11-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының биологиялық қауіпсіздік саласындағы құзыреті Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті
атқарушы органдары Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген құзыреті шегінде:
1) биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды
қабылдайды және жұмысты ұйымдастырады;
2) жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлар кезінде Қазақстан
Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасына сәйкес құрылатын
жедел штабтар шеңберінде биологиялық қатерлерді болғызбау және
олардың салдарларын жою жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді;
3) биологиялық қауіпсіздік саласындағы өңіраралық ынтымақтастықты және
өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы
органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару
мүдделерінде жүзеге асырады.
12-бап. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастық 1. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың басымдықтары мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы ұлттық мүдделерін қорғау;
2) Қазақстан Республикасы халқының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын, ветеринариялық-санитариялық
қауіпсіздігін, қолайлы фитосанитариялық ахуалын қамтамасыз ету;
3) биологиялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық тәжірибені қолдану.
2. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың бағыттары мыналар болып табылады:
1) биологиялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық бастамаларға қатысу;
2) биологиялық қауіпсіздік саласында мемлекетаралық деңгейде техникалық көмекті тарту және көрсету;
3) халықаралық инновациялық технологияларды ендіру және биологиялық қауіпсіздік пен биологиялық қорғау жүйесін
жаңғырту;
4) патогенді биологиялық агенттер пайдаланылатын және (немесе) ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге қатысты
терроризм актілерін және (немесе) диверсияларды болғызбау және олардың салдарларын жою;
5) Қазақстан Республикасын биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мемлекетаралық және халықаралық жүйелеріне және
өзге де халықаралық интеграциялық бірлестіктерге интеграциялау, халықаралық ғылыми алмасуға қатысу;
6) биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының
мүдделерін білдіру;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен микроорганизмдер штаммдарын халықаралық
депонирлеуге қатысу;
8) ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге әсер ететін және (немесе) патогенді биологиялық агенттердің әсерінен туындаған
халықаралық сипаттағы төтенше жағдайларды оқшаулауға және жоюға қатысу;
9) биологиялық қауіпсіздік саласындағы кадрларды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру саласында
мемлекетаралық өзара іс-қимыл жасау;
10) патогенді биологиялық агенттердің трансшекаралық орын ауыстыруын реттеу;
11) биологиялық қатерлерді болғызбау мақсатында халықаралық шарттарға сәйкес ақпарат алмасу.
3. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастық ашықтық пен басқа мемлекеттерге қарсы
бағытталмаушылыққа негізделген.