І кезең. Таныстыру. І. «Шебер» тобы Ұраны:
«Ойымызды ашайық, алға қарай басайық»
ІІ. «Өнер» тобы Ұраны: «Өнерлі өрге жүзер»
ІІІ. «Іскер» тобы Ұраны: «Оймақ пішсең де ойлап піш»
ІҮ. «Зергер» тобы Ұраны:
«Ойы ұшқыр, сезімі жоғары,
Қиялы терең адам болайық»
ІІ кезең. Мақал - мәтелдер жарысы 1. Шебер тобы. /5мақал-мәтел/ Шын шеберде мін болмас.
Шешеннің сөзі мерген, шебердің көзі мерген
Шебердің қолы көпке ортақ.
Шеберді шеге қағысынан таны.
Ерінбеген етікші болады.
Шебер көп жерде - өнер көп.
Оюды оя алмаған – ойланбаған.
2. Өнер тобы/5мақал-мәтел/ Өнерлінің өзегі талмас.
Өнерпаздың он қолы бар.
Қол өнері — кілемде,
Сөз өнері — өлеңде.
Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес.
Өнерліге есік ашық.
Өнерлі жігіт өрде озар,
Өнерсіз жігіт жер соғар.
8.Өнер іздеген өсер, өсек іздеген өшер.
9.Өнер түбі елде мол, өнім сыры жерде мол.
3. Іскер тобы /5 мақал-мәтел/ 1. Күшіңе сенбе, ісіңе сен.
2. Киім пішсең кең піш,
Тарылтуың оңай.
Темір кессең қысқа кес,
Ұзартуың оңай.
3. Көлеңкеге қарап көйлек пішпес болар.
4. Әр нәрсеге асық болғанша,
Бір нәрсеге машық бол.
5. Күш жақсы, күштен іс жақсы.
6. Жантақтан ине, жаңқадан түйме жасаған.
4. Зергер тобы /5мақал-мәтел/ Еңбек ептілікті сүйеді.