Қыз жібек жырдың маңызы әрі көркемдік ерекшелігі



бет2/3
Дата14.09.2023
өлшемі71 Kb.
#107375
1   2   3
Байланысты:
қыз жібек

«Ақмарал атым Жібек...» Дастанның басты кейіпкерінің бірі - Қыз Жібек. Жыршы оның мінез-келбетін нақтылы оқиғалар үстінде көркемдік айшықтармен шебер ашқан. Сырлыбай ханның көш сән-салтанаты Жібектің асқан көркем екенін алдын ала аңғартады. Соны суреттеу арқылы Төлегенді Жібекті көруге ынтықтыра түскен.
Төлеген мен Шеге он бір көштен өтеді. Сол көпі басындағы қыздардың көріктері: «Бейіштен шыққан там шырақтай», «Ақ бетінде кіршік жоқ, айдын көлдің қуындай» деп бірінен-бірі асыра сипатталады. Солардың бәрі осындай келбетті сұлу болғанда, Төлеген армандаған Жібек қандай екен? Төлеген енді Жібекті «бір көрмекке ынтық боп, тағат қылып тұра алмады».
Әлқисса, «екі ғашық қосылып, әңгіме дүкен құрады», «үш айдай ойнап-күліп, бақыт құшағына бөленеді». Енді Төлегеннің еліне қайтар шағы болады, Жібек көрегендік көрсетеді. Жеңгесі арқылы «қандай заман болар» деп Төлегеннің ата-анасының аты-жөнін, жай-күйін, артында Сансызбай сынды бауыры бар екенін біліп қалады.
Жібек жарын сағына, жолын тосып тағатсызданумен болады. Әрі түсінен шошынғаны бар.
Қыз Жібек өзінен дәмелі сұм қарақшы Бекежанның астындағы көкжорға атты көргенде:
Атана лағынет, ит қарақшы,
Көкжорға астыңдағы алдың қайдан? -
дегенде, қанішер Бекежан шімірікпей:
«Өзім батыр болған соң кімді аяйын,
Өлтіріп Төлегенді атын алдым», -
дейді міз бақпастан.
Қыз Жібек егіліп, еңіреп отырса да, Бекежаннан кек алмақты ойлайды. Кек алмаққа алты ағасын қайрайды.
«Туыспай кеткір алты аға» деп Сырлыбайдың өңкей бәрі алты ұлын шақырып алады. Олар Төлегенді өлтірген Бекежан екенін білген соң, оны ортаға алады.
Мойнына арқан салады,
Сүйретіп барып алтауы,
Төлегеннің жолына
Құрбандық қылып шалады.
Төлегенінен айырылып, бақытсыздыққа ұшырап отырғанда, Жібек басына тағы да бір пәле тап болады. Оның айдай сұлулығына елтіген қалмақ ханы Хорен мыңдаған әскермен Сырлыбай хан еліне келіп, қызыңды маған қалыңдыққа бересің, бермесең еліңді түгел шабамын деп өңгір таяқ орнатады. Мұншама қолға қарсы тұрар дәрмені жоқ Сырлыбай Хореннің дегеніне көнеді. Қызын бермек болады. Жібек бұл жерде де ақыл тауып кетеді. Хорен қалмақты қырық күн ойын-тойын жасауға көндіреді. Ондағы ойы «Сол елде сері жігіт жоқ па тәңірі, жесірін іздеп келіп неге алмайды?!» деп үміттеніп, кешіктіре тұрмақ. Жібек өлмей, Хорен қалмаққа нәсіп болмақ емес.
Жібек қайткенде де Хорен қалмақтан құтылудың жолын іздейді. Хорен қалмақтың «екі тұлпар аты бар». Жібек біреуін - ханның Сандалкөк тұлпарын тақымына басып, жарының аманатына, аруағына адалдық жасап, Төлегеннің еліне аттануға бел байлайды.
Жібек Хоренге өзі баруды ұйғарады. Ай мен Күндей Жібекті көргенде, «есі шығып, балқып кетті, мас болды». Бермеймін деген тұлпары Сандалкөкті «ертоқымын өзі салып, ерін ерттеп берді». Ол — ол ма, Жібек ханның тығулы он бес құлаш ақ семсерін де «ішінен беліне байлап алды». Хорен қалмақ Жібектің құрған торына қалай түсіп қалғанын байқамады да. Сөйтіп, Қыз Жібек Сансызбай мен Шегеге қосылып, Жағалбайлы еліне жол тартады. Арманына жетеді.
Жырда

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет