"Оқуға құштар мектеп"
жобасын іске асыру мақсатында қысқы демалыс кезінде
«Қыста кітап оқимыз, жадымызға тоқимыз» атты іс-шараларды
ұйымдастыруға арналған әдістемелік ұсынымдар
Құрметті балалар!
Бізбен бірге кітап қиял әлеміне ұмытылмас саяхаттар жасауды ұсынамыз. Сіз қысқы демалыс кезінде бізбен достасып, көптеген, қызықты, тартымды іс-шаралармен айналысып, барлық құрдастарыңызға ерекше қысқы демалыс туралы айтасыз деп үміттенеміз!!!
Мектеп мұғалімдері:
- оқу – білімнің адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отыра оқушының кітапқа деген көзқарасын көтеруге ықпал беру;
- оқуға, білім алуға деген ынталарын дамытуын күнделікті өз сабақтары мен тәрбие сағаттарында айта жүру міндеттеледі.
1. Кітапханаға, кітап дүкеніне барыңыз немесе жақын досыңыздың жеке кітапханасымен мұқият танысыңыз.
2. Өзіңізге ұнайтын кітаптардың тізімін жасаңыз және олардың эмблемасын салыңыз.
3. Өз таңдауыңызға сай кітаптарды таңдап алыңыз немесе үлкендердің көмегіне жүгініңіз. Біз сіздерге таңдау жасауға көмектесеміз! (кітаптардың тізімін төменде табасыз).
Қыс - ең тамаша жыл мезгілі. Аяғымыздың асты сықырлаған қарға толы. Ағаштар аппақ тон киген. Барлығы жарқырап, күн сәулесі түскенде ерекше шағылысып, әдемі көрінеді. Аязды күндері күн күлімдегенімен, бойыңды жылыта алмайды. Ал қыста орман қандай тамаша! Шыршалар ұзын тон киген, қайыңдар күмістен шапан жамылған, тіпті томарлар да қалпақ киген. Ормандағы аппақ қардан орман жануарларының ізін көруге болады.
СІЗДІҢ КІТАП ӘЛЕМІНЕ ТАРТАТЫН МИССИЯҢЫЗ:
Құрметті дос! Қыстың аязды күндері терезеден ұзақ қарап, қыстың келбетін тамашалап отырып көріңдерші. Біз білмейтін әлі талай қызық бар секілді. Сондықтан болар әр жыл сайын қыс мезгілін асыға күтетініміз бар … Бірақ түнде сүйікті креслоларыңызға керемет кітаппен жайғасып жақсы көңіл-күй сыйлауыңызға мүмкіндік бар. Ыңғайлы жайғасып, қысқы көңіл-күй сыйлайтын біз ұсынған кітаптардың бірін таңдаңыз. Атмосфералық қиял, ойын кітаптары, нонфикс - қыстағы сағынышты жеңуге және көмектесетініне біз сенімдіміз.
1. Өзіңізді жаңа нәрсе жасауға шақырыңыз және бұрыннан кейінге қалдырған нәрсені жасаңыз!
2. Қысқы демалысты қызықты және пайдалы өткізіңіз!
3.Жақсы көңіл-күймен бастаңыз, демалыс атмосферасын және нағыз қысқы демалысты құрыңыз!
4. Оқу, жасау, сурет салу, сюжеттер, оқығандар туралы әңгімелер ойлап табу!
Абайдың поэмалары: «Ескендір», «Масғұт», «Әзімнің әңгімесі
Жүсіпбек Аймауытов шығармашылығы. «Қартқожа», «Ақбілек» романдары
Бауыржан Момышұлы. «Ұстаз», «Ұшқан ұя»
4. Жүсіпбек Аймауытов шығармашылығы. «Қартқожа», «Ақбілек» романдары
5. Ә.Кекілбаевтың шығармашылығы, «Аңыздың ақыры» романы
М.Мағауин шығармашылығы, «Шақан-шері» романы, «Аласапыран» романы
Ш.Айтматов шығармашылығы, «Алғашқы ұстаз» повесі
Ұ.Есдәулетов шығармашылығы, өлеңдері
М.Сәрсеке шығармашылығы, «Қаныш Сәтпаев» роман-эссесі
А.Кемелбаева шығармашылығы, «Шашты» әңгімесі
Т.Сұлтанбеков шығармашылығы, «Көшпелі алтын» әңгімесі
Оразақын Асқар шығармашылығы, «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі
Жәркен Бөдешұлы шығармашылығы, «Жалғыз» поэмасы
Қ.Жұмаділов шығармашылығы. «Тағдыр» романы
Ш.Құсайынов шығармашылығы, «Томирис» драмасы
Стивен Кови "7 навыков высокоэффективных людей"
Абайдың поэмалары: «Ескендір», «Масғұт», «Әзімнің әңгімесі» бұл үш поэманың бәрі де ақынның қазақ өмірінен, соның ішінде бұрынғы шығармаларындай, өз ортасы, өз дәуірінің болмысынан алған шығармалары емес. Үшеуі де шығыстық дастан аңыздардан немесе ертегілік тақырыптардан алынған.
Ақбілек романы. Ақбілек ойлары. Қартқожа романы. Ақбілектің ойы арқылы өрбиді. Ақбілек қазақ әдебиетінің тарихында өзіндік орын алатын шығарма. Ақбілек романының ұстанып отырған нысанасы – әйел теңдігі.
«Аңыздың ақыры» романының лирикалық, романтикалық сипаты мол. Романның сюжеті үш кейіпкердің (Əмірші, ханша, шебер) төңірегінде өрбитін тарихи аңыз-əңгімеге құрылған. Жазушы өзіне таныс аңыз-əңгімені жалаң баяндаушы емес, ол аңыздық желіні жаңаша түсіндіріп, жаңғыртып, сол арқылы адам жанының терең иірімдерін ашқан композициясы күрделі, психологиялық салмағы бар дербес туынды жасайды.
Көп жұрт М.Мағауиннің “Шақан-Шерісінің” көркемдігі оның Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықты иеленген “Аласапыран” тарихи роман-дилогиясынанда асып түсті деген алып-қашпа сөзді әлі күнге айтып қалып жүреді. Бірақ мұндай сөздерге жазушының өзі баспа жүзінде тоқтау салғанында білеміз. Осы арада айтайық, М.Мағауиннің «Алаш мұраты» атты ұлттық идеяны алтын қазық еткен атаулы шығармаларының ішіндегі ең толағайы, ауқымы кеңі, көлемі де зоры, кемеңгерлігі де мол ұлт тарихына терең бойлап, ғасырлар тұңғиығынан інжу-маржанды сыр тартқан, халқымыздың рухани мәдениетіндегі айтулы оқиға болған “Аласапыран” романы екендігі даусыз.
«Ұ. Есдәулетов адам жанының қалтарыс-түкпірлерін, оның моральдық сапасын анықтауға, сол арқылы адамды ойлантуға, оның ар-ожданының айналадағы құбылыстарға үнемі сергек болуына күш салып, сол үшін беймаза күй кешеді. Осы беймазалық оны мына алыс пен жұлысқа, тартыс пен таласқа толы көпір өмірдің сырттай бақылаушысы, сырттай баға берушісіне емес, соның ыстығына күйіп, суығына тоңа білетін бел баласына айналдырған.
Достарыңызбен бөлісу: |