Италиян музыкасының дамуы VI ғасырда Рим Византиямен бірге литургиялық әннің даму орталығы болды. Милан архиепископы Амвросий антифондық әнұран айту тәжірибесін бекітті. VI ғасырдың соңында христиан литургиясы пайда болды, оның музыкалық (әуендік) жағы дұрысталды. Сол кезде Римде ашылған ән мектебі ("Схола канторум") өзінше бір ән өнерінің академиясы болды.
Арфа VIII—IX ғасырларда әуендік стиль және григорияндық ән бірікті, бұған үлкен көңіл бөлген — ең ірі орта ғасыр музыкатанушысы (теоретик) Гвидо де Ареццо (XI ғасырда оның еңбектерінде көп дауыста айтудың түрлері жазылған). XIII ғасырдың соңына дейін Италия музыкасы (әуені) монодиялық болды. Бір дауыстан көп дауысқа өту Италияда XIII ғасырдың соңында, XIV ғасыр басында жүзеге асырылып, Италия музыкасының жаңа өрлеуінің негізі болды (бұл дөуір музыка трактаттарында Ars nove деп аталды). Бұл өнердің негізгі ошақтары Флоренция, Венеция, Падуя болды. Мадригал, качча, баллата көп дауысты Италия музыкасының жанрын білдіреді. Жоғары топ (зиялы) музыкасы рухани дүниеге әсер етті.
Ars nove дәуірінің көрнекті өкілдері: сазгер Джованни да Фиренце, Якопо да Болонья (бірінші рет үш дауысты кіргізді); Ф.Ландино, теоретик Маркетто Падуанский. XIV ғасырда аспапты әуен кең түрде дамыды. Сол кездегі аспаптар — лютня, арфа, фидель, флейта, гобой, труба, органның әр түрі.
Вивальди Антонио XV ғасырда көп дауысты әнді (әуен) римдік католиктер айтты. Бұған ықпал еткен nana капелласында қызмет еткен Нидерланд мектебі. Сикстиндік капелла, қасиетті Петр (екеуі де Римде) соборының хор капеллаларында әр елдің ең жақсы (шіркеулік он) шеберлері жиналатын. XVI ғасыр Италия музыкасы Еуропа музыка мәдениетінде алдыңғы қатарда болды. Шіркеулік капеллалармен бірге, оның ошағы болып қолөнер цехтық бірлестіктер, әдебиет және өнерді сүйетіндердің үйірмелері жұмыс істеді. Ең ірі және көрнекті мектептер — Рим және Венеция мектептері болды. Рим мектептерінің сазгерлері жоғары сатыда дамыған полифониялық өнерді шығарды, мұнда Нидерланд мектебінің ең жақсы жетістіктері Ренессанс эстетикасының рухында болды. Рим мектебінің хор полифониясының шыңы гомофондык хаттардың дамыған элементтері бар Палестрин музыкасы болды.
Винициан мектебінің негізін қалаушы 35 жыл Сан-Марко соборының капелласын басқарған Нидерландлық А.Вилларт болды (1527). Бұл мектептің дамуы А. және Дж.Габриелли шығармашылығымен байланысты. Венециандықтардың өнері дыбыстық палитраларының кереметтігімен, ашық колоритті әсерлердің көптігімен ерекшеленеді. Көп хор принципі оларда кең дамыды. Венециандық сазгерлер аспапты музыканың жаңа түрінің дамуына ықпал етті. Аспаптардың құрамы көбейді. Бұл кезеңде виоланың классикалық түрі дамыды, скрипка кәсіби аспап болды. Ол ертеде халықтың тұрмыстык музыкасында белгілі болған. Ең басты аспап болып лютня мен орган қала берді. XVI ғасырға тән аспапты музыка жанры — ричеркар, фантазия, канцона, каприччо. А. және Дж.Габриелли ең алғашқы камералық ансамбльдің және оркестрлік музыка үлгілерін жасады. Әр түрлі аспаптық топтардың контрастық принципі барокко музыкасына тән, кейін келіп концерт жанрында дамыды.
Мадригал мектебі, Венеция мен Римнен басқа Миланда, Флоренцияда, Феррарда, Неапольде болды. Бұл жанрдағы жетістіктер (XVI ғасырда соңы — XVII ғасырда басы) Л.Маренцио, К.Монтеверди және Джезуальдо ди Веноза шығармашылығымен байланысты. Қайта өрлеу дәуірі Италиядағы музыкалық-теориялық ойлардың дамуына септігін тигізді. Жаңа уақыт гармониясын оқудың негізін қалаған Дж. Царлино. Италия музыкасының ең бай түрі — халық әндері мен билері (сальтарелло, форлана, тарантелла, сицилиан, т.б.). Халық музыкасы кәсіби музыка шығармашылығына әсер етті.