Издательство «Северный Казахстан» Зейнел-Ғаби Иманбаев балаларға арналған қызықты әңгімелер



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата03.03.2017
өлшемі30,69 Mb.
#7243
1   2   3
еркебаЙ тракторшы

Еркебай  сырма  шапанын  киіп, 

белін  буды,  жақында  ғана  тіккіз-

ген кішкене былғары етігін аяғына 

киді. Құлақшынының бауын жоға-

ры көтеріп байлап алды. Ол енді өз 

әкесіне көбірек ұқсап кетті. Осын-

ша жылы киімдерді тек әкесіне ұқ-

сай түсу үшін ғана киген еді. Он-

дайда кәрі әжесі:

-  Еркебай  әкесінен  аумайды,  ол 

киімдерін әкесінше киіп жүреді, - 

деп қуанып қалады.

-  Несі  бар,  киімдерімді  киіп 

жүремін,  мен  әкем  сияқтымын, 

-  деп  ол  ойыншық  тракторының 

кішкене  орындығына  отырып 

алып қопаңдап қойды.

Бұл тракторды Рысжан ұстаның 

көмегімен  қаңылтыр  қорапшадан 

өзі  жасап,  шестернядан  доңғалақ 

орнатқан,  түтін  шығатын  кішкене 

мұржасы бар.

 Еркебай тракторын итеріп тысқа 

шықты,  шеті  ирек-ирек  доңға-

лақтары  айналған  сайын  қаңыл-

тырға тиіп тыр-тыр етеді. Тракто-

ры  кешегіден  бүгін  қызық  болып 

көрінді.  Әкесінің  тракторындай 

дырылдайды, жеңіл жүреді. Бір ай-

ырмасы - өз бетімен емес, итерме-

лесе ғана жүреді.

Еркебай тракторын сүйреп ауыл 

шетіндегі дөңеске шығып аз қарап 

тұрды.  Күн  көзі  тас  төбеде.  Жаңа 

көктей  бастаған  жазықта  сағым 

ойнайды.  Сол  тұста  тракторлар 

жер  жыртып  жүр.  Оны  жүргізіп 

жүрген Еркебайдың әкесі.

Еркебайдың алдында да сонау кө-

гілдір бұлаққа қарай көлбеген ылди 

бар.  Өткен  қыс  осы  жерде  шана-

мен сырғанақ тепкенін есіне алды. 

Еркебай  байқаусызда  тракторын 

аяғымен қозғап қалғанда төмен қа-

рай зырлай жөнелді. Дырылдап ба-

рады, жеткізер емес. Сасқалақтаған 

Еркебай артынан зорға жетіп асыла 

кетті. Сол кеткеннен ұшыртып оты-

рып, ойдағы бұлақтың ернеуіне ба-

рып бір-ақ тоқтады.

- Алақай, қызық болды, - деп ай-

қайлап  жіберді.  Ол  енді  трактор-

ды  жетектеп  тағы  дөңге  көтеріл-

ді, тағы дырылдатып төмен қарай 

жүгіртті. Енді өзін нағыз трактор-

шыдай сезінді. Қішкене тұтқалар-

ды  кезек  жұлқып  оңға-солға  бұр-

ды,  артқа  қарап  қойды.  Қырлы 

доңғалақтың  іздері  түсіп  қалып 

жатыр. Еркебай жер жыртып жүр, 

әкесіндей  тракторшы  жігіт  болып 

шықты.  Жүгіріп  қаспақ  мұрын 

Қалқабай келді. Ол бұдан бір жасы 

кіші, бесте болатын. Күліп қуанып 

тұр,  қызығып  тұр.  Басқа  балалар 

да келіп тамашалай қарасты.

Еркебай  тракторына  отырып 

Қалқабайды жанына шақырды:

- Кел, сен тіркеуші боласың, мен 

тракторшымын.

Қалқабай  мұрынын  жеңімен 

сүртіп  тартынып  еді,  жанындағы 

балалар итермелеп зорға көндірді. 

Қалқабайды  артына  мінгестіріп, 


15

төмен  қарай  құлдырай  жөнелді. 

Қалқабай  алғаш  қорықса  да  үй-

реніп алды. Енді жүре бергісі келді. 

Балалардың барлығы да «тіркеуші» 

болып төмен қарай құлдырауға құ-

мартты.

-  Еркебай,  біз  де  тіркеуші  бола-



мыз, біз де! - деп шуласты олар. 

   


 

«Балдырған» журналы №7,  

1960 жыл

аЙҚас

Жуан  қарын  торы  биенің  тізесі-

не  түскен  қара  жалы  бар,  жер  сы-

зған  мол  құйрығы  бар.  Көзінің 

біреуі  сонаның  көзіндей  аппақ, 

екіншісі  мөлдіреген  қоңыр.  Жұрт 

оны шағыр бие деп атайтын. Қазір 

пүлістей  жылтыраған  жұмыр  са-

уырына  қонған  шыбын-шіркей-

лерді  құйрығымен  қағып,  оттауға 

кірісті. Жанында жас құлыны жүр. 

Құлыншақтың  жібек  жалын  жел 

желпиді.  Кішкене  құйрығын  тез-

тез оңға-солға сермейді. Енесін ай-

нала  шауып  ойнақтайды.  Осынау 

әдемі  дүниеге  келгеніне  қуанады. 

Ойынға қызығып ұзап кетсе, енесі 

оқыранып соңынан барады.

- Алыстап кетпе, адасарсың, жа-

зым  боларсың,  -  дегендей  болады. 

Құлыншағын өзінен басқаның бәрі-

нен қызғанады. Жандарында көсіліп 

ақ күшік жатыр. Қалың шалғыннан 

күшіктің  жотасы  ағарып  көрінеді. 

Аты Майлыаяқ, жұрт күшік деген-

мен ол үлкен ит. Ұрты салбыраған, 

сымпыс  құйрық,  оң  жақ  құлақше-

кесі бояп қойғандай қап-қара, жасқа 

толған қарулы ақ төбет. Ит өткір са-

рыала көздерін құлынды биеден ау-

дармайды. Күннің ыстығынан жұқа 

тілін  шығарып  жіберіп,  солқ-солқ 

етеді.  Аспандағы  жұлма-жұлма  ақ 

бұлттарға  зеріге  қарайды.  Құлын-

ды  жақсы  көреді,  онымен  ойнағы-

сы келеді. Бірақ енесі жолатпайды. 

Тақымының  түлеген  жүнін  тісте-

леп  қасынады  да  күшік  амалсыз-

дан қайта жата кетеді. Күннің аптап 

ыстығынан шөлдейді, тілін тартып 

алып  жұтынады.  Ызыңдаған  шір-

кейлерді  қағып  алмақшы  болып 

азуларын  сақ-сақ  еткізеді.  Жыл-

тыр  қара  тұмсығын  қөтеріп,  сонау 

мұнартып тұрған ауылға қарайды.

Күшік  аласа  бойлы  сары  бала 

Нұржанды  сағынады.  Көрмегелі 

бірнеше күндер болып барады. Ке-

удесіне  секіріп  еркелегісі  келеді. 

Нұржанның  пионер  лагеріне  ұзақ 

уақытқа кеткенін қайдан білсін?!

Күшіктің  қарны  ашып  әбден 

сусаған  кезі  еді.  Ол  ауылға  қарай 

жорта жөнелді.

Торы бие күн бата тоғай арасына 

кірді. Жиегін жалбыр талдар көм-

керген  Есіл  өзені  сылдырап  ағып 

жатты. Бетіне айдың дірілдек сәу-

лесі түсіп тұрды. Көлемі киіз үйдей 

болып бұтақ жайған кәрі үйеңкінің 

түбіне  келіп,  бие  ұзақ  үйкеленді 


16

де, құламадан түсіп, суға бас қой-

ды.  Одан  өрге  көтеріліп,  шалғын-

да  жайылды.  Уызға  тойған  торы 

құлын  көсіліп  ұйықтауға  жатты. 

Үстінде ұсақ сүр шіркейлер шалқи 

ұшып,  ызың-ызың  етеді.  Енесі 

жұмсақ ақ тілімен бірер жалап, жу-

сауға кірісті.

Шағыр бие басын көтеріп алған-

да,  алдында  тайшадай  көк  ит  тұр 

еді.  Осқырына  қарады,  құлағын 

қайшылап,  кетік-кетік  жалпақ 

тұяғымен  жер  тарпыды.  Көк  ит 

бір  жатып,  бір  тұрады,  еркелейді. 

Құйрығын бұлаңдатып, мүсәпірсіп 

жақындай түсті. Бие тынышталай-

ын деді, жерге бас қойды. Құлын-

шақ  керіліп  алып,  итке  жақын-

даңқырап  барып,  иіскелеп  көрді. 

Бейтаныс ит құлынның танауынан 

жалап, еркелеп алдап тұрып, алқы-

мына  жармаса  түсті.  Құлыншақ 

шыңғырып  аспанға  секірді.  Енесі 

бас салып, көк итті тарпып жіберді.

Бұл жауыз қасқыр еді. Бие құлы-

нын қорғап, айнала қуды, қара тер 

болды. Қасқыр қыбын тауып, жас 

құлынды жеп кеткісі келді. Құлын-

шақ  енесінің  бауырына  тығылып 

шыр-шыр етеді.

Ай  бұлт  астына  тығылып  қара 

түнек  басты.  Қасқыр  жалақтап 

құлынды  биенің  алды-артын  ора-

ды,  жанталасты.  Қалайда  дегені-

не  жетуге  қалды.  Осы  кезде  ауыл 

жақтан  шауып  келген  Майлыаяқ 

қасқырға  жармаса  кетті  де,  алып 

ұрды.  Қасқыр  жан  ұшыра  атып 

тұрып  тоғайға  қарай  бас  сауға-

лап  қаша  жөнелді.  Қуып  кеткен 

Майлыаяқ аздан соң тал арасынан 

сылаң  етіп  шыға  келді,  үсті-басы 

қан-қан,  құлағы  жырылып  қалып-

ты. Келе шағыр биенін тұмсығына 

секіріп,  еркелей  бастады,  қыңсы-

лады.  Өзінің  ауылға  кетіп  кешігіп 

қалғанына кешірім сұрағандай бол-

ды.  Майлыаяқтың  өжеттігіне  риза 

болған бие оқыранып қоя берді.

Майлыаяқ 

айнала 


шапты, 

секірді.  Ол  шексіз  қуанышты  еді. 

Енді Майлыаяқ жүрген жерге жа-

уыз  қасқыр  қарасын  көрсете  ал-

майтын болды.

 «Балдырған» №2,1961 жыл.


17

орман тұрҒыны

Айсыз  түн.  Орманның  іші.  Үл-

кен қара дене мүйізі тармақ- тармақ 

болып, баяу қозғалып келеді. Бұл - 

орман тұрғыны тағы бұлан еді.

Ол  тоқтады  да,  әлуетті  мойнын 

жуан қайыңға үйкелеп ұзақ тұрды. 

Сөйтіп  ілгері  бір  аттады...  Ілгері 

бір  аттауы-ақ  мұң  екен,  сырғанай 

жөнелді.  Атқып  кетпек  еді  үлге-

ре  алмады.  Ауыр  денесі  солқ  етіп 

төмен қарай түсіп кетті. Тар үңгір-

ге барып, кептеліп қалды.

Ағашы  шіріп,  аузы  опырайған 

соқыр  құдықтың  ішіндегі  бей-

қам  құрбақаларды  шошытып  жі-

берді.  Олар  құдық  түбіндегі  зең-

гіл  тартқан  сасық  суды  мекендеп 

зерігіп  болған  еді.  Көк  аспаннан 

басқаны  көрмейтін.  Мына  түсіп 

кеткен алып махұлық тар қуыстың 

астан-кестеңін  шығарды.  Тынып 

жатқан  қойыртпақ  суды  аяқта-

рымен есіп- есіп жіберді.

Бұланнын  үлкен  қоңыр  бұқа-

сы  бар  қайратын  жұмсап  арпалы-

сты.  Қапылыста  кездескен  пәле-

ден құтылуға тырысып бұлқынып 

бақты.  Бұлқынған  сайын  ескі 

құдықтың  ернеулері  опырылып 

төмендей  берді.  Таң  атқанша  еш-

теңе өндіре алмады, босқа қара тер 

болды.

Құдық  үстіне  төніп  тұрған  қай-



ыңның  жасыл  жапырақтарына 

күннің алтын сәулесі түскенде тұс-

тұстан  құрбақалар  аңдып  шықты. 

Бәрінен  батылырақ,  көпті  көрген 

кәрі  құрбақа  бұланның  арқасына 

секіріп шықты. Одан мүйіздерінің 

тармақтарына  шығып  алды.  Ол 

аңдардың алыбы бұланның мүйізі-

не шығып алғанына мәз болды.


18

Күн артынан күндер өтті. Бұлан 

аштық  пен  шөлден  қажып  болды. 

Қараңғы  түскесін  кең  кеудесінен 

үһілеп  қоңыр  дыбыс  шығарады. 

Мөңірегені төңірегінен ұзамайды.

Ауылдан  шалғай  ескі  қыстау 

болғандықтан  мұнда  адамдар  көп 

келе  бермейтін,  бүгін  бір  топ  ба-

лалар  бүлдірген  теріп  жүріп  құ-

дықтың үстінен шықты.

Ең  жүйрікпін  деген  екі  бала 

балағын  түрініп  жіберіп,  жақын 

жердегі  малшыларға  тартты.  Көп 

уақыт өтпей-ақ хабаршы балалар-

ды  ертіп,  екі  атпен  Есембай  қарт 

келіп жетті. Атай құдықта жатқан 

бұланды көріп:

-  Ойхой,  жануарым-ай,  түздің 

бұласы  едің,  мына  күйге  түсірген 

аңқаулығың  ғой!-деп,  мүсіркей 

сөйледі.


Атай  құдықтың  жиегін  тайқита 

қазуға  кірісті,  балақайлар  да  жан 

аямай  көмектесті.Құдық  жиегі  ар-

шылып  бұланның  кең  омырауы 

мен  арқасы  көрінді.  Өз  бетімен 

бұлқынып  шығуға  дәрмені  жоқ 

болатын. Есекең аттарға қамыт са-

лып,  арқанмен  тартып  шығарды. 

Арқанды шешіп үлгерісімен бұлан 

орнынан атып тұрды да бұтақ мүй-

ізді басын шайқап сілкініп жіберді. 

Сөйтті  де  күн  нұрына  шомылып 

тұрған жасыл орманға қарай атқып 

жөнелді.Ұзап бара жатып бұрылып 

артына  қарады,  рахмет  айтқандай 

болды.


 

Суреттерін салған  

Ю. НЕНАХОВА

«Балдырған» журналы №12, 

1961 жыл

19

түЛкі мен Қоян

Аш  түлкі  інінен  шықты.  Тоғай 

арасында  талай  күн  жортса  да, 

аузына  ештеме  іліге  қоймап  еді. 

Еріген  қар  мен  тасыған  судан 

бас  сауғалап,  тышқандар  індері-

не  тығылып  қалыпты.  Бұрын  қар 

астына жасырынатын қара құрлар 

ағаш басына шығып кетіпті.

Түн қараңғылығын пайдаланып, 

түлкі тағы жем іздеуге шықты. Жел 

уілдеп тұр. Тал басы елбең қағып, 

үйеңкілер  толассыз  теңселеді. 

Тоғай шетіндегі жарқабақ астында 

гүрілдеп сең жүріп жатыр.

Есіл өзені тасып жатыр.

Түлкіге де керегі - осы. Ағаштың 

шуылы, өзеннің гүрілдеген үні түл-

кінің сыбдырын білдірмейді. Түлкі 

күртіктен  күртікке  секіріп,  енді 

бірде  аппақ  тамағын  жерге  төсеп 

жата қалады. Сүп- сүйір тұмсығын 

желге  тосып,  иіс  алады.  Бір  кезде 

жыртқыштың көзі ұшқын шашып, 

тұра қалды. Ол алдында бір аң ба-

рын сезді. Түлкі жерге жабыса, іл-

гері жылжыды да, шоқ талға қарай 

атылды. Ұйтқыған жел жаңылдыр-

ды ма, түлкі мезгеген жерінен асып 

түсті. Тушадай ақ қоян тал түбінен 

ата жөнелді.

Қоян  алда,  түлкі  артта,  шыты-

рман  жыныс,  нулардың  арасымен 

құйындатып  келеді.  Шошынып, 

бет  алды  қашқан  қоян  бір  кезде 

Есілдің  жарқабағына  келіп,  кілт 

тоқтады.  Жалақтап,  түлкі  де  жет-

ті.  Қоян  сең  үстіне  атқыды.  Түлкі 

де соңынан секірді. Екеуі мұз үсті-

не  қатар  түсті.  Қатты  ағын  сеңді 

жұлқып ала жөнелді.

Тулаған  толқында  үйдей  сең-

дер  жаңқадай  дөңгеленіп,  күтір-

күтір омырылады. Енді қояннан да 

түлкіден де ес кетті. Қоян бишара 

жырық ерні салбырап, қалш-қалш 

етеді. Түлкі тұмсығын мұзға төсеп, 

бұға береді.

Сеңдерге  соғыла-соғыла,  бұлар 

отырған  мұз  бірте-бірте  кішірейе 

берді.  Сең  үсті  тарылған  сайын 

қоян  мен  түлкі  бір-  біріне  жақын-

дай түсті. Енді бір кезде екі дұшпан 

бір-біріне  тығылды.  Қымсынар 

қоян жоқ, қайта түлкіні ес көрген-

дей. Сөйтіп су апаты олардың жау-

лықтарын ұмыттырды.

Есіл  арнасынан  асып,  алқапқа 

лап қойды. Көп ұзамай, тоқымдай 

мұз  бір  қыраттау  жерге  шықты. 

Сол  кезде  қоян  құрғаққа  қарай 

атылды.  Түлкі  де  оның  соңынан 

секірді, Қоян қырға шоқаңдай жө-

нелді. Түлкі су болған жүнін сүйір 

тілімен жалап отырып қалды.

Суретті салған Д. Безруков

«Балдырған» журналы №7,  

1963 жыл.


20

кішкене маЛшы

Қази  ағай,  үркек  көкке  арба  салып, 

кешқұрым жайылымға аттанды. Кішкене 

баласы  Серікті  бірге  ала  кетті.  Баланың 

қуанышы  қойнына  симайды.  Айналаға 

қызыға  қарайды.  Алда  көк  орман.  Жол 

бойы түгел жайқалған бидай. Ауа қандай 

таза.


- Әке деймін, дала қандай оңды! - деп, 

Серік әкесінің жеңінен тартқылайды.

- Иә, балам, туған далаң қашан да оңды! 

- дейді ағай, алысқа көз жіберіп.

Міне, өзек бауырынан мал көрінді. Ва-

гон-қосқа келіп, ат басын тіреді.

Торлаған  жауын  бұлтынан  айнала  ә 

дегенше  қараңғы  тартты.  Нажағай  оты 

жыпылықтап  қояды.  Әкелі-балалы  екеуі 

қосқа кіргенде, вагоншенің іші қара көлең-

ке  еді.  Қази  ағай  шам  жақты.  Пешке  от 

тұтатып,  шай  қайнатты.  Серікке  қостың 

шайы үйдегіден де дәмді болып көрінді. 

Әкесі шекпенін киіп белін буды да, тыпы-

ршып тұрған атына қарғып мінді.

-  Серікжан,  менің  тоныма  оранып  ұй-

ықтай  бер.  Оянғанда,  анау  бұзауды  бай-

қай саларсың, - деді де жортып кетті.

Қос ысып кеткен соң, Серік тілдей есікті 

ашып қойды. Сыртта орман қарауытады. 

Бұлт бүркеп, жұлдыздарды да көрсетпей-

ді. Әлде қайдан сиыр мөңірейді. Әкесінің 

айғайы естіледі. Бұзау да жалынышты да-

уыспен қайта- қайта мөңірейді.

- Байлаулы жатып азып кетеді-ау, семір-

мейді ғой! - деп аяды бала. Дорбадан бір 

кесек  нан  алып  аузына  тосты,  жемеді. 

Тонға оранып, қайта жатты. Бір сәтте ба-

сын  көтеріп,  тысқа  қараса,  қызыл  бұзау 

мойын жібін сүйретіп, қосты айнала ша-

пқылап жүр екен, шешіліп кетіпті. Байла-

мақ болған Серіктен үркіп, ағаш арасына 

қаша  жөнелді.  Бала  жіптің  ұшынан  тар-

тып,  көп  жерге  дейін  тырмысып  еді,  қа-

раңғыда сүрініп құлап қалды. Бұзау ұзап 

барады.


21

- Қалыңға кіріп кетсе, таба ал-

маймын-  ау,  қасқыр  жеп  қойса 

қайтем,  -  деп,  Серік  ыза  болып, 

жылап жіберді. Жас толған көзін 

бұзаудан  айырмай,  жүгіріп  ке-

леді.  Бұзау  мұнда  дегендей,  на-

жағай  жарқ  ете  қалады  да,  ар-

тынан тас қараңғылық орнайды.

-  Әукім-әукім,  ауға-ау!  -  деп, 

үні біткенше айқайлайды.

Бұзау ағашты жиектеп қашты. 

Ақыры  шоқ  талдың  іргесіне 

келіп, құлақтарын қалқайта қой-

ды.  Әлде  неден  үріккен  сияқты. 

Бүйірі,  солқ-солқ  етеді.  Серік 

«әу-  кем-әукем»  -  деп,  жақын-

дай  берді.  Сүйреткен  ұзын  жіп-

ке  қолы  жеткенде,  тағы  ыршып 

түсті.


-  Енді  сенен  өлсем  де  айырыл-

маспын!  -  деп,  бала  жіпті  беліне 

орап  алды.  Бұзау  кейін  тартады, 

Серік  ілгері  сүйрейді.  Алыста 

қостың  әлсіз  жарығы  көрінеді. 

Қап-қара  бұлт  төніп  келеді.  На-

жағайдың  жарқылы  жиілеп,  ас-

пан  дүңгір-дүңгір  етті.  Мұздай 

суық жаңбыр құйып кетті. Бәрінен 

қорқыныштысы нажағай болды.

Аспан сатырлап сынып, күлпар-

ша болып түсіп жатқандай. «Бұза-

уды тастап, қосқа жүгіріп кетсем, 

қайтеді»,  -  деген  бір  ой  келіп  еді. 

«Жо- жоқ, малшы олай етпейді», - 

деді.


Бір кезде алысып жүріп бұзау-

ды қосқа жеткізді-ау.



«Балдырған»,  

1963 жыл 

22

Жекпе-Жек

Қыстың  жайлы  бір  жылы  күні 

еді.  Қыр  үстіндегі  ауылға  қарай 

асықпай келе жаттым.

Бір  кезде  сай  ішімен  бірін-бірі 

қуалай зытып бара жатқан екі қа-

раны байқап қалдым. Алдыңғысы 

тушадай аң қоян да, кейінгісі қыр-

дың қызыл түсті арлан түлкісі екен.

Түлкі  өкшелей  қуып  жүр.  Қоян 

да  жеткізер  емес,  аяқтарын  аян-

бай сілтейді. Кенет ол оқ бойы ой-

қастай берді де, ойламаған жерден 

бұғып жата қалды. Мұны күтпеген 

түлкі екпінін баса алмай төне бер-

генде,  ақ  қоян  артқы  аяқтарымен 

бар  пәрменімен  оның  төсінен  са-

лып  жіберді.  Түлкі  шалқалақтап 

барып, қайта ұмтылды.

Ашық  алаңдағы  ақ  қар  үстінде 

қызу айқас осылай басталды. Түл-

кі  өткір  тісті  азуын  қоянның  әр 

жеріне аямай-ақ салып жүр. Бірақ 

оны  елер  қоян  жоқ,  ол  да  өзінше 

қару жасап, әлді дұшпанының қи-

мылын аңдып жүріп, оны не тістеп, 

не теуіп қалады.

Айқас  біраз  уақытқа  созылды. 

Бір  кезде  қызыл  түлкі  ұзын  құй-

рығын  бір  бұлаң  етті  де,  ақ  қар 

үстіне аунап түсті. Сол сәтте орғып 

түскен қоян да қалың шіліктің іші-

не сүңгіп кетті.

Мен  тақап  келгенде,  түлкі  ша-

лажансар халде екен. Бейшараның 

ішегі шығып, шұбатылып жатыр.

Қоянды  қан  шашыраған  ізіне 

түсіп,  әлгі  шілік  ішінен  таптым. 

Ер  қоян  ұзынынан  түсіп  өліпті. 

Денесінде  жарадан  сау  жер  жоқ, 

қып-қызыл қанға боялған.

Дүниедегі  ең  қорқақтардың  бірі 

-  қырдың  ор  қояны  мұндай  ерлік 

көрсеткеніне  қайран  қалып,  мен 

сол арада біраз тұрып қалдым.

«Балдырған» журналы №12, 

1964 жыл


23

кӘрім - ЖаЛтаҚбаЙ

Орыс тілі пәнінен жатқа жазу са-

бағы жүріп жатқан.

Кәрім соңғы сөзді жазып болып, 

қайта оқып шықты. «Морковь» деп 

ішінен әлденеше айтты, дұрыс жа-

зылғандығына  сене  алмай  отыр. 

Көрші  баланың  дәптеріне  қарап 

еді, «мәрковь» деп жазыпты. Солай 

бір түзеп қойды да, «Қайкен қалай 

жазды  екен  деп?»  мойнын  созып, 

алдыңғы баланың дәптеріне үңіл-

ді. Ол «мәркөв» деп жазыпты.

«Әй, осының жазғаны дұрыс бо-

лар» деп ойлаған Кәрім «О» әрпін 

«Ө» ге түзетіп, мұғалімге дәптерін 

тапсырды.

Келесі күні мұғалім:

- Өз күшіне, өз біліміне сенбей, 

жұртқа жалтақтаған Кәрім бір сөз-

ден  үш  қате  жіберіпті,  сондықтан 

екілік алды,- деп, хабарлады бала-

ларға.

Оқушылар ду күлді.



Содан бастап Кәрім де жұрттың 

дәптеріне қарамайтын болды. 



«Балдырған» журналы №9,  

1965 жыл

24

ер тураЛы аңыЗ

Ертеде, жаугершілік заманда та-

лай  жорықтарға  шығып,  елін  жа-

удан  қорғаған  Бөгембай  деген  бір 

батыр  көп  жасап,  жүзден  асыпты. 

Бертінде қарттық жеңе бастап, үй-

інде отырып қалыпты.

Бірде  халін  біле  келушілердің 

бірі:

- Батыр, көп жасап, көп көрдіңіз. 



Үбірлі-шүбірлі  болдыңыз.  Сізде 

арман жоқ шығар, - дейді оған.

Сонда, қарт батыр:

-  Ей,  шырақ-ай,  армансыз  адам 

болушы  ма  еді,  -  деп,  басын  кө-

теріпті.  -  Сауыт  құрсанған  батыр 

едім, елім үшін қан майданда жа-

умен жағаласып өлсем бе деп едім, 

олай  болмады.  Арманым-әлі  де 

бір жорыққа шығып, жау қолынан 

құрбан болу.

...Бұл қазақ пен жоңғардың жау-

ласып тұрған кезі екен. Бір түні ба-

тыр ұйқылы- ояу жатып:

-  Ат-тан!  Ат-тан!  Жау  шапты!  - 

деген дауысты естиді. Қарт батыр 

тұра келіп, кереге басындағы най-

засын  алады  да,  далада  кермеде 

тұрған  тұлпарына  қарғып  мініп, 

жауды қуып кете барады.

Ел  қалың  ұйқыда  қала  береді. 

Батырдың  балалары  да  сол  түні 

үйде  жоқ  екен.  Қарт  батыр  жауға 

жалғыз шабады.

Қаптал  шапанының  етегі  да-

лақтап,  құйғытқан  бойы  басқын-

шылармен  араласа  кетеді.  Барған 

бетте  тұқыл  найзамен  бір-екеуін 

құлатып,  көзінен  от  шаша,  енді 

басқаларына  ұмтыла  бергенде, 

жоңғардың  бір  жас  батыры  қарсы 

алдынан келіп, шіреп тұрып, садақ 

тартады. Сұр жебе сауытсыз баты-

рдың  кеудесінен  тиіп,  аттан  ұшы-

рып түсіреді.

Кейін келіп жеткен жұртқа өлей-

ін деп жатқан батыр:

- Жұртым, енді менде арман жоқ, 

- деп, күлімсіреген екен дейді.

Суретін салған В. Ненахов

«Балдырған» журналы, №2, 

1966 жыл.


25

ҚарЛыҒа ҚаЛаЙ Құс боЛды

Қ а р л ы ғ а 

ашық  терезеден 

аула  жаққа  қа-

рап отыр.

Аулада 


бақ 

гүлдеп тұр. Алма 

ағаш тары н ы ң 

қызыл  астар  ақ 

гүлдері  жасыл 

жапыраққа  жаба 

салған ақ мақтаға 

ұқсайды. Гүлдерді түрткілеп аралар 

жүр.  Олар  да  әр  түсті.  Ызың-ызың 

етеді. Бақты бауырымен сызып қар-

лығаштар  ұшып  жүр.  Біздей  тұм-

сығын көкке көтеріп, қараторғайлар 

не түрлі әуенге салады.

-  Жаз  қандай  әсем  еді!  Мына 

шексіз  аспанға  құс  болып,  қанат 

қағып ұшар ма еді, шіркін!.. - деп 

ойлады Қарлыға.

Сосын  Қарлыға  қолдарын  қанат-

ша  сермеп-сермеп  қалып  еді,  лып 

етіп аспанға көтерілді. Ұшып барып, 

бақтың  арғы  шетінде  тұрған  биік 

ағаштың басына қонды. Бұл жерден 

бүкіл ауыл алақандағыдай көрінді.

-  Қарлығаны  қараңдар,  аспан-

да  ұшып  жүр.  Қарлығаға  қанат 

бітіпті.  Төбесіне  байлаған  қызыл 

бантигі желбіреп барады, - деп шу-

ласты балалар.

-  О,  тоба,  Мәліктің  қызы  Қар-

лығаны  қараңдар,  аспанда  ұшып 

жүр! - деп таңырқасты үлкендер.

Қарлыға  ауыл  үстімен  ұшып 

өтіп,  өздерінің  бақшасына  келіп 

қонды. Терезе алдында сүйеп қой-

ған  қуыршағын  біреу  құлатып 

кетіпті. Сурет салатын дәптері де, 

бояу  қарындаштары  да  шашылып 

жатыр.  Бәрін  бүлдіріп  жүрген  ақ 

төс тарғыл мысық.

Қарлыға  болса,  ойыншықтарын 

бұлай  шашып  көрген  жоқ-ты.  Де-

реу  жинап  қойғысы  келді.  Бірақ 

оның енді бұрынғы қолы жоқ. Қол 

орнында - қанаттар. Қанаттарымен 

әрлі-берлі қарманып көріп еді, ой-

ыншықтарын жинастыра алмады.

Көп ұзамай әке-шешесі де түскі 

асқа  келеді.  Картоп  пен  сәбіз  ар-

шып қою керек. Шөжелерге де жем 

салынбапты. Жұмыс көп.

Қарлыға  бақты  айнала  ұшып 

шығып,  ашық  тұрған  терезеден 

үйге  кірді.  Төсек  астынан  тарғыл 

мысық  «ыр-ыр»  деп  айбат  шек-

ті.  Сап-сары  көздерін  ежірейтіп, 

бұқпантайлап  келеді.  Бақшада 

торғай ауларында, дәл осылай жер 

бауырлап  жылжитын.  Өзінің  құс 

екенін,  тарғыл  мысықтың  бас  са-

луға  оңтайланып  келе  жатқанын 

Қарлыға  сонда  бір-ақ  білді.  Ол 

бақырып жылап жіберді...



26

Көзін  ашса,  терезе  алдында  ба-

яғы  орнында  отыр.  Жалма-жан 

көзін  уқалай  бастады.  Жанында 

күле қарап, ойыншығы тұр. Сурет 

дәптері де, қарындаштары да өз ор-

нында. Тарғыл мысық басын бауы-

рына  тығып,  пырылдап  ұйықтап 

жатыр.  Даладағы  гүлденген  бақ 

сыбдыр қағып, құстар сайрап тұр. 

Қарлыға қуанып кетті. - Жоқ, мен 

құс  болмаймын.  Ешқашанда  құс 

болмаймын! - деп, ол ас үйге қарай 

жүгіре жөнелді.



Суретін салған В. Лохоня, 

«Балдырған» журналы№10, 

1966 жыл



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет