Жеткіншектің тұлға ретінде даму статусы



Дата03.12.2022
өлшемі300,23 Kb.
#54574
Байланысты:
1501-21 Мұса Салтанат Презентация

Жеткіншектің тұлға ретінде даму статусы

Орындаған:Мұса Салтанат

Группа:1501-21

Қабылдаған:Досанова М.М.

Жоспары:

  • 1.Жеткіншек жасы
  • 2. Жеткіншектер жас кезеңінің ерекшеліктері
  • 3. Жеткіншектер арасындағы комплекстер
  • 4. Жеткiншектiң бiрiншi қажеттiлiгi
  • 5. Жеткiншек кезеңдегi тұлғалық жаңа құрылымда

Жеткіншек жасы

•Жеткіншек жасы –балалық пен ересектік арасындағы онтогенетдік даму

•( 11–12 жастан, 16–17жасқа дейін), жыныстықжетілу және ересек өмірге кірумен ерекшелінеді.

Жеткіншектер жас кезеңінің ерекшеліктері

  • Жеткіншек жасындағы балалардың жас ерекшеліктерінің психологиялық негіздерін зерттеушілер Р.Байярд, Д.Байярд, Т.В.Драгунова, А.Е.Личко, М.Кле, М.Реттер, Л.С.Выготский, П.М.Якобсон, И.С.Кон т.б. осы кезеңде бала ағзасында болатын көптеген физиологиялық процестер олардың жан қасиеттеріне күрделі әсерін тигізетінін дәлелдеген.Жеткіншек жас кезеңі «өтпелі кезең», «қиын жас», «пубертаттық жас» деген аттармен аталып, осы кезде балалардың ересектіккке өтуіндегі проблемалары көрсетіледі. Бұл проблемалардың барлығы осы жас кезеңінде өтетін психофизиологиялық өзгерістер, жыныстық жетілу процестерімен байланысты. 

Жеткіншектер арасындағы комплекстер

• Құрдастарынан өзінің келбеті жөнінде сөздерді ауыр қабылдау.

• Шамадан тыс қоғам өзінің ойын сіндіру қажеттілігініңболуы.

• Шамадан тыс өзімшілдік немесе тұйықтылықтың болуы.

• Эмоционалды тұрақсыздық, көңіл-күйдің тез өзгеруі байқалады. Эмоционалды тұрақсыздық-ұлдарда 11-13жаста, қыздарда 13-15 жас аралығында көп байқалады.

Жеткіншектің бірінші қажеттілігі

  • Жеткiншектiң бiрiншi қажеттiлiгi – қызығушылықтары ортақ адаммен достық қатынас орнату. Ер жеткен сайын қиыншылықтарымен, ойларымен бөлiсуге мүмкiндiк беретiн жақын достық қатынастарға қажеттiлiгi күшейедi. Жеткiншектерге оларды жақсы түсiнетiн, сүйенiш болатын достары өте қажет. Олар тек құпияларымен, не жоспарларымен ғана бөлiсiп қоймайды, сонымен қатар, iшкi проблемаларын, басқалармен қатынасындағы конфликтiлерiн шешуге бiр-бiрiне көмектесе отырып, сезiмдерiмен де бөлiседi.

Жеткiншек кезеңдегi тұлғалық жаңа құрылымда

  • Жеткiншек кезеңдегi тұлғалық жаңа құрылымдар — өзбеттiлiкке талпыну, ересек болу, ересектердiң өмiрiне атсалысу қажеттiлiктерiмен анықталады. Ересектермен қарым-қатынасында қайшылықтар пайда болуы мүмкiн. Осы қайшылықтардың шешiлуi жеткiншектiң кризистiк кезеңнен өткендiгiн бiлдiредi. Т.В.Драгунова қайшылықтың үш вариантын қарастырады. Бiрiншiсiнде қайшылық тереңдеп, конфликт күрделене түседi. Бұл ересектердiң жеткiншектiң тəуелсiз болуға, сенiм артып, сыйлауды талап ету талпыныстарына ретсiз деп қарауынан болады. Жеткiншек болса ересектiң бұл қатынасына əр-түрлi формадағы қарсылықпен жауап бередi.

Назарларыңызға рақмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет