2014 №2 (23)
e. Siyasi Alandaki Çalışmalar
Hanlıklar devrinden itibaren çalkantıların hiç dinmediği, çeşitli siyasi akımların kol gezdiği
Türkistan topraklarında, Rusların uzun süren istila ve işgal hareketlerinin de sonucu olarak 19.
yüzyıl sonu ile 20. yüzyıl başlarında, bütün Türkistan’da olduğu gibi Kazakistan’da da milliyetçilik
fikirleri ve hareketleri ortaya çıkarmıştır. Kazak aydınları olayları doğru değerlendirerek Kazak
halkının millî menfaatleri çevresinde birleşir, siyasi partiler kurarlar. Hızla ülkedeki irili ufaklı millî
hareketleri birleştirirler.
Rusya’daki 1905 devrimiyle birlikte Çar idarecileri halkın şikâyet ve isteklerini öğrenmek
ister. Baytursınulı’nın ilk siyasi çalışmaları, 1905 yılında Çar hükûmetinden isteklerde bulunan
dilekçeyi kaleme almasıyla başlar. Bu dilekçe Ruslara verildikten sonra Baytursınulı ve dilekçeyi
imzalayanlar, mahkeme ve hapishanelerle tanışır.
Çarlık döneminde Kazak topraklarına el konularak buralara Rus göçmenlerin yerleştirilmesi,
Kazaklar’da millî şuurun uyanmasına sebep olan olaylardan biridir (Kara, 2002: 45). Buna ek
olarak Rusya’nın I. Dünya Savaşı’nda geri hizmette kullanmak üzere Türk Cumhuriyetlerinden çok
sayıda adam toplaması ayaklanmaların başlamasına sebep olur.
1917 yılı Temmuz’unda Orenburg’da “I. Genel Kazak Kurultayı” yapılır. Bu kurultay
sonunda Kazakların ilk partisi olan “Alaş” kurulur. Daha sonra oluşturulan hükûmetin adına da
“Alaş-Orda” denir (Akyol, 1993: 125). Ahmet Baytursınulı, Aralık 1917’de Orenburg’daki “II.
Genel Kazak Kurultayı”na da katılır. Kurultay geçici millet meclisi kurar, adını “Alaş-Orda” olarak
belirler.
Bu dönemde Sovyet hükûmetinin bilgili, okuyan, yerli, millî kadrolara ihtiyacı vardır.
Kazaklar, bu fırsatı değerlendirip kendi vekillerini idarî sisteme sokarlar. Bolşeviklerle birlikte olsa
bile halka hizmet etmeye, millî hedeflerini gerçekleştirme yolunda eğitim, süreli yayın, ilmî
merkezler kurma, her alanda yayın merkezlerinden üst düzeyde faydalanma yollarını aramaya
çalışırlar. Stalin’in “Aydın Kıyımı”na kadar bu çalışmalarını sürdürürler. Mesela, Ahmet
Baytursınulı, Lenin’in isteği üzerine 1920-1923 yılları arasında Kazakistan’ın eğitim bakanlığı
görevini üstlenir.
KAYNAKÇA:
1. ALİBEKİROĞLU, Sertan (2005). Kazak Âlimi Ahmet Baytursunoğlu’nun Hayatı ve
Eserleri, (Danışmanı: Doç. Dr. Vahit TÜRK), Gaziantep Üniversitesi Sosyal Bilimler Enstitüsü
Türk Dili ve Edebiyatı Anabilim Dalı, Yüksek Lisans Tezi, Gaziantep.
2. BAYTURSINOV, Ahmet (1991). Aq Col, Calın, Almatı.
3. BİRAY, Nergis (1999). “Ahmet Baytursunoğlu ve Eserleri”(1873-1937), Pamukkale
Üniversitesi Eğitim Fakültesi Dergisi, Denizli, Sayı.5, s.10-16.
4. BİRAY, Nergis (2005). “Ahmet BAYTURSINULI’na Göre Kazak Türkleri Yazılı
Edebiyatının Dönemleri ve Türleri”, Millî Folklor 68 (Kış ), s.67–77.
5. BURAN, Ahmet, ALKAYA, Ercan (2002). Çağdaş Türk Lehçeleri, TİSAV Elazığ Şubesi
Yayınları, Elazığ.
6. BURAN, Ahmet (2010). Kurşunlanan Türkoloji, Akçağ Yayınları, 2. baskı, Ankara.
7. HÜSEYİN, Prof. Dr. Köbey (2002). “Kazak Dil Bilgini Ahmet Baytursınov”, (Aktaran.
Yrd. Doç. Dr. Ali Abbas ÇINAR), Türk Dünyası Dil ve Edebiyat Dergisi, Sayı:14, s. 223- 233.
8. KAKINÇ, Halit (2002). Sultan Galiyev ve Milli Komünizm. Bulut Yayınları. İstanbul.
9. KARA, Abdulvahap (2002). Türkistan Ateşi Mustafa Çokay’ın Hayatı ve Mücadelesi. 1.
Baskı, Da Yayıncılık, İstanbul.
68
Резюме
Мақалада Ахмет Байтұрсынұлының әдеби-шығармашылық қызметі қарастырылады.
Статья посвящена литературно-творческой деятельности Ахмета Байтурсынулы.
Резюме
ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ
2014 №2 (23)
10. KOÇ, Kenan; İŞİNA, Almagül; KORGANBEKOV, Bolat (2007). Kazak Edebiyatı, C.
1I (Sovyet Dönemi ve Bağımsızlıktan Sonraki Kazak Edebiyatı), IQ Kültür Sanat Yayınları,
İstanbul.
11. MOLDATAYEV, Kanat (1997). “Ahmet Baytursınov”, Türk Lehçeleri ve Edebiyatları
Dergisi, Sayı:15, s.46.
12. ORALBAYEVA, Nurcamal (1998). “Ahmet Baytursunulı”. Türk Lehçeleri ve
Edebiyatları Dergisi, Sayı: 21, s. 90-96.
13. TÜRK, Vahit (2002). “Kazak Aydınlanma Hareketi İçerisinde Ahmet Baytursınov ve
Çalışmaları”, Türkler, Ankara, C. 18, s.665-673.
69
ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ
Ш. ҚАРСЫБЕКОВА, филология ғылымдарының кандидаты, доцент
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
КИІЗ ҮЙДІҢ СЫРТҚЫ ЖАБДЫҒЫНЫҢ ӨҢІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ АТАУЛАР
ӘОЖ 811.512.122
Мақалада қазақтың дүниетанымын киіз үймен байланыстыра қарап, оның қоғамдағы
қызметінің ерекшелігін талдап көрсетеді.
Тірек сөздер: киіз үй, қазақ дүниетанымы, этномәдениет, этнолингвистика.
Тіл – тек сөйлесу қарым-қатынас құралы
емес, ол адам өмірінің материалдық және
рухани мәдениетінің сол ұрпаққа тән тума
қасиеттерін жинақтаушы, сақтаушы құрал, осы
арқылы болашақ ұрпаққа жеткізуші құрал.
Мұны тілдің кумулятивтік қасиеті деп танимыз
[1,10]. Осымен байланысты, әрбір халықтың
тұрмыс-тіршілігін,
мәдениеті
мен
дүниетанымын тіл арқылы зерттеу – қазіргі тіл
білімінің жаңа бағыттарының негізі. Соған
сәйкес халықтың тілдік деректерін көрсететін
екі мәдениеті бар. Дүние мәдениетін
материалдық және рухани арналарға бөліп
қарастыру оның қоғамдағы қызметінің
ерекшелігін танытады. Осы тұрғыдан
қарастырсақ, көшпелі ата-бабаларымыздың
этномәдениетінде рухани және материалдық
мәдениеттің тоғысқан, сабақтасқан көрінісі –
киіз үй.
Бұл мәселеге қатысты философтар мен
астролог – ғалымдардың да пікірлері назар
аударарлық. Қазақтардың дүниетанымын киіз
үймен байланыстырып қараған философ –
ғалымдар (Ғ.Ақпанбек, Ж.Каракузова т.б.) оны
“кішігірім ғалам ” деп таниды.
Сонымен бірге тіл мен таным
сабақтастығы негізгі зерттеу арқауына
айналған, қазақ тіл білімінде өріс алып, дамып
келе жатқан этнолингвистикалық бағытқа
сәйкес этнолексиканың, диалектикалық
лексиканың зерттелуінің де бұл мәселеге
тікелей қатысы бар. Оны Ә, Қайдар, Р.Сыздық,
Е.Жанпейісов, С.Аманжолов, Ш.Сарыбаев,
Ғ.Қалиев,
Г.Смағұлова,
Р.Шойбеков,
Ж.Манкеева,
Ғ.Сағидолдақызы
т.б.
ғалымдардың ұлттық сана мен мәдениетті
бойына сіңірген тілдік деректерді материалдық
және рухани мәдениеттен, диалектілік
лексикадан,
фольклордан,
эпостан,
фразеологизмдерден т.б. жинақтап, дәйектеген
еңбектерін көреміз.
Қай
халықтың
болмасын
дүниетанымының ерекшелігі сол халықтың
материалдық мәдениетінен айқын көрінеді. Ал
материалдық мәдениеттің сырт келбетінің
өзгешелігі, көркемдігі сол халықтың әдемілікке,
дүниенің әсемділігіне деген құлшынысын
айшықтамақ. Ал өңіне байланысты ақ орда, ақ
ала орда, шаңқан, ақ үй, ақ боз үй, ақ отау, ақ
ауыл, ақ тағыр, ақ қос т.б. атаулары
қалыптасқан. Ал монғолдарда ақ өңіне
байланысты далай цааган гэр дейтін атау бар,
яғни қазақша тура мағынасы теңіздей /
жайылған, кең мағынасында / ақ үй. Мысалы:
Ай астында ақ үйлер де мызғып, қалғып тұр.
[М.Ә. 114-115 б]. Тозығы жетіп қалған қоңыр
үй, жапа - жалғыз кішкене ескі шым қораға
ықтап тұрғандай. [М.Ә. 22 б]. Үркімбайдың
2014 №2 (23)
70
үлкен қоңыр үйінде бірталай еркектер отыр еді.
Үй иесінің өзінен басқа, Қаумен, Қараша бар-
ды. [М.Ә.59 б]. Кеш қараңғыланып, қоюланып
келеді. Үлкен үйдің бұрыш - бұрышынан
қарауытып түн туып, тұтасып келе жатқан
тәрізді.
Абай үй ішінен қатты пысынап тысқа
шыққанда, бұл маңдағы жан иесінің бәрі де
ыстықтан мезі болып күйзеліп жүр екен.
Үлкен ақ үйдің жанында жүндес сары ала
төбет тілін салақтатып, ауызын арандай ашып,
қатты солықтайды [М.Ә. 139 б, 616 ].
Зерелердің арбасы да дәл осы кезде қалың
ауылдардың тап ортасындағы үлкен ақ күмбез
үйлі – Бөжей ауылына жеткен екен. [М.Ә.149
б, 616 ].
Құдағи мен күйеулерге арнап, үш үлкен
аппақ үй оңашарақ тігілген екен [М.Ә.179 б,
616 ].
Ботақан ошағына келісімен, қонаққа
тігілетін он үй жығылып, артыла бастады…
Абай сары жорға атпен сыдыртып жүріп, бар
үйді тігулі күйінде көріп шығып, бір-екі
қоңырқай үзігі бар үйді алмай, орнына басқа
туысқандарының аппақ үйлерін жықтырды.
[М.Ә.196 б, 616 ].
Жаулықтар аппақ, қос етек, шұбалаң
көйлектер, қынай бел кемзалдар, неше алуан
бояумен ақ үйдің сыртын, көгал дүниесін өзінше
шұбарта сәндендіріп, нақыстап тұр. [М.Ә. 314
б, 616 ].
Кең көгалға жайыла қонған үлкен ауылдың
оң жақ шеті үлкен ақ үйлер…. Ауылдың екінші
шеті мен мал иірілетін орта тұсында отырған
өңшең қоңыр үй. [М.Ә.319 б, 616 ].
Осы қара үйге жалғас үш қанат жыртық
лашықта, дәл осы кезде алыстан шырқаған әнді
ести түсіп, Есбикенің қызы Соқыш жыртық
жабу үстінде қырық құрау болған ескі
көйлегенің тізесін жамап отырып, ән сала алмай,
қыстығып жылайды.[М.Ә.320 б, 616 ].
–
Есбике күңнің, Бәшібек құлдың сіңірі
шыққан қызы, жаман түйенің жабуындай
жалбыраған қайыршы киімімен ақ үйлер жаққа
келмесін. [М.Ә. 321 б, 616 ].
Қой - қотан ортасында қосақталмай,
ауылдың осы қара үйлері жақ шетінде,
сыртында… Ақ үйлер жағынан у-шу алыс
болсын деп, Айғыз, Қалиқалар қойды осы қара
үйлер жақта сауғызатын. [М.Ә. 323 б, 616 ].
Анау оязға тігілген ақ үйлердің мына
жағында бөлек тұрған он шақты қараша үйді
көресің бе? – деп, алдағы ұлықтар ауылының
сол жағын нұсқады. Абай мен Ербол енді
аңғарды. Оқшау тігілген ақ үйлердің маңынан
аулағырық жерде бір топ қара үй, бас
түйістіріп кеңескендей, аз ғана алға бүрісе
қоныпты [М.Ә. 389 б, 616 ].
Көп ауылдың күзгі әдеті бойынша, Абай
ауылы да жаз тігетін үйлерін жығып, жиып
қойып, оның орнына Қоңырқай кішілеу үйлер
тіккен [М.Ә.450 б, 616 ].
Бұларға ең алдымен Қыдыр Адыр
болысы Тәкежан тіккізіп отырған бір топ ақ
үйлер кезігіп еді. [М.Ә. 524 б, 616 ].
Абай мен Әйгерімнің бұл кезде тіккен
үйлері “қоңыр үй” деп аталады. Күз кезінде
тігілетін күзектік жай [М.Ә. ІІ кітап, 17 б, 616].
Тәкежанның өз үйі - көл жақ шеттегі
үлкен абажадай қоңыр үй. Өзге жеті-сегіз
жыртық лашық – малшылар үйі [М.Ә.ІІ кітап,
57 б, 616 ].
Мұнда бүгін үлкен әбігер бар. Ақ үйлер мен
Отаулар, қонақ үй, ұраңқайлар арасында
асығып басып жүргендер көп. [М.Ә.ІІ кітап,
103 б, 616 ].
Биыл ғана, шымқай ақ киізбен бір күнде
жаппақандай. Отаулар ғана емес, үлкен
үйлердің де үзіктерінің етектері әр түсті
манаппен оюланған. [М.Ә. ІІ кітап, 136 б,
616].
Сол күні түсте Оразбай ту бие сойғызып,
өз үйлерінің қасынан, Аршалының болысы
Рақыштың ауылынан алғызып, тағы да екі
үлкен аппақ үйлер тіккізді. [М.Ә. ІІ кітап, 266
б, 616 ].
Келесі күн, түс кезінде үш-төрт дуанның
болыстары, жуандары, ұлықтар түсетін ақ
үйлер жаққа жалтақ-жалтақ қарасып тұр.
[М.Ә. ІІ кітап, 270 б, 616 ].
Бұнда отырған бай ауылдың үлкен, аппақ
үйлері көп. Айналасында қалың шоғыр жылқы
жүр. [М.Ә. ІІ кітап, 144 б, 616 ].
Ортадағы қалың топ ақ үйлерге жақын
тастақ төбеде, Көкен болысының осы жиынға
келген үш-төрт кісісі өзара әңгімелесіп отыр.
2014 №2 (23)
ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ
71
ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ
[М.Ә. ІІ кітап, 479 б, 616 ].
Қалмақтар көшіріп әкеп самсатып ақ үй
тікті [Ә.К. ІҮ, 116 б, 464 ].
Орталап қалған жарық ақ үйдің еңсесін
көтере түсейін дегендей, көгілдір нұрын себелеп
төгіп, көтеріле бастады. [Ғ. М. ІІ, 17-б ].
Қыдырта тіккен ақ үйлерге жалғаса
көшедей тізілген көк арбалар Майқұдық
бұлағанаң сол жағын ораңқырап кетіпті. [Ғ.М.
ІІ, 45-б ].
Өртеніп кеткір биік ақ үй тағы да еріксіз
көзіне түсті. [Ғ.М. ІІ, 46-б ].
Сонымен, Талтаяқ шалдың қараша үйі
жығылмай, жұртта қалғалы тұр. [Ғ.М. ІІ, 47-б ].
Осылай қызыңқырап кеткен Сандыбай далаға
шықты да, ең алдымен өзі жасаған үлкен ақ үйге
сүйсіне қарады. [Ғ.М. ІІ, 100-б ].
Үлкен ақ үйдің терме баулары жыландай
шұбартып барқыт пен жібекке, кесте мен оюға,
боя мен сырға орап қойғандай, үйдің ішкі
жиһазы қымбат жарқырайды. [Ғ.М. ІІ, 101-б ].
Күнге шағылысқан күміс күнбездей төрт
ақ үй Асқардың көзіне алыстан шалынды
[С. М.189 б, 450 ].
Орнынан қозғалмаған Бүркітай Итбай
үйіне көзін салып еді, көзді ашып-жұмғанша,
төрдегі төрт бес ақ үйдің әлегі аспаннан келді.
[С.М. 260 б, 450 ].
Бұрынғы кезде үлкен үй иесі дәрежелі я
атақты кісі болса, ондайда үлкен үйді ақ орда,
алпыс (тоқсан) басты ақ орда деп те атаған.
Тоқсан басты ақ орда тонамай ие болмасам
(А.Ә.); ақ ауыл – қараша үйлі ауылдан бөлек,
оқшау отыратын шымқай ақ үйлі бай ауыл.
Отау үйдің кереге – уығы да, шаңырағы,
босаға – табалдырығы да, ішкі жиһаздары, бау-
шуы да кебеже сандығы, төсек – ағашы, асадал,
адалбақандары да асқан ұқыптылықпен
жасалатын болған. Ақ босағаның белгісі ретінде
жабының мейлінше ақ киізден жасалатыны, ел
қастерлейтін ою-өрнектермен безендірілетіні
отау үйге ерекше сән береді екен [2,30].
Боз өңіне байланысты қазақтар арасында
ақ боз үй, боз үй атаулары кездеседі. Мұндай
үйлер моғолдар арасында бор гэр деген атаумен
белгілі.
Боз үй – дәулетті орта қол кісілердің үйі.
Кей жерлерде киіз үйді сырттай боз үй деп атау
орын алған. Мысалы, Шымкент облысы Сайрам
ауданында, Жамбыл облысының Қордай
аудандарында боз үй деп киіз үйді атайды [3,83].
Қараша үй – дәулеті шағын кісінің не үлкен
үйге қызмет істейтін кедей - кепшік, көрші -
қолаң үйі.
Қараша үй. Кедейлеу адамдар ақ қой
жүнін таппаса, үйін қоңыр жүннен басылған
киізбен жабады да, ондай үйлер “қара үй”,
“қараша үй” деп аталады.
Бай ауылдың шаруашылық үшін
пайдаланылатын үйлері де көбіне қоңыр
жүннен басылған киізбен жабылып, әлгі атарға
ие болады.
Мысалы, қарының ашса, қараша үйіңе шап
(мақал);
Қара үй деп көбіне қазан - ошақ, ас - ауқат
тұратын үйді (шошаланы) осылай атаған.
Сондай-ақ, сары өңге байланысты моғол
тілінде шар гэр дейтін киіз үй атауы моғолдарда
күнделікті қолданыста бар екен. Ал қазақтар
арасынан сары үй атауы жайлы дерек
кездеспейді. Бірақ ауызекі тілдің деректері
бойынша, өзінен кейін ізін басатын ұлы
қалмаған шаңырақтың иесі қайтыс болғанда,
егер оның артында түтінін түтетер қызы болса,
сары үй тігеді де, ал үй иесінің ешкімі қалмаса
қара үй тігетін көрінеді.
Қай ұлт болмасын көшпелілер арасында
киіз үйдің сыртқы ерекшелігіне қатысты атаулар
да қалыптасқан. Оларға алтын терме, алтын үзік,
алтын орда үйлерін жатқызуға болады.
Ертеректе бай - дәулетті адамдар өздерінің
үлкен орда үйлерінің үзігінің шетін алтынмен
оқалап, сыратындықтан, мұндай үйдің алтын
үзік аталуы да ғажап емес.
Жұрт жазғы үлкен үйлерді қоймаларға
тастап, енді кішілеу-кішілеу қоңырқай үйлер
көтеріскен [М.Ә.I,152-б,616].
Осындайдағы әдеттері бойынша, екеуі
мысқылдап: “ұсқының құрғыр, түге, жұртты
шошытып, түсіне кірейін деп көрінемісің? Ана
жаққа кет!” деп, қара лашықтарға қарай,
сауындарға қарай айдап салатын [М.Ә. I ,314-б,
616 б.].
Бұл шетте жыртық, шоқпыт лашықтар,
құрым қара қостар, кішкене күркелер де бар
[М.Ә. I , 319-б, 616 б.]. Ақ үй. Киіз үйге
2014 №2 (23)
72
ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ
2014 №2 (23)
таңылған осындай аттар көбінесе киіз үйдің
киізінің түсіне байланысты айтылады. Алты
қанат ақ үй туралы толық мәлімет бере кету
мақсатында ақ үй туралы анықтаманы
Ө.Жәнібеков еңбегінен келтірелік.
Ақ үй. молшылық пен сәттіліктің белгісі
болып есептелген, “қазақтың киіз үйі” деген
жылпылама атауды жеке иемденген,
таңғыштармен,
арқан-жіптермен
байланыстырылатын қаңқасы (сүйегі)
құрасытырылып-ажыратылатын киіз жабынды
баспана үлгісі. Биіктігі 195-140 см 15 басты
(17-18 бас болып та жасалады) 6 қанат
керегеден (жайылған кереге ұзындығы 290-
300см), күмбезін құрайтын ұзындығы 240-250
см, 80-90 уықтан, диамері 180-190 см
шаңырақтан, босаға, маңдайша, табалдырыққа
бекітілген
ағаш
есік
(сықырлауық)
құрастырылады. Төрт туырлықпен, екі үзікпен,
түндікпен Қазақстанның кейбір аймақтарында
жерге жеткізілмей ұсталады да, оған іргелік
киіз жалғасады, жабылады [4,32].
Киіз үй құрылымын ономасиологиялық
талдау оны көпшенділердің дәстүрлі
тұрмыстық мәдениетінің бөлгі ғана емес,
халықтың ұлттық психологиясын, ұлттық
тәлім-тәрбиесін, материалдық мәдениетін,
рухани қазынасын әлемге танытатын ірі
этномәдени фон ретінде көрсетеді.
Әдебиет
1.Верещагин Е.М., Костомаров В.Г.
Лингвострановедческая теория слова. –Москва:
Русский язык,1980. – 248 с.
2.Ахметьянов Р.Г.Сравнительное исследование
татарского и чувашского языков. – Москва:
Наука, 1978. 210 б.
3. Нақысбеков О. Қазақ тілінің оңтүстік
говорлар тобы .– Алматы: Ғылым, 1982. – 166
б.
4. Жәнібеков Ө.Жолайрықта. –Алматы: Рауан,
1995. –110б.
Резюме
Resume
The article is devoted Kazakh yurt, which was used not only everyday life of nomads, but is
ethnocultural background of people.
В данной статье рассказывается о казахской юрте, которая использовалась не только в
бытовой жизни кочевников, но и является этнокультурным элементом народного духа.
73
ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ
2014 №2 (23)
ӘОЖ 811.512.122.37
Ж. ИСАЕВА, филология ғылымдарының кандидаты,
доцент
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университеті
Қ.ИСАЕВ, Мағжан Жұмабаев атындағы №15
мектеп-гимназиясы коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
АДАМНЫҢ ДЕНЕ МҮШЕЛЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ СЫН ЕСІМДЕР СЕМАНТИКАСЫ
Мақалада адамның сырт пішінін сипаттайтын сын есімдердің семантикалық ерекшелігіне
тоқталады.
Тірек сөдер: сын есім, лексика-грамматикалық топ, семантика, сапалық сын есім.
Күні бүгінге дейін көп мәселелер
талданып, қарастырылып келгенімен, тіл
біліміндегі әлі де болса зерттеуді қажет ететін
маңызды мәселелердің бірі – сын есімнің
мағыналық топтарының семантикалық сипатын
ашу. Сөз таптарының ішінде сын есімдердің
алатын орны ерекше. Сондықтан оның
семантикалық қырларын тереңірек, жан-жақты
ашу тіл байлығын толық танып, зерделеудің
бір көрінісі болып табылады.
Қазақ тіл білімінде сын есімдердің
лексика – грамматикалық сипаты І. Кеңесбаев,
С.Аманжолов, Ж.Шәкенов, Ә.Төлеуов,
Ы . М а м а н о в , С . И с а е в , Ф . О р а з б а е в а ,
Ә.Болғанбаев, А.Ысқақов т.б. ғалымдардың
еңбектерінде біршама сөз болады. Сын
есімдерді мағына жағынан сөз еткенде, оны
сапалық және қатыстық сындарға бөліп
қарастырамыз. Қазіргі қазақ тіліндегі
сапалық сын есімдердің семантикалық
сипатының өз алдына жеке зерттелуі қажет
екендігін аңғарамыз.
Қазақ тілінің семантикасын, оның ішінде
етістіктің семантикалық сипатын зерттеуші
М.Оразов қазақ тіліндегі етістіктерді
жалпылауыш семаларына қарай 12 топқа бөліп
қарастырады. Сондай-ақ жалпылауыш
семаларына қарай сөздерді топтарға бөлу – зат
есім,
сын
есімдерге
байланысты
қолданылатынын айта отырып, зат есімдерді
сегіз топқа бөліп қарастырса, зат есімдерге
қарағанда сын есімдердің тақырыптық
тобының саны аз екеніне тоқталады.
Сондықтан сын есімдерді тақырыптық
топтарға бөлушілер оларды төмендегідей
топтастырады [1]:
1. Заттың түсін білдіретін сын есімдер: ақ,
көк, қара, торы, боз, күрең т.б.
2. Дәмді білдіретін сын есімдер: тәтті,
ащы, қышқыл т.б.
3. Заттың көлемін білдіретін сын есімдер:
дәу, ірі, үлкен, кіші т.б.
4. Заттың салмағын білдіретін сын
есімдер: ауыр, жеңіл т.б.
5. Заттың табиғи күйін білдіретін сын
есімдер: қалың, сирек, жуан, жіңішке, селдір т.б.
6. Заттың ішкі қасиетін білдіретін сын
есімдер: жақсы, жаман, тәуір, жүйрік, алғыр т.б.
7. Заттың не адамның физиологиялық
сипатын білдіретін сын есімдер: семіз, арық,
тырық т.б.
8. Адамның не жан-жануардың мінез-
құлқына байланысты сын есімдер: асау, жуас,
шадыр бірбет т.б. Сол сияқты адамның не жан-
жануардың жас мөлшеріне (қарт, жас, кәрі,
балғын, сәби т.б.), заттардың сыртқы пішініне
(тегіс, жұмыр, дөңгелек, сопақ т.б.), табиғи
құбылыстарына (жарық, қараңғы, күңгірт,
74
ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ
қарлы, боранды т.б.), адамның тұрмыс
жағдайымен байланысты (бай, кедей, жарлы
т.б.), дағдыланған әрекетке байланысты
(өтірікші, ұялшақ, тапқыр т.б.), адамның қадірі,
заттардың құнына байланысты (қадірлі, құнды,
ардақты т.б.), адамның жан-жануардың сыртқы
сымбатына, көркіне байланысты (сұлу, келісті,
сымбатты, мыржық) т. с.с.
Зерттеушілерден профессор М.Ержанов
қазақ тіліндегі тұтас адамның және оның дене
мүшелеріне қатысты сын есімдерді түр-түстік
белгілеріне қарай лексика – семантикалық
жақтан топтастырып, тілдегі көрінісіне
тоқталады (мыс: ақ, аппақ, (бет, жүз,
шаш,сақал), аппақ маржандай (тіс), ақ сұр (бет,
жүз, өң,) қызғылт (бет,жүз, рең), қызыл (ерін,
жүз, көз,бет, мұрын), сондай-ақ ақ (қатын,
бәйбіше), ақ құбаша (жігіт), аппақ сұр (Мағаш)
т.с.с. [2].
Ал орыс тілінде сын есімнің мағыналық
бір түрі сапалық сын есімдерді орыс лингвисі
А.Н. Шрамм: түр-түстік белгілерді білдіретін
және түстен басқа белгілерді білдіретін сын
есімдер деп үлкен екі топқа бөле отырып, соңғы
[3, 4] түрді төмендегідей топшаларға жіктейді:
а) адамның зат, құбылыстың сыртқы қасиетін
білдіретін сын есімдер: әжімді (маңдай)
қамысты (көл);
ә) адамның не тірі жәндіктің сыртқы белгілеріне
қатысты сын есімдер (ақсақ, мүйізді т.б.),
заттың сыртқы тұлғасын (дөңгелек, үшкір т.б.),
заттың өлшемін білдіретін сын есімдер(терең,
таяз,қысқа т.б.);
б) заттың толы не орта екендігін білдіретін сын
есімдер: (толы шелек, бос шелек т.б.);
в) заттың не құбылыстың қозғалысын
сипаттайтын сын есімдер;(ырғақты әуен,
жылжымалы көлік т.б.).
Сондай-ақ бұдан өзге адамдардың мінез-
құлқына байланысты белгіні білдіретін сын
есімдер (қызба студент, мейірімді, қайырымды),
жеке басының санатерлік қасиетін,
эмоционалды көңіл-күйін (бақытты, мұңды,
талантты т.б.) білдіретін топтарға жіктейді.
Зерттеуші Г. Сыздықова қатыстық сын
есімдерді мағыналық топтарына қарай: заттың
сыртқы сипатына қатысты сын есімдер:
(әжімді жүз, қамысты көл, гүлді орамал, т.с.с.),
бір нәрсенің сыртқы құбылысын, пішінін
белгілейтін сын есімдерді: адамға және
жануарларға қатысты сын есімдер (мүйізді сиыр,
сақалды адам т.б.), заттың сыртқы көлемін
білдіретін сын есімдер ( дөңгелек стол, еңселі
үй т.б.), заттың қозғалыс процесін білдіретін
сын есімдер (көшпелі бұлт, жылжымалы көпір),
санатерлік қасиетін (ойлы, ақылсыз, есті т.б.),
адамның эмоциялық күйін сипаттайтын сын
есімдер (мұңды, көңілсіз т.б.) деп қатыстық сын
есімдерді семантикалық қырларын зерттей,
саралай отырып, жоғарыдағы аталған топтарды
жинақтап мағыналық жағынан үш үлкен топқа
топтастырады:1) Деректі затқа қатысты сын
есімдердің семантикасы (таулы, балалы, сусыз
т.б.); 2) Дерексіз затқа қатысты сын есімдердің
семантикасы (сансыз, мұңды, даңқты, қадірлі
т.б.); 3) Қимыл-қозғалысқа қатысты сын
есімдердің семантикасы (жылжымалы,
жасқаншақ) т.с.с. [5].
Тілші ғалым Ж. Шәкенов: “Қатыстық
сындарға жататын сөздерді беретін
мағыналарына қарай бірнеше топқа жіктеуге
болады”, - дей келе, төмендегі топтарға бөліп
көрсетеді.
1. Қатыстық сындардың мезгілмен қарым-
қатынасты білдіретін тобы: қысқы, күзгі, ертеңгі
т.б.
2. Мекендік ұғыммен қарым қатынасты
білдіретін тобы: қаладағы, төмендегі т.б.
3. Кейбір зат, оқиға, құбылысқа табиғи
байланысты я соған қарым –қатынасының
барлығын білдіретін тобы:әдеби (тіл), саяси,
(ұйым) т.б. [6].
Жоғарыда келтірілген М. Оразовтың
жіктеуінде сын есімдердің мағыналық түрлері
тұтас алынады, ал Ж. Шәкенов оның бір түріне
ерекше тоқталады [6].
Зерттеушілердің қай-қайсысында да
болмасын сын есімдер семантикалық сипаты
жағынан тұтас алынып берілген. Тіліміздегі сын
есімдерді сапалық және қатыстық деп бөлуге
оның мағыналық жағы әсер етеді. Сондықтан
да білдіретін мағынасы, жасалу жолы,
грамматикалық белгісіне қарай өзіндік
ерекшелігі бар сапалық сын есімдердің жеке
мәселелері де өз алдына арнайы зерттелуі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |