1 Блок . Ежелгі адамдар және көшпелі өркениеттің қалыптасуы.
Тақырып. Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы және көшпелі өркениеттің пайда болуының алғышарттары.
Тақырып сұрақтары :
Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы. Антропогенез және культурогенез.
Қазақстан территориясындағы тас ғасыры.
Ежелгі металлургия дәуірінде көшпенділер өркениетінің пайда болуының алғышарттары (энеолит және қола дәуірі)
Тарихи үрдістің кезеңделуі:
Тарих - адамның өткенін зерттейтін ғылым (қызметі, дүниетанымы, дамуы, қоғамдық өмір және т. б.)
Зерттеу нысаны – адам және қоғам.
Зерттеу пәні- адам мен қоғамның дамуы.
Кезеңдер:
Ежелгі дүние тарихы – өте көне замандардан б.з V ғ.дейін;
Орта ғасырлар тарихы – V - XV ғғ. аралығы;
Жаңа заман тарихы – XV ғ. - ХХ ғ. басы аралығы;
Қазіргі заман тарихы – ХХ ғ. басынан қазіргі уақытқа дейін.
Адамның пайда болуының негізгі теориялары
Діни теория.Адамды және адамзатты құдай жаратты. Адамның жаны –адамның өзі.
Палеовизит теориясы. Ғарыштан жерге келгендер адам өмірін қалыптастырды.
Эволюциялық теория.Адам биологиялық түр ретінде табиғатынан шығу тегі бар және генетикалық тіршілік иесі.
Еңбек теориясы. Адамды –адам еткен еңбек. Еңбектің әсерінен адамда ерекше қасиеттер қалыптасты: сана, тіл, шығармашылық мүмкіндіктер. Ф. Энгельс.(1876)
Антропогенез
Адамның пайда болуы және оның түр ретінде эволюциясы;
Адамның пайда болуы туралы биологиялық эволюцияның бір бөлігі – Homo Sapiens;
Биогенез-биологиялық өзгерістер нәтижесінде;
1735 ж. Швед ғалымы Карл Линней – табиғи баспалдақ арқылы адамның шығу тегін ұсынады;
1856 жылы неандертальдық қаңқаның табылуы биогенезге бағыт береді;
Палеонтология-биологиялық ағзалар қалдықтарын зерттейтін ғылым.
Адам эволюциясының негізгі кезеңдері:
Парапитектер-30 миллион жыл бұрын-гиббондар, орангутандар және дриопитектер
Дриопитектерден: 1) горилла; 2) шимпанзе және бонобо; 3) 40-20,5 бұрын австралопитек (екі аяқты).