Қытайдағы мәдениет төңкерісі Орындаған: Серікқызы А, Қаржау Н


"Мәдени революцияның" кезеңдері



бет2/3
Дата05.02.2023
өлшемі3,71 Mb.
#65250
1   2   3
Байланысты:
Азия афр 4апта

"Мәдени революцияның" кезеңдері
Бірінші кезең (1966 жылдың мамыры - 1969 жылдың сәуірі)
Бірінші кезең «мәдени революцияның» ҚКП-ның IX съезін шақырумен аяқталған ең белсенді кезеңі. Революцияның басталуына 1965 жылдың қарашасындағы «Вэньхуэй бао» газетіндегі Яо Вэньюанның мақаласы сылтау болады. 1966 жылдың мамырында ҚКП ОК Саяси бюросының кеңейтілген отырысында Мао Цзедунның «мәдени революция» туралы идеялары көрініс тапқан ҚКП ОК 16-мамыр құжаты қабылданды. Отырыс барысында бірқатар партия басшылығы, үкімет, армия қызметкерлері қатаң сынға ұшырап, кейіннен өз қызметтерінен босатылды.
Екінші кезең
Екінші кезең 1969 жылдың мамыры мен 1973 жылдың тамызын қамтыды. 70-жж. халық шаруашылығын басқаруды жетілдіру, өндірісті ұйымдастыру бойынша бірқатар шаралар қолға алына бастады. 1970-1971 жж. қытай басшылығының ішіндегі жаңа дағдарысты айғақтайтын жағдайлар орын алды. 1970 жылы Мао ҚХР Төрағасы постын өзгерту үшін Конституцияны қайта қарауға шешім қабылдады. Алайда Линь Бяо және Чэнь Бода ҚХР төрағасы постының сақталып қалуын жақтады. Олар ҚКП ОК II пленумында осы ойын қайта білдірді. Осыдан кейін Маоның «Менің пікірім» құжаты жарияланып, онда Мао Цзедун Чэнь Боданың көзқарастарын қатаң сынға алынып, оны «арандатушылық қызметпен» айналысты деп айыптады. Партиялық деңгейде Чэнь Боданың ісі қаралып, ол «карьерист», «антипартиялық элемент» деп жарияланды. Саяси сахнадан Чэнь Боданың соңынан қорғаныс министрі Линь Бяо да кетті. Осы оқиғалардан кейін әскерді қайта тазалау науқаны басталды.
Үшінші кезең
1976 жылдың қаңтарында ұзаққа созылған аурудан кейін ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Чжоу Эньлай қайтыс болды. Осы жылдың сәуірінде оны еске алуға арналған рәсімнің барысында Пекиннің басты алаңы Тяньаньмэньда жаппай толқулар орын алды. Көтерілісшілер Цзян Цин және оның жақтастарының "мәдени революция" кезіндегі қызметін сынға алып, олардың шеттетілуін талап етті. Осыдан кейін Қытайдағы қуғын-сүргіннің жаңа толқыны басталды. Дэн Сяопин барлық қызметтерінен шеттетілді. «Биліктегі капиталистік жолды жақтаушыларға» қарсы күрес жарияланды. 1976 жылдың 9 қыркүйегінде Мао Цзедун өмірден өткеннен кейін «төрттік» мүшелері (Цзян Цин, Чжан Чуньцяо, Яо Вэньюань, Ван Хунвэй) биліктен шеттетіліп, мәдени революцияға нүкте қойылып, елдің дамуы жаңа кезеңге өтті.
Зардаптары
Көптеген мәліметтер бойынша «мәдени революция» барысында зардап шеккендердың саны 100 млн адамға жуықтады. Бұл туралы ең алғашқы мәлімет «Жэньминь Жибао» газетінде 1979 жылдың 26 қазанында жарияланған болатын. Ж.Л.Марголеннің пікірінше, миллионға жуық адам қаза болды, оның ішінде бір ғана Гуаньси провинциясында 67 мың адам, Гуандунда 40 мың адам шығыны орын алды. Қытай тарихшылары елдегі орын алған жағдайды былай деп сипаттайды: «Қытай хаос пен террор үстемдік құрған мемлекетке айналды. Партиялық және үкіметтік органдардың жұмыстары барлық деңгейде тежелді. Басқарушы мамандар, білімді және тәжірибелі интеллигенттер қуғынға ұшырады». Мао Цзедун өмірден өткеннен кейін «Мәдени революция» барысында түрлі себептермен сыналған және қуғын-сүргінге ұшыраған адамдар ұзаққа созылған саяси күрес нәтижесінде Дэн Сяопиннің басшылығымен билік басына келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет