История фармации


-бап. Жедел ден қою шараларын қолдану тәртібі



Pdf көрінісі
бет7/7
Дата19.09.2023
өлшемі0,66 Mb.
#108520
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
2 тема биобезопасность.каз[1]

21-бап. Жедел ден қою шараларын қолдану тәртібі 
1. Жедел ден қою шаралары бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының 
патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жөніндегі қызметті не оның жекелеген 
түрлерін жүзеге асыруды мынадай:
1) патогендігі I және (немесе) II топтардағы аса қауіпті патогенді биологиялық агенттермен 
жұмыс істеу бойынша ақпаратты бермеу, жасыру және (немесе) анық емес ақпарат беру;
2) патогендігі I және (немесе) II топтардағы аса қауіпті патогенді биологиялық агенттермен 
жұмыс істеу жүзеге асырылатын ықтимал қауіпті биологиялық объектілерді физикалық қорғау, 
патогенді биологиялық агенттердің санкцияланбаған орын ауыстыруын және олардың осы 
объектілердің шегінен тыс жерге шығарылуын болғызбау жөніндегі талаптарды бұзу;
3) персоналдың жеке қорғану құралдарының болмауын не санының жеткіліксіз болуын қоса 
алғанда, ықтимал қауіпті биологиялық объектілердің персоналын патогенді биологиялық 
агенттердің зиянды әсерінен қорғау жөніндегі талаптарды бұзу;
4) патогендігі I және (немесе) II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу 
жүзеге асырылатын объектілерде олармен жұмыс істеу кезінде желдету жүйесінің не ауаны 
баптау жүйесінің жарамсыз күйде болуы;
5) патогендігі I және (немесе) II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу 
жүзеге асырылатын объектілерде сарқынды суларды (септик, шұңқыр) зарарсыздандыру 
жөніндегі талаптарды сақтамау, кәріз желісінің жарамсыз күйде болуы;
6) патогендігі I және (немесе) II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу 
нәтижесінде түзілетін қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі талаптарды бұзу;


7) патогендігі I және (немесе) II топтардағы патогенді биологиялық агенттердің және ықтимал 
жұқтырылған материалдың қозғалыс ағымдылығы жөніндегі талаптарды өрескел бұзушылықтар;
8) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге байланысты қызметті жүзеге асыруға қажетті 
технологиялық жабдықтың (патогенді биологиялық агенттерді сақтауға арналған контейнерлер мен 
температурасы төмен шкафтардың, сору шкафының, автоклавтың, термостаттың, су моншасының) 
болмауы, жарамсыз не жұмыс істемейтін күйде болуы;
9) белгіленген тәртіппен рұқсаты жоқ персоналдың патогенді биологиялық агенттермен жұмыс 
істеуді жүзеге асыруы;
10) патогендігі І және (немесе) ІІ топтардағы патогенді биологиялық агенттерді тасымалдау және 
(немесе) сақтау талаптарын бұзу негіздерінің бірі бойынша тоқтата тұру құқығын көздейді.
2. Жедел ден қою шаралары бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының 
патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жөніндегі қызметке не оның жекелеген түрлеріне 
мынадай:
1) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттың және оған қосымшаның болмауы;
2) эпидемиялық тәуекел дәрежесі жоғары объектіге санитариялық-эпидемиологиялық 
қорытындының болмауы;
3) аса қауіпті инфекциялық ауруларды туғызатын патогендігі I және (немесе) II топтардағы патогенді 
биологиялық агенттер түрлерінің әрқайсысымен жұмыс істеуге арналған "жұқпалы" аймақ үшін 
тамбуры (бокс алдындағы бөлмесі) бар жеке оқшауланған үй-жайлардың (бокстардың) болмауы;
4) патогендігі I және (немесе) II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жүзеге 
асырылатын объектілерде желдету жүйесінің не ауаны баптау жүйесінің болмауы;



5) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жөніндегі қызметті не оның жекелеген түрлерін жүзеге 
асыруды тоқтата тұруға негіз болған мән-жайларды, себептерді белгіленген мерзімдерде жоймау 
негіздерінің бірі бойынша тыйым салу құқығын көздейді.
3. Бақылау және қадағалау органы профилактикалық бақылау немесе тексеру жүргізу барысында жедел ден 
қою шараларын қолдануға негіз болған талаптардың бұзылу фактісін анықтаған кезде жедел ден қою 
шараларын қолдану туралы нұсқаманы (актіні, қаулыны) ресімдейді.
4. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы нұсқамада (актіде, қаулыда):
1) нұсқаманың (актінің, қаулының) жасалған күні, уақыты және орны;
2) бақылау және қадағалау органының атауы;
3) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) 
тексеру жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта 
көрсетілсе) және лауазымы;
4) бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке 
басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы 
профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізу кезінде қатысқан жеке немесе заңды тұлға 
өкілінің лауазымы;
5) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және 
(немесе) тексерудің жүргізілген күні, орны және кезеңі;
6) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес бұзушылықтың ауырлық дәрежесін міндетті түрде 
көрсете отырып, тексеру парағына сәйкес анықталған бұзушылықтардың тізбесі;
7) жедел ден қою шарасы (қызметті оның қолданылу мерзімдерін белгілеп тоқтата тұру немесе оған тыйым 
салу);
8) анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою жөніндегі ықтимал іс-
қимылдарға ұсынымдар мен нұсқаулар;
9) бақылау және қадағалау субъектісі өкілінің (заңды тұлға басшысының не оның уәкілетті адамының), 
бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) 
тексеру жүргізуге тартылған адамдардың нұсқамамен (актімен, қаулымен) танысуы немесе танысудан бас 
тартуы туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы;



10) бақылау және қадағалау органы басшысының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта 
көрсетілсе) және қолтаңбасы көрсетіледі.
Жедел ден қою шараларын қолдану туралы нұсқаманың (актінің, қаулының) нысандарын осы Заңның 10-бабының 3-тармағында 
көрсетілген мемлекеттік органдар бекітеді.
5. Жедел ден қою шарасын қолдану туралы нұсқамаға (актіге, қаулыға) бақылау және қадағалау органының басшысы қол қояды және 
бақылау және қадағалау субъектісінің басшысына не оның уәкілетті адамына қол қойғызып табыс етіледі.
6. Бақылау және қадағалау субъектісінің басшысы не оның уәкілетті адамы бас тарту себебіне жазбаша түсініктеме беріп, нұсқаманы 
(актіні, қаулыны) қабылдаудан бас тартуға құқылы.
Жедел ден қою шарасын қолдану туралы нұсқаманы (актіні, қаулыны) қабылдаудан бас тартылған жағдайда, оған тиісті жазба 
енгізіледі және мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адам және бақылау және қадағалау 
субъектісінің басшысы не оның уәкілетті адамы қол қоятын хаттама жасалады. Жедел ден қою шарасын қолдану туралы нұсқама (акт, 
қаулы) хаттама жасалған кезден бастап табыс етілді деп саналады.
7. Жедел ден қою шарасын қолдану туралы нұсқаманы (актіні, қаулыны) алудан бас тарту оны орындамау үшін негіз болып 
табылмайды.
8. Жедел ден қою шарасын қолдану туралы нұсқаманы (актіні, қаулыны) бақылау және қадағалау субъектісі дереу орындауға тиіс. 
Бақылау және қадағалау субъектісінің шағым беруі жедел ден қою шарасын қолдану туралы нұсқаманың (актінің, қаулының) 
орындалуын тоқтата тұрмайды.
9. Анықталған бұзушылықтар жойылған жағдайда бақылау және қадағалау субъектісі тиісті бақылау және қадағалау органына өзінің 
қызметін одан әрі қайта бастау үшін анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат беруге міндетті.
Бақылау және қадағалау органы жедел ден қою шарасын қолдану туралы нұсқамалардың (актілердің, қаулылардың) орындалуын 
бақылауды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген тәртіппен жүзеге асырады.
10. Анықталған бұзушылықтардың жойылғанын растайтын тексеру нәтижелері туралы актінің негізінде бақылау және қадағалау 
субъектісі патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу бойынша өз қызметін не оның жекелеген түрлерін қайта бастайды.
11. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу бойынша тыйым салынған қызметті жүзеге асыру Қазақстан Республикасының 
заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.


 
Назарларыңызға рахмет! 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет