4. «Математика пәніндегі оқушының
оқу жетістіктерін критериалдық бағалау жүйесі»
.
«Бағалау» термині «бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес түсінігін мұқият бақылауы болып табылады.Өз кезегінде, білім беру сапасын жоғарылату оқушылар білімін бағалаудың нақты критерийлерін жасауды талап етеді. Бағалаудағы ерекше амал - критерий арқылы бағалау болып табылады.
Критериалды бағалау-бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу-танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі, яғни белгілі бір критерийлер арқылы бағалау болып табылады.
Математиканы оқытуда критериалды бағалаудың мақсаты:
1.Математиканы оқыту сапасын жоғарылату
2. Оқушылардың білімін міндетті деңгейден мүмкін деңгейге жетелеу.
Критериалды бағалаудың міндеттері:
1.Сабақтың әр бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтау;
2.Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті;
3.Жеке оқушының даму жетістігін бақылау;әділ бағалау;
4. Білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата – ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету
Критерийдің мазмұны:
Бағалау критерийлері - оқытудың мақсатын және ара-қатысының белгісі. Дескриптор - жетістік деңгейінің сипаттамасы.
Білім сапасын бағалау жүйесінде жаңарту мәселесі:
1. Оқушы танымындағы өзгерістер мен білім саласындағы қайшылықтар
2.Әлеуметтік сұраныстардың өзгеруі
Ұстанымдар негіздері:
1.Дескрипторлар оқушыға алдын-ала белгілі болуы шарт.
2.Оқушы өз білім деңгейін анықтай алуы қажет.
3.Нақты білімділік мақсатты бағалауы қажет.
Қалыптастырушы бағалау - күнделікті алған білімінің меңгеру деңгейін анықтайды; негізгі бақылау жұмысына дейін білімін жүйелейді;
Кездескен қиыншылықтарын қалыпқа келтіруге оқушыға мүмкіндік береді.
Негізгі бағалау белгілі бір тақырыпты қорытындылау мақсатында орындалады; негізгі бағалаудағы оқушының алған бағасы тоқсандық баға болып табылады. Негізгі бағалауда барлық критерийлер барынша қолданылуы керек. Критерий оқушының жас ерекшелігіне, бағдарламаға сай алынады.Критериалды бағалау технологиясы (1-кесте) оқушы бойындағы үрейленуді басады , жауапкершілік қабілетінің дамуына ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |