Құқықтану-103 Қаратаева Жанерке



Дата05.03.2022
өлшемі15,56 Kb.
#27093
Байланысты:
срсп 5 орган


Құқықтану-103

Қаратаева Жанерке

Прокуратура мемлекет атынан Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуын заңда белгіленген шекте және нысандарда жоғары қадағалауды жүзеге асырады, сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады. Прокуратураның құзыреті, қызметінің ұйымдастырылуы мен тәртібі Конституцияда және заңда айқындалады. Прокуратура төмен тұрған прокурорлар жоғары тұрған прокурорларға және Бас Прокурорға бағынатын бiрыңғай орталықтандырылған жүйені құрайды. Прокуратура өз өкілеттіктерін заңдылық, басқа мемлекеттiк органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсiз болу және Қазақстан Республикасының Президентіне ғана есеп беру қағидаттарында жүзеге асырады. Прокуратура органдары өз функциялары мен өкiлеттiктерiн жүзеге асырған кезде олардың қызметiне араласуға тыйым салынады.Прокуратура кәсіпкерлік субъектілерінің, ұйымдардың және мемлекеттік органдардың қызметіне араласуға, олардың қызметіне тексеріс тағайындауға, заңда көзделмеген негіздер бойынша ақпарат не құжаттар сұратуға құқылы емес. Прокуратура органдары адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау туралы, мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтау туралы заңнама талаптарына қайшы келмейтiндей деңгейде жария әрекет етеді.

      Прокуратура заңда белгіленген шекте мынадай міндеттерді:

      1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерін қорғауды және қалпына келтіруді;

      2) заңдылықты бұзуды, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды, сондай-ақ олардың зардабын анықтауды және жоюды;

      3) құқық қорғау органдарының және өзге де мемлекеттік органдардың заңдылықты, құқық тәртібін және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі қызметін үйлестіруді;

      4) заңда және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде айқындалған өзге де міндеттерді жүзеге асырады.

Прокуратура қылмыстық-процестік, азаматтық процестік заңнамада және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамада көзделген негізде және тәртіппен сотта мемлекет мүдделерін білдіреді.  Прокуратура мемлекет атынан қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнамаға сәйкес қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.

      1. Прокуратураның құқықтық актiлерiнiң жүйесiн:

      1) прокурорлық қадағалау актiлерi: наразылық, санкция, нұсқау, ұсыну, қаулы;

      2) прокурорлық ден қою актілері: өтінішхат, арыз, үндеу, заңды түсіндіру;

      3) прокуратураны ұйымдастыру және оның қызметі мәселелерiн реттейтiн актiлер: бұйрықтар, өкiмдер, ережелер, нұсқаулықтар, регламенттер және басқалар құрайды.



   Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының бiрыңғай жүйесiн Бас прокуратура, облыстардың прокуратуралары және оларға теңестірілген прокуратуралар (республикалық маңызы бар қалалар мен Қазақстан Республикасы астанасының прокуратуралары, бас әскери және көлік прокуратуралары), аудандық және оларға теңестірілген қалалық, ауданаралық, сондай-ақ мамандандырылған прокуратуралар (әскери, табиғат қорғау, көлік, арнайы объектілер прокуратуралары) құрайды. Прокуратура жанынан прокуратура органдарының бірыңғай жүйесіне кіретін ведомстволар, мекемелер, білім беру ұйымдары құрылуы мүмкін.Прокуратура органдарының өз нышандары болады, олардың сипаттамасын Бас Прокурор бекітеді. Прокуратура органдарын, мекемелерін, ведомстволарын, білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату, олардың мәртебесі мен құзыретін айқындау заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Прокурор - прокуратура функцияларын іске асыру мақсатында осы Заңда белгіленген өкілеттіктерді жүзеге асыратын прокуратура органдарының қызметкері. Мыналар прокурор болып табылады: Бас Прокурор, оның бірінші орынбасары және орынбасарлары, аға көмекшілер мен көмекшілер, ерекше тапсырмалар жөніндегі аға көмекшілер, прокуратура органдары қызметтерінің, департаменттерінің, басқармаларының және бөлімдерінің басшылары, олардың орынбасарлары, бас әскери прокурор, бас көлік прокуроры, облыстар, аудандар прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар, олардың орынбасарлары, басқармалар мен бөлімдердің аға прокурорлары мен прокурорлары, облыстар прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлардың аға көмекшілері мен көмекшілері, аудандар прокуратуралары мен оларға теңестірілген прокуратуралардың аға прокурорлары мен прокурорлары, сондай-ақ әскери, уәкілетті және арнайы прокурорлар. Сыныптық шендер немесе әскери атақтар берілетін прокуратура органдары жүйесі лауазымдарының тізбесін, сондай-ақ оларға сәйкес келетін шекті сыныптық шендерді немесе әскери атақтарды Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.Прокуратураның әскери міндетті қызметкерлері прокуратура органдарында арнайы есепте тұрады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет