Ізбасар Шыртановқа



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата30.03.2017
өлшемі382,62 Kb.
#10615
1   2   3   4   5   6   7

Мәтжан би:

 

Осындай сӛздерді естігенде Сыпыра жырау, әлгідей 



саздарды  естігенде  Абыл  ақын  мен  Абыл  күйшілер  желке  жағымда 

тұрып  "естідің  бе?",  "естісең  ойландың  ба?"  деп,  күбірлеп  тұрғандай 

әсер аламын. 

 


Қоштай  бай:

 

(



тітіркеніп,  сескенгендей  болады)

 

Ей  Алла!  Сақтай  гӛр 



ӛзің!

 

Мәтжан  би:

 

Кей


-

кезде  домбыра  үні  сонау  Доспамбеттердің 

күрсінісі ме, Қазтуған мен Ақтамбердінің зары ма дегізеді...

 

Ермембет би:

  

(қулана)


 

Әй  Мәтжан!  Осы  сіздерді,  жарыларды 

айтамын,  "сағыр  жары"  дейтіндер  текке  айтып  жүрген  жоқ

-

ау,  асылы! 



Жастар  жастар  ғой,  тіпті  Мәтжан  мырза,  ӛзіңді  де  бірдеңе  шалықтап 

жүрген жоқ па?

 

 

Баймембет  басын  шайқап,  жымиып  күледі.  Иса  би  екі  биге  кезек



-

кезек 


сақтана қарап қалады.

 

Қоштайдың арланып отырғаны байқалады.



 

 

Мәтжан би:

 

Ереке мен сізге бір қызық әңгіме айтып берейін бе?



 

Ермембет би:

 

Ал айт! Айта ғой! 



 

Мәтжан би:

 

Жақын арада біраз еріккен сенің інілерің, есендерді 



айтамын,  бір  жары  жиенінің  үйіне  қыдырып  барыпты.  Қонақ  болады. 

Құрмет кӛреді. Кетерінде шаруа, бұйым

 

сұрасады. Әлгілер, есендерді 



айтамын,  тамақтарын  тойдырып  алып,  бұйым  жоқ,  шаруамыз 

жарылардың сағырларының санағын алып жүр едік депті.  

 

Ермембет  би:

 

Әй  Мәтжан,  бірдеңе  бүлдірейін  деп  отырсың



-

ау, 


осы, қағынған!

 

 



Қоштай  Мәтжанға  дәмете  қарап  қалған.  Иса  би  де  Мәтжаннан  оқыс  қимыл 

күтіп қалғандай

 

Мәтжан  би:



 

Мен  не  бүлдіруші  едім.  Бүлдіріп  жүрген  сенің 

інілерің. 

 

Қоштай бай:

 

Ал, сонымен!



 

Мәтжан  би:

 

Сонымен  не  болсын!  Жарының  сағырлары  деп, 



Ерекеңнің  інілері  сол  үйде  отырып  біраз  жарылардың  аты

-

жӛнін 



түгендеп, санап шығыпты. Болғаны сол!

 

Қоштай бай:

 

(назырқап қалады)



 

Қалай? Болғаны сол?!

 

Ермембет би:

 

Шыныменен болғаны сол ма? 



(ол да таңырқайды). 

 

Мәтжан  би:

 

Айтпақшы,  мен  айтуға  ұмытып  барады  екенмін  ғой. 



Үй  иесі  де  қарап  қалмай,  сағыр  деп  есендердің  тізімге  тізген 

жарылардың  нағашыларын  түгендеуге  кірісіпті.  Сӛйтсе,  сағыр  жары 

деп айдар таққандардың нағашылары түгелдей есен болып шығыпты.

 

 



Отырғандар

 

ду



 

күліседі.

 

 

Ермембет би:



 

(сақтана)

 

Ал сосын!



 

Тағы айтарың бар секілді ғой!

 

Мәтжан би:

 

Сосын не болсын! "Жарының нағашысы есен болса, 



баласы сағыр туады" дейтін мәтел шығыпты. Қазір жарының намысқой 

шалдары:  есен  түгілі  жеменейден  қыз  алмаймыз,  тұқымымыз  түгел 

сағыр болып кетуге айналды! Енді ол ауылға құда түсуді тоқтатыңдар! 


Қаратаудан  асып  тобыш  ауылдарына  барыңдар,  Жем,  Сағыздан  ӛтіп 

он  екі  ата  Байұлына  барыңдар.  Сол  жақтан  құда  іздеңдер  деп  үгіт 

айтып жатырған кӛрінеді. 

 

Қоштай бай:

 

Ал сосын...



 

Мәтжан  би:

 

Енді  Ереке,  сіздің  жігіттер  сағыр  жарының  тізімін 



емес отырып қалған кәрі қыздардың тізімін алып әуре болатын болар!

 

 



Отырғандар тағы да шуылдасып қалады.

 

 



Ермембет  би:

 

Әй  қағынғыр,  Мәтжан



-

ай!  Бүлдірейін  деп 

отырғаныңды сезіп едім! 

 

 



Бәйімбет  бай:

 

Бүлдіріп  бастаған  ӛзің  едің,  Ермембет,  Мәтжан 



аяқтап берді. 

 

Иса  би:

 

Ал  билер,  бас



 

жаққа  барыспалық!  Біздің  де 

нағашыларымыз жеменей еді. Ӛзімізді ешкімнен кем санамаймыз. 

 

 



Ермембет  би:

   


Мына  Мәтжанның  құлағына  сыбырлайтын  ақ 

сайтаны


 

бар болар асылы. Тапқыр ғой! Тапқыр!

 

Иса  би:

 

Сыбырласа  несі  бар!  360  әулие    әр  қайсысы  бір



-

бір 


ӛнерліні

 

қамқорласа болды емес пе! 



 

Маңғыстаудың қара ойы қашанда баталы ұлға, боталы нарға бай 

болатыны неліктен дейсің?! Солардың арқасы.

 

Мәтжан  би:

 

Бірақ  бұ  заманда  ата  аруғы  мен  баба  батасынан 



жаралғандардан  гӛрі  сайтанның  сандырағынан  жаралғандар  кӛбейіп  

бара жатырғандай



Бәйімбет бай:

 

Рас... Рас... 



 

Иса би:

 

(ойлана)



 

...Толмай жатып толысқан, таққа құмар... 

 

...Жетпей жатып желіккен, баққа құмар...



 

...Естімей жатып ереген...

 

...Кӛрмей жатып кӛреген...



 

... Сондайлар қырсығынан мынау заманның тынышы кетті! 

 

...


Күнде арыз, күнде дау! 

 

 



 

 

Бәйімбет бай:

 

Мырзалар! Жиналған шаруамызға оралсақ..



 

Қоштай бай:

 

Әуелі мына ӛнерпаздардан бір ән сұрасақ қайтеді?



 

Иса би:

 

Жарайды, сұралық!



 

Ал Шолтаман...



 

 

 



Шолтаман:

  

"Сұрағандарың  сӛз  болса"...  деп,  Шолтаман  жыр  күйін  біраз  тӛкпелетіп 



алып, тақпақтата (әндетіп емес)  жӛнеледі. 

 

 

Шәрбаттан балдай не пайда

 

Жұтқыннан әрі ӛтпесе.



 

Сұлудан "сұқсыр" не пайда

 

Тұшынып ӛзі ӛппесе.



 

Кӛрікті күннен не пайда

 

Күлмеңдеп нұрын тӛкпесе.



 

Тұлпардан дүлдүл не пайда

 

Ұзатпай қуып жетпесе.



 

Атақты ұлдан не пайда

 

Ағайын сӛзін кектесе.



 

Беделді биден не пайда

 

Тентектің ісін сӛкпесе.



 

Аспанда бұлттан не пайда

 

Маржанын жерге тӛкпесе.



 

Әкеден ұлға не пайда

 

Ақылы айтқан жетпесе.



 

 

Жарлыға бардан пайда жоқ



 

Тырысып еңбек етпесе.

 

Байларға малдан пайда жоқ



 

Қажетін ӛзі шектесе.

 

Тыңдаушым жырдан пайда жоқ



 

Айтылған сӛздің бар нәрі

 

Құлақтан әрі ӛтпесе,



 

Жүрекке таман жетпесе.

 

 

Әкеден ұлға пайда жоқ



 

Маңдайын соқпай, арымай.

 

Анадан қызға пайда жоқ



 

Жоғалтса ӛзі арын

-

ай.


 

Данадан жұртқа пайда жоқ

 

Ӛздері сүйіп танымай.



 

Батырдан елге пайда жоқ

 

Шашылып кетсе тарыдай.



 

Соқырға  сірә пайда жоқ

 

Болса да қанша жарық ай.



 

Тыңдаушым бойға сіңірші

 

Азғантай сӛздің нәрін



-

ай...


 

Бере алмаспын түгендеп

 

Бір жырмен қамтып бәрін



-

ай..


 

 

 



Бәйімбет  бай:

 

Пай,  пай!  Мынау  біз  естімеген  сӛз  екен!  Қандай 



насихат!

 

 



Ермембет би:

 

Мәтжан сенің сӛзің емес пе?



 

 

Мәтжан  би:

 

Шолтаманның  ӛз  сӛзі  болар,  шамасы!  Қасыңда 



жүрген біздерден жасырғаны да бар болып шықты, бұ баланың!

 

 



Шолтаман:

 

Жасырды  десе  де  болады,  жүрексінді  десе  де 



болады.  Әлі  ешкім  алдында  айтылмаған  сӛз  еді.  Бүгінгі  жиынға 

сақтағаным да рас.

 


 

Бәйімбет  бай:

 

(кӛңілдене)



 

Біз  бұл  термені  Шолтаманның 

сіздерден  жасырғаны  емес,  мына  біздей  ас  бергелі  жатқан  ағасына 

әкелген  сыбағасы  деп  түсініп  отырмыз.  Термең  тәуір  екен. 

Байғазысына қайтарда аулыңа ат жетектеп

 

қайтарсың.



 

 

Шолтаман:

 

Рахмет  бай  аға!  Жол  үсті  біреу  сауғаға  сұрап  алып 



қалмай,  келініңзге  аман  жеткізе  алсам  бергеніңіз  мал  басы  болып 

кетер, әлі. Қолы қайырлы атанған кісі едіңіз!..

 

 

Бәйімбет  бай:



 

Әй,  қу  бала!  Жақында  шаңырақ  кӛтерді  деп  еді! 

Бас  екеу  болғасын  малдың  да  қажет  бола  бастағаны  ғой,  бұл 

серілерге! Ат мінбеймін, бие жетектеткіз деп отыр?! Болсын, болсын!.. 

Бір байталды келін кӛрімдігі деп жетектеп кет!

 

 



Шолтаман:

 

Рахмет, бай



-

еке! Келініңіз мақтанып қалатын болды.

 

 

Мәтжан  би:



 

Дұрыс,  орнымен  берілген  сыйлық  болды,  Бәйімбет! 

Шолтаманның үйіндегі келініңіз ондай кӛрімдікке тұратын келін!

 

Қоштай  бай:  Со  келін  келмей  жатып  Шолтаман  қорасын  малға 

толтырыпты деп шулап жүр ғой жұрт.

 

Мәтжан  би:

 

Мал  мен  байлық  қашаннан  ақыл  мен  еңбекке 



құралғыш.

 

 



Қоштай  бай:

 

Шаңырағың  құтты  болсын,  Шолтаман!  Мәтжан  би 



Шолтаманды  үйлендіріпті  деген  хабар  біздерге  де  жеткен.  Айттыра 

барғанда қалыңдық қыз болашақ күйеуіне бір қызық баға беріпті дейді. 

О не сӛз?

 

 



Шолтаман:

 

Бізге айтарлықтай ештеңе деген жоқ. Мәтекеңмен тіл 



қатысқанын    естігендер  бар  екен.  Солар  болар,  түймедейді  түйедей 

етіп жүрген.

 

 

Қоштай  би:



 

Дегенмен  жел  болмаса  шӛп  басы  қимылдамайды 

деген...

 

 



Мәтжан  би:

 

Ондай  сӛздің  болғаны  рас.  Келініміз  кӛңілі  жүйрік, 



кӛзі қырағы екенін бірден танытты!

 

 



Ермембет би:

 

Мәтжан би сондай баға берсе ол келін сӛзі құлақ 



түруге жарайтын сӛз болғаны. 

 

Иса би:

 

Ал айтып кӛрші, ол не сӛз?.



 

 

Мәтжан  би:

 

Бұл  жігіт  ӛнерінің  арқасында  қалыңсыз  қыз  алып 



келіп  отыр.  Шаңырағына  бір  атақты  қыз 

 

қалыңындай  мал  жиналып 



қалды...

 

 



Шолтаман:

 

Ән  мен  дауыс  иесін  қарық  қылатын  болса  әнші 



біткеннің бәрі шетінен бай болмас па еді? Талай ӛнерпаз қалың тӛлей 

алмай,  қыз  алып  қашып,  елін  шабыстырып,  руын  ұрандатып  жүрмес 

еді ғой! Сіздің арқаңыз ғой, бәрі де, Мәтжан аға!

 

Ермембет  би:

 

Кімнің  арқасы  болса  да  алып  келіпсіңдер.  Құтты 



болсын! Ал, сонымен...

 

Мәтжан  би:

 

Ӛткен  қыста  Әлімдер  елі  тойға  шақырып  сол  жақта 



біраз  уақыт  болып  қайттық.  Доңызтауды  жайлаған  Жұмағұл  деген 

ақсақал аулында болдық. Мен қасыма адайдың біраз ӛнерлі жастарын 

еріткен едім. Ӛнер кӛрсеттік. 

 


Шолтаман:

 

Сауық  пен  қызыққа  толы  бір  тамаша  күндер  болып 



еді

-

ау!



 

Мәтжан  би:

 

Қайтатын  күні  аттарымызды  алдыртып,  қоржын,  



дорбаларымызды  қамдатып,  дайындыққа  кіріскен  кез  еді.  Жұмағұл 

ақсақал  бізден  бұйым  сұрады.  Мен  сол  ауылдың    бойжеткендері  кӛп 

екенін байқап жүр едім, батылдық етіп Шолтаманға қыз айттырдым... 

 

Меселімді  қайтармас  деп  Жұмағұл  мінезінен  дәметіп  едім. 



Жұмағұл мен ойлағаннан да асып түсті... Мінезі мерт кісі болып шықты. 

 

...Әлі күнге таң қаламын...



 

Иса би:

 

Сені Жұмағұл қалай таңдандырды?



 

Мәтжан  би:

 

Жұмекең  сӛзге  келместен:  "Шолтаманға  бір 



қыздарыңды қый дейсің ғой, Мәтжан би!.. 

 

...Олай болса ана шай құйып отырған ӛзімнің сүйікті немерем еді. 



Адайдың  Мәтжаны  құда  түсіп  отырса,  мынадай  жігітке,  Шолтаман 

секілді  ӛнер  иесіне  сол  балам  лайық  болар!    Ұнатсаңдар  қимасымды 

қидым сіздерге. Басқа немелерімнен ерекшелеу еді!"  –

  

дегені...



 

Қоштай бай:

 

Пай, сабаз



-

ай!


 

Мәтжан би:

 

Ӛмірімде бір оңай тындырған шаруам болды. Қалған 



барлық  шаруаны  атасы  мен  қыздың  ӛздері  бітірді.  Біздер  тек  қана 

солар сӛзіне куә болып отырдық.

 

Қоштай бай:

 

Қалыңына қалай келістіңдер?



 

Мәтжан би:

 

Олар қалың сұрамады, біз бермедік...



 

Қоштай бай:

 

Қалыңсыз қыз қандай келін?..



 

Ермембет би: Қыз бірдеңе айтты деп едіңдер?

 

Мәтжан  би:

 

"Шолтаманға  сол  лайық  болар,  ұнатсаңдар  қидым 



осы

 

баламды.  Басқа  немелерімнен  ерекшелеу  еді!",    –



 

деп  алып, 

Жұмекең: "Балам сен не дейсің?" –

 

деп немересіне бұрылды.



 

 

Жұмағұлдың немересі, әлгі шәй құйып отырған жап



-

жас қыз: "Екі 

ата келісіп жатырсыңдар. Аталар келіссе қыз қайда барушы еді!" –

 

деп 



жауап қатты. 

 

Ермембет би:

 

Батыл бала екен. 



 

Мәтжан  би:

   


Батылдығын  ол  басқаша  кӛрсетті.  "Аталар  келіссе 

қыз  қайда  барушы  еді.  Бірақ  осы  жасқа  дейін  қара  басын  қамдай 

алмай жүрген Шолтаман мырза ертең от басын қамдай

 

алар ма екен?" 



 

деп, саңқ ете қалғаны. 



 

Үй іші тым

-

тырыс болды да қалды. 



 

Ермембет би:

 

Апырай, а?..



 

Мәтжан  би:

 

Мен  де  таң  қалып,  баламен  сӛз  таластыру  қалай 



болар екен дегендей атасына қарадым. 

 

Сол  жерде  Жұмекең  есін  жиғандай  боп,  маған  бір  қарап,  



баласына бір қарап: "Қарағым оның жарлы екенін қалай білдің, кімнен 

естідің?" –

 

деп тіл қатты. 



 

Қыз оған:

 


 

О хабарды маған ешкім айтқан жоқ. Оны үстіндегі сәнді шапаны 



мен  әнші  мырзаның  ӛз  қылығы  айтып  отыр.  Жас  жігіттің  екі  жеңін 

кезек


-

кезек сыйпалай беретіні –

 

бұрын кимеген киімін қызықтағаны. 



 

О жігіт бай баласы болса ӛз шапанын ӛзі қызықтамас еді... 

 

Шет  жерде  ӛнерлі  жігіттің  иіні  жыртық  болмасын  деп  бір  ағасы 



шапан  жауып  жіберген  болар...  Барғасын  шешіп  алса,  тағы  да 

жалаңаш қалмас деймісің?.. 

 

Енді бір ағасы беделін пайдаланып құда түсіп отырған шығар... 



 

Үйлендіріп алып, ұмытып кетпес деймісің?..

 

Шолтаман  мырза  бұл  шаруалар  туралы  ойланды  ма  екен 



дегені

... 


Сонша адам отырып бір ауыз сӛз қайтара алмадық... 

 

Ермембет би:

 

Япырай, а... Болар бала жас болмас деген осы



-

ау!


 

Қоштай бай:

 

Сонымен әңгіменің арты немен аяқталды?



 

Мәтжан  би:  Бұл  сӛздің  арты  тіпті  біз  ойламаған  жаққа  қарай 

жалғасып  кетті...  Атасы  біраз  үнсіздіктен  кейін:  "Балам

-

ай,  ойлы 



екеніңді  шамалайтын  едім!  Мен  дәметкен  жерден  де  асып  түсерсің! 

Алла бағыңды ашқай! Ал ойыңда тағы не бар, ашып айтшы?" 

деді.


 

Сонда  қызы  атасына:  "Шолтаман  мырзаның  жарлылығы  рас 

болды.  Биі  бар,  басқасы  бар  Шолтаман  жарлы  емес  еді  деп  ешкім 

араша сұрамады. Енді менің дегенім болсын десеңіз бұлардан қалың 

да  сұрамаңыз,  маған  енші  де  бермеңіз!  Қызыңызды  той  жасап 

ұзатыңыз  да,  шығарып  салыңыз.  Адай  елі  сізге  берер  қалыңын,  жай 

қалың  емес,  Әлім  елінің  ардақтысы  Сіздің  сүйікті  қызыңызға  лайық 

деген  қалыңмалы  мен  жасауын  бұ  жаққа,  жер  шеті  алысқа  айдамай, 

ауыл қасынан Шолтаман қорасына жеткізіп берсін...

 

Мен  Жұмекеңе  қарадым.  Жұмекең  маған  қарады.  Екеуміз  де 



қостағандай  болдық...  Кӛз  қараспен  түсіністік...  Арада  үш  ай  ӛткенде 

келінімізді алып келдік...

 

Қоштай бай:

 

Келін түскенше Мәтжан би қыз отауын тігіп, қорасын 



малға толтырып қойыпты...

 

Ермембет  би:

 

Оң  босағасында  отырып,  барар  қорасын  малға, 



шаңырағын  дүнияға  толтырып  тастаған  екен  ғой,  айналайын! 

Келіндерің құтты болсын! Біздер де үлесімізді қосармыз, әлгі қорадағы 

малына. Ӛзіміз жеткізіп берерміз...

 

Қоштай  бай:

 

Осындайға  жұмсаған  малың  –



 

адалың  емес  пе! 

Шолтаман  інім:  "Мен  келін  шақырамын!  Қалаған  уақытыңда  келіп, 

біздің ауылда ән салып, малыңды әндетіп айдап кет!..

 

Біздің ауылдың бір үйір құласы сенікі, Шолтаман! 



 

 

Шолтаманды  бәрі  құттықтап  жатады.  Бәйімбет  бай  жаңа  әңгіме 



бастайтынын білдіре тамағын кенеп, сӛз бастайды.

 

 



Бәйімбет  бай:

 

Уа,  құрметті  билер!  Қонақтарым!  Естіп  те 



жатырған  боларсыңдар,  мен  келесі  жылы  жаз  бен  күздің  астасқан 

кезінде әкеме ас бермек болып жатырмын. Тап осы жұртта ӛткізбекпін. 

Менің  әзірге  шешкен  шешімім  де,  бітірген  ісім  де  осы.  Барлық  қалған

 

шаруаларды  сіздерге  тапсырсам  ба  деймін.  Асқа  басшылық  етуді, 



мына інім, Иса биге жүктегелі отырмын. Ол келісімін берді.

 

Ермембет би:

 

Дұрыс екен! Бәйімбет бай әкесіне асты кешіктірді



-

ау дей бастап еді, былайғы жұрт. Алла ниетіңді қабыл еткей! 

 

Бәйімбет бай:

 

Әмин! Айтқаның келсін!



 

Ермембет  би:

 

Бұл  істі  Иса  биге  тапсырғаныңыз  –



 

бастамай 

жатып  ісіңізді  жартылай  тындырғаныңыз,  байеке!  Біз  де  қолымыздан 

келгенін аямаспыз.

 

Мәтжан би:

 

Бәрекелді! Алла ниетіңізді қабыл еткей! Ерекең істің 



жартысы  басталмай  жатып  тынып  қалды  деп  отыр  ғой!  Қалғанын  да 

тындырып тастайтынын айтты. Бізге жеңілдеу тиетін болды!

 

Иса би:

 

Мәтжан!  Қашқақтама, інім!  Басқаға жеңіл тисе де, саған 



жетерлік  іс  бар.  Алдымыздағы  аста  жұмыстың  ауырын  да,  күрделісін 

де саған тапсырғалы отырмын.

 

Мәтжан

 

би:

 

Орындалуы қолымыздан келетін іс болса, салмағын 



ауырлай  қоймаспыз.  Ас  –

 

елдің  шаруасы.  Ел  шаруасы  –



 

бәріміздің 

шаруамыз! Тапсырыңыз!

 

Қоштай бай: Ниетің қабал болсын Бәй

-

еке! Бірақ... 



 

 

Қоштай  паңданып,  тамағын  қырнап  сӛз  бастағанша  Бәйімбет  бай 



шыдамсызданады.

 

 



 

Бәйімбет  бай:

 

Не  ойың  бар  еді,  Қоштай  шырағым?  Айтсашы.  



Бірақ деген сӛзіңнің арты  жыраққа кетіп қалды ғой, жиенжан!

 

 



Қоштай  бай:

 

(намыстанғаны  байқалады)



 

Бұл  Бәйімбет  ауылы 

шетінен  асығыс  пен  қапылыс...  Сӛздер  салдыр

-

гүлдір  бір  құлағынан 



кіріп,  қаңғыр

-

күңгір  бір  құлағынан  шығып  жатпаса  ӛздерін  далада 



жалғыз қалғандай сезінеді.

 

 



"Бірақ"  дегенім  бай

-

еке,  әкеңізге  асты  шыбын



-

шіркейсіз  жерге

Қырға шығып бермейсіз бе?



 

 

Бәйімбет бай:

 

Кімнің кӛп сӛйлейтінін біз білмейміз, бір Құдайдың 



ӛзі біледі. Бірақ...

 

 



 

Бәімбет те паңданып, тамағын қырнап Қоштай қылығын қайталайды...

 

 

Қоштай бай: Сіздікі қандай "бірақ"?



 

Бәйімбет  бай: 

(қулана)


 

Сенің  руың  Жары.  Жарыдан  Дәулеталы. 

Сол  ауылға  келе  жатқан  біреу  ауыл  маңында  кездескен  біреуден 

Дәулеталылар ауылда ма деп жӛн сұрапты. 

 

Үйде  болар.  Жаңа  сол  үй  қасынан  ӛтіп  бара  жатып  кӛзім  түсіп 



кетіп  еді,  түндігі  желпілдеп  тұр  екен.  Соған  қарағанда  Дәулеталы 

нағашымның ӛзі де, балалары да түгел үйде болса керек!.. деген сӛзді 

естігенің бар ма?

 


Қоштай  бай:

 

Бір  жарым  естеу  жиеннің  шығарған  сӛзі  болар. 



Жалпы екеуміздің сәніміз сӛз санау емес, қой санау емес пе еді?

 

Иса би:

 

Әй байлар, қойларыңды күзде санарсыздар. Қазір сӛзді 



бізге беріңдер. Біз ас жайын сӛз етелік...

 

...



Сонымен...  Менің  қазір  сіздерге  айтпағым  жалпы  қазақ 

халқының асы туралы ӛз ойларым. 

 

Қазақтың  асы  дегені  –



 

елге  ұсынар  әдет

-

ғұрпы,  жастарға 



кӛрсетер үлгісі, кӛпшілікке кӛрсетер тамашасы, талап етер тәртібі! 

 

Рас па!



 

 

Қоштау сӛздер.



 

Рас, рас.

 

 

Ас деген –



 

ас иесінің, сол рулы елдің ата

-

баба әдет



-

ғұрпын қалай 

орындап келе жатқаныны туралы ел алдында берер есебі! 

 

Рас па! 



 

 

Қоштау сӛздер.



 

Рас, рас.

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет