттау  қамтылса,  үшінші  кітапта  оның
мінезіндегі ерекше қасиеті байқалады:
«Көселеу, ақ сұр жүзді Мағашта кішкене
нәзік  денелі  болғанымен,  аса  бір  кең
Г.КӘРІПЖАНОВА, филология ғылымдарының кандидаты, профессор
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ
ӘОЖ 821.512.122
Мақалада кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезовтің портрет жасаудағы шеберлігі жайында
сөз  болады.  Автор  жазушының  әдеби  портрет  жасаудағы  шеберлігіне  жан-жақты  талдау
жасайды.
Тірек сөздер: М.Әуезов, көркем бейне, роман, портрет, жазушы шеберлігі.

65
2015  №2  (27)
адамгершілік,  мінезділік  бар.  Ол  –  әрдайым
өзгенің  қабағын,  жай  құбылысын  жақсы
аңдағыш, сергек» [2.277]. Бұл жерде денесінің
нәзіктігіне қарамастан Мағаштың адамгершілігі
мол, мінезді, сондай-ақ адамның жүзіне қарап
оның ойын біліп тұратын қасиеті бар екендігі
аңғарылады.  Баласының  бойындағы  осы
қасиетін Абай аса қадір тұтады.
Мағаш ауырып қалғанда Абай ауыр ойдан
ас ішпей, ұйқы ұйықтамай, қалаға келеді. Әкесін
қарсы алуға шыққан Мағашты жазушы былайша
сипаттайды:
«Мағаштың  бешпет  ішігінің  тысы,  түйе
жүніне  түйін  жіп  қосып  қызғылт  сұр  етіп
тоқыған биязы шекпен болатын. Соған қоңыр
күрең  барқыт  жаға,  жең  салып  қала  тігіншісі
тіккен еді. Ықшамды, қаршығадай бойына түлкі
тымағы, бешпет ішігі жарасқан ақ сұр жүзді, сұлу
көзді  Мағаш  Абайды  Сүлеймен  үйінің
бақшасында  тосып  алған»  [3.348].  Мұнда
негізінен Мағаштың сырт келбетіне басты көңіл
бөлінген, түлкі тымағы мен бешпет ішігінің өзінің
бой-тұлғасына жарасымды, жаңадан тіккізгені
байқалады. Бұрын суреттелгендей, ақ сұр жүзді,
сұлу  көзді.  Баласын  төсек  тартып  жатыр  деп
ойлаған Абай алғашында Мағашты тани алмай
қалады. Бойы, қозғалысы сергек, ширақ сияқты
көрінеді.  Алайда  көп  ұзамай  Әбішінен  кейін
Мағашынан да айырылады.
Әбіштің  бейнесін  автор  екінші  кітаптың
аяғында сипаттай бастайды:
«Кең ақ маңдайлы, жіңішке ұзынша қара
қасты, жұқалаң қызғылт жүзді Әбіш Абаймен
әңгімесін үзбей келеді» [1386]. Әбіш те Мағаш
секілді  кең  маңдайлы,  жұқалаң  жүзді  болып
суреттеледі.  Әбіштің  Мағаштан  үш-төрт  жас
үлкендігі бар екендігі кітаптың басында айтылып
өтеді.  Әбіш  ұғымтал,  талабы,  ынтасы  зор,
мұсылманша жақсы оқуы бар. Әбіштің келбетін,
мінезін, тәрбиесін көргеннен соң Михайловтың
оған  деген  көзқарасы  өзгереді.  Оқуға  деген
ынтасын,  зеректігін  байқап,  ары  қарай  оқыту
керек деп Абайға кеңес береді.
Үшінші кітапта қалада оқып жүрген Әбіш
ауылына келеді. Барлық туған-туыстары сағына
қарсы алады. Абай ұзақ уақытқа шейін баласын
өз бауырына қысып құшақтап, босатпайды. Сол
кездегі  Әбіштің  портретін  жазушы  асқан
шеберлікпен жан-жақты суреттейді:
«Әбіш бұл кезде бала халінде болатын. Ақ
гимнастеркаға  жезді  түйме  таққан  Әбіштің
юнкер формасындағы погондары, қазіргі сәтте
кезек-кезек  құшақтаған  аналар,  жеңгелер,
кемпір-шал көршілер арасында еміс-еміс көрінеді.
Кокардасы  бар  картузын  Әбіш  бұл  уақытта
қолына  алған.  Сұйықтау  қызыл  қоңыр  шашы
жылтырай, жабыса таралған екен. Ертерек қасқа
бола бастаған кең, биік маңдайы ашық көрінеді.
Әбіштің бойы сұңғақ. Көрнекті, қырлы мұрны
байқалады.  Жұқа  ерін,  қызғылт  жүзді,  сәнді
киінген жас жігіт өзгеше сұлу көрінеді» [2.139].
Әбіштің  үстіндегі  ақ  гимнастеркасы,  юнкер
формасы,  картузы  –  барлығы  да  о ның
Петербургтегі Михайлов атындағы артиллерия
училищесінде оқитынын дәлелдейді. Кең, биік
маңдайы,  сұңғақ  бойы,  қырлы  мұрны  жас
кезіндегі Абайды еске түсіргендей. Бұған қызыл
қоңыр  шашы,  жұқа  ерні,  қызғылт  жүзі,  сәнді
киімі  қосыла  сипатталғанда,  кәдімгі  адамның
толықтай портреті көз алдымызға келеді. Мұхтар
Әуезовтің портрет жасаудағы тағы бір ерекшелігі
– кейіпкердің сипатын оқырманның көз алдына
елестететіндей етіп, әрбір  деталін қалдырмай,
жан-жақты қамтып жасай алуында.
Абай  Әбіштің  ауылда  жайдан-жай,
еңбектенбей  отырғаны  ауыр  тигенін  байқап,
Дәрменмен  ақылдасып,  біраз  сапар  жүріп
қайтуға тапсырады. Жолға шыққан Әбіштің сырт
бейнесі, яғни киім-киісі былайша сипатталады:
«Әбіш Абайдың айтуы бойынша, бұл кезде
бастағы картузды, әскерлік шинельді тастаған.
Сарғыш қызғылт жұқа жібекпен тыстаған жеңіл
қара тымағы бар, бозбала тымақ. Үстінде қымбат
бұлдан жұқа, кең етіп тіккізген сұрша шапаны
бар.  Жағасын  қызғылт  қоңыр  барқытпен  кең
қайырған. Сырт киімі осындай болғанымен, іште
юнкерлік  жазғы  ақ  китель.  Аяғында  әміркен
жалтыр  етік.  Оның  өкшесінде  шылдыраған
жарқырауық шпоры да алынбаған-ды» [2.177].
Осы  сапарға  шыққан  Дәрменнің  мақсаты  –
орайын тауып, Әбішке Мағрипаны көрсету еді.
Сол  себепті  жігіттермен  Махмұт  ноғайдың
ауылына  то қтайды.  Ойын-сауықт а  Әбіш
скрипка тартып, ауыл адамдарын таңырқатады.
Барлығы  күйді  ұйып  тыңдап,  тамсанып,
тамашалайды.  Жұрт  тағы  да  тартуға  тілек
ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

66

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет