ғасырда тұрақтанса да, ол туралы көзқарастар ертедегі Үнді, Қытай, Грек елдерінде қалыптаса бастады. Тұрпайы материализм құлдық қоғамның туындысы. Оның өкілдері (Лао-цзы, Ян Чжу, Ван Чун, локаята мектебі, Гераклит, Анаксагор, Эмпедокл, Демокрит, Эпикур және т. б.) дүниенің материалдығын және оның адамның санасынан тәуелсіздігін мойындады. Әйтседе дүниенің көрнекті көріністері мен елестеушіліктері оның қасиеттері мен құрамы туралы жалпылама түсініктерден құралды, соларға теңестірілді. Дүниеге деген көзқарас жалпы бір деңгейге тиянақталынса да, грек философтары табиғатқа тән, ортақ бастаманы — дүниенің негізі саналатын түпкі субстанцияны табуға тырысты, Левкипп және Демокриттің материяның атомдық құрылысы туралы гипотезасы ертедегі материалистік ілімнің үлкен бір жемісі болды.
3. Қорытынды бөлім Философия таным процесінде ненің дәлелді, дұрыстығын және керісінше, ненің дәлелсіз, қателігін көрсететін мәселелерді қарастырады, теориялық ойланудың жалпы танымдық мәселелерімен шұғылданады. Философияның тарихында дүниеге көзқарас ұдайы түрленіп, толысып отырады. Дегенмен дүниетанымдық процесте үнемі кезігіп отыратын мәселе де бар. Ол, Энгельстің айтуынша «...ойлаудың болмысқа қатынасы туралы мәселе». Бұл мәселені, Энгельс философияның негізгі мәселесі — деді. Адам дүниемен қарым-қатынаста болғанда, болмыстың екі жағы да — материалдыққа және идеалдыққа душар болады. Материалды дүниеге айналадағы қоршаған заттардың бәрі, яғни адамның санасынан, ой жүйесінен тысқары, әрі одан тәуелсіз, объективті түрде өмір сүретіннің