Ізденістер, №1 исследования, НƏтижелер 2015 результаты



Pdf көрінісі
бет6/66
Дата15.03.2017
өлшемі8,44 Mb.
#9299
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66

Қорытынды 

Бүлдіргеннің  бейтарап  күнгі  сортарымен  қойылған  аналық  өсімдіктерге 

тыңайтқыштардың жаңа түрлері – Amiheart пен Route енгізген кезде өсімдіктердің жер асты 

(22,6%) жəне жер беті (5,2-10,2%) бөліктерінің мөлшерлері, гектардағы мұртшалар саны (27-

41%) артатындығы анықталды. Бұл өз кезегінде аналықтардың өнімділігіне əсер етеді жəне 

Amiheart  жəне Route тыңатйқыштарының  бүлдірген  отырғызу  материалдарын  өсіруде 

пайдалануда келешегі мол екендігін көрсетеді.   

 

Əдебиеттер 

 

1. Pritts M., Dale A. Whatis dayneutral strawberry /Daynewral strawberry production duid. 

Inform bulletin. №215. – New Jork state college of agriculture and life sciences, -1989. p 1-9. 

2. Butter B. Strawberrrry management recommendation (matted ROW), -Commercial Small 

Fruit. Production duid, -Maryland, 2002. – p. 33-34. 

3. Отчет о НИР по теме Разработка высокоэффективных и экологически безопасных 

технологий возделывания плодово-ягодных культур. - Алматы, 2008.  

 

Аязбаев М., Олейченко С.Н.  



 

ВЛИЯНИЕ НОВЫХ ВИДОВ УДОБРЕНИЙ НА МАТОЧНЫХ РАСТЕНИЙ ЗЕМЛЯНИКИ 

 

На статье приведены результаты исследований по удобрений маточника земляники в 



условиях  Талгарского  района,  Алматинской  области.  В  результате  исследований 

установлено,  что  внесение  новых  видов  удобрений – Amiheart и Route под  маточных 

растений  повышает  параметры  надземных  и  подземных  частей  растений,  а  также 

увеличивает  количества усов.  В  своем  очереди,  это  влияет  положительно  на  урожацность 

маточников и показывает перспективность использования указанных видов удобрений при 

выращиваний посадочных материалов земляники.  



Ключевые  слова:  земляника,  маточник,  сорта  нейтрального  дня,  удобрение,  усы, 

посадочный материал. 

 

 

 



 

 


36 

 

Ayazbayev M.,  Oleychenko S.N. 



 

THE IMPACT OF NEW TYPES OF FERTILIZERS ON PLANTS OF QUEEN CELLS 

STRAWBERRY 

 

On article presents the results of research on fertilizer strawberry queen cells under Talgar 



district, Almaty region. A result of researches established that the Adding new types of fertilizers - 

Amiheart and Route under queen cells increases parameters overground and underground parts of 

plants, and also increases the number of whiskers. In a queues, this has a positive impact on 

productivity and queen shows promising use of these types of fertilizer when growing strawberries 

planting materials.  

Keywords: strawberry, queen cells, day-neutral varieties, fertilizer, mustache, planting 

material. 

 

 

ƏОЖ: 634.7:631.54 



 

Аязбаев М., Олейченко С.Н. 

 

Қазақ ұлттық аграрлық университеті 

 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫСЫНДА ОТЫРҒЫЗУ МЕРЗІМДЕРІНІҢ 

БҮЛДІРГЕНДІ КӨБЕЙТУГЕ ƏСЕРІ                                                                     

 

Аңдатпа 

Мақалада Алматы облысы, Талғар ауданы жағдайында бүлдірген дақылын көбейтуде 

отырғызу мерзімдерінің көбейту материалдарының тамырлануына, өсіп-өнуіне, сапасы мен 

өнімділігі  əсерін  анықтау  бойынша 2014 жылы  жүргізілген  зерттеулердің  нəтижелері 

келтірілген.  Жүргізілген  зерттеулер  сəуір  айында  отырғызылған  аналықтардан  жоғарғы 

сорттағы  көшеттер  мол  алынатындығы  жəне  бүлдірген  аналықтарын  ерте  көктемде 0,9 х 

0,225 м сұлбамен отырғызған тиімді екендігі анықталған.  



Кілт  сөздер:  бүлдірген,  көбейту,  отырғызу  материалы,  отырғызу  мерзімі,  сапа, 

өнімділік. 

 

Кіріспе 

Қазақстанның  оңтүстік-шығысы,  оның  ішінде  Алматы  облысы  бақ  шаруашылығы 

үшін  жеткілікті  түрде:  оңтайлы  топырақ  құрамы,  белсенді  температуралар  жиынтығы, 

жылдық  жауын-шашын  мөлшері,  мерзімді  қар  жабыны  сияқты  қолайлы  агроклиматтық 

ресурстарға ие.  

Қазақстанда  жидектіктер  соншалықты  көп  емес,  оның  ішінде  қазіргі  уақытта 

өндірісінің  тұрақты  тиімділігіне  ие  бүлдіргеннің  үлесі  тіптен  аз  мөлшерде.  Бүлдірген – 

шөптектес  жəне  бұталы  өсімдіктердің  ортасында  аралық  жағдайдағы  мəңгі  жасыл  бұташа 

(шағын  көпжылдық  өсімдік).  Бүлдіргеннің  өте  ерте  жеміс  салуы,  қартаюы,  жекелеген 

мүшелерінің  өлуі  жəне  шаруашылық  құнды  белгілерін  жоғалтуы  басқа  да  жидек 

дақылдарынан  айтарлықтай  ерекшеліктері  болып  саналады.  Қоректену  сипаты  бойынша 

бүлдірген көпжылдық өсімдіктерге келеді, яғни өркендері мен тамырларында крахмал мен 

басқа да органикалық қосылыстардың мол қорын жинақтайды. Мұртшалары арқылы қоректі 

заттарды сарқуы келесі жылғы өнімділікті күрт төмендетеді. Бүлдірген – бірден-бір ерте өнім 

беретін  дақылдардың  бірі,  оның  азықтық  заттардың  рационындағы  маңызын  бағалау  өте 

қиын. Қазақстанның оңтүстік-шығысында бүлдіргенді өсіру бойынша бірқатар жетістіктерге 

қарамастан, осы бір құнды дақылдың өндірісі аймақтағы əр тұрғынына шаққандағы мөлшері 

бірнеше есе төмен.  



37 

 

Бүлдірген мұртшалары арқылы көбейеді. Көшеттері үш категорияға бөлінеді: супер 



элита, элита жəне бірінші репродукция. Плантацияға отырғызу үшін супер элита жəне элита 

көшеттерін таза бір-екі жылдық түптерден таңдап алады. Бүлдіргенді көктемде, жазда жəне 

күзде  де  отырғыза  беруге  болады.  Бүлдірген  өсімдігі  қысқы  аяз  бен  ертекөктемгі  үсікпен 

зақымдануы мүмкін аймақтарда көктемгі отырғызуды жүргізеді. Отырғызу мерзімі өсімдік 

вегетациясының басталуымен сəйкес келу керек. 

Қарқынды  бақ  шаруашылығына  көшкен,  оның  ішінде  жоғарғы  сапалы  отырғызу 

материалдарын  пайдаланған  кезде  халықты  құнды  витаминдері  мол  қоректік  өніммен 

қамтамасыз ету мүмкін болады.  

Мəдени  түрде  бүлдірген  вегетативті,  негізінен  көлденең  өркендерімен  көбейтіледі. 

Көшеттің  зиянкестер  мен  аурулармен  зақымдалуын  төмендету  үшін  жаңа  бөлтектерді 

пайдаланылған алқаптардан алынған тамырланған мұршалармен салуға болмайды, міндетті 

түрде арнайы аналықтар керек [1, 2].  

Аналықтарды  салу  мерзімдері.  Бүлдіргенді  əдетте  сəуірден  қазанға  дейін  салады. 

Отырғызу  мерзімдері  дақылдың  өсіп-өну  орнының  экологиялық,  топырақтың  дайындалу 

дəрежесі, отырғызу материалдарының болуы жағдайларымен анықталады [3]. 

Жоғарыда  айтылғандар  бүлдіргеннің  отырғызу  материалдарын  өндірудің  арнайы 

жүйесін 

құрастыруға 

себеп 

болып 


табылады. 

Алматы 


облысы 

көшетжай 

шаруашылығындағы  қолданыстағы  бүлдіргеннің  отырғызу  материалдарын  өндіру 

технологиялары төменгі тиімділікте: тиімсіз мерзімдер мен отырғызу сұлбалары аналықты 

өсірудің 1-ші жылы-ақ жеткілікті мөлшерде көшет алуға мүмкіндік бермейді.  Осыған орай 

көшеттерді  қазып  алу  мен  фитосанитарлық  жағдайды  қиындататын,  ақырында  көшеттер 

сапасын күрт төмендететін 2-3 жылдық алқаптарды пайдалану кең таралған. 

Бүлдіргеннің отырғызу материалдарын өндіру мəселелері аймақ үшін жерсіндірілген, 

жаңа сорттарды өсіріп-өндіру негізінде түрлі экономикалық жағдайларда өндіру үшін тиімді 

технологияларды құрастыру жолымен шешілуі мүмкін. 



Зерттеудің мақсаты  

Қазақстанның оңтүстік-шығысы үшін аналықты қолданысқа енгізген алғашқы жылы-

ақ  жоғарғы  сапалы  көшеттерді  алуды  қамтамасыз  ететін  бүлдіргеннің  отырғызу 

материалдарын өндірудің жаңа технологиясын құрастыру.   



Зерттеудің нысандары мен əдістемесі 

Зерттеу 


жұмыстары 

Алматы 


облысы, 

Талғар 


ауданында 

орналасқан 

«Агроуниверситет»  оқу  тəжірибелік  шаруашылығында 2014 жылы  жүргізілді.  Тəжірибе 

шаруашылығы  Іле  Алатауының  теңіз  деңгейінен 1080м  биіктікте  аласа  таулы  өңірінде 

орналасқан.  Ауаның  орташа  жылдық  температурасы 8,8

0

С,  абсолютті  минимум -34-35



0

С, 


абсолютті максимум +39,0

0

С, орташа жылдық жауын- шашын мөлшері 650мм. 



Бүлдірген  аналығындағы  тəжірибе  жүргізу  кезінде  аймақта  жаппай  қабылданған 

агротехника  толығымен  сақталынды.  Зерттеу  нысандары  ретінде  бүлдіргеннің  аналық 

өсімдіктері  мен  олардан  алынған  отырғызу  материалдары  алынды.  Аналық  өсімдіктерді 

өндіру  технологиясының  негізгі  элементтерін  құрастыру  үшін  бүлдіргеннің  Қазақстанның 

оңтүстігі  мен  оңтүстік-шығысындағы  облыстарда  бұрыннан  аудандастырылған,  сондай-ақ 

жеткілікті  дəрежеде  мол  өнім  беретін  «Фестивальная»  жəне  «Зенга-зенгана»  сорттары 

пайдаланылды. 

 

Зерттеу нəтижелері жəне оларды талдау 

Аналық  алқаптарды  отырғызу  мерзімдері  бүлдірген  аналық  түптеріне  айтарлықтай 

əсер  етті  (кесте 1): отырғызу  мерзімдеріне  байланысты  бүлдірген  аналық  өсімдіктерінің 

дамуын  бақылағанда  наурыз  айының  үшінші  онкүндігінде  отырғызылған  «Фестивальная» 

сорты  көлденең  өркендер  мен  мүйізшелер  саны  бойынша  сəуірдің  екінші  онкүндігінде 

отырғызылғандарымен салыстырғанда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген.   

Кесте 1 - Отырғызу  мерзімдеріне  байланысты  бүлдірген  аналық  өсімдіктерінің  дамуы 

(жаппай өркенқалыптастыру кезеңінде) 



38 

 

Көрсеткіштер 



Отырғызу мерзімдері 

Орташа 

Наурыз 

Сəуір 

«Фестивальная» 

Жапырақ ауданы, см

2

 



1690 

1932 


1810 

Көлденең өркендер саны, 

дана. 

8,1 


8,5 

8,3 


Мүйізшелер саны, дана 

3,7 


3,1 

3,4 


«Зенга-зенгана» 

Жапырақ ауданы, см

2

 

1846 



1717 

1779,5 


Көлденең өркендер саны, 

дана. 


8,2 

9,2 


8,7 

Мүйізшелер саны, дана 

2,1 

2,3 


2,2 

 

Алайда  «Зенга-зенгана»  сортында  бұған  қарама-қарсы  көрсеткіштер  алынды.  Яғни, 



көлденең өркендер мен мүйізшелер саны наурыз айының үшінші онкүндігінде өсімдіктерде 

сəуірдің  екінші  онкүндігінде  отырғызылғандарымен  салыстырғанда  төмен  болды.  Бұл 

сорттардың өзіндік ерекшеліктерімен түсіндіріледі. 

Бүлдірген  негізінен  мұртшалары  арқылы  көбейтілетіндігі  белгілі.  Біздің 

зерттеулерімізде  бүлдірген  аналық  өсімдіктерінің  алқаптарды  салу  мерзімдерімен  тікелей 

байланыстылығы анықталды (кесте 2). 

Наурыз  айында  отырғызылған  аналықтарда  мұртша  қалыптастыруы  бойынша 

«Фестивальная» сорты тамыз айына дейін ғана басымдық көрсетсе, ал «Зенга-зенгана» сорты 

қыркүйек айында басып озды. 

 

Кесте 2 - Аналықтарды  отырғызу  мерзімдеріне  байланысты  бүлдіргеннің  мұртша 



қалыптастыруы, мың дана/га 

Отырғызу мерзімдері 

Бақылау мерзімдері 

Орташа 

Маусым 

Шілде 

Тамыз 

Қыркүйек 

«Фестивальная» 

Наурыз 

267,0 


1003,0 

1057,0 


1388,0 

929,0 


Сəуір 

92,0 


560,0 

813,0 


1260,0 

681,0 


Орташа 

179,5 


781,5 

935,0 


1324,0 

805,0 


«Зенга-зенгана» 

Наурыз 


186,0 

780,0 


1053,0 

1407,0 


856,0 

Сəуір 


119,0 

793,0 


1193,0 

1533,0 


545,0 

Орташа 


152,5 

786,5 


1123,0 

1470,0 


700,5 

 

Сəуір  айында  отырғызылған  аналықтарда  «Зенга-зенгана»  сорты  мол  мұртша 



қалыптастыруымен бақылаудың барлық айларында жоғары нəтиже көрсетті. 

Отырғызу 

мерзімдеріне 

байланысты 

қалыптасқан 

бүлдірген 

сорттары 

мұртшаларының  тамырлану  үрдісі  нұсқалар  бойынша  əртүрлі  болды.  Зерттеу  кезіндегі 

бақылаулар «Зенга-зенгана» сортының барлық нұсқалар бойынша «Фестивальная» сортына 

қарағанда басымдыққа ие болғандығын көрсетті (кесте 3).  

 

 

 



 

 

 



39 

 

Кесте 3 - Бүлдірген сорттары мұртшаларының аналықты отырғызу мерзімдеріне байланысты 



тамырлануы, % 

Отырғызу 

мерзімдері 

Маусым 

Шілде 

Тамыз 

Қыркүйек 

Орташа 

«Фестивальная» 

Наурыз 

28,8 


82,0 

83,0 


83,7 

69,4 


Сəуір 

14,2 


52,2 

74,0 


87,3 

56,9 


Орташа 

21,5 


67,1 

78,5 


85,5 

63,15 


«Зенга-зенгана» 

Наурыз 


27,6 

82,1 


96,0 

98,0 


75,9 

Сəуір 


28,0 

83,1 


93,0 

97,2 


75,3 

Орташа 


27,8 

82,6 


94,5 

97,6 


75,6 

 

Сонымен  қатар,  мұртшалардың  тамырлануы  наурыз  айының  соңғы  онкүндігінде 



отырғызылған  аналықтарда  жəне  тамыз-қыркүйек  айларында  жоғарғы  дəрежеде 

болатындығын байқатады. 

Бүлдіргеннің отырғызу материалдарының ең жоғарғы шығымы сəуір айының үшінші  

онкүндігінде отырғызылған «Зенга-зенгана» сортынан алынды (833 мың дана/га). Ал сəуір 

айында отырғызылғандары 770 мың дана/га (кесте 4). 

Кесте 4 - Отырғызу  мерзімдеріне  байланысты  аналықтағы  бүлдірген  тамырланған 

көшеттерінің саны, мың дана/га 

 

Отырғызу 



мерзімдері 

Маусым 

Шілде 

Тамыз 

Қыркүйек 

Орташа 

«Фестивальная» 

Наурыз 

77 


822 

877 


1162 

735 


Сəуір 

13 


292 

602 


1100 

502 


Орташа 

45 


557 

739,5 


1131 

618,5 


«Зенга-зенгана» 

Наурыз 


51 

640 


1011 

1379 


770 

Сəуір 


33 

659 


1109 

1490 


833 

Орташа 


42 

649,5 


1060 

1434,5 


801,5 

 

Бұл  көрсеткіштер  «Фестивальная»  сортында  сəйкесінше 502 жəне 770 мың  дана/га 



мөлшерінде  болды.  Яғни, «Зенга-зенгана»  сортының  көшеттерінің  өнімділігі  жоғары 

болатындығы байқалады.  

Отырғызу мерзімдеріне байналысты аналықтағы тамырланған көшеттердің сапалық 

құрамдары сорттар бойынша шамалас болды. Дегенмен 1 сортты көшеттер отырғызудың екі 

мерзімінде де отырғызылған «Зенга-зенгана» сортында жоғары болды. 

 

Кесте 5 - Аналықты  отырғызу  мерзімдеріне  байланысты  бүлдіргеннің  тамырланған 



көшеттерінің сапалық құрамы, % 

 

Сорттар 



«Фестивальная» 

«Зенга-зенгана» 

Отырғызу мерзімдері 

1 сорт 

2 сорт 


1 сорт 

2 сорт 


Наурыз 

26 


74 

32 


72 

Сəуір 


43 

60 


48 

56 


 

Сонымен  қатар  сəуір  айында  отырғызылған  аналықтардан  алынатын  жоғарғы 

сорттағы көшеттер мол болатындығы анықталды.  


40 

 

Отырғызу  мерзімдері  мен  сұлбасына  байланысты  бүлдіргеннің  «Фестивальная» 



сортынан отырғызу материалдарының шығымы анықталды. 

 

Кесте 6 - Отырғызу  мерзімдері  мен  сұлбасына  байланысты  бүлдіргеннің  «Фестивальная» 



сортынан отырғызу материалдарының шығымы, мың дана/га 

Отырғызу сұлбасы 

0,9 x 0,225 

0,9 x 0,45 

Орташа 

Наурыз 


898,0 

735,0 


816,5 

Сəуір 


607,0 

502,0 


554,5 

Орташа 


752,5 

618,5 


 

 

Зерттеу нəтижелері «Фестивальная» сортының аналықтарын ерте көктемде 0,9 х 0,225 



м сұлбамен отырғызудың тиімділігін көрсетті. 

            Қорытынды 

1. Аналық алқаптарды отырғызу мерзімдері бүлдірген аналық түптеріне айтарлықтай 

əсер етеді жəне ол бүлдірген сорттарына қарай əртүрлі болады. 

2.  Бүлдірген  аналық  өсімдіктерінің  алқаптарды  салу  мерзімдеріне  байланысты 

мұртша қалыптастыруы «Зенга-зенгана» сортында жоғары болды. 

3.  Отырғызу  мерзімдеріне  байланысты  бүлдірген  мұртшаларының  тамырлануы 

«Зенга-зенгана»  сортында  барлық  нұсқалар  бойынша  «Фестивальная»  сортына  қарағанда 

басым болады. 

4.  Бүлдіргеннің  отырғызу  материалдарының  ең  жоғарғы  шығымы  сəуір  айының 

үшінші  онкүндігінде отырғызылған «Зенга-зенгана» сортынан алынады. 

5.  Сəуір  айында  отырғызылған  аналықтардан  жоғарғы  сорттағы  көшеттер  мол 

алынады. 

6. Бүлдірген аналықтарын ерте көктемде 0,9 х 0,225 м сұлбамен отырғызған тиімді. 

 

 

Əдебиеттер  

 

1

 



Жидек дақылдары жəне олардың  өнімдерін  қайта  өңдеу: оқу құралы / Аяпов К. - 

Алматы : Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясы. Респ. баспа каб., 2000. - 129б. 

2

 

Аяпов.К. Д., Кампитова. Г.А., Мажитова. Р. С. Жеміс шаруашылығы. - Алматы, 



«Сөздік», 2005. - 320 б. 

3

 



Аяпов К.Д. Жеміс, жидек шаруашылығы. Алматы, Қайнар, 1993.  

 

 



                                Аязбаев М., Олейченко С.Н. 

 

ВЛИЯНИЕ СРОКОВ ПОСАДКИ НА РАЗМНОЖЕНИЙ ЗЕМЛЯНИКИ В  



ЮГО-ВОСТОКЕ КАЗАХСТАНА 

 

В статье приведены результаты проведенных исследований по определению влияний 



сроков посадки на укорененности, качеству и урожайности размножаемых материалов при 

размножений  культуры земляники в условиях Талгарского  района, Алматинской области.  

Проведенных  исследованиях  определено,  что  получается  обильное  количество  рассады 

высшего  сорта  из  маточников  посаженных  в  апрель  месяц  и  эффективность  высаживания 

маточников земляники в ранние сроки по схеме 0,9 х 0,225 м.   

Ключевые  слова:  земляника,  размножение,  посадочный  материал,  срок  посадки, 

качество, урожайность. 

 

 

 



 

41 

 

Ayazbayev M., Oleychenko S.N. 



 

INFLUENCE OF TERMS OF LANDING ON THE REPRODUCTION WILD STRAWBERRY  

IN THE SOUTHEAST OF KAZAKHSTAN 

 

In the article the results of studies conducted to determine the effect on the timing of planting 



rooted, quality and productivity propagated materials when expanded cultures of strawberries in a 

Talgar district, Almaty region. Conducting research determined that turns copious amounts of 

seedlings premium of queen cells planted in the month of April and the effectiveness of planting 

strawberries queen in the early stages of the scheme 0.9 x 0.225 m.   



Keywords: strawberry, propagation, planting materials, planting terms, quality, productivity. 

 

 



ƏОЖ 664.861:665.334.94 

 

Байбатыров Т.А., Əбуова А.Б., Набиева Ж.С., Тапалова Ж.Е. 

 

Жəңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, 

Алматы технологиялық университеті 

 

КЕКС ӨНІМІНЕ РАПС МАЙЫН ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 



          

         Аңдатпа  

          Кекс өнімін дайындау технологиясында дəстүрлі емес шикізат рапс майын пайдалану 

негізделді.  



          Кілт сөздер: Кекс өнімін дайындау технологиясы, рапс майы. 

Кіріспе 

Кондитер  өнімдері  тағам  түрлерінің  ішіндегі  рецептура  құрамы,  жасалу 

технологиясының  жəне  тұтынушылық  қасиеттерінің  əртүрлілігімен  ерекшеленетін 

ассортименті  кең  тобына  жатады. «Тұтыну  корзинасы»  құрамына  кірмесе  де,  өзінің 

тартымдылығымен  халық  арасында  жоғары  сұранысқа  ие,  адамның  энергетикалық 

тепетеңдігін толықтырып, тамақтану рационының маңызды орнын алады. 

Елімізде қазіргі таңда қоғамды сапалы жəне тағамдық құндылығы жоғары өнімдермен 

қамтамасыз  ету  мақсатында,  өнімге  жаңа  дəстүрсіз  шикізат  қорларын  қолдану  арқылы, 

өнімдердің ассортиментін кеңейтіп, құрылымын толық жетілдіру көзделген. Бұл мəселенің 

шешілу  бағыты  ретінде  күнделікті  тұрмыста  қолданылатын  өнімдерге  əртүрлі  шикізат 

түрлерін  қосып,  тамақтану  өнімдерінің  жаңа  технологиялары  мен  рецептураларын  жете 

зерттеп,  дайын  өнімнің  құндылығын  Қазақстанда  ұнды  кондитер  өнімдері  барлық  тəтті 

тағамдардың  ішінде  бірінші  орынды  алады.  Əсіресе  печенье,  вафли,  кекстерді 

қазақстандықтар жоғары бағалайтындығы жылдан жылға дəлелденіп келеді [1]. 

    Ғылыми-техникалық  əдебиеттің  жəне  ұнды  кондитер  өнімдері  өндірісіндегі  басты 

дамыған  тенденцияның  талдауы  соңғы  жылдары  шикізат  ресурстарын  кешенді  түрде 

қолдану, ұнның жаңа тиімді түрлерін жасау, биологиялық құндылығы жоғары дəстүрлі емес 

шикізат түрлерін қолдану тиімді жəне өзектілігі жоғары [2, 3].

 

Қазақстанда  кондитер  өндірісі  бойынша  белгілі  ғалымдар  бүтін  жарылған  тритикале 



дəнін  жəне  тритикале  ұнын,  ноқат  ұнын,  қонақ  жүгері  шырынын  қолданып  қантты 

печеньенің жаңа түрін шығарды [4, 5]. 

Жапонияда  күріштен  жасалынған  ұнды  кондитерлік  өнімдерінің  əр  түрлері  кең 

таралған. Рожок түріндегі қайтарылған печенье ерекше əйгілі болып келеді. Ол вафельница 

сияқты  дөңгелек  сызық  пішінді,  арнайы  карусель  типтегі  пештерде  пісіріледі.  Ұнды 

кондитерлі  өнімнен  тағы  ұнтақ  тəрізді  тағамдық  концентрат  алынады  ол 15% күріш 



42 

 

кебектерінің  қатты  тағамдық  өндірісімен  қосу  жолында,  адсорбирленген  маймен  жəне 



қоспаның ұнтақтату жолымен алынады. 

         Германияда  басқа  қоспалармен  (арпа,  соя,  сұлы  ұнымен) 20% мөлшердегі  тартылған 

жүгері  ұнын  нəрлілігі  төмен  диеталық  өнімдерді  даярлауға  арналған  қамырға  қосады.  Ол 

Африка мен Таяу Шығыстың елдерінде көптеген өнімдердің құрамына кіреді. 

         Жүгеріден  талқан,  таба  нан,  қытырлақ  нандар,  кеспе,  галеттер,  макарондар,  печенье, 

снектер,  крахмал,  сірне,  глюкоза-жемісті  шырындар,  газды  сусындар,  квастар,  морстар, 

құймақтар,  оладьи,  балалар  тағамын,  көптеген  емдік-сауықтыру  бағытындағы  тағам 

қоспаларын жəне көптеген басқа өнімдерді өндіруге болады [6, 7]. 

          Соңғы  жылдары  Қазақстан  Республикасында  өсіріліп  жүрген  құнды  дəнді  дақыл – 

қонақ  жүгері  (сорго)  бірегей  химиялық  құрамымен  жəне  жоғары  биологиялық 

құндылығымен ерекшеленеді. Қонақ жүгері дəнінде бидай дəнімен салыстырғанда липидтер 

көп болады, моно - жəне дисахаридтердің мөлшері 3,7 жəне 5,4 есе жоғары. Қонақ жүгері 

ұнында  тиамин,  рибофлавин,  токоферол  дəрумендері  бидай  ұнымен  салыстырғанда 

1,5:3,8:2,1  есе  жоғары.  Қонақ  жүгері  ұны  ауыстырылмайтын  аминқышқылдарына  бай, 

əсіресе метионин бидай ұнымен салыстырғанда 20% жоғары [8]. 

Қытайбұршақ  тағамдарының  құрамында  жұғымдылық  жəне  азықтық  құндылығы 

жағынан  іс  жүзінде  мал  майы  ақуыздарынан  кем  түспейтін  толыққанды  ақуыздар, 

холестерин жəне лактоза болмай қалған кезде күшті аллерген болып табылатын биологиялық 

белсенді компоненттер (клечатка, кальций, темір, мырыш, магний жəне т.б.) кешені болады. 

Қытайбұршақ  концентратын  қолдану  қамырдың  құрылымдық - механикалық 

қасиеттерін  күшейтіп,  су  сіңіру  қабілетін  арттырады.  Қытайбұршақтың  ақуызды 

концентраты қамырдың қышқылдығын жоғарылатып, көтерілу күшін жақсартты жəне қамыр 

дайындамалардың  жетілдіру  мерзімін  қысқартты.  Қара  бидай  ұнымен  бірінші  сұрыпты 

бидай ұнына 7% қытайбұршақ концентратын араластырып пісірген ″Приморский″ нанының 

техникалық шарттары, рецептурасы мен технологиялық нұсқаулығы əзірленіп, бекітілді [9, 

10]. 


Үрмебұршақ ұны бидай ұнының жоғарғы сұрыпына қарағанда жоғары тағамдық жəне 

биологиялық  құндылығымен,  минералдық  заттар,  дəрумендер  мөлшерінің  көптігімен 

ерекшеленеді. 

Балалар  жəне  диеталық  тағам  өнімдерін  жасау  үшін  қара  бидай,  тритикале  жəне 

арпаның өнген дəндерінен дайындалған ұн алу технологиясы жасалғандығы да белгілі [11]. 

Ұнды  кондитер  өнімдеріне  бұршақ  дақылдарын  қосып  байыту,  өнімде 

ауыстырылмайтын  аминқышқылдар,  дəрумендер  жəне  басқа  да  пайдалы  заттардың 

мөлшерін  арттырып,  тағамдық  жəне  биологиялық  құндылығымен  қатар,  емдік-сауықтыру 

мəні бар өнімдерді шығаруға мүмкіндік береді [12, 13]. 

Қазақстанның  ұлттық  тамақтану  саясаты  Концепциясында  тағамдар  тек  тағамдық 

заттар мен энергиямен физиологиялық қажеттілікті қамтамасыз етіп қана қоймай, емдік жəне 

сауықтыру мəселелерін шешу керек деп айтылған [14]. 

Емдік  мақсатта  кейінгі  кездері  кондитерлік  өнімдерге  дəстүрлі  емес  дақылдардан 

алынған  өнімдер  кеңінен  пайдаланылуда.  Солардың  бірі - рапс.  Рапс  дəндерінде 40%-дан 

50%-ға дейін май, 30% жуық протеин болады, бұл соя мен күнбағыс көрсеткіштеріне жақын. 

Биологиялық  құндылығы  жоғары  рапс  майы  тамақтануда  пайдаланылып  келеді. 00-типі 

сұрыптары рапс дəндерінің құрамында адам ағзасына қажетті олейн, линол жəне басқа да 

қанықпаған  май  қышқылдарының  болуы  оның  тағамдық  құндылығын  арттырады. 

Қанықпаған  май  қышқылының  көп  болуы  өсімдік  майының  еру  температурасын 

төмендетеді: рапс -8-11

0

, күнбағыс пен зығыр -18



0

Рапс  майының  тағамдық  құндылығы  май  қышқылдарының  қолайлы  мөлшерде 



болуымен  ерекшеленеді,  оның  құрамында  линол,  линолен  қышқылдарымен  қатар,  олеин 

қышқылының  мөлшері  де  жоғары  деңгейде.  Бұл  құрамы  жағынан  зəйтүн  майымен 

салыстыруға  келеді.  Рапс  құрамында  полиқанықпаған  май  қышқылдарының  болуы  жүрек 

қантамыр ауруларының қауіпін төмендетеді. Рапстағы май қышқылдарының ұзын тізбекті 



43 

 

модификациялары  оны  балық  майы  сияқты  басқа  қанықпаған  май  қышқылдарының 



көздерімен  бəсекелесуге  мүмкіндік  береді.  Рапс  майын  өндіру  арқасында  өсімдік  майын 

тұтыну мөлшері жылына адам басына шаққанда АҚШ-та 26 кг, Чехияда - 25 кг, Германияда 

– 22 кг, Англияда – 19 кг, Ресейде - 12 кг дейін жеткен. Бұл елдерде өсімдік майымен қамту 

жоғары дəрежеде болғандықтан, 5-6 есе қымбат тұратын сарымайды тұтыну деңгейі 2-3 есе 

азайған, сəйкесінше жүрек қантамыр ауруларының деңгейіне де əсері байқалған [15-20]. 

Рапс  майы  бұл  эндокринді  жүйенің,  иммунді,  бұлшықет  жүйелері  мен  жүйке 

жасушаларының  қалыпты  жұмысын  қамтамасыз  ететін  Е,  А, D дəрумендерінің  көзі. 

Сонымен  қатар  құрамында  ауыстырылмайтын  амин  қышқылдары  мен  фосфолипидтердің, 

каратинойдтардың болуы майдың биологиялық құндылығын арттырады. Бір ас қасық рапс 

майы Е дəруменінің тəуліктік тұтыну мөлшерінің 30% қанағаттандырады[21]. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет