16. Сандық өрнектер құруға үйретуде оқу есептерінің қолданылуы
Сандық өрнектермен істелінетін жұмыстар бастауыш сыныптарда 4 жыл бойы
үздіксіз жүргізіледі. Әрбір арифметикалық амалды меңгеру барысында оларға
сәйкес түрдегі сандық өрнектер қарастырылады, алдымен қарапайым өрнектер,
содан соң біртіндеп күрделі өрнектер туралы түсініктер қалыптастырады.
Оқушылардың математикалық өрнектерді оқи білуге, өрнектің мәнін есептеуге,
сандармен және басқа сандық өрнектермен салыстырулар жасауға үйренеді. Бұл
аталған жұмыстар оқушыларды есеп шығаруға үйрету жұмыстарымен тығыз
байланыста құрылып жүргізілуі мүмкін.
Жиындарға қолданылатын амалдарды орындау барысында, оқушылар алдымен
қосынды мен айырманың нақтылы мәндерін игереді, сондықтан 1+4, 7-3
түріндегі амалдардың таңбаларын олар қосу, азайту сөздерінің қысқаша
белгісі ретінде түседі. Бұл кезде оқушылар сандық өрнек пен оның мәнінің
теңдігі түрінде берілген қарапайым сюжеттік есептердің шешуімен танысады,
мысалы 5+3 түріндегі. Он көлемдегі қосу және азайту амалдарын оқығанда
осындай өрнектердің мағынасы кеңінен ашыла түседі.
Оқушыларды есептер шығара білуге үйрету қосу және азайту амалдары
ұғымдарын меңгертумен, осы ұғымдардың кеңейе түсумен байланыстырып
жүргізіледі. Бұл жұмыстар түрі және формасы үздіксіз байланысты болады.
Оқушылар сандық мысалдарды, дерексіз сандар арқылы берілген, кестелік түрде
берілген сюжеттік мәтінді есептерді шығарады, кесінділердің ұзындығын
өлшеуде орындалатын қарапайым амалдарды орындайды. өрнектердің дербес бір
түрі ретінде қосынды және айырма атауларымен танысады, оларды бір-
бірімен салыстыра білуге үйренеді. Осы кезеңде оқушылар бірнеше бірлікке
артық (кем) ұғымдарымен танысады, берілген саннан бірнеше бірлікке артық
(кем) болатын санды табуға берілген есептерді шығаруда бұл ұғымдарды
қолдана білуге үйренеді.
Сонымен қатар қаншасы артық (кем)? сұрақтары бойынша айырманы
табуға берілген есептермен де танысады. Мұндай есептерді шығару барысында 8-
2, 8+3, т.с.с. түрдегі өрнектер құрылады және осы өрнектердің нақты мәндері
кеңінен айқындала түседі. Қосу мен азайту амалындағы белгісіз компонентті
табуға берілген есептерде, сондай-ақ, берілген саннан бірнеше бірлікке
артық (кем) санды табуға берілген есептерде бұл өрнектердің нақты мағынасы
одан әрі кеңінен ашыла түседі. Мұндай есептер жүз көлемдегі сандар
тақырыбын өткен оқи және жанама формасында беріледі.
Бастауыш сыныптарда сандық өрнектерді оқи және жаза білуге үйретуге
берілген есептермен жұмыс жасау әдістемесі ғылыми-әдістемелік журналдарда
жарияланған бірнеше мақалаларда ашып көрсетілген. Бұл мақалаларда есептер
мен өрнектер арасындағы байланыстарды ашып көрсетуге тырысқан, сандық
өрнектердің нақты мағынасын ұғындыруды көздейтін жаттығулар жүйесін
белгілеуге (тағайындауға), есептерді өрнек құру арқылы шығарудың және
берілген өрнектер бойынша есеп құрастырудың жолдарын көрсетуге жұмыстанған.
Алайда, бұл мақалаларда көрсетілген сюжетті есептер бойынша өрнек құру деп
айтылатын есептер мен өрнектердің арасындағы байланыстың сипаталуы және
жекелеген жағдайларда өрнектер бойынша есептер құру, сандық өрнек ұғымын
қалыптастыратын жаттығулар жүйесі, сонымен бірге мәтінді есептермен жұмыс
жасау тәсілдері бастауыш сыныптарда есеп шығару барысында сандық өрнектерді
оқып-меңгеру әдістемесінің жеткілікті талдамасы (кейде қажетті деп те
айтады) болып табылмайды.
Мұндай әдістеменің талдамасын дайындау үшін қажетті және жеткілікті
шарттар деп төмендегі шарттарды атауға болады: біріншіден, сандық өрнек
ұғымын кез — келген формада – мазмұнды, кестелік, сызбалық және
аналитикалық — берілген есептердің математикалық құрлымы деп түсіну. Бұл
әдістемелік талдама жасауда нақты амалдарды қарастыратын сандық өрнектердің
байланыстарын неғұрлым кең түрде алып қарастыруға мүмкіндік береді.
Екіншіден, сандық өрнектерді нәрселердің жиындары арасында орындалатын
практикалық іс-әрекеттердің жазылуын қамтып көрсететін сандар арасындағы
бір немесе бірнеше арифметикалық амалдардың жазылуы деп ұғынуы керек.
Осы аталған екі шарттың негізінде, есептерді шығаруға үйрену
әдістемесін арифметикалық амалдарды меңгертудің және сандық өрнектер ұғымын
қалыптастырудың әдістемесімен өзара тығыз байланыста құру керек. Мұнда
оқушыларды сандық өрнектермен алғаш таныстыру нәрселер және олардың
топтарымен істелетін практикалық іс әрекеттерден басталған жөн.
Есеп шығаруға үйретуде күшейтілген абстракциялау әдісінің қолданылуы
әдістемелік талдама жасаудың үшінші шарты болып табылады, ал бұл есептің
мәтіні бойынша ғана емес, оның кез-келген формада берілуі бойынша да
өрнектер құруға мүмкіндік береді және керсінше, сандық өрнектер бойынша
түрлі формада берілуі бойынша да өрнектер құруға мүмкіндік береді және
керсінше, сандық өрнектер бойынша түрлі формада есептьер құрастыра білуге
мүмкіндік береді.
Ал, мұның өзі оқушылардың сандық өрнектердің мағынасын ұғынуға және
берілген сандық өрнектерден мағынасын ұғынуға және берілген сандық
өрнектерден әр түрлі есептерде көрсетілетін, бізді қоршаған өмірден алынған
және математикалық нақты жағдайларды тани білуге тәрбиелейді. Құрама
есептерді шығару барысында күшейтілген абстракциялау әдісін қатынастар
санын азайту әдісімен үйлестіріп, ойластырып, бірге қолдана білу кеорек.
Достарыңызбен бөлісу: |