Ізденістер, №1 исследования, НƏтижелер 2015 результаты



Pdf көрінісі
бет44/66
Дата15.03.2017
өлшемі8,44 Mb.
#9299
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   66

Выводы 

Таким  образом,  из  приведенного  выше  материала  следует,  что  древесные  и 

травянистые растения (газоны) в существенной степени способствуют очищению воздуха от 

взвешенных  пыле-газо-дымовых  частиц,  а  также  обладают  шумопоглотительными 

свойствами. Отсюда следует, что в любой урбанизированной среде должны в значительной 

мере присутствовать многолетние насаждения. 

 

Литература 

 

1  Горышина Т.К. Экология растений. М.: Высшая школа, 1979. 

2  Культиасов И.М. Экология растений. М.: Изд-во МГУ, 1982. 

3  www.marsu.ru/bhf/thuja/gl3.html 

4  http://www.zgorod-nn.ru/index.php?page=articles&id=2 

 

 



Раджибалиев Ф.А., Кентбаева Б.А. 

 

ҚАЛАЛЫҚ АҒАШТАР МЕН БҰТАЛАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ 



 

Бұл мақалада қоршаған ортаның қалалық алқаптарының жағдайы бойынша мəліметтер 

келтірілген. Жасыл сүзгі жағдайы туралы, əуе жəне топырақ ортасының  əсері мəліметтері 

келтірілген. 



Кілт  сөздер:  Экология,  ағаштар  мен  бұталар,  қалалық  қоршаған  ортаны    қорғау, 

экологиялық факторлар, топырақ факторлары, ластануы, шаңдауы. 

 

Radzhibaliev F.А., Kentbayeva B.A. 



 

STATE OF URBAN TREES AND SHRUBS 

 

This article provides abstract data as of urban areas in the urban environment .The influence 



of air and soil environment on the state of the green filter. 

Keywords: ecology, trees and shrubs, urban environment, environmental factors, soil factors

pollution, dus.

 

 

 



 

325 

 

ƏОЖ: 635.646:631.674.6+635-18                                                              



 

     Рахымжанов Б.С. 

 

 

    Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Алматы  

 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫСЫНДА БАЯЛДЫНЫ (Solanum melongena L.) 

МИНЕРАЛДЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШТАРДЫ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП  

ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ 



 

          Аңдатпа 

          Мақалада түрлі тыңайту нормаларын пайдалана отырып тамшылатып суғару арқылы 

баялдыны  өсіру  бойынша  жүргізілген  зерттеу  жұмыстарының  нəтижелері  келтірілген. 

Зерттеудің  мақсаты – Қазақстанның  оңтүстік-шығысы  жағдайында  баялды  дақылын  түрлі 

тыңайту  нормаларын  пайдалана  отырып  тамшылатып  суғару  кезіндегі  су  шығынының 

үнемделуі мен өнімділікке əсерін зерттеу. 

Зерттеу нəтижелері баялдыны тамшылатып суғару кезінде су шығындарының 29,27%-

ға  үнемделуін  қамтамасыз  ететіндігі,  танаптардың  арамшөптелуінің 58,46%-ға 

төмендегендігі  анықталды.  Тамшылатып  суғарумен  бірге  тыңайтудың  үш  еселенген 

(N

150



P

90

K



120

)  мөлшерін  пайдаланған  кезде  бақылаумен  салыстырғанда (N

0

P

0



K

0

) 41,37% 



қосымша өнім алу қамтамасыз етілді.  

          Кілт  сөздер: 

баялды,  тамшылатып  суғару,  жүйекпен  суғару,  су  шығынының 

үнемделуі, тыңайту, арамшөптену, өнімділік

 

          Кіріспе 

          Қазіргі  уақытта  Қазақстан  əлемнің  ажырамас  бөлігі  ретінде  су  ресурстарының 

жетіспеушілігін сезіне бастауда жəне болжам бойынша 2040 жылға қарай су жетіспеушілігі 

оның қажеттілігінің 50%-ына жетуі мүмкін. 2012 жылы жалпы тұтынылған су көлемі 19,5 

км



құрады жəне оның ішінде негізгі көлемі (68%-ы) ауыл шаруашылығының үлесіне тиді. 

Өткен ғасырдың 90-жылдары суғармалы жерлердің көлемі  іс  жүзінде 2,1 млн. га асты  жəне  

өсімдік    шаруашылығынан    алынатын    өнімнің 30%-нан  астамын  қамтамасыз  етті. 

Статистикалық  мəліметтерге  сай,  қазіргі  уақытта  республикадағы  суғармалы  жерлердің 

көлемі 1,5 млн,  га  жетпейді,  сондай-ақ  олардан  алынатын  өнім  мөлшері  өсімдік 

шаруашылығы өнімдерінің 5,3%-ын ғана қамтиды, яғни суғармалы жерлердің ауданы ғана 

емес, сонымен қатар олардың өнімділігі де төмендеген [1]. Жер жəне су ресурстарын тиімді 

пайдалану – мелиорация  ғылыми  мен  суғармалы  егіншілік  тəжірибесінің  маңызды 

міндеттерінің  бірі  болып  табылады.  Су  ресурстары  жетіспеушілігінің  артуы,  топырақ-

мелиоративтік жағдайлардың қолайсыздығы аймақтағы суғармалы жерлердің мелиоративтік 

күйін жақсартуға əсер ететін суүнемдегіш дифференциалды суғару режимдерін құрастыруды 

талап етеді [2]. Сумен қамту мен суғарудың суүнемдегіш технологияларын (тамшылатып, 

жаңбырлатып,  дискретті)  ауыл  шаруашылығында  пайдалану  қолданыстағы  суғармалы 

жерлердің 7%-ынан аз немесе 98,5 мың га құрайды [1]. Агроөнеркəсіптік кешен мен өсімдік 

шаруашылығында  еңбек  өнімділігін  арттыру  алдыңғы  орындағы  міндеттердің  қатарында 

тұрады. Суғарудың заманауи əдістерін өндіріске ендіру – бұл мақсатқа жетудің бірден-бір 

жолы  болып  табылады,  тамшылатып  суғару  да  сондай  əдістердің  қатарына  жатады. 

Мемлекет  басшысының  тапсырмасы  бойынша  АӨК-не  өсімдік  шаруашылығындағы 

егістіктердің 15%-ына  дейін  суғарудың  заманауи  түрлерін  енгізу  міндеті  жүктелген. 

Тамшылатып  суғаруға  көкөніс  өсіруші  шаруашылықтар  да  қызығуда.  Үкімет 2020 жылға 

қарай осы мақсатта жалпы алғанда 10 мың га дейін жерлерге қаржыландыруды жоспарлауда 

[3]. Оның үстіне республикамызда жыл сайын 340-360 мың га жерге картоп жəне көкөніс-

бақша  дақылдары  өсіріледі.  Аталған  дақылдар  негізінен  суғармалы  жағдайда 

өсірілетіндіктен суүнемдеуші технологияларды енгізудің əлеуеті жоғары [4]. 



326 

 

Жер  бетімен  суғарудың  дəстүрлі  əдістері  суғаруды  ғана  емес,  сондай-ақ 



тыңайтқыштар,  аурулар  мен  зиянкестерден  қорғау  құралдарын  енгізу,  үсікпен  қорғау, 

сергітуші  суғаруды  жүргізуге  жəне  т.б.  жағдайларда  да  қолданыстағы  жартылай  немесе 

толық стационарлы құрылғыларға ақырындап орын беруде. Əдебиет көздерін талдаулар жер 

бетімен суғару кезінде бұрынннан суғарылатын жерлерде 50 т/га, ал жаңадан суғарылатын 

жерлерде 100-179 т/га  топырақ  шайылып  кететіндігін  көрсетеді.  Эрозия  нəтижесінде 

енгізілген  тыңайтқыштардың  тиімділігі,  топырақтың  қарашірік  мөлшері  төмендейді. 

Жүйекпен  суғаруды  көп  жылдар  бойына  қолдану  топырақтың  құнарлылығын  біртіндеп 

төмендетеді.  Топырақтың  агрофизикалық-агрохимиялық  қасиеттері  нашарлайды  жəне 

ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігі төмендейді. Суғаруға қажетті суды үнемдеу мен 

топырақ  құнарлылығын  жақсарту,  ауылшаруашылық  дақылдарының  өнімділігін  арттыру 

үшін  суғарудың  суүнемдегіш  технологияларын  құрастыру  жəне  сынау  қажет.  Дамыған 

елдерде суғарудың су қоры үнемдегіш жаңбырлату, тамшылату мен топырақ астынан суғару 

сияқты тəсілдері пайдаланылады жəне су шығыны 40-50%-ға дейін үнемделеді. Өнімділік 

пен топырақ құнарлылығы артады [5]. 

Тамшылатып  суғару – суғарудың  экономикалық  негізделген  жəне  экологиялық 

қауіпсіз тəсілі, онда жер бетіне орналасқан құбырлармен суғару таспаларындағы тесіктерден 

су өсімдіктің тамырына аздаған өлшеммен беріліп тұрады. Тамшылатып суғарудың негізгі 

басымдылығы – су  шығындарының  айтарлықтай (50-90% шамасында)  үнемделуі  болып 

табылады.  Автоматты  тамшылатып  суғару  жүйесінің  мəнісі – мұнда  жер  емес,  өсімдік 

суғарылады. Мұндай əсерге судың түгел бойына тесіктері (тамшылатқыштары) бар икемді 

түтіктер  арқылы  өсімдіктің  тамыр  маңайы  аймағына  тікелей  берілуі  нəтижесінде  қол 

жеткізіледі [6]. Сондай-ақ,  тамшылатып  суғару  кезінде  өсімдіктің  тамыр  маңайы  аймағы 

үнемі  ылғалды  болады,  ал  топырақ  беті  құрғақ  күйінде  қалады,  бұл  ылғалдың  булануы 

шығындарын айтарлықтай азайтады жəне топырақ пен өсімдікке күтім жасау жұмыстарын 

жүргізуге кедергі келтірмейді. Мұндай жағдайларда арамшөптер мен зиянды организмдердің 

дамуы əлсіз болады [7]. 

Қазақстан  Республикасы  үшін  тамшылатып  суғару  салыстырмалы  түрде  жаңа 

технология  болып  саналады. 2005 жылы  елімізде  бар-жоғы 160 га  жер  тамшылатып 

суғарылса,  бұл  көрсеткіш 2009 жылы 4206 га,  ал 2010 жылы 10788 га  жетті. 2011 жылы 

суүнемдегіш технологиялар 18311 га жерге енгізілді, яғни 100 есе артты.  

Еліміздегі  ауылшаруашылық  дақылдарының  тамшылатып  суғарумен  өсірілетін 

аудандарын  көбейту  үшін  аталған  технологияны  жан-жақты  зерттеу  жəне  жоғары 

агроэкономикалық  жəне  экологиялық  тиімділігін  қамтамасыз  ететін  ғылыми  негізделген 

ұсыныстарды құрастыру қажет [8]. 

Республиканың  ауыл  шаруашылығы  Министрлігінің  мəліметтері  бойынша  аз 

таралған дақылдарының егістік аудандары кеңеюде, оның ішінде баялдының ауданы 3,5 мың 

га  құрайды,  осының  үштен  бірі  республиканың  оңтүстік-шығысында  орналасқан.  Баялды 

Қазақстанның, жекелеп алғанда, Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тау бөктері аймағы 

жағдайында  жеткілікті  мөлшерде  зерттелмеген  көкөніс  дақылы  болып  саналады.  Бұдан 

бөлек,  оны  ашық  танап  жағдайында  жаңа  жəне  қолданыста  бар  технология  элементтерін 

жетілдіру  өте  өзекті  болып  табылады.  Осы  тұрғыдан  алғанда  баялдыны  өсіруде  нақты 

топырақ-климаттық жағдайларда суғару тəсілдерінің, тыңайтудың əсері бойынша бірқатар 

толық  анықталмаған  сұрақтар  бар.  Осы  факторлардың  қайсысының  өнімділікті 

қалыптастыруға көбірек əсер ететіндігі де анықталмаған.  



Материалдар мен зерттеу əдістері 

Зерттеулер 2012-2014 жылдары  аралығында  Қазақ  картоп  жəне  көкөніс 

шаруашылығы  ғылыми-зерттеу  институтының  (ҚазККШҒЗИ)  тəжірибе  стационарында 

жүргізілді. 

Тəжірибе танабының топырағы күңгірт-қара қоңыр, орташа балшықты. Жыртылатын 

қабатта 3% қарашірік, 0,18-0,20% жалпы азот, 0,19-0,20% жалпы фосфора, 2,3-2,5% жалпы 

калий, 33-35 мг/кг жылжымалы фосфор мен 340-360мг/кг алмаспалы калий бар. Топырақтың 


327 

 

көлемдік  салмағы 1,2 г/см3,  топырақ  ортасының  реакциясы  əлсіз  сілтілі – pH 7,3-7,4. 



Катиондық алмасу сиымдылығы 100 г топыраққа шаққанда 20-21 мг-экв. Бөлтек 3-5º еңкіш, 

бұл  көкөніс  дақылдарын,  жекелеп  алғанда  баялдыны  суғаруға  айтарлықтай  əсері  бар 

екендігін білдіреді. 

Зерттеулерде еліміздегі көкөніс шаруашылығы зерттеулерінде кеңінен қолданылатын 

дəстүрлі:  Юдин  Ф.А.  Агрохимиялық  зерттеулер  əдістемесі (1980); Доспехов  Б.И.  Егістік 

зерттеулердің əдістемесі (1985); Көкөніс жəне бақша шаруашылықтарындағы тəжірибе ісінің 

əдістемесі (В.Ф.Белик жəне т.б., 1992); əдістемелері пайдаланылды. Тəжірибеде көкөністерді 

өсіру агротехникасы ҚазККШҒЗИ ұсыныстарына (2012 ж.) сай жүргізілді. 

Зерттеулерде республиканың барлық облыстарына дерлік пайдалануға рұқсат етілген 

баялдының Алмаз сорты пайдаланылды. Зерттеу үшін суғарудың екі тəсілі: жүйекпен суғары 

(бақылау), тамшылатып суғару жүйесі (Naan Dan Jain, Израиль) пайдаланылды. Зерттеу үшін 

жүйекпен (бақылау) жəне тамшылатып суғару жүйелері алынды. Жүйектердің ұзындығы – 

100  м,  қатараралығы – 0,7 м,  отырғызу  сұлбасы – 70х30  см,  өсімдіктердің  орналасу 

тығыздығы – 47,6 мың  дана/га.  Магистральды  құбырлардағы  қысым – 0,8-1,0 атм., 

тамшылатқыш таспалардағы жұмысшы қысым – 0,3-0,4 атм., тамшылатқыштар саны – 47614 

дана/га. 

Суғару  кезіндегі  қажетті  су  мөлшерін  жоғарғы  жəне  төменгі  ылғалдылық 

аралығындағы топырақтағы су жетіспеушілігі негізіндегі И.А.Костяковтың формуласы (1) 

бойынша анықталды. Су шығынын есептеу тəжірибе мөлтегінің басы мен аяғындағы қалдық 

суды есептеу үшін орнатылған Чиполеттидің суды жайылмайтын дəрежеде аударып құйып 

алу көмегімен жүргізілді.  

Тыңайтқыштарды суғарумен қоса пайдаланған кезіндегі əсерін анықтау масқатында 

бақылаудан (N

0

P



0

K

0



)  бөлек 3 түрлі (N

50

P



30

K

40



; N

100


P

60

K



80

  жəне  N

150

P

90



K

120


)  тыңайту 

мөлшерлері алынды. Өнімділікті есептеу техникалық пісіп-жетілу кезеңдерінде жалпылама 

əдіспен əр қайталанымдағы үлескілер құрылымы бойынша жүргізілді.  

Зерттеу нəтижелері жəне оларды талқылау 

Өлшенбелі  цилиндр  мен  секундомер  көмегімен  орташа 1 тамшылатқыштан: 20 

минутта – 0,5 литр (494-504 мл); 30 минутта – 0,75 л (741-756 мл); 1 сағатта – 1,5 л (1482-

1512 мл); 2 сағатта – 3 литр (2964-3024 мл) су берілетіні анықталды. 

Зерттеу  нəтижесінде  біздер,  Қазақстанның  оңтүстік-шығысындағы  орташа 

құмбалшықты  күңгірт-қарақоңыр  топырақтарда  баялдыны  тамшылатып  суғару  кезінде 

дифференциалды амал жасау қажеттігіне тоқталдық. Орташа алғандағы есептік мəліметтер 

бойынша 1 сағат  суғару  кезінде 1 тамшылатқыш  топырақ  бетін  еніне – 20,4-21,9 см,  ал 2 

сағатта – 28,4-30,6 см  (диаметрі  бойынша).  Яғни,  өсімдік  түбі  маңайындағы  топырақ 

толығымен ылғалданады. Суғармалы судың 1 сағат суғару кезіндегі сіңу тереңдігі орташа 

алғанда – 16-18 см,  ал 2 сағатта – 26,5-28,1 см  шамасында  болды.  Мұнда  топырақтың 

жыртылатын  (тамыртүзілетін)  қабатының  толығымен  ылғалдылығы  қамтамасыз  етіледі. 

Осыған  сай,  өсімдіктің  суға  деген  қажеттілігі  төмен  бастапқы  фазаларында 1-1,5 сағат 

суғарған жеткілікті болады. Өсімдіктің бұдан кейінгі даму кезеңдерінде суғару мерзімдерін 

2-2,5 жəне 2,5-3,5 сағатқа көбейту қажет, бұл бір тамшылатқыштан 3-3,5 жəне 4-5 л судың 

берілуін  қамтамасыз  етеді.  Суғарудың  мұндай  режимі  су  шығыны  мен  электр  энергиясы 

шығындарын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. 

Баялдыны  тамшылатып  суғару  кезіндегі  суғару  саны  зерттеу  жылдарына  қарай 

ауытқыды. Яғни, 2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда көп суғарылды, мұны күндізгі ауа 

температурасының  жоғары  болуымен  түсіндіруге  болады. 2013-2014 жылдар  бойынша 

орташа алғанда вегетациялық кезеңде баялды 26 мəрте суғарылды. 

Біздің  зерттеулерімізде  тамшылатып  суғару  кезінде  зерттеу  жылдары (2013-2014 

ж.ж.) бойынша орташа алғанда баялдының суғару нормасы, яғни өсімдіктің вегетациялық 

кезең бойына (отырғызғаннан жемістердің жаппай пісуіне дейінгі) тұтынған судың жиынтық 

мөлшері 3310 м

3

/га  тең  болды.  Зерттеу  нəтижелері  жүйекпен  суғарумен  салыстырғанда 



328 

 

тамшылатып  суғару  кезінде  су  шығыны 1370 м



3

/га  немесе 29,27%-ға  үнемделгендігін 

көрсетеді (Кесте 1). 

 

Кесте 1. Вегетациялық  кезеңдегі  баялдыны  тамшылатып  суғару  кезіндегі  су  шығындары 



(үнемделуі), м

3

/га (2013-2014 ж.ж.) 



 

Көрсеткіштер 

Су шығыны 

Жүйекпен суғару (дəстүрлі), м

3

/ га 4680 



Тамшылатып суғару (сыналатын), м

3

/ га 3310 



Су шығынының үнемделуі 

м

3



/ га 1370 

% 29,27 


 

Көкөніс  шаруашылығында  танаптардың  фитосанитарлық  күйінің  маңызы  жоғары. 

Баялды  танабы  отырғызу  жəне  тамырландыру  кезеңдерінде  жиі  суғарылады,  одан  кейінгі 

толық  өміршеңділік  жəне  өсу  мен  дамуы  үшін 10-15 күн  уақыт  кетеді.  Бұл  уақытта 

арамшөптер мəдени дақылдармен күшті бəсекелесе отырып қарқынды дамиды. Арамшөптер 

өсімдіктерді  көлеңкелейді,  топырақтан  ылғал  мен  қоректік  заттарды  сіңіре  отырып 

минералды тыңайту мен суғарудың тиімділігін төмендетеді. Соңғы кездері республиканың 

оңтүстігінде  зиянкестер  мен  аурулар  кешенінен  туындайтын  көкөніс  өнімдерінің  жоғары 

шығындары байқалуда. Бұл шектен тыс мөлшерде пестицидтерді пайдалануға соқтырады. 

Нəтижесінде  доминантты  зиянкестер  мен  ауру  қоздырғыштарының  резистентті 

популяцияларының қалыптастырады. Осыған орай химиялық өңдеулердің мөлшерлері мен 

саны, пестицидтер шығыны артады, қоршаған орта мен көкөніс өнімдері ластанады.  

Жоғарыда  атап  өткеніміздей,  тамшылатып  суғару  кезінде  танап  емес,  өсімдіктің 

маңайындағы топырақ қана суғарылады, нəтижесінде қатар аралығындағы арамшөптер əлсіз 

дамитын  болады.  Арамшөптер  санының  төмендеуі  танаптардың  пестицидтік  жүктелуін 

азайтуға жəне қазіргі кезде қымбатқа түсетін препараттар шығындарын үнемдеуге мүмкіндік 

береді,  осының  нəтижесінде  өнімнің  шығымы  мен  экологиялық  тазалығы  жоғарылайды. 

Осыны  ескере  отырып  баялды  танаптарының  суғару  технологиясына  байланысты 

фитосанитарлық күйіне бағалау жүргіздік (кесте 2). 

 

Кесте 2 – Суғару технологиясына байланысты баялды танаптарының арамшөптенуі (2013-



2014 ж.ж.) 

 

Суғару технологиясы 



Арамшөптер мөлшері

 

Жүйекпен суғару, дана/м



2

 65 


Тамшылатып суғару, дана/м

2

 27 



Танаптардағы арамшөптердің азаюы 

дана/м


2

 38 


% 58,46 

 

Фитосанитарлық  мониторинг  тамшылатып  суғару  кезінде  баялды  танаптарының 



жүйекпен  суғарумен  салыстырғанда  екі  еседен  астам  аз  болғандығын  көрсетті.  Мұны 

танаптағы  топырақтың  аздаған  (мəдени  өсімдік  тамыры  маңайындағы)  бөлігі  ғана 

ылғалданатындығымен,  сəйкесінше  арамшөптердің  тұқымдары  да  аздап  өнетіндігімен 

түсіндіруге  болады.  Сондай-ақ,  тамшылатып  суғару  кезінде  жүйедегі  сүзгілердің  болуына 

байланысты  дəстүрлі  жүйекпен  суғару  кезіндегідей  сумен  қоса  ағып  келетін  арамшөп 

тұқымдарының таралмауы да бұл жағдайға əсер ететіндігін ескерте кету керек.  

Біздің  зерттеулерімізде  тамшылатып  суғару  кезінде  баялды  танаптарындағы 

арамшөптер  саны  жүйекпен  суғарумен  салыстырғанда 58,46%-ға  төмен  болғандығын 

көрсетеді. Яғни, жүйекпен суғаруда 1 шаршы метрде 65 дана өсімдікті құраса, бұл көрсеткіш 

тамшылатып суғару кезінде 38 дана/м

2

 қысқарып, бар-жоғы 27 дана/м



құрады (кесте 2). Бұл 



329 

 

жерде  кейбір  арамшөптер  тұқымдарының  топырақта  ұзақ  жылдар  бойына  өсміршеңдігін 



сақтай  алатындығын,  сондай-ақ  олардың  түрлі,  оның  ішінде  желмен,  ауылшаруашылық 

техникасына  жабысып,  тұқыммен  жəне  т.б.  жолдармен  де  таралатындығын  ескерген  жөн. 

Тамшылатып  суғару  жүйесін  тұрақты  жəне  тұтас  пайдаланған  кезде  қол  жеткізілген 

көрсеткіштерді одан да ары жоғарылатуға болады. 

Біз  өз  зерттеулерімізде  баялдыны  тамшылатып  суғару  кезінде  жүйекпен  суғарумен 

сылстырғанда 24,19% жоғары өнім алуға болатындығын анықтадық [9]. 

Тұрақты  түрде  жоғары  өнім  алу  үшін  өсімдіктің  ылғал  мен  қоректік  элементтерге 

деген  қажеттілігін  қолжетімді  түрде  жəне  вегетациялық  кезеңнің  бар  кезеңінде  үнемі 

қанағаттандырып  отыру  қажет.  Топырақтың  қоректік  режимінің  жоғарылығымен 

ылғалдылық  жағдайының  жақсаруы  баялдыдан  барынша  жоғары  өнім  алуға  мүмкіндік 

береді. 

Біздің  танаптық  зерттеулерімізде  тамшылатып  суғару  жүйесінде  минералдық 

тыңайтқыштардың түрлі мөлшерлерінің тиімділіктері зерттелді (Кесте 3).  

 

Кесте 3. Тамшылатып суғару жүйесінде минералды тыңайтқыштардың баялды өнімділігіне 



əсері (2013-2014 ж.ж.) 

 

Тəжірибе нұсқалары  



Өнімділік, т/га 

Қосымша өнім 

т/га % 

N

0



P

0

K



0

 (бақылау) 24,9  - 

N

50



P

30

K



40

 28,6 


3,7 

14,86 


N

100


P

60

K



80

 32,7 


7,8 

31,33 


N

150


P

90

K



120

 35,2 


10,3 

41,37 


 

Жүргізілген  зерттеу  нəтижелері  баялдыны  тамшылатып  суғару  кезінде  N

150

P

90



K

120


 

тыңайту  нұсқасында  басқа  нұсқалармен  салыстырған  ең  жоғарғы  өнім  алынғандығын 

көрсетеді. Үдемелі тыңайту мөлшерлерін (бір еселік – N

50

P



30

K

40



; екі есе – N

100


P

60

K



80

 жəне үш 

есе – N

150


P

90

K



120

)  пайдалану  кезінде  бақылау  нұсқасымен (N

0

P

0



K

0

)  салыстырғанда 



сəйкесінше қосымша 41,37%; 31,33 жəне 14,86% баялды жемістері алынды.  

Қорытынды 

Баялдыны тыңайтудың түрлі мөлшерлерін пайдалана отырып тамшылатып суғаруды 

зерттеу  бойынша  жүргізілген  зерттеу  нəтижелерінен  келесідей  қорытындылар  жасауға 

болады: 


Баялдыны  тамшылатып  суғару  жүйекпен  суғарумен  салыстырғанда  қажетті  су 

шығындарын  орташа  алғанда 29,27%-ға  үнемдеуге,  танаптағы  арамшөптер  мөлшерін 

58,46%-ға төмендетуге жəне өнімділікті 24,2%-ға арттыруға мүмкіндік береді. Тамшылатып 

суғару  жүйесімен  бірге  минералды  тыңайтқыштардың  түрлі  мөлшерлерін  пайдалану 

тыңайтылмаған  нұсқамен  салыстырғанда 14,8-ден 41,3%-ға  дейін  қосымша  өнім  алуға 

мүмкіндік  беретіндігі  анықталды.  Осылайша,  Қазақстанның  оңтүстік-шығысындағы  тау 

бөктеріндегі  күңгірт-қарақоңыр  топырақтарда  баялды  дақылын  тамшылатып  суғарудың 

тиімділігі жоғары жəне келешегі мол болып саналады.  



                                                 

                                                  Əдебиеттер  

 

1. Государственная программа управления водными ресурсами Казахстана // Водное 

хозяйство Казахстана. – №2, 2014. – С. 3-37 

2. Ахмедов А.Д., Давыдов И.А., возделывание баклажанов в условиях Волгоградской 

области // Известия Нижневолжского агроуниверситетского комплекса, № 2 (14), 2009. – С. 

10-15.  


3. Жакеев М. В 2014 году капельное орошение в Казахстане внедрят на площади 1 

тыс. га. Электронды ресурс – http://www.inform.kz/rus/article/2689502 



330 

4. Айтбаева  А.Т.,  Бурибаева  Л.А.,  Состояние  и  перспективы  использования

прогрессивных  водосберегающих  технологий  в  картофелеводстве  Казахстана // Наукові 

праці інституту біоенергетичних культур і цукрових буряків. – №14, 2012. – С. 243-246 

5. Ильхамов  Н.М.  Ресурсосберегающая  технология  орошения  на  культуре

белокочанной  капусты  и  перца  сладкого  в  условиях  Узбекистана // Научное  обеспечение 

картофелеводства  и  овощеводства:  достижения  и  перспективы:  сб.  мат.  межд.  конф. – 

Алматы: КазНИИКО. – С. 236-239 

6. Лаптаев  В.Н.  Водосбережение  при  орошении – важнейший  путь  повышения

эффективности овощеводства // Овощеводство и тепличное хозяйство. №8, 2006. – С. 3-5.  

7. Храбров  М.  Оценка  способов  малообъемного  орошения // Овощеводство  и

тепличное хозяйство. – №2, 2008. – С. 54-58 

8. Мирзакеев Е.К., Сапаров А.С., Шарыпова Т.М. Эрозия орошаемых почв предгорной

равнины Северного Тянь-Шаня // Почвоведение и агрохимия. – №3, 2010. – С. 37-42. 

9. Рахымжанов Б.С., Асанбеков А.А., Бурибаева Л.А., Влияние технологии капельного

орошения  на  продуктивность  баклажана  в  условиях  юго-востока  Казахстана // Вклад 

молодых ученых в развитие агропромышленного комплекса Казахстана: мат. респ. научно-

пр. конф. молодых уч. – Кайнар: КазНИИКО, 2013. – С. 185-187.  

Рахымжанов Б.С. 

ВЫРАЩИВАНИЕ БАКЛАЖАНА (SOLANUM MELONGENA L.) ПРИ КАПЕЛЬНОМ 

ОРОШЕНИИ С ПРИМЕНЕНИЕМ МИНЕРАЛЬНЫХ УДОБРЕНИЙ В УСЛОВИЯХ  

ЮГО-ВОСТОКА КАЗАХСТАНА 

В  статье  приведены  результаты  исследований  по  изучению  выращивания  баклажана 

под  капельным  орошением  с  использованием  разных  норм  удобрений.  Цель  работы – 

исследования  влияние  системы  капельного  орошения  с  удобрениями  на  экономии 

орошаемой  воды  и  урожайность  при  выращивания  баклажана  в  условиях  юго-востока 

Казахстана. 

По  результатам  исследований  установлено,  использования  система  капельного 

орошения при выращивании баклажана обеспечивает экономия поливной воды на 29,27%, 

засоренность посевов уменшилась на 58,46%. При использований тройную норму удобрений 

(N

150


P

90

K



120

)  обеспечено 41,37% дополнительного  урожая  по  сравнением  с  контрольем 

(N

0

P



0

K

0



). 

Ключевые  слова:  баклажан,  капельное  орошение,  бороздковый  полив,  экономия 

поливной воды, удобрение, засоренность, продуктивность

Rakhymzhanov B.S. 

CULTIVATION OF EGGPLANTS (Solanum melongena L.) AT A DROP IRRIGATION USING 

MINERAL FERTILIZERS IN THE CONDITIONS SOUTHEAST OF KAZAKHSTAN 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет