«Қыста кітап оқимыз, жадымызға тоқимыз» атты іс-шараларды ұйымдастыруға арналған әдістемелік ұсынымдар Құрметті балалар!


Айтматов жазушы М. О. Әуезовтың мол салалы, кең арналы шығармашылығына



бет2/4
Дата29.12.2023
өлшемі28,6 Kb.
#144685
1   2   3   4
Байланысты:
9-11 с қысқы демалыс қазақша 23 ж

Айтматов жазушы М. О. Әуезовтың мол салалы, кең арналы шығармашылығына ой айтқан «Ұстаз туралы сөз» атты мақаласында (Біздің Мұхтар. - А., 1976) «Абай жолы» эпопеясының бас кейіпкері – Абай тұлғасына тоқтала келіп: «Абай секілді ой-арманы азат, шетсіз ақындық, шексіз адамдық тұлғаның өзін қоршаған ожар, топас тоңмойын топпен тартысқа түсуі және мұндағы сирек ұшырасатын жаңалық пен тазалық Абайды дүниежүзілік трагедияның шыңына шығарады...»
М.Сәрсеке роман-эссесінің идеологияшыл қыспаққа ұшырамай, жал-құйрығы күзелмей, авторлық ой-тұжырымдар тұншықтырылмай, толық нұсқасында жарық көруі және көз қуанып, көңіл сүйсінетіндей болып басылуы, ең алдымен тәуелсіздігіміздің шапағаты екеніне шек жоқ. 
Талғамның әр түрлі екендігі белгілі. Мысалы, кейбіреулер бір нәрсені қандай да бір жолмен шабыттандыратын әдемі сөз ретінде қабылдайды. Басқалары үшін ойын-сауық кейіпкері алдыңғы қатарда тұрады. Ал кейбіреулері жылы жерде ойын жинақтау үшін кітап оқуды ұнатады.
Тағы бір ескеретін жайт!
Кітапты оқуға қызықтыра түсу мақсатында балалармен ойын түрінде, сайыс түрінде іс- шаралар тиімді. Нәтежесінде баланың ойлау өрісі артады, өз ойын қысылмай еркін жеткізеді, табандылық, тапқырлық қасиеттерді қалыптастырады. Жыл сайын оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында "Үздік оқырман" байқауы өткізіліп тұрады. Оқушыларға ұлы тұлғалардың поэзиясын насихаттау, халқына қызмет етудің үлгісін көрсету мақсатында 5-11 сынып оқушылар арасында қазақ тілі мен әдебиет пән бірлестігімен бірлесе отырып Абай, Оралхан, Махамбет, Мұқағали, Мағжан, Ілияс оқуларына оқушыларды көбірек қатыстырып, өлеңге деген қызығушылығын арттыру керек екенін ұмытпағанымыз жөн. Кітап оқу баланың ой - өрісін кеңейтеді, ойлауға үйретеді, сөйлеу қабілетін, есте сақтауын, қиялын дамытады, танымдық және дамытушылық қызметін анықтайды. Баланы кітап оқуға көбірек баулу және пайдалы оқу үшін, ең басты балаларға кітапты сүюге көмектесіп, алдын ала бос уақытында оқитын кітаптарының тізімін белгілеп, оны ата - анасы өздері ұсынуға болады
Бұл Сізге жаңа Қазақстанда жаңаша өмір сүруге, қиял мен шабытқа толы жаңа кеңістіктің есігін ашады деген сенімдеміз! Біз ересек адамдар, мұндай тізімді жасай отырып, ерік-жігермен күресуге, өзінің өміріне мақсат қоя білетін көркемдік сынға төтеп бере алатын жеткіншектер талғамына нұқсан келтірмеуге тырыстық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет