Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім



Pdf көрінісі
бет1/15
Дата03.03.2017
өлшемі1,99 Mb.
#6078
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

1
ISSN 2308-0590
Индекс 74661
РЕДАКЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС
Мағауин Мұхтар
Қазақстанның халық жазушысы
Ғарифолла Есім
 академик
Жанболатов Сұлтан
профессор (Қытай)
Мырзахметұлы  Мекемтас
филология ғылымдарының докторы, профессор
Сыдықов Ерлан
     Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық
университетінің  ректоры,
тарих ғылымдарының докторы, профессор
Қалижан Уәлихан
М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер
институтының директоры,
филология ғылымдарының докторы, профессор
Әбдіғазиұлы  Балтабай
Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің
филология институтының директоры,
 филология ғылымдарының докторы, профессор
Жұртбай Тұрсын
"Отырар кітапханасы" ғылыми орталығының
директоры, филология ғылымдарының докторы,
профессор
Хакім Мерием
PhD, профессор (Түркия)
Жақып Бауыржан
"Қазақ энциклопедиясының" бас директоры,
филология ғылымдарының докторы, профессор
Ескендіров Мейір
тарих ғылымдарының докторы, профессор
Еспенбетов Арап
филология ғылымдарының докторы, профессор
Рамазан Айгүл
 филология ғылымдарының докторы, профессор
Әубәкір Жандос
Абайдың  «Жидебай-Бөрілі»  мемлекеттік
тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-
мұражайының директоры
ШӘКӘРІМ
 ғылыми-танымдық журнал
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрлігінде 2013 жылдың
10 қазанында қайта тіркеліп,
№13921-Ж куәлігі берілген.
2005 жылдан шыға бастады.
БАС РЕДАКТОР
Әмірбеков Шәріпбек
Ағабайұлы
Семей қаласының Шәкәрім
атындағы  мемлекеттік
университетінің ректоры, саяси
ғылымдарының докторы
БАС РЕДАКТОРДЫҢ
ОРЫНБАСАРЫ
Смағұлова Ақмарал
Төлеуғазықызы
«Шәкәрімтану»  ғылыми-зерттеу
орталығының директоры,
филология ғылымдарының
кандидаты
ЖАУАПТЫ ХАТШЫ
Қадыров Айбар Қабыкенұлы
филология ғылымдарының
кандидаты, доцент
© Семей қаласының Шәкәрім
атындағы  мемлекеттік
университеті, 2015
© «Шәкәрімтану» ғылыми-
зерттеу орталығы, 2015

2
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ШӘКӘРІМТАНУ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ
Шәкәрім. Ғылыми-танымдық журнал.
МАЗМҰНЫ
ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ
АСЫЛ СӨЗ
Шәкәрімұлы Ахат. Құнанбай туралы....................................................................................................75
АБАЙТАНУ
Мырзахметұлы Мекемтас. Абайтану ХХІ ғасыр көгінде...................................................................10
Кәкішев Тұрсынбек. Абайтану тарихының өзекті мәселелері..............................................................24
Бибеков Қаныш. Абай шығармаларындағы мәтін түзу мәселесі.........................................................33
Мұхаметқалиқызы Алмахан. Абайтану және Мүрсейіт жазбасы.......................................................38
 
АБАЙ АРМАНЫ
Бейсембеков Аймұханбет. Абайдың музыкалық мұрасы...................................................................3
Нұрғали Рымғали. Тәуелсіз Қазақстан мұраттарының алаш идеяларымен сабақтастығы...................51
АЛАШТАНУ
Жанболатов Сұлтан. Абайдың шығыстағы шәкірті............................................................................57
Кәріпжанова Гүлназ. М.Әуезовтің портрет жасау шеберлігі.............................................................64
Мукаева  Назгүл.  Е.Букетовтің  «Шоқанның  шуақты  шұғыласы»  повесіндегі  ұлы  кемеңгердің
дүниетанымындағы ерекшелік................................................................................................................71
ШӘКӘРІМТАНУ
Мағауин Мұхтар. Шәкерімге қатысты үш дерек....................................................................................42
Апеева Гүлнар. Шәкәрім поэмаларының текстологиясы жайында....................................................47

3
2015  №2  (27)
АБАЙ АРМАНЫ
   АБАЙДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ МҰРАСЫ
ӘОЖ 821.512.122:78(574)
А.БЕЙСЕМБЕКОВ, ҚР мәдениет қайраткері
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің
профессоры
«Абай арманы» зиялылар клубының кезекті мәжілісінде оқылған баяндама.
 Мақалада Абай әндері мен күйлері жайында сөз қозғалады.
Тірек сөздер: Абай, композитор, ән мұрасы, күй, варианттылық.
  Ұлы Абайдың ақындығы, қазақ әдебиеті
мен өнеріндегі үлгі өнегесі, қазақ халқының ХІХ
ғасырдың  аяғынан  бергі  өркениеті  мен
мәдениетінің,  әдебиетінің  өсу,  қалыптасу
жолындағы шырағданы іспетті. Абай өзіне дейінгі
қалыптасқан қазақтың жыраулық поэзиясы мен
әдеби тілінен, фольклорінен көп нәрсені көңілге
түйіп,  сол  тілді  нағыз  көркем  әдеби  тілге
айналдырып, әлемдік поэзия жасаған ұлы ақын.
Абайдың поэзиялық мұрасы – қазақ халқының
мақтанышы, бойтұмары.
Абайдың  ұлылығы  ақындығында.  Ал,
композиторлығы, философтығы, тарихшылығы,
қоғам қайраткерлігі, ұстаздығы, аудармашылығы,
ағартушылығы, заңгерлігі, саяткер - серілігі бәрі
сол  ақындығына  арқау  болған,  «сегіз
қырлылығының» сан- саласы.
Абайдың 
композиторлығы 
сол
ақындықтың  бір  ұшқыны  іспетті.  Абай  сал,
серілер – Сегіз серідей,  Біржандай, Ақандай ән
салумен,  композиторлықпен  кәсіби  түрде
айналыспаған.  «Құдайға  шүкір,  біздің  рудан
бірде-бір  ақын  мен  бақсы  шықпаған»  деп
мақтанатын 
заманда, 
Абайды 
әке сі
Құнанбайдың  серілікке  жібермейтіні  анық.
Сондықтан  да  Абай  әншілікті,  күйшілікті,
композиторлықты  әуесқо йлық    мақсатта
меңгерген.    Тіпті  ақындығын  қырық  жастан
асқанша  жасырғаны  тарихтан  белгілі.  «Қолын
мезгілінен  кеш  сермесе  де»  Абай  қазақ
музыкасында ән өнерінде көрнекті тұлғаның бірі
болды.
Абайдың  музыкалық  мұрасы  санымен
емес,  сапасымен  ерекше.  Абайдың  осы  кезге
дейін  нотаға  түсіп,  жиналған  28  әні  бар.
Бұл  әндердің    55  нұсқасы  (варианты)  нотаға
түскен. Барлық нотаға түскені –  83 ән.
      Абайдың әндері мен күйлерінің тізімі:
1.  «Айттым сәлем қаламқас» -  (3 түрі бар)
2.    «Айналайын  құдай-ау»  (  Әбішке
арналған жоқтау)   --
3.    «Амал  жоқ  –  қайттім  білдірмей»
(Татьянаның хаты) –  (4 түрі бар)
4.  «Ата-анаға көз қуаныш» -      (3 түрі бар)
5.  «Бойы бұлғаң»  -                      (3 түрі бар)
6.  «Біреуден біреу артылса»       –      (3 түрі
бар)
7.  «Ғашықтың тілі тілсіз – тіл» –
8. «Есіңде барма жас күнің...»            –
9.  «Желсіз түнде жарық ай» -    (3 түрі бар)
10. «Жас әйел алған шалдарға»         --
11. «Көзімнің қарасы»  -                (4 түрі бар)
12. «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа»
--
13. «Қараңғы түнде тау қалғып»  -   (3 түрі
бар)
14. «Қарға мен бүркіт»       –
15. «Қарашада өмір тұр»     –      (2 түрі бар)
16. «Қор болды жаным»      –      (6 түрі бар)

4
АБАЙ АРМАНЫ
2015  №2  (27)
17. «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын»
–  (2 түрі бар)
18.  «Онегиннің  Татьянаға  жазған  хаты»
(Хұп білемін...)    --
19.  «Онегиннің  өлердегі  сөзі»  (Жарым
жақсы киініп..)    --
20. «Өзгеге көңілім тоярсың»      --
21.  «Өлсем  орным  қара  жер  сыз
болмайма...»   --
22. «Сегіз аяқ»       –                         (8 түрі бар)
23. «Сен мені нетесің?»    –           (2 түрі бар)
24. «Сүйсіне алмадым, сүймедім»       --
25. «Сұрғылт тұман дым бүркіп...»    –  (3
түрі бар)
26.  «Тәңір  қосқан  жар  едің  сен»
(Татьянаның сөзі) –   (6 түрі бар)
27. «Теректің сыйы»            --
28. «Ішім өлген сыртым сау...»         --
                        Күйлері:
1.  «Желдірме»    (Қ.Жүзбасов  1977  ж.
Х.Демешіновтен нотаға түсірген).
2.  «Май  түні»    (У.Бекенов  күйді
Ғ.Сармурзиннен  нотаға түсірген).
3. «Тор жорға»  (У.Бекенов нотаға түсірген).
Абай  әндерін  нотаға  түсіру  деректері
төмендегідей:
Абайдың әндері алғаш ХХ ғасырдың 1920-
1925 жылдары нотаға түсірілді.
Ең бірінші Абайдың әндерін нотаға түсірген
кеңестік  қызыл  әскердің  саяси  қызметкері,
Альвин Бимбоэс деген музыкант. Ол Абайдың
«Татьянаның  хаты»  және  «Сегіз  аяқ»  әндерін
нотаға  түсіріп,  Ленинградтта  басылған  «25
киргизских песен» атты жинаққа кіргізген. Бұл
Абай әндерінің тұңғыш баспа бетіне шығуы еді.
Абай  әндерін  нотаға  түсіріп,  кітапқа
бастырған  екінші  музыкант,  этно граф  –
Александр  Викторович  Затаевич.    Ол  1923
жылы  17  қаңтарда    сол  кездегі  астанамыз
Орынбор  қаласында  Қырғыз  Автономиялық
Республикасының  халық  комиссариятының
Ағарту  комитетінің  төрағасы  А.Л.Мелковпен
«Қырғыздың 1000 әнін жинап бастыру» туралы
келісімшартқа отырады. Келісімшарт бойынша,
А.Затаевичке  1922  жылдың  1  желтоқсанынан
1923 жылдың 1 сәуіріне дейін ай сайын 50000
рубль  төлеуге  міндеттенді.    Міне  о сы
А.Затаевичтің  еңбегінің  арқасында  қазақтың
халық 
әндері 
мен 
күйлері, 
халық
композиторлары – Біржанның, Ақанның, Жаяу
Мұсаның, Әсеттің, Естайдың, т.б. күйшілердің
ән, күйлері тұңғыш рет қағаз бетіне нота болып
түсті. Бұл бірінші жинаққа Абайдың «Татьянаның
хаты»  (№129),  «Песня  Абая»  (№665),  (әуені
«Татьянаның жауабы» ),  «Қор болды жаным»
(№762), үш әні кірсе, келесі «Қырғыздың 500 әні»
жинағына «Өлеңді қайтып қоярсың» деген (№88)
жалғыз  әні  кірген.  Барлығы  Абайдың  4  әні
басылған.  1954  жылы  музыка  зерттеушісі
В.Дернова  А.Затаевичтің  архивінен  нотаға
түскен    Абайдың  12  әнін  қолжазба  күйінде
тапқан. Яғни А.Затаевич Абайдың 16 әнін нотаға
түсірген.
Абайдың әндерін нотаға түсірген үшінші
композитор  –  Латиф  Хамиди.  Ол  1934  жылы
М.Әуезовтің  тапсырмасымен  Семейде  Әрхам
Ысқақовтың  орындауында  Абайдың  15  әнін
нотаға  түсіреді.    М.Әуезовтің  орындауында
Абайдың «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын»
әнін жазып алады.
1934  жылы  музыка  зерттеуші  Борис
Ерзакович  белгілі  әншілер  –  Темірболт
Арғынбаевтан,  Қуан  Лекеровтен,  Жүсіпбек
Елебековтен  Абайдың  11  әнін  жазып  нотаға
түсіреді, Ол М.Әуезовтің орындауында Абайдың
«Сүйсіне алмадым, сүймедім» әнін 1954 жылы
нотаға түсіреді.
1935 жылы композитор Е.Бруссиловский
әнші Әміре Қашаубаевтан  Абайдың «Сегіз аяқ»,
«Қор болды жаным» екі әнін нотаға түсіреді.
1939 жылы Ахмет Жұбанов М.Әуезовтің
кеңесімен 
Тұрағұлдың 
қызы 
Мәкен
Мұхаметжановадан  Абайдың  16  әнін  жазып
нотаға түсіреді.
Сонымен 1920-1940  жылдар аралығында
Абай    әндерінің  көпшілігі  жиналып  нотаға
түсірілді.  1940  жылы  шыққан  Абайдың  2
томдығының 2- томына 12 әні басылды. Ал, 1954
жылы  ақынның  қайтыс  болғанына  50  жыл
толуына орай, «Абайдың музыка мұрасы» атты
этнографиялық жинаққа 35 әні (нұсқаларымен)
нота  түрінде  басылды.  Абай  әндерінің  нотаға
түсіп,  жиналған  тарихына  көз  жіберсек,  ұлы
жазушы  М.Әуезовтің  сіңірген  еңбегінің
ерекшелігіне қанық боламыз.

5
АБАЙ АРМАНЫ
2015  №2  (27)
М.Әуезов Абайдың әдебиеттегі сусындаған
үш бұлағы туралы жазады. Бірінші  – қазақтың
ауыз әдебиеті, фольклоры, екінші – шығыстың
ұлы 
ақындары 
мен 
ойшылдарының
шығармалары,  үшінші  –  орыс  және  Европа
классиктерінің туындылары.
Ал, Абай музыкалық шығармашылығында
екі  арнадан  үлгі  алды.  Ол  қазақтың  ән,  күйі,
музыкалық  фольклоры  және  орыстың  халық
әндері мен классикалық музыкасы. Абай өзінің
орыс  достары    Е.Михаэлис,  А.Леонтьев,
П.Лобановский,  Н.Коншин,  В.Маковский,
А.Блек,  Н.Долго поло в  т.б.  арқылы  орыс
композиторлары 
М.Глинканың,
А.Варламовтың, 
А.Рубинштеиннің,
А.Алябиевтің,  В.Гурильевтің,  П.Яковлевтің
шығармаларымен таныс  болған. Оған  әсіресе,
орыстың 
халық 
әндері 
мен 
орыс
композиторларының  романстары  ерекше  әсер
еткен тәрізді. Соның ықпалымен Абай – қазақ
музыкасында алғашқы романс жанрын тудырған
композитор. Абайдың қазақ ән жанрында жаңа
формада,  жаңа  ырғақта,  жаңа  мағынада  ән
тудыруына  бірінші  кезекте,  өзінің  қазақ
поэзиясындағы жаңалық әкелген өлеңдері арқау
болса,  екінші  кезекте,  орыс  ән,  романстарына
деген қызығушылығы себеп болғандай.
 Абайдың музыка мұрасын зерттеушілер,
оның  әндерінің  орыстың  ән,  романстарына
ұқсастығы туралы жиі жазды. Олар:  А.Затаевич,
П.Ерзакович, 
И.Дернова, 
В.Аравин
Г.Шомбалова, Беляев т.б.
Бұл зерттеушілердің ол пікірге басты дәлелі
Абайдың  «Айттым  сәлем  қаламқас»  әнінің
орыстың  халық  әні  «Кари  глазки»  әніне
ұқсастығы. Шынын айту керек, екі ән бір-біріне
өте ұқсас, айырмашылығы шамалы.
Зерттеушілерге Абай бұл әнді орыс әнінен
алды деп нақты айту үшін, олар  алдымен «Кари
глазки» әнінің «Қаламқастан» бұрын шыққанын
дәлелдеу  керек.  Мүмкін  керісінше,  Абайдың
«Қаламқасын»  оның  орыс  достары,  өлеңін
орысша аударып Россияға апарып таратуы ғажап
емес. Сондықтан бұл пікірді дәлелдейтін нақты
фактілер керек.
Әрине, Абайдың орыс ән, романстарынан
үлгі алғаны даусыз. Оған дәлел, оның «Көзімнің
қарасы», «Татьянаның хаты», «Мен көрдім ұзын
қайың  құлағанын»,  «Біреуден  біреу  артылса»,
«Сұрғылт  тұман  дым  бүркіп»    әндерінің
формасы  класикалық  үлгіде,  тональностік
құрылымы, әуендік құрылымы, ырғақтық екпіні,
стильдік  сәйкестігі  орыс  романстарынан  үлгі
алғанын  көреміз.  Менің  пайымдауымша,
Абайдың  «Татьянаның  хат»  әні  орыс
композиторы  Яковлевтің  Пушкиннің  өлеңіне
жазған «Буря мглою в небо кроет» романсына,
«Біреуден біреу артылса» әні, орыстың халық әні
«Вот  мчится  тройка  удалая»  әніне,  әуендік,
формалық,  ритмдік  үндестігі  бар  әндер.  Абай
аталған ән, романсты көшіріп алмайды, оның
формалық  құрылымын  қолданып,  кейбір
интервалдық,  әуендік  иірімдік  сәттерін  өз
әндерінде шебер қолданады.
    Абай  А.Пушкиннің  «Евгений  Онегин»
романынан 

үзінді 
аударған. 
Сол
аудармалардың  төртеуіне  ән  шығарған.  Олар
«Татьянаның  хаты»  (Амал  жоқ  қайттым
білдірмей),  «Татьянаның сөзі» (Тәңір қосқан жар
едің сен), «Онегиннің жауабы» (Таңғажайып бұл
қалай хат...), «Онегиннің өлердегі сөзі» (Жарым
жақсы  киініп...),  соңғысы  Абайдың  төл
туындысы.  Осы  төрт  әннің  12  түрі  нотаға
түскен.  Бимбоэс  –  1  ән  (Н.Құлжановадан),
Затаевич – 5 ән (мәтінсіз), Хамиди – 2 ән (Әрхам
Ысқақовтан),  Ер зако вич  1  ән  (Қуан
Лекеровтен), 
Жұбано в 

ән
(М.Мұхаметжановадан).  «Амал  жоқ  қайттым
білдірмей» әнінің 4 түрі, «Тәңір қосқан жар едің»
әнінің  6  түрі  нотаға  түскен.  Осы  екі  әннің
Л.Хамиди  Әрхам  Ысқақовтан  жазған  түрін
М.Әуезов түп нұсқасы санаған екен.
Абайдың  «Татьянаның  хаты»  мен
«Татьянаның  сөзі»    атты  екі  әнінің  Абай
шығарған бір ғана әуені болған. Сол бір әуенмен
екі  өлеңді  шәкірттері  орындаған.  Екі  өлеңнің
буын саны келмейтін тұстары  бар. Сол жерге
орындаушы  әуенге  нота  қосқан.  Менің  олай
ойлауыма  бірінші  с ебеп,  екі  әннің  әуені
(мелодиясы) өте ұқсас. Айырмашылығы мүлде
шамалы. Егер Абай екінші сөзге ән жазса, оның
мағынасын ескеріп мүлде басқа әуен жазар еді.
Менің бұлай пайымдауыма екінші себеп,
М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы мына
бір көрініс: «Бұл кеткен Татьянаның нәзік назы:
«Амал  жоқ,  қайттым  білдірмей».  Жұрт  қалт

6
АБАЙ АРМАНЫ
2015  №2  (27)
етпей, тына қап тыңдады... Алғашқы бір ауызды
естігенде, тыңдаушылар «бәйіт пе, орыс әні ме?»
деп,  нені  тыңдап  отырғанын  айыра  алмады.
Аздан соң бұл әннің өзгеше бір қоңыр мұңы бар,
шер  толқытып  шығарған,  салмақты,  терең  ән
екенін байқады. Осымен қатар, әсіресе, жұртты
ұйыта бастаған өлеңі мен тілі еді» («Абай жолы»,
579-б.).    Міне,  жазушы  мұнда  әннің  атын  да
атайды. Ол ән – «Амал жоқ қайттым білдірмей»
әні.
Абайдың  қазақ  музыкасына  әкелген
жаңалығын  оның  төмендегі  екі  әні  дәлелдей
түседі.  Ол  –  «Мен  көрдім  ұзын  қайың
құлағанын» романсы (1898ж.). Бұл шығарма екі
бөлімді  классикалық  формада  туған  нағыз
романс (2 түрі бар).
Бұл романста табиғат пен адам тағдыры
салыстыра суреттеледі.
Абай  өлеңнің  арқауы,  немістің  ақыны
Р.Левенштейннің В.Крылов аударған өлеңінен
алынған. Бұл романсты Л.Хамиди, М.Әуезовтен
жазып алған.
Келесі шығармасы «Желсіз түнде жарық
ай»  серенадасы  (1888  ж.).    Иә,  бұл  нағыз
серенада. Серенаданың туған жері –  Испания,
Италия  елдерінде  ХVII-ХVII  ғасыр.  «Сера»
италянша  кеш,  түн  деген  мағынаны  береді.
Серенада «түнгі ән» деген атау. Ғашық жігіттер
сүйген  қызының  балконының  түбіне,
қақпасының сыртына түнде келіп махаббат әнін
гитарға  қосылып  орындаған.    Міне  барлығы
айлы  түн,  ән  салған  ғашық  жігіт  сүйгенін
балконға шақырады.
Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әні де
жігіттің  ауыл  сыртына  келіп,  айлы  түнде,
ғашығымен оңаша кезігіп, сырласуы туралы ән.
Бұл  ән  –  форма  жағынан,  әуендік  құрылымы
жағынан нағыз класикалық серенада.
Қазақтың  тұңғыш  серенадасы  ұлы
Абайдың  «Желсіз  түнде  жарық  ай»  әні  әлі  де
талайды  тамсандырып,  талай  сүйген  жүрекке
махаббат  отын  тұтандырып,  әсемдік  әлемінде
тербетері сөзсіз.
  Абайдың  аударма  өлеңдеріне  шығарған
әндерінің бірі де бірегейі- «Қараңғы түнде тау
қалғып» романсы. Өлеңнің түп нұсқасы немістің
ұлы ақыны Иоган Вольфганг Гетенің 1780 жылы
саяхаттап  Кикельхан  шыңына  шығып,
қайтарында  тау  етегіндегі  аңшының  үйінің
қабырғасына жазып кеткен сегіз жол өлеңі. Бұл
өлеңді  орыс  ақыны  М.Ю.Лермонтов  60
жылдан кейін 1840 жылы орыс тіліне аударған.
Абай 53 жылдан кейін 1893 жылы бұл өлеңді
қазақшалаған.  Жазушы  Герольд  Бельгердің
жазуына  қарағанда,  өлеңнің  үш  түрінің  де
шеберлік  дәрежесі  бір  деңгейде.  Бельгер
өлеңнің 
орыс 
аудармасынан 
қазақ
аудармасының түпнұсқаға мағына жағынан өте
жақын екенін жазады.
  Өлең  орыс  тіліне  аударылғанан  кейін,
көп  ұзамай  оған  сол  кездегі  жас  композитор
Александр  Рубинштейн  романс  жазады.
Романстың сәтті болғаны сондай, бұл шығарма
Москва  мен  Петербургте  кең  тарайды.  Осы
ро манстың 
әсері 
болар, 
орыс
композиторларында  бұл  өлеңге  музыка  жазу
модаға  айналса,  орыс  ақындары  көптеген
аудармалар  жасаған.  Бұл  романсты  Абайдың
орыс достары да жақсы білген. Абайдың бұл
өлеңге  ән  шығаруы  да  со л  ро мансты
тыңдағанының әсері болуы ғажап емес.
Абайдың ерекшелігі, поэзияның көркем
тілімен бірге, музыканың сиқырлы сазын қатар
қолданғанында. Абай аудармасында Гетенің екі
шумақ  өлеңінің  қазақ  санасына  қанығуы,  ол
Абайдың бұл өлеңге шығарған әнінің нәтижесі.
Бұл әннің бір-бірінен айырмасы шамалы
3 нұсқасы бар. Ән өлең сөзімен астасып, кең
тынысты,  шалқыт а  шырқауға  ыңғайлы,
классикалык  романс  формасында  туған.
Минорлық 
ладтағы 
әуен, 
өлеңнің
философиялық  мағынасын  тереңдете  түседі.
Әнді  Абай  домбырамен  сүйемелдеп
шығарғаны  даусыз.  Алғаш  орындағанда
домбырамен орындалды (Әлмағамбет, Мұқа,
Мұхаметжан,  Жүсіпбек,  Көшкінбаев  т.б.).
Бірақ, әнді академиялық манерада орындаған
әлдеқайда  стиль  жағынан  жарасымды  да
орынды.  Бұл  әнді  1950  жылдардан  бастап
академиялық  әншілер  орындап  келеді.  Осы
кезде домбырамен орындау өте сирек.
Абайдың  «С егіз  аяқ»  өлеңі  қазақ
поэзиясындағы шоқтығы биік туындыларының
бірі  бо лса,  қазақ  музыкасындағы  ән
жанрындағы көркемдік дәрежесі классикалық
озық үлгідегі шығармасының бірі де «Сегіз аяқ»
әні.

7
АБАЙ АРМАНЫ
2015  №2  (27)
Өлең 1889 жылы жазылғаны белгілі. Ал,
әннің қай жылы шыққанын бірде-бір зерттеуші
дөп басып дәлелдеген жоқ.
Жалпы  Абайдың  өлеңдерінің  жазылған
жылдары  белгілі  болғанымен,  сол  өлеңдерге
әндерінің қай жылы шығарылғаны қағаз бетіне
түспеген. Зерттеушілер өлең жазылған жылмен
мөлшерлеп, болжам түрінде көрсетеді.
«Сегіз аяқ» әнінің 8 түрі (варианты) нотаға
түскен.
Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңін М.Әуезовтен
бастап,  кейінгі  абайтанушылар  әрбір  жолына
талдау жасап, терең зерттеген. Жазылған 1889
жылы да дау тудырмайды.
Ал, Шәкәрімнің осы Абайдың «Сегіз аяқ»
өлеңінің  формасында  жазылған  «Жастық
туралы»,  «Кәрілік  туралы»  өлеңдері  барлық
жарық  көрген  жинақтарында  1883  жыл  деп
көрсетіледі.
Сондықтан да, сегіз жолды өлең туралы
«сексен түрлі» пікірлер туындаған.
Бұл мәселе туралы бір шындықтың басы
ашық. Шәкәрімнің «Жастық шақ» пен «Кәрілік
туралы» өлеңдерін ұстазы Абайдың «Сегіз аяқ»
өлеңінен  бұрын  жазғандығы.  Оған  дәлел,
Абайдың  шәкірттеріне  сын  айтқан  1889
жазылған  «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»
деп аталатын атақты өлеңі.
Сөз айттым «Әзірет Әлі», «Айдаһарсыз»,
Мұнда жоқ «алтын иек, сары - ала қыз».
Кәрілікті жамандап, өлім тілеп,
Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз.
Әсіре қызыл емес деп жиренбеңіз,
Түбі терең сөз артық, бір байқаңыз.
Өлеңнің  қадір,  қасиеті  туралы  ой
толғауында  Абай  өзінің  шәкірттері  Әріптің,
Көкбайдың, Шәкәрімнің өлеңдерін де сынайды.
«Кәрілікті жамандап, өлім тілеп» деп отырғаны,
Шәкәрімнің «Кәрілік туралы» өлеңіндегі:
Қызусыз тәнің,
Сезімсіз жаның,
Болады кәрлік белгісі.
Соны да сезбей,
Үмітін үзбей,
Келмейді шалдың өлгісі.
Алпыстан әрі бармаңдар,
Аңдамай шал боп қалмаңдар!
- деген әзіл-қалжың жолдары болса керек. Міне,
Абайдың  өзі  бұл  өлеңді  Шәкәрімнің  бұрын
жазғанын  көрсетіп  отыр.  Абайдың  ұлылығы
сонда,  осы  сегіз  жолдық  өлең  формасын
қолданып, қандай философиялық мағынадағы
өлең жазуға болатынын шәкіртіне үлгі еткендей
«Сегі аяқ» өлеңін жазған.  Бұл өлеңіне кейіннен
атақты «Алыстан сермеп» әнін шығарған.
«Сегіз  аяқ»  әнінің  ең  түпнұсқасы,  менің
ойымша, Жүсіпбек Елебеков орындаған нұсқасы
дер едім. Себебі, Жүсіпбек алғаш Семейге келіп
«Ес-аймақ» ойын-сауық отауына әнші болғанда,
сол жерде Абайдың шәкірті Әлмағамбет те әнші
болып  жүрген  кезі.  Жүсіпбек  Абайдың  өзі
орындап жүрген әндерінің бәрін Әлмағамбеттен
үйренгенін  жазады.  Ал,  Әлмағамбет  Абай
әндерін,  Абайдың  өзінен  үйренген.  «Сегіз
аяқтың» түп нұсқасын осы кезде орындайтын
әншінің бірі де және бірегейі -  Семейлік әнші
Т.Сембаев.  Оған  дәлел,  «Сегіз  аяқты»
Жүсіпбектен  Мәдениет  Ешекеев  үйренген,
Мәдениеттен осы Толғанбай үйренген.
Абайдың отызға жуық әндерінің алпысқа
жуық  нұсқасының  (вариантының)  болуы
әркімге, әртүрлі ой туғызады. Абайдың музыка
мұрасын зерттеушілерде әртүрлі пікір айтады.
Мен  сол  пікірлердің  екі  себебін  қолдаймын.
Бірінші себеп,  әнді орындап, нотаға жаздырған
әншілердің  кәсіби  деңгейіне  байлансты,
олардың  әнді  өз  мүмкіндіктеріне  орай,  әуенді
өзгертіп орындауынан әр түрлі нұсқаның тууы
(Бейсенова  Ғ.).  Екінші  себеп,    әнді  нотаға
түсірген  музыканттың  әннің  құрылымын  бір
қалыпқа  келтіріп  тактыға  бөлуде  жіберген
ауытқулары (Базарбаев Т.).
Менің ойымша, нұсқаның көбейуіне тағы
үш  себеп  бар,  біріншісі  -  Абайдың  әндерін
орындап,  бірнеше  музыкантқа  нотаға
түсірткендердің  бір әнді жаздырған кезде әртүрлі
орындап,  әуеннің  кей  тұстарын  өзгертіп
орындауынан жаңа нұсқалардың пайда болуы.
Оған  мысал,  Мәкен  Мұхаметжанованың
А.Жұбановқа  жаздырған  –  16  әні  (1939),
Ерзаковичке жаздырған – 14 әні (1962), Алматы

8
консерваториясының фольклорлық кабинетіне
жаздырған 12 әні (1954), Жүзбасовқа жаздырған
19  әні  (1986)  жеке  вариант  болып  кеткен.
Мысалы «Татьянаның хатын» алайық, осы әңді
төрт рет жаздырған да, төрт түрлі орындаған.
Соның  бәрі  жеке  вариант  болып  есептелген.
Негізі бір-ақ ән.
Екіншісі – Абайдың өлеңдерін халық әнінің
әуеніне  немесе  басқа  композиторлардың  ән-
романстарының  әуеніне  салып  айтудан  туған
варианттар.  Оған  мысалдар;  А.Затаевичтің
«1000 киргизских песен» жинағында Абайдың
«Өлсем орным қара жер сыз болмай ма» өлеңі
Оспанова  Күләштің  жаздыруында  халық  әні
«Үкілім-ай»  әнінің  әуенін  алған.1986  жылы
шыққан  Абай  әндерінің  «Айттым  сәлем
қаламқас» 
жинағында 
Мәкен
Мұхаметжановадан  Қ.Жүзбасов  жазып  алған
әндердің  ішінде,  Абайдың  «Жарқ  етпес  қара
көңілім» деген әнінің басын Естайдың «Құсни
қорлан»  әнінен  алса,  ортасы  мен  аяғын
С.Мұхаметжановтың  осы  өлеңіне  жазылған
романсынан алынған. Абай әні деп жаздырған
«Өзгеге  көңлім  тоярсыңның»  2-нұсқасы
Ә.Еспаевтің  осы  аттас  әнінің  әуенін  аздап
өзгертіп  алып  жаңа  вариант  жасаған.
«Татьянаның сөзінің» 3-вариантына халық әні
«Бір баланың» әуенін өзгертіп алған. Бұл туралы
композитор Т.Базарбаев та «Абай» журналында
жазған еді (1995, №2).
Үшінші  себеп  –  Абай    әндерін  әншіге
фортепианоға қосылып айтуға  арнап өңдеген
композиторлардың  ән  әуеніне  өзгерістер  мен
тактідегі  өлшемдерді,  ритмді  өзгертуі.  Оған
мысалдар  Л.Хамидидің  М.Әуезовтен  жазып
алған  «Мен  көрдім  ұзын  қайың»  әніне
фортепиано  мен  әншіге өңдегенде  ән  әуеніне
кіргізген  толықтырулары.  «Өзгеге  көңілім
тоярсың»  әнін  фортепианомен  дауысқа
өңдегенде  Д.Мацуциннің  әуен  мен  ритімге
кіргізген өзгерістері, «Қарашада өмір тұр» әнін
әнші 
мен 
фортепианоға 
өңдегенде
В.Великановтың әуенге толықтырулар кіргізуі
және т.б. Мұндай өзгертулер мен толықтырулар
өңдеушілер тарапынан баршылық.
Міне  осындай  себептермен  Абайдың
әндерінің нұсқалары көбейген. Менің ойымша,
Абайдың  өзі  шығарған  әндері  он  бес  пен
жиырманың  төңірегінде  болу  керек.  Бұған
нақты көз жекізу үшін кәсіби экспертиза жасау
керек. Абайдың әнінің санын көбейтуден гөрі,
онын  төл  туындыларын  көп  нұсқадан
(варианттан) тазалап, аршып алу керек.
Абайдың  «сегіз  қырлы»  өнерінің  бірі,
домбыра тартып, өз жанынан күй шығарғаны.
Оның нотаға түскен «Желдірме», «Май түні»,
«Тор жорға» атты үш күйі бар. «Желдірме» атты
күйін 1977 жылы музыка зерттеушісі Қайролла
Жүзбасов  Шығыс  Қазақстан  облысының
Катонқарағай ауданының тұрғыны Демешінов
Хамзадан  жазып  алып  нотаға  түсірген.  Ал,
«Май түні»,
 «Торжорға» атты екі күйін күйші, музыка
зерттеушісі  Уәли  Бекенов  журналист  Ғаиса
Сармурзиннің  орындауында  нотаға  түсірген.
У.Бекеновтің жазуына қарағанда, «Торжорға»
күйін  Сармурзин  жас  кезінде,  Абайдың
жылқышысы  болған  Оспан  деген  кісіден
үйренген екен. Ал, «Май түні» күйін Сарумрзин
Абайдың  Ақылбайының  баласы  Исраилден
үйренген.
Бұл  күйлер  қазіргі  кезде  қазақ  ұлттық
аспаптар  оркестрлерінің  репертуарынан  кең
орын алған.
Абайдың  музыкалық  мұрасындағы  осы
заманда  ең  жиі  орындалатын,  басқа  ұлт
өкілдері  де  сүйіп  айтатын  ән  –  «Көзімнің
қарасы».  Бұл әннің 4 нұсқасы бар. Өлең 1891
жылы  жазылған.  19  шумақтан  тұрады.  Ең
бірінші бұл әнді 1923 жылы А.Затаевич нотаға
түсірген,    Л.Хамиди  1935  жылы  Әрхам
Ысқақовтан, 1939 жылы Жүсіпбек Елебековтен
екі  нұсқасын  нотаға  түсірген.  1939  жылы
Б.Ерзакоич Қуан Лекеровтен тағы бір нұсқасын
жазып алған. Қазіргі орындалып жүрген осы
соңғы нұсқа.  Бұл әннің бір нұсқасы Абайдың
«Мен  сәлем  жазамын»  атты  Әбдірахманға
арналған  әнінің  әуенімен  бірдей.  Бұл  нұсқа
«Абай»  операсында  Абайдың  әні  болып
алынған.
Сөзімізді  қорыта  келгенде,    қазақ
музыкасының  алтын  қорына  қосылған  ұлы
Абайдың  музыка  мұрасы,  ұрпақтан-ұрпаққа
жалғасып, «қалың елі қазағымен» бірге мәңгі
жасайды.
АБАЙ АРМАНЫ


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет