Жүректің қызметі дегеніміз - жүрек циклінің үш фазасы: құлақшаның жиырылуы,
қарыншаның жиырылуы және жүректің жалпы босаңсуының ырғақты түрде
алмасуы.
Жүрек циклінің жалпы ұзақтығы шамамен 0,8 секунд. Жүректің жалпы босаңсу
фазасына 0,4 секундтай уақыт кетеді. Жиырылу аралығындағы мұндай тынығу
жүрек бұлшық еттерінің жұмысын толық қалпына келтіруге жеткілікті болады.
[2]
Жүректің жиырылу жиілігі мен күші организмнің сыртқы және ішкі орта
жағдайларына байланысты. Жүректің жиырылу жиілігі мен күші артса, белгілі уақыт
бірлігінде тамырлар жүйесіне қан көбірек айдалады. Жүректің жиырылуы баяулап
әлсіресе, организмнің қан тамырларына келетін қан мөлшері кемиді.Сөйтіп, денеде
барлық мүшелердің қанмен жабдықталуы өзгереді. Жүрек қызметі автономиялы
нерв жүйесінің қатынасында рефлекторлы жолмен өзгеріп отырады.
Парасимпатикалық нервтер арқылы келетін импульстер жүректің жиырылуын
баяулатып әлсіретсе, симпатикалық жүйкелер арқылы келетін импульстер оны
күшейтіп, жиілетеді. Гуморальдық реттелу жүректің жиырылуын күшейтіп, жиілететін
бүйрек безінің гормонын жиілететін адреналинге, кальций тұздарына және басқа
биологиялық әрекетшіл заттар жүрек қызметіне қарама-қарсы әсер етеді. Нервтік
және гуморальдық жолмен реттелуі жүрек әрекетінің қоршаған орта жағдайларында
өте дәл бейімделуіне мүмкіндік береді. Дене еңбегін атқарған кезде, бұлшық
еттерден, сіңірлерден шығатын импульстер жүрек қызметін реттеп отыратын
орталық нерв жүйесіне келеді. Бұл симпатикалық нервтер бойымен жүрекке келетін
импульстер ағынын күшейтеді. Сонымен қатар қандағы адреналиннің шамасы
артады. Жүректің жиырылу жиілігі мен күші көбейеді.Жүрек жиырылу жиілігінің
баяулауын брадикардия, тездетуін тахикардия дейді.
[3]
Жүрек қызметінің реттелуі
|