келеді”. Менің ойымша, өмірде де солай - біреулер даңқ пен
байлыққа деген ашкөздікпен дүниеге келеді, ал философтар
болса тек бір ғана ақиқат үшін жаралған. Осыдан философтың
даңқ пен байлықты ойламайтындығы, бірақ заттар табиғатын
(мәнін) зерделейтіні және аңдайтыны келіп шығады.
Білікті маман, зерделі азамат болып өсіп шығуға, ертең
халық шаруашылығының тұтқасын ұстап, ел тағдырын
шешуге, қоғам дамуының жауапкершілігін мойнына алуға
ұмтылған әрбір жас үшін философия пәнін оқып-үйрену өте
қажет. Онсыз мынау күрделі, сансалалы, қатпар-қатпар
дүниенің, бүкіл әлемнің ішкі сырын, табиғатын, дамуының
мән-мағынасын ұғыну мүмкін емес. Философияны оқып
үйрену — іске творчестволықпен қараудың, ойлана-толғана
білудің, түрлі құбылыстарды талдап, маңыздысын ажырата
білудің, ой-өрісті кеңейтудің, жан-жақтылық пен жоғары
мәдениеттің кепілі. Бұған бүкіл адамзаттың жүріп өткен
тарихи жолы куә.
Ой жүйесінің ең жоғарғы деңгейі — дүниеге
философиялық көзқарас. Дүниеге философиялық көзқарас
дегенде дүниені, табиғи және қоғамдық құбылыстарды ой
жүзінде түсініп-ұғыну, табиғат пен адам арасындағы
байланыстар, әрекеттің және қарым-қатынастың саңада
ерекше бейнелену формасын айтамыз.
Адамдардың жаһанды танып-білуге, тіршілік
болмысының мән-жайын ұрынуға және болашаққа көз
жеткізуіне көмектесетін идеялар, принциптер, теориялар,
мақсат-мұраттар дүниеге философиялық көзқарасты
құрайды. Сонымен бірге сана қызметін реттеуші ой-пікірлер,
Достарыңызбен бөлісу: |