«Қыз – еркем, қылығымен көркем!» Тақырыбы: «Қыз – еркем, қылығымен көркем!» Жоспары



бет5/28
Дата13.02.2023
өлшемі2,44 Mb.
#67522
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
кыз еркем

І кезең. Таныстыру.
І. «Шебер» тобы
Ұраны:
«Ойымызды ашайық, алға қарай басайық»


ІІ. «Өнер» тобы
Ұраны: «Өнерлі өрге жүзер»
ІІІ. «Іскер» тобы
Ұраны: «Оймақ пішсең де ойлап піш»
ІҮ. «Зергер» тобы
Ұраны:
«Ойы ұшқыр, сезімі жоғары,
Қиялы терең адам болайық»
ІІ кезең. Сөз өнері.
Зерттеу: Тақырып бойынша әр топ өз ойларын ортаға салады.

1. топ «Шебер»


Егер шынайы ынтамен үйренуге, түсінуге құлшынсаңдар, шебер тереңде жатқан тамырларын, биікте тұрған шынарын алақандарына салады. Әрине, мұның өзі өздігінен келмейді. Ерінбей еңбектеген, ойы ұшқыр, қиялы қанаттылар ғана жан - жақты меңгереді.
2. топ «Өнер»
Халқымыздың қолөнерінің сыры мол, өрнегі ғажап. Әрбір оюдың ізінде, әрбір оюдың өрнегінде ұлағат сыр, тарихы мол шежіре бар. Өткен тарих шежіресін біз бүгінде «Технология» пәні арқылы біліп, заман көшіне білімімізбен ілесіп отырамыз. Шынайы өнердің адамға әсері мол. Ою - өрнектер, сырлы суреттер, қолөнері ұлттың нағыз шынайы, пәк өнері.
3. топ «Іскер»
Әр халықтың өзіне тән қолөнері болады. Қазақ халқы да өзге ұлттан асыл мұрасы, ою - өрнегі арқылы ерекшеленеді. Әрбір текемет, сырмақ түрлерінен, алқа, сырға бұйымдарынан ойы ұшқыр, сезімі жоғары, қиялы терең, талғампаздықты көреміз.
4. топ «Зергер»
«Өнерім – жақсылардың жан азығы» - деп өнердің рухани нәрін халқымыз ерекше атаған. Талай ғасырдан сүрінбей бізге жеткен асыл мұраларды берік қойма, алтын сандық ойымызда сақтауға тырысамыз. Зергерлік өнер – қолданбалы көркем шығармашылықтың ең көне түрлерінің бірі. Бұл өте нәзік те күрделі өнер.
ІІІ кезең. Мақал - мәтелдер жарысы
1. Шебер тобы. /5мақал-мәтел/
Шын шеберде мін болмас.
Шешеннің сөзі мерген, шебердің көзі мерген
Шебердің қолы көпке ортақ.
Шеберді шеге қағысынан таны.
Ерінбеген етікші болады.
Шебер көп жерде - өнер көп.
Оюды оя алмаған – ойланбаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет