Жүрек пен өкпедегі жетіспеушілік — егер жүректің қызмет етуге мүмкіндігі шамалы
болса, онда мұндай жағдайда қызмет етуге әкелінбейтін қосымша компенсаторлы
механизмнің қатысуынсыз жүректің мүшелері бірдей
қанмен
жабдықтауға
қабілетсіздігі.
Жүрек пен өкпе коэффициенті — қазіргі телеренген сәулесі арқылы зерттеу арқылы
анықталған жүрек көлдененінің, көкірек қуысы көлдененіне байланыстылығы; жүрек
ауруында ұлғаяды ренген көлеңкесінде ұлғайтылып көрсетеді, өкпе альвеоларының
эмфиземасында кемиді.
Жүрек пен өкпе ауруы — өкпеде қан кернегеннен жүректің оң жақ қан қуысының
қалыптан тыс ұлғаятын және (немесе) кеңейетін ауруы; әдетте кеңірдек
тарамдарының, өкпенің, өкпе қан тамырларының,
диафрагманың
, сірі қабықтың
және көкірек қуысының бұзылуынан пайда болады.
Жүрек пен өкпенің созылмалы т үрде ауруы — өкпенің созылмалы ауруында,
мысалы, өкпе тінінің араласып, дәнекер тінге айналып қатаюында, өкпе
альвеоларының кеңеюінде, өкпенің созылмалы қабынуында, көп жыл бойына бірте-
бірте дамиды.
Жүрек-өкпе препараты. Жүрек пен өкпе жұмыстарын зерттеу мақсатында қан
айналымын бұзбастан өкпе мен жүректі үлкен қан айналу шеңберінен ажыратуды
жүрек-өкпе препараты дейді. Жүрек-өкпе препараты арқылы жылы қанды жасанды
жолмен айдауға болады. Бұл әдісті бірінші рет И.П. Павлов қолданған.
Жүрек дыбысының тұйықтығы, тұншығуы. Жүрек дыбысының тұйықтығы,
тұншығуы жүрек жиырылғанда (соғу кезінде), жүректің үстіңгі және көкіректің
алдыңғы жағында пайда болады. Жүрек пен өкпенің аралығында пайда болған
дыбысты абсолюттік дыбыс, ал жүректің алдыңғы жағында шыққан дыбысты
-салыстырмалы дыбыс деп атайды.
[4]
1.
Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009.
ISBN 9965-822-54-9
2. Оқушы анықтамасы: 5-11 сыныптар. Биология / Құраст. - М.Қ. Смағұлова -
Павлодар : «Арман» баспасы, 2003.-317 б.
ISBN 9965-636-06-0
Жүрек пен өкпе
Дереккөздер
Нұрлан Рахымжанов
[4 жыл бұрын соңғы рет өңдеді]
3. Оқушы анықтамасы: 5-11 сыныптар. Биология / Құраст. - М.Қ. Смағұлова -
Павлодар : «Арман» баспасы, 2003.-317 б.
ISBN 9965-636-06-0
4. Пульмонология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы: Ана тілі.
1996.
ISBN 5-630-00473-5
Сердце (https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%B5%D1%80%D0%B4%D1%86%D0%
B5)
Heart (https://en.wikipedia.org/wiki/Heart)
«
https://kk.wikipedia.org/w/index.php?
title=Жүрек&oldid=2618955
» бетінен алынған
Сыртқы сілтемелер
(орысша)
(ағылш.)