7-дәріс Тақырыбы: Сөздердің стильдік қызметіне байланысты түрлері. Мақсаты: Қазіргі қазақ тілі лексикасындағы сөздердің қызметіне қарай жіктелуін түсіндіру.
Дәріс жоспары: Бейтарап лексика.
Сөйлеу тілінің лексикасы.
Кітаби лексика.
Экспрессивті-эмоционалды лексика. Бұлардың зерттелу жайы.
1.Сөздердің қызметіне қарай жіктелуі функционалдық стильдердің түрлерімен үйлес келіп отырады. Стильдің әр саласында сөзді қолданудың қалыптасқан үйреншікті орны, үлгісі болады. Сөдер стильдік қызметіне байланысты мына топтарға жіктеледі:
Қазақ тілінің ұлттық жалпыхалықтық лексикасы – сөйлеу лексикасы, жазба тіл лексикасы және стильаралық бейтарап лексика. Стильаралық лексикаға функционалдық стильдердің ешқайсысына жатқызуға болмайтын сөздер жатады. Стильаралық сөздер нақты бір стиль дәрежесінде емес, стильдердің бәріне қатысты болғандықтан, бейтарап деп аталады. Олар сөйлеу тілінде болсын, жазба тілде болсын қолданылатын лексиканың негізін қалайды.
2. Сөйлеу тілінің лексикасына функционалдық сөйлеу стиліне тән сөздер жатады. Оған қатысты сөздер: адамның күнделікті тікелей қарым-қатынасы кезінде, емін-еркін сұхбат үстінде қолданылады, алдын ала ойланып сұрыпталмай, сөйлеу үстінде әңгіменің желісіне қарай туып отырады, тақырыптық аясы кең, яғни тақырып жағынан шек қойылмайды, қоғам, табиғат, адам өмірінің барлық жағын да қамтуы мүмкін. Сөйлеу стилінің лексикасы мынадай топтарға бөлінеді: тұрмыстық-қарапайым сөздер, варваризмдер, ауызша әдеби-сөйлеу лексикасы.
Тұрмыстық-қарапайым сөздеркүнделікті өмірде, тұрмыстық қатынаста қолданылатын жалпы халыққа белгілі, сөйлеу тілінің аясындағы сөздер жатады.Тұрмыстық қарапайым сөздердің ішінде бір нәрсенің бағасын кеміту құнын төмендету мақсатында қолданлатын стилисткалық бояуы бар бар сөздер, қарғыс-алғыс мәнді сөздер көп кездеседі.
Варваризмдер тілге етене болып сонша сіңбеген соншалықты зәрулігі жоқ бөтен тілдің сөзі. Қолдану жолдары: тыңдаушыға ерекше әсер етіп, күлдіру үшін, сөздерді қолма-қол аудару қиындығы туған кезде, мазақ етіп келемеждеумақсатында, тілді шұбарлауда қоладнылады.
Ауызша әдеби-сөйлеу лексикасы адамдардың күнделікті қарым-қатынасы, сұқбаттасушының ой-өрісінің кеңдігіне инабатты салауаттылығына байланысты болып келеді.
3. Кітаби лексика дегеніміз әдеби лексика. Қазақ тіліндегі кітаби лексика тарихи және қазіргі тұрғыдан екі салаға бөлінеді: а) ескі дәуірдегі кітаби лексика, ә) қазіргі кітаби лексика. Кітаби лексика деп белгілі дәрежеде әдеби нормаға түскен, стилистикалық қолданысы жағынан сараланған (шектелген) жазба тілге тән сөздерді айтамыз.
Бұрынғы дәуірдегі жазба мұралардың тілі, соларға тән жазу дәстүрі ескі кітаби тіл деп, ал сол нұсқаларда қолданылған түркі тілдеріне ортақ сөздер ескі дәуірдегі кітаби лексика деп аталады. Ескі кітаби тіл дәстүрі қазақ әдеби тілінің барлық кезеңдеріне де әсерін тигізген. Оны қазақтың ауыз әдебиетінен де, жазба әдеби тілдің негізін салған Абай, Ыбырай шығармаларынан да көреміз. Қазіргі кітаби лексикаға сөйлеу тілінің тұрмыстық-қарапайым лексикасынан, диалектизмдерден басқа, әдеби нормалық белгілердің қатаң сақталуын талап ететін публицистикалық, ғылыми және ресми құжаттар стильдерінде, көркем әдебиет тілінде қолданылатын сөздер жатады. Қазіргі кітаби (әдеби) лексиканың негізінде сөйлеу тіліне де, әдеби тілге де ортақ жалпылама сөздер жатады. Жалпылама лексика баспа ретінде сөз шеберлерінің сұрыптап өңдеуінен өтіп, әдеби нормаға ие болып отырады. Бұл - әдеби лексиканың сөйлеу тіліндегі лексикадан ең басты айырмасы.
3. Адамның сезіміне әсер ететін сөздер тобы экспрессивті-эмоционалды лексика деп аталады. Олар әр түрлі жолмен пайда болған: а) бірқатар сөз ешбір қосымшасыз жеке тұрып эмоционалдық бояуға ие болып тұрады: масқара, сайтан, жексұрын, айналайын; ә) кейбір сөздер белгілі бір мәтін ішінде эмоционалдық бояуға ие болады; б) морфологиялық жолмен пайда болған эмоционалды сөздер еркелету, менсінбеу, елемеу, кішірейту қосымшалары арқылы жасалады: ботақан, інішек, балақай, алпамсадай.