Қытайдағы мәдениет төңкерісі Орындаған: Серікқызы А, Қаржау Н



бет3/3
Дата05.02.2023
өлшемі3,71 Mb.
#65250
1   2   3
Байланысты:
Азия афр 4апта

Әлеуметтік жағдайлары
Адамдардың қарсылығын басып-жаншу тәсілдерінің көбі одан ертеректе болған «Ян'ан жұмысты түзеу қозғалысының» кезінде дамытылған болатын. 1949 жылы коммунистер билік басына келгеннен кейін елде түбегейді әлеуметтік өзгерістер орын алды. Бұрынғы билеуші тап пен зиялыларға «оңшылдар», «қара ниетті элементтер» немесе «қара ниетті қарақшы элементтер» деген айдарлар тағыла бастады. Олардың үйлері тәркіленіп, Мау қолдайтын құндылықтарға сай келмейтін бұйымдардың бәрі жойылып отырды. Шығу тегі жағынан бір осалдығы бар ешкім қуғын-сүргіннен аман қалмады.
Бастапқы кезеңде «Орталық баспа және хабар тарату бюросы» барлық мектептерде, әскери бөлімшелерде және барлық деңгейдегі қоғамдық ұйымдарда дыбыс зорайтқыштар орнатты. Орталық халық радиостанциясы осы саясатты жүзеге асырудың басты құралына айналды. 1960 жылдардың басына қарай ауылдық жерлерде тұратын 400 миллион тұрғын 70 миллион дыбыс зорайтқышпен қамтылды.
Үлкен секіріс
1957 жылы Қытайдың алғашқы бесжылдығынан кейін Мау Зыдоң Қытайдағы «нағыз социализмді» құрудың жылдамдығын арттыруға шақырды. Осыны жүзеге асыру үшін ол ауылдарда коммуналар орнатып, Үлкен секірісті бастап жіберді. Жалпы бұқараны жұмылдыру ісі де осы кезден басталды. Үлкен секірістің нәтижесінде болат қорытудың және ауыл шаруашылық өнімдерін өндірудің көлемін 1957 жылмен салыстырғанда екі есе көбейту көзделді.
Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет