Тақырыбы: Аңдатпа Орындаған: Ертаева Г. Тобы



Дата06.12.2022
өлшемі19,55 Kb.
#55268

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Филология факультеті
Қазақ филологиясы кафедрасы
Осөж №1
Тақырыбы: Аңдатпа
Орындаған: Ертаева Г.
Тобы: ҚтӘ-301
Тексерген: Молдабаева З.М.
Ақтөбе, 2022 ж

Аңдатпа латын сөзі, «ескерту» дегенді білдіреді. Аңдатпа – еңбектің, құжаттың сипаттамасы, еңбекке, оның бөліктеріне (үзінді), бірнеше құжатқа жазылады. Құжаттың, еңбектің мақсаты (кімге, неге арналған), мазмұны, формасы мен басқа ерекшеліктері қамтылып сипатталады. Аңдатпа функционалдық стильдің, ғылыми және техникалық әдебиеттің бір жанры болып табылады. Оның өзіндік ерекшеліктері бар. Аңдатпа ақпарат көзі, еңбек туралы жинақтаған қысқа сипаттама береді және алғашқы құжатта не туралы айтылатынына жауап береді. Аңдатпа реферат сияқты еңбектің мазмұнын ашпайды, тек оның мазмұны туралы жалпы түсінік береді. Аңдатпа оқырманға оған белгісіз еңбек туралы алдын-ала түсінік, хабар беріп, қажетті ақпаратты, еңбекті іздеп табуға көмектеседі.


Аңдатпаның мынандай түрлері бар: анықтама-аңдатпа, кепілдеме- аңдатпа, арнайы, аналитикалық, топтық т.б. Аналитикалық аңдатпа еңбектің қажетті тараулары, тараушалары мен беттеріне беріледі. Арнайы аңдатпалар көбіне анықтама сипатында болады. Кез келген аңдатпа екі бөлімнен тұрады:
1) библиографиялық сипаттау;
2) аңдатпа мәтіні.
Библиографиялық сипаттау (сипаттама) еңбек туралы алғашқы хабарды береді және мемлекеттік қалыпқа сәйкес құрастырылады. Аңдатпа мәтіні библиографиялық сипаттауда берілген хабарды толықтырады және еңбектің мазмұны, оның авторы, еңбектің жетістіктері туралы баяндайды. Аңдатпаға, әсіресе анықтамалық аңдатпаға қойылатын негізгі талаптар:
1) аңдатпа композициясы логикалық жүйелі, аңдатпа берілетін еңбектің композициясынан өзгеше болуы мүмкін;
2) аңдатпаға алынатын мәліметтер, олардың қалыптасуы мен орналасуы аңдатпа берілетін еңбектің мазмұны мен сипатына, кімдерге арналғандығына байланысты;
3) аңдатпа тілі әдеби, қарапайым, анық, абзацсыз болуы керек;
4) аңдатпаның орташа көлемі 500 баспа белгі болуы тиіс, тек кейбір жағдайларда 800-1000 баспа белгіге жетеді.
Егер де аңдатпа беріліп отырғани еңбек жаңа немесе аз зерттелген мәселеге арналса, кейде қарастырылатын мәселе туралы қысқа мағлұматтар беріледі және егер онда жаңа терминдер берілетін болса, оларға түсініктеме беріледі.
Аңдатпада қолданылатын тілдік қолданыстар: - құжатта
-монографияда
-кітапта
-кітапшада -жинақта
-аталған шығармада -жұмыста
-аталған шығармада
құжаттың мақаланың монографияның бірінші екінші үшінші аталған осы тарауында кітаптың кітапшаның жинақтың бірінші екінші үшінші бөлімінде
- талданады
- баяндалады - зерттеледі
- сипатталады - көрсетіледі
- талданады
- қарастырылады - ұсынылады
қандай мәселе, теория, принциптер, нәтижелер, әдіс, негізгі мәселелер, көқарастар т.б. ережелер, идеялар, көзқарастар, мазмұны т.б. сұрақтар жиынтығы, әсері, қолданысы т.б. жүйе, заңдылықтар, ерекшеліктер, фактілер негізгі идея, әсері, мүмкіндік мәселе, сұрақ, бағыт принцип, негіз, мысал, бағыт, мәлімет, рөлі, қорытынды зерттеулер, мәліметтер, нәтижелер, талдаулар.
Аңдатпа – түпкі деректеменің ықшамдалған сипаттамасы. Аңдатпа / лат. аnnotatio – ескерту/ – тағайындалуы, мазмұны, түрі және басқа да ерекшеліктері тарапынан құжаттың топтары немесе бөліктеріболып саналатын құжаттың қысқаша сипаттамасы. Аңдатпаның рефераттан айырмашылығы құжаттың мазмұнын ашпайды, тек қана құжаттың нақты бір мазмұны мен сипаты жөнінде ақпарат бере отырып, оның мазмұны жөнінде жалпы мағлұмат береді және қажетті ақпаратты таңдауға көмектеседі. Сондай-ақ атаулы жоспар ретінде аңдатпа түпкі деректеменің мазмұнын ашпайды, тек сол жөнінде жалпы түсініктеме береді. Кез-келгенаңдатпаның құрылымы екі бөліктен тұрады: шығу мәліметтері (басқаша – библиографиялық сипат) және аңдатпаның мәтіні. Аңдатпа мәтінінде әдетте жұмыстың негізгі тақырыбы көрсетіледі және кітап, мақала мәтіндерінде қарастырылған негізгі мәселелері тізіледі. Көп жағдайда аңдатпа түпкі деректеменің құрылымын сипаттайды, басылымның мақсаты мен оның адресатына нұсқайды. Аңдатпаның құрылымдық бөлігінрәсімдеу үшін нақты стандартты тіркестер қолданылады, басқаша клише деп аталады. Клише – бұл белгілі бір жағдайларда жеңіл туындайтын дайын тілдік айналымдар. Мысалы, сіз оқыған түпкі деректеме кім үшін жасалынғанын көрсету керек (яғни, адресатты атау керек). Осы мақсатта клише қолданылады: кітап кімге арналған, кімге жолданған, не үшін есептелінген т.б.
Аңдатпа ғылыми және ғылыми-ақпараттық қызметтеайтарлықтай кең тараған. Оның тағайындалуы – оқырмандарды ғылым мен техниканың әртүрлі салаларындағы жаңа жетістіктер жөнінде дер кезінде хабардар ету, қажетті ақпаратты жинауға және іздеуге уақытты үнемдеу. Аңдатпаның орташа көлемі – 30-40 сөз (3-4 сөйлем). Мазмұны мен мақсатты тағайындалуы бойынша аңдатпа анықтамалық және ұсыныстық болып бөлінеді. Анықтамалық аңдатпалар мәтіннің тақырыбын сипаттайды, олжөнінде қандай да бір мәлімет береді, бірақ оның сыни бағасын бермейді. Ұсыныстық аңдатпалар түпкі деректемені береді және тұтынушының дайындық деңгейін, жасы мен басқа да ерекшеліктерін есепке ала отырып, нақты бір санаты үшін оның жарамдылығына баға береді.
Аңдатпаланатын мәтіннің мазмұнын толығымен қамту және оқырманның тағайындалу бойынша аңдатпалар жалпы және мамандандырылған деп бөлінеді. Жалпыаңдатпалар мәтінді тұтас сипаттайды және қолданушылар ауқымы кең. Мамандандырылған аңдатпалар мамандардың тар аумағына есептелген, негізінен анықтамалық сипатқа ие. Мамандандырылған аңдатпалардың әртүрлілігі құжаттың нақты бөлігін немесе мазмұнының қырын сипаттайтын аналитикалық аңдатпа болып табылады. Аңдатпа, реферат, конспект, түйіндемені ортақ қасиеттері біріктіреді және сөйлеу жанрының біртүрі ретінде, қолда бар тірек мәтіндер негізінде жасалады. Аңдатпа – кітаптың (мақаланың, жинақтың)мазмұнының ықшамдалып сығымдалған, қысқаша сипаттамасы. Аңдатпаларда мәтіннің басты мәселелері жайында тізіп айтылғанымен, олардың мазмұны жан-жақты ашылмайды. Аңдатпа: «Негізгі мәтінде не туралы айтылады?» деген сұраққа жауап береді. Ол негізінен жай сөйлемнен тұрады.
Аңдатпаны жазу жүйесі. Аңдатпаның құрылымы
а) тақырып – автордың тегі атау септігінде, аты-жөні;
б) атауы – шығарманың атауы тырнақшасыз жазылады, одан кейін нүкте қойылады, одан кейін сызықша;
в) шығу мәліметтері – басылған жері (қала) атауы, баспасы және шыққан жылы, "жыл" деген сөзсіз;
г) беттер саны – бет санын көрсетер алдында нүктежәне сызықша қойылады, содан кейін сандармен белгіленеді, «беттері» сөзі «б» деп қысқарттылады.
1. аты-жөні – аты-жөні, кітаптың атауы: Оқу құралы. М.: Просвещение, 2016. – 111 б.
2. аты-жөні – Аты-Жөні, Мақала атауы // Журналдың атауы (жинақ). 2016. №... . – Б. 5 – 11.

Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. Шәрібжанова Ғалия Ғабдоллақызы «Кәсіби қазақ тілі» оқу құралы, Алматы АЭжБУ 2016 жыл, 52 бет.

  2. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет