Құқықтары: ұлттық заңнаманы, халықаралық стандарттар мен құқық қолдану



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата16.02.2017
өлшемі0,64 Mb.
#4210
1   2   3   4

IV. МИГРАНТТАРДЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ 

САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ

4.1. Еңбек және жұмыспен қамту шарттары

Қазақстан нәсіліне, түсіне, ұлтына, жынысы немесе діни белгілері бойынша кемсітушілік-

ті жою, еңбекке және жұмысқа қатысты мүмкіндіктер мен өтініш білдіру теңдігі туралы 

ережелер қамтылған бірқатар халықарылық конвенцияларды бекітті. Бұл Экономикалық, 

әлеуметтік  және  мәдени  құқықтар  туралы  Халықаралық  пактіге,  ХЕҰ-ның  №  111  Еңбек 

және  жұмыс  саласындағы  кемсітушіліктер  туралы  конвенциясына,  ХЕҰ-ның  №  100 

құндылығы бірдей еңбек үшін әйелдер мен еркектерге теңдей сыйақы беру туралы конвен-

циясына, Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияға 

да  қатысты.  ХЕҰ-ның  №  143  Конвенциясында

43

  тиісті  ережелер  еңбекші-мигранттар 



қатысында дамытылды және Халықаралық еңбек ұйымына мүше-мемлекеттерден еңбекпен 

және жұмыспен қамту саласындағы мүмкіндіктер мен өтініш беру теңдігіне жәрдемдесу 

және оны қамтамасыз ету саясатын әзірлеу және жүзеге асыру талап етіледі. Сондай-ақ, 

барлық еңбекші-мигранттардың және олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау ту-

ралы Халықаралық Конвенцияға

44

, еңбек жағдайлары мен сыйақыға қатысты, жал бойын-



ша жұмыс мемлекетінің азаматтарына қарағанда, еңбекші-мигранттардың да қолайлылығы 

одан кем емес қатынасты пайдалануға тиістілігі туралы ережелер енгізілді (жұмыс уақыты, 

сондай-ақ, жұмыспен қамту шарттары). 

  Қазақстан  Республикасының  Еңбек  кодексі  қызметкерлердің  құқықтары  мен 

мүмкіндіктерінің теңдігін, кемсітушілікке тыйым салуды, еңбегі үшін ең төменгі жалақыдан 

кем  болмайтын  әділетті  сыйақы  алу  құқығын  қамтамасыз  етуді  еңбек  заңнамасының 

қағидасы ретінде айқындайды. Еңбек кодексі, сондай-ақ, еңбек саласындағы кемсітушілік-

ке тыйым салу жөнінде жеке бап

45

 бар. Қазақстан заңнамасында еңбек қатынастарын реттеу 



шеңберінде «қызметкер» термині қолданылатынын атап көрсету керек, бұл ел азаматтары-

мен  қатар  шетелдіктерді  де  қамтиды.  Сондықтан,  жергілікті  қызметкерлер  мен  еңбекші-

мигранттардың  еңбек  жағдайлары  мен  еңбегі  үшін  сыйақы  мәселелері  заңнаманың  бір 

ережелерімен және нормаларымен реттеледі. Заң жүзінде ел азаматтарының, Қазақстанда 

тұрақты тұратын тұлғалар мен еңбекші-мигранттардың құқықтық жағдайларындағы негіз-

гі айырмашылықтар азаматтарды жұмыспен қамтудың шарттары мен мерзімдеріне байла-

нысты. Қазақстанда тұрақты тұруға құқық алған адамдардың еңбек және жұмыспен қамту 

саласында  іс  жүзінде  ел  азаматтарымен  бірдей  құқықтарға  ие  болады

46

.  Азаматтармен 



салыстырғанда, Еңбек кодексінде еңбекші-мигранттарға қолдану қатысында қарастырылған 

өзекті алып тастау - олармен жұмыс беруші арнаулы рұқсат алғаннан кейін және тартыла-

тын шетелдік жұмыс күшінің тізбесіне енгізілгеннен кейін ғана жеке еңбек шартын жасау 

мүмкіндігі. Бұдан басқа, жұмыс іздеу және жұмысқа орналастыру жөніндегі мемлекеттік 

қызметтердің қызметтерін қоса, жұмысқа орналастыру саласындағы мемлекеттік кепілдік-

тер еңбекші-мигранттарға қолданылмайды. Олар тек Қазақстан Республикасының азамат-

тары мен Қазақстанда тұрақты тұру құқығын алған адамдарға ғана көзделген

47



Тек уақытша еңбек көші-қонын тануға ғана негізделген еңбекші-мигранттардың ұлттық 

нарыққа  қатынауының  белгіленген  тәртібі  жергілікті  қызметкерлермен  салыстырғанда 



43  II бөлім.  Мүмкіндіктер мен өтініш білдіру теңдігі. 

     44  25-бап. 

     45  7-бап. 

     46  Заңнамада  қазақстандық азаматтығының  болуы қажеттігі  тікелей көрсетілген белгілі бір 

лауазымдарға орналасу  мүмкіндігі ғана  алынып тасталады.  

     47  Еңбек кодексінің 12 тарауын және  Халықты жұмыспен қамту туралы Заңының 5 және 15 бапта-

рын қараңыз.  

22

жұмыс берушімен еңбек қатынастарын рәсімдеудің шарттары мен нысандарына қатысты 

елеулі ерекшеліктерді айқындайды. Мәселен, жалпы, Еңбек кодексінің 29-бабының талап-

тарына сәйкес Қазақстанда еңбек шарты мына мерзімдерге жасалуы мүмкін:

еңбек  шартында  оның  қолданылу  мерзімі  ескертілмеген  немесе  ол  белгіленбеген 



мерзімге жасалғанда, белгіленбеген мерзімге

белгілі бір мерзімге, бұл ретте, оның ұзақтығы кемінде бір жылды құрауы тиіс;



белгілі бір жұмыстың орындалу уақытына;

уақытша  орнында  жоқ  қызметкерді  алмастыру  уақытына,  мысалы  уақытша  ауырған 



кезде, бала күтімі жөніндегі демалыс кезеңіне;

маусымдық  жұмыстың  орындалу  уақытына,  (мұндай  шарттар  көбінесе,  ауыл 



шаруашылығы жұмыстарын орындауға жалдаған жағдайда жасалады).

Сонымен  бірге,  ұлттық  еңбек  заңнамасы  мерзімдері  белгіленбеген  шарттарды 

қызметкердің құқығын қамтамасыз ету тұрғысынан әлдеқайда қолайлы есебінде қарайды. 

Осы себепті, еңбек шарты белгісіз мерзімге жасалатын қызметкерлер үшін көзделген кепіл-

діктер мен өтемақыларды беруден жалтару мақсатымен еңбек шартын белгілі бір мерзімге 

жасауға тыйым салынады (Еңбек кодексінің 29-бабының 1-тармағы). 

Алайда,  квоталар  мен  рұқсаттар  жүйесіне  жататын  еңбекші-мигранттар  жағдайында 

еңбек  шарттарын  белгіленбеген  мерзімге  жасау  мүмкіндігі  жоқ.  Бұған  қоса,  квоталарды 

таратып бөлу мерзімі мен рұқсатты ресімдеу және еңбекші-мигранттардың тізімін растау 

рәсімдерінің ұзақтығын ескергенде, іс жүзінде мигранттармен еңбек шарттары бір жылдан 

аспайтын мерзімге, атап айтқанда, белгілі бір жұмыстарды орындау мерзіміне ғана жаса-

луы мүмкін. Міне сондықтан да, еңбекші-мигрант пен жұмыс берушінің еңбек қатынастары 

қашан  да  қысқа  мерзімді  сипатта  болады  және  жұмыс  берушіге  берілген  рұқсат  мерзімі 

аяқталысымен, яғни күнтізбелік жыл аяқталғанға дейін өздігінен тоқтауы тиіс.



4.2. Кәсіптік оқыту, тіл үйрету курстары мен кірігу курстары 

Қазіргі  заманғы  халықаралық  стандарттар  тұрақты  мәртебелері  реттелген  мигранттар 

мен ел азаматтарының кәсіптік оқыту мен қайта даярлауға қол жеткізуіне тең мүмкіндіктер 

қағидасын  көздейді.  Мәселен,  Барлық  еңбекші-мигранттардың  және  олардың  отбасы 

мүшелерінің  құқықтарын  қорғау  туралы  Халықаралық  конвенцияның  43-бабында  олар 

кәсіптік  бағдарлау  және  жұмысқа  орналастыру  қызметтеріне,  кәсіптік  даярлау  және 

қайта  даярлау  орындары  мен  мекемелеріне  қол  жеткізуге  қатысты  жал  бойынша  жұмыс 

мемлекетінің азаматтарымен теңдей тәртіпті пайдалануға тиіс деп көрсетілген. ХЕҰ 1975 

жылғы № 151 Конвенциясына сәйкес кәсіптік оқыту және жұмысқа орналастыру қызметтерін 

көрсету саласындағы мүмкіндіктер мен өтініш білдіру теңдігін берумен қатар, еңбек миг-

ранттарын жал бойынша жұмыс мемлекетінің тілін үйретуге жағдай жасау қажет. 

7.  (1)  Еңбекші-мигранттарға  еңбек  және  жұмыспен  қамту  саласындағы  өздерінің 

құқықтары  мен  мүмкіндіктерін,  жұмыс  берушілер  мен  қызметкерлердің  өкілдікті 

ұйымдарымен  консультациялар  негізінде  қаншалықты  қабылдануы  мүмкіндігін  толық 

көлемінде пайдалануға мүмкіндік беру үшін .... 

 (b) жал бойынша жұмыс мемлекетінің тілін немесе тілдерін білуін ақылы жұмыс күні 

уақытында мүмкіндігінше ілгерілету үшін; - ХЕҰ № 151 Ұйғарымының 7-тармағы. 

Қазақстанның аймақтық және екі жақты келісімдері шеңберінде бұл қағида еңбек көші-

қоны саласында Әзірбайжанмен жасалған үкіметаралық келісімде ғана көрініс тапты. ТМД 

елдерінің 1994 жылғы Еңбек көші-қоны саласындағы ынтымақтастық және еңбекші-миг-

ранттарды  әлеуметтік  қорғау  туралы  келісімі,  сондай-ақ  Беларусьпен,  Қырғызстанмен, 

Моңғолиямен, Тәжікстанмен және Өзбекстанмен жасалған еңбекші-мигранттар жөніндегі 



23

келісімдер  олардың  кәсіптік  оқыту  мүмкіндіктеріне  қол  жеткізуіне  қатысты  ережелерді 

қамтымайды.

Қазақстан  Республикасының  Еңбек  кодексі

48

  азаматтарға  жұмыссыз  мәртебесін  алған 



жағдайда, сондай-ақ жұмыс берушінің есебінен осындай жағдайлар туғызу арқылы кәсіптік 

даярлауға, қайта даярлауға, біліктілік арттыруға құқығына қатысты мемлекеттік кепілдіктер-

ді, сондай-ақ мұндай жағдайларды жұмыс берушінің есебінен жасауды айқындайды. Кәсіптік 

даярлауды қамтамасыз ету жөнінде жұмыс берушілерге қойылатын талаптарды мемлекет 

соңғы жылдары кәсіподақтармен және жұмыс берушілер бірлестіктерімен жасалатын үш 

жақты келісімдер, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жүйесі арқылы 

ілгерілетуде.  Жыл  сайынғы  рұқсаттарды  беру  кейіннен  шетелдік  азаматтарды  ауыстыру 

мақсатында

49

 қазақстандық азаматтарды даярлау, қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру 



жөнінде ерекше шарттар жүктеуді көздейді. Бұл шарттарды орындау талаптары соңғы жыл-

дары күрделеніп, қатая түсуде. Сонымен, ұлттық заңнама азаматтар мен еңбекші-мигрант-

тар үшін кәсіптік оқыту мүмкіндіктерінің теңдігі қағидасын танымайды: керісінше, олар-

ды жұмыс берушінің есебінен қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасы азаматтарының 

кәсіптік даярлаудағы артықшылығы қағидасы қолданылады. Жұмыссыздықтан мемлекет-

тік қорғау аясында іске асырылатын кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті артты-

руды ұйымдастыру жөніндегі арнайы шараларға келсек, мұндай шаралар Қазақстан азамат-

тары үшін де, Қазақстанда

50

 тұрақты тұру құқығын алған тұлғалар үшін де қарастырылған. 



Сонымен бірге, оралмандар жұмысқа орналасуда қиындық көретін және мемлекет тарапы-

нан әлеуметтік қорғау бойынша ерекше шаралар талап етілетін нысаналы топтардың біреуі 

ретінде бөлінген

51

.    



Мигранттардың тіл курстарынан және кіріктіру курстарынан өту мүмкіндігі Қазақстанда 

оралмандарға ғана қатысты қаралады, оларға қатысты ұлттық заңнама бейімдеу қызметтерін 

көрсетуді,  соның  ішінде  мемлекеттік  және  (қалауы  бойынша)  орыс  тілдерін  оқытуды 

көздейді


52

Мәртебелері  реттелген  еңбекші-мигранттар  мен  жергілікті  қызметкерлердің  теңдігі 



қағидасы  кәсіби  оқыту  мен  қайта  даярлаудан  өту  мүмкіндігіне  қолданылады.  Алайда 

еңбекші-мигранттарды әкімшіліктік алалау болатын екі сала бар: бұл кәсіби оқыту және тіл 

үйрету

53

.



4.3. Кәсіподақтардың құқықтары 

Қазақстан Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық пакті 

сияқты, ХЕҰ-ның № 87 Бірлестіктер бостандығы және кәсіподақтарға бірлесу құқықтарын 

қорғау  туралы  Конвенцияның  да  тарабы  болып  табылады.  Екі  Конвенция  да  еңбекші-

мигранттарға кәсіподақ құру және/немесе олардың қызметтеріне қатысу құқықтарын бе-

реді. Қазақстан ХЕҰ-ның № 98 Ұйымдастыру және ұжымдық келіссөздер жүргізу құқығы 

туралы конвенциясын бекітті, осыған сәйкес қызметкерлер азаматтығына қарамастан тиісті 

құқықтарын пайдаланады, яғни бұл құқықтар еңбекші-мигранттарға да қолданылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы

54

 бірлесу бостандығына құқық береді, ол қо-



ғамдық бірлестік түрлерінің біреуі болып табылатын кәсіптік одақтар құру және олардың 

48  145-бап. 

      49  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітіліген 

Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесі, жұмыс берушілерге 

рұқсаттар берудің  шарттары мен тәртібін қараңыз. 

      50  Халықты жұмыспен қамту туралы Заңның  15-бабы. 

      51  Халықты жұмыспен қамту туралы Заңның 5-бабының 2-тармағы. 

      52  Халықтың көші-қоны туралы Заңның  1-бабының 1) тармақшасын қараңыз. 

      53  Шығу және бару елдеріндегі еңбек көші-қоны саласында тиімді саясат әзірлеу жөніндегі Нұсқаулық. 

ЕҚЫҰ, ХКҚҰ, ХЕҰ 2006, 160-бет. 

      54  23-бап.

24

қызметіне қатысу жолымен іске асырылады. «Қоғамдық бірлестіктер туралы»

55

 1996 жылғы 



31 мамырдағы № 3-1 Заңға сәйкес кәсіптік одақтар құруға Қазақстан Республикасының аза-

маттары ғана ұйтқы бола алады. Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер мен еңбек миг-

ранттары, егер ұйымның жарғысында шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалар-

дың


56

 мүше болуы тікелей көзделген болса, тіркелген кәсіптік одақтарға мүше бола алады. 

Бұған қоса, елде басқа мемлекеттердің кәсіптік одақтарының қызметіне, сондай-ақ кәсіптік 

одақтарды шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардың, шет мемлекеттер мен халықаралық 

ұйымдардың

57 


қаржыландыруына жол берілмейді. ХЕҰ-ның №87 Конвенциясының орын-

далуын  бақылау  аясында  ХЕҰ  Сарапшылар  Комитеті  кәсіподақты  қызметкерлердің 

халықаралық бірлестіктері тарапынан қаржыландыруға тыйым салатын заңнама Конвенция 

қорғайтын құқықты бұзатынын анықтап, Қазақстан Үкіметіне сәйкес ережелерге түзетулер 

енгізу туралы сұрау салды

58



Сонымен  бірге,  еңбекші-мигранттардың  ұжымдық  келіссөздер  жүргізуге  құқығы 

жағдайында,  негізгі  мәселе  олардың  кәсіподақтарға  қатысу  құқығының  шектеулілігі 

емес,  жұмыспен  қамтылуының  уақытша  сипаты  болса  керек.  Бұған  қоса,  Қазақстан 

Республикасының  Еңбек  кодексі  белгілі  бір  жағдайларда  кәсіподақтарға  ұжымдық 

келіссөздер  жүргізу,  ұжымдық  шарттар  жасасу  және  олардың  ережелерінің  орындалуын 

бақылауға қатысты шектеулі құқықтар береді, мәселен, ұжымдық еңбек дауларына бастама 

көтеру  құқығы  негізінен  кәсіптік  одақтарға  емес,  қызметкерлердің  жалпы  жиналысына 

берілген


59

. Уақытша қызметкерлерге қатысты ХЕҰ-ның Бірлестіктер Бостандығы жөніндегі 

Комитеті уақытша қызметкерлердің ұжымдық келіссөздер жүргізуге мүмкіндіктері болуы 

тиіс деген қағиданы ұстанады

60



55  10-бап. 



     56  Қоғамдық біолестіктер туралы  Заңның 11-бабы. 

     57  Қазақстан Республикасы Конституциясы 5-бабының 4-тармағы. 2000  жылғы 7 маусым-

да қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің № 4/2 “Қазақстан Республикасы 

Конституциясының 5-бабының 4-тармағының ресми түсіндірілуі туралы” қаулысында былай көрсетілген: 

“Қазақстан Республикасы Конституциясының 5-бабы 4-тармағының “...саяси партиялар мен кәсіптік 

одақтарды шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардың, шетелдік мемлекеттер мен халықаралық 

ұйымдардың қаржыландыруына жол берілмейді” делінген нормасын саяси партиялар мен кәсіптік 

одақтардың ақша қаражаттары мен басқа да материалдық құралдарды алуына құқықтық тыйым ретін-

де түсінген жөн ”. 

     58  Конвенциялар мен Ұсынымдарды қолдану жөніндегі Сарапшылар Комитетінің есебі, Ескерту, 

КҰҚСК 78-ші сессиясы, 2007. 

     59  Еңбек кодексінің 288-бабының 1-тармағы.  

     60  ББК Шешімдер Дайджестінің 906-параграфы, 2006 жылғы редакцияда.

2

V. ЕҢБЕКШІ-МИГРАНТТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК 

КІРІГУІНЕ ЖӘРДЕМДЕСУ

Еңбек  көші-қоны  жөніндегі  қабылдаудан  соң  мемлекеттік  саясат  еңбекші-мигранттар-

ды жал бойынша жұмыс еліне әлеуметтік кіріктіру шараларын әзірлеу және іске асыруға 

бағытталады. Еңбек көші-қоны уақытша жағдай ретінде түсінілетін Қазақстанға қатысты, 

бұл  тәсіл  негізінен  «ұзақ  мерзімді»  мигранттар  мен  елге  тұрақты  мекендеуге  келген 

мигранттарға бағдарланған. Алайда, әлеуметтік кірігу, кемсітушіліктердің алдын алу және 

отбасылардың қайта қосылуы мәселелерін уақытша және маусымдық еңбекші-мигранттар 

қатысында да шешу қажет әрі маңызды. 



5.1. Кемсітушілік мәселелерін шешу

Кемсітпеушілік қағидасы (нәсілі, этникалық тегі, жыныс, діни және т.б. белгілері бойын-

ша) Адам құқықтары туралы халықаралық биллде (Адам құқықтарының жалпыға ортақ де-

кларациясы, азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пакті, Экономикалық, 

әлеуметтік  және  мәдени  құқықтар  туралы  Халықаралық  пакті)  және  түрлі  тақырыптағы 

адам құқықтары жөніндегі бірқатар халықаралық келісімдерде бірдей қолданылады және 

танылған. Ол еңбекші-мигранттардың әлеуметтік бірлесуі және кірігуі жөніндегі саясатты 

іске асырудың негізгі шарты болып табылады.

Жоғарыда, 1.2 - және 3.1 -тарауларында көрсетілгендей, Қазақстан кемсітпеушілік ере-

желерін қамтитын бірқатар халықаралық конвенциялардың тарапы болып табылады. Бұған  

қоса, бұл қағида конституциялық норма ретінде мойындалған. Қазақстан Контитуциясының 

14-бабының  2-тармағында  «ешкім  де  шығу  тегі,  әлеуметтік,  лауазымдық  және  мүліктік 

жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, діни көзқарасы, сенімі, тұратын жері немесе кез кел-

ген  өзге  де  жағдаяттар  уәждемесі  бойынша  кемсітушілікке  ұшырауына  болмайды»  деп 

көрсетілген. Кемсітушілікті болдырмау мәселесі көші-қонды реттеу қағидаларының біреуі 

ретінде көші-қон туралы ұлттық заңнамада да көрініс тапты. Халықтың көші-қоны тура-

лы Заңның 3-бабына сәйкес көші-қонды реттеу басқалармен бірге, шығу тегі, әлеуметтік, 

лауазымдық  және  мүліктік  жағдайы,  жынысы,  нәсілі,  ұлты,  тілі,  діни  көзқарасы,  сенімі, 

тұратын жері немесе кез келген өзге де жағдаяттар уәждемесі бойынша қандай да болмасын 

кемсітушілікке жол бермеуге негізделеді. Жоғарыдағы уәждер бойынша адамның (азаматтың) 

құқығы мен бостандықтарын тікелей немесе жанама шектеу Қазақстанда қылмыстық жа-

заланатын әрекет

61

 деп танылады. Жалпы, кемсітпеушілік қағидасын қамтамасыз ету елде, 



ең  алдымен,  тиісті  заңнамалық  тыйымдарды  белгілеу,  оларды  бұзушылықтарға  қатысты 

сот және соттан тыс қорғау құралдары, сондай-ақ кемсітушілікке қарсы ережелерді бұзған 

адамдарды қылмыстық қудалау арқылы жүзеге асырылады.

61  Қылмыстық кодекстің 141-бабы.


2

5.2. Еңбекші-мигранттардың кірігуі

Еңбекші-мигранттардың кірігуі жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру 

қажеттігі ХЕҰ № 143 Конвенциясында атап көрсетіледі.

Ұйымның әрбір Мүшесі ұлттық жағдайлар мен тәжірибеге сәйкес әдістермен... 

e) жұмыс берушілер мен қызметкерлердің өкілдікті ұйымдарымен консультация бойын-

ша,  ұлттық  жағдайлар  мен  тәжірибеге  сәйкес,  еңбекші-мигранттар  мен  олардың  от-

басыларына,  жұмыс  беруші  елдің  қоғамына  икемделгенге  дейін  олар  сезінетін  ерекше 

қажеттіліктерді ескере отырып, елдің азаматтарына берілетін басымдықтарды теңдей 

көлемде  пайдалануға  мүмкіндік  беретін  әлеуметтік  саясатты  әзірлейді  және  жүргізеді, 

бірақ бұл мүмкіндіктер мен өтініш білдіру теңдігі қағидасына қолайсыз әсер етпеуге тиіс – 

ХЕҰ № 143 Конвенциясының 12-бабы.   

Мигранттарды  кіріктірудің  тұжырымдамалық  тәсілдерінің  оны  іске  асыратын  елдерде 

елеулі айрымашылықтары бар

62

. Мәселен, Еуропалық комиссия кірігуге мынадай анықтама 



береді:

«... Кірігуді, үшінші елдің заңды тұрып жатқан азаматтары (шетелдіктер) мен қабылдаушы 

қоғамның өзара құқықтары мен тиісті міндеттемелеріне негізделген екі жақты үрдіс деп 

түсіну керек, ол иммигранттардың толық қатысуын көздейді. Бұл бір жағынан, қабылдаушы 

қоғамның  иммигранттардың  заңды  құқықтары  жеке  адамның  экономикалық,  әлеуметтік, 

мәдени  және  азаматтық  қызметке  қатысу  мүмкіндіктері  болатындай  етіп  белгіленуін 

қамтамасыз етуге жауапкершілігі болады, екінші жағынан иммигранттар қабылдаушы елдің 

іргелі нормалары мен құндылықтарын құрметтейді және кірігу үрдісіне өзінің жеке бірегей-

лігін

63

 жоғалтпай белсене қатысады.»



Қазақстанда  мигранттардың  кіріктіру  шараларының  қолданылуы  әзірше  шектеулі,  әрі 

олар оралмандар мен олардың отбасыларына бейімделген. Олардың көпшілігі күні кеше бір 

мемлекеттің – Кеңестер Одағының азаматтары болды және бүгінде бұрынғы одақтас рес-

публикалардан келуде. Халықтың көші-қоны туралы заңға сәйкес олардың тілегі бойын-

ша,  мамандандырылған  бейімдеу  және  кіріктіру  орталықтарында

64

  орналастыру  арқылы 



бейімдеу қызметтері көрсетіледі. Оралмандар мен олардың отбасыларының мүшелерінің 

осы орталықта болуы ақысыз негізде жүзеге асырылады. Бейімдеу және кіріктіру орталығы 

қызметтерінің кешені құқықтық кеңестер беруді, мемлекеттік тілді және (қалауы бойынша) 

орыс тілін үйретуді, кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін артты-

руды

65

 қамтиды. 



5.3. Отбасылардың қайта қосылуы

ХЕҰ-ның № 143 Конвенциясы сияқты, Барлық еңбекші-мигранттардың және олардың от-

басы мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы Халықаралық конвенция да еңбекші-мигрант-

тар отбасыларының қайта қосылуына жәрдемдесу жөнінде шаралар қабылдау қажеттігін 



көздейді. 

62  Шығу және бару елдерінде  еңбек көші-қоны саласындағы  тиімді  саясатты  әзірлеу  жөніндегі  

Нұсқаулық ЕҚЫҰ, ХКҚҰ, ХЕҰ, 2006, 166-бет. 

     63  Commissio№, Commu№icatio№ o№ Immigratio№, I№tegratio№ a№d Employme№t, COM (2003) 336, 3 

Ju№e 200, 17-18.  

     64  Қазақстан Республиасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін 

атқарушының 2007 жылғы  27 қыркүйектегі  № 225-б «Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің орал-

мандарды бейімдеу және  кіріктіру орталықтарында  уақытша тұруы және  оларға бейімдеу қызметтерін 

көрсету ережесін бекіту туралы»  бұйрығы. 

     65  Халықтың көші-қоны туралы Заңның 1-бабының 1)тармақшасы.

2

66  Халықтың көші-қоны туралы Заңның 19-бабы. 

      67  22-бап. 

      68  Үкіметтің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысымен бекітілген Шетелдіктердің Қазақстан 

Республикасына келуінің және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуі тәртібінің 

11-2-тармағы.

1. Ұйымның әрбір Мүшесі өзінің аумағында заңды негізде тұрып жатқан барлық еңбекші-

мигранттар отбасыларының қосылуына  жәрдемдесу мақсатында өз құзіреті шеңберінде 

қажетті   барлық шараларды  қабылдай және  Ұйымның басқа Мүшелерімен  ынтымақтаса 

алады.   

2. Еңбекші-мигрант отбасының, осы бап қолданылатын мүшелері, оның жұбайы,  оның 

асырауындағы  балалары, әкесі мен шешесі болып табылады  – ХЕҰ  № 143 Конвенциясының 

13-бабы 

1.  Қатысушы-мемлекеттер отбасы – қоғамның  табиғи және  негізгі ұясы болып та-

былатынын  тани  отырып,  еңбекші-мигранттар  отбасыларының    бірлігін  қорғауды 

қамтамасыз ету үшін  тиісті шаралар қабылдайды.

2.  Қатысушы-мемлекеттер еңбекші-мигранттардың олардың  жұбайларымен немесе  

қолданылатын құқыққа сәйкес некеге теңестірілуі мүмкін  қатынастарда тұратын адам-

дармен, сондай-ақ олардың  некеде тұрмайтын кәмелетке толмаған балаларымен қосылуына 

жәрдемдесу үшін өздері қажет деп есептейтін және  өздерінің құзіреті  аясына  кіретін  

шараларды қабылдайды.

3.  Жал бойынша жұмыс мемлекеті, өзінің адамгершілік  пайымына қарай,  осы баптың 

2-тармағы  ережесіне сәйкес теңдей режимді  еңбекші-мигранттар отбасыларының басқа 

мүшелеріне де беру  туралы мәселеге оң көзбен қарайды. – Барлық еңбекші-мигранттардың 

және олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы  Халықаралық Конвенцияның  

44-бабы  

Осы  тұрғыдан  алғанда,  Қазақстан  заңнамасының  отбасылық  иммиграцияны  көші-қон 

түрлерінің біреуі ретінде қарастыратынын атап өткен жөн. Иммигрант отбасының мүшесі 

ретінде әйелі (ері), олардың ата-аналары мен асырауындағы балалары, сондай-ақ бұрынғы 

тұрған  жерінде

66

  оларды  асырауға  міндетті  болған,  ата-анасы  немесе  қамқоршысы  жоқ, 



кәмелетке толмаған бауырлары, сіңлі-қарындастары танылады. Сонымен, ұлттық заңнамада 

иммигрант отбасының құрамы жоғарыда аталған конвенциялардағыға қарағанда, біршама 

кең анықталған және белгілі бір жағдаяттарда кәмелетке толмаған бауырлары мен сіңлі-

қарындастарын  да  қамтиды.  Оралмандарға  қатысты,  ұлттық  заңнаманың,  оның  ішінде 

иммиграцияға  жыл  сайынғы  квоталар  жөніндегі  ережелері,  ең  алдымен,  отбасылық  им-

миграцияны қолдауға бағдарланған. Еңбекші-мигранттар отбасыларының қосылу құқығы 

заңнамалық деңгейде айқындалмаған, дегенмен, шетелдіктерге елге келу рұқсаттарын бе-

руді құқықтық реттеу тәжірибесі осы құқықтың іске асырылуына елеулі шектеулер белгіле-

мейді. Халықтың көші-қоны туралы Заң

67

 бұл құқықты Қазақстан Республикасында болуға 



және кетуге қажетті қаражатының болуы туралы растаманы ұсынбаған жағдайда, еңбекші-

мигранттардың отбасы мүшелеріне келуге рұқсат берілмеуі мүмкіндігімен шектейді. Бұл 

талапты орындау үшін мынадай қаражаттың болуын растау қажет:

ол  аумағында  тұрақты  мекендейтін  мемлекеттің  ең  жақын  әуежайына  дейін  эконом 



класс авиабилетінің құнынан кем болмайтын мөлшердегі;

ТМД елдерінен ол аумағында тұрақты тұратын мемлекеттің ең жақын бекетіне дейін 



теміржол (купеленген вагон) немесе автомобиль көлігі билетінің құнынан кем болмайтын 

мөлшердегі;

елде болған әрбір күніне



68

 екі еселеген айлық есептік көрсеткіштен кем болмайтын.



2

Отбасы мүшелерінің болуына және кетуіне қаражаттың болуын растау Шетелдіктердің 

Қазақстан Республикасына келуінің және болуының ережесіне тиісті өзгерістер енгізілген-

нен кейін міндетті талап болып отыр (Үкіметтің 2007 жылғы 10 тамыздағы № 688 қаулысы). 

Жоғарыда көрсетілген талаптар, Қазақстан Республикасында немесе Қазақ Кеңестік Социа-

листік Республикасында туған немесе бұрын осы елдің азаматтығы болған оралмандардың 

отбасы мүшелеріне қолданылмайды. Бұған қоса, Қазақстанның Қырғызстанды, Өзбекстан 

мен Тәжікстанды қоса, еңбекші-мигранттардың көптеген шығу елдерімен визасыз жүріп-

тұру режимін қолдайтынын есте ұстау керек.


2



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет