Жоба жұмы сының кезендері
|
Жұмыс-тың мазмұны
|
Мұғалімнің тәрбиелік мақсат ты шешудегі негізгі іс-әрекеттері
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
Дайын-
дық кезеңі
|
Жоба тақы рыбын анықтау
|
Бір бағыт төңірегінде оқу-шыларды тақырып таңдауға ынталандырады. Топтағы әрбір оқушының пікірін ескере отырып, жұмысты жоспарлауға үйретеді
|
Әр оқушы өмірлік өз тәжірибесіне (егер ол болса), сүйене отырып, өз ойын ортаға салады, бірігіп жобаның түпкі мақсатын анықтайды
|
Жоспар-
лау
|
Топқа бө-лу. Ақпа- рат жинау
және тал-дау жолда рын көрсе ту. Әрбір топ мүшесі алдындағы жұмысын анықтау
|
Оқушыларды өз бетімен ақпарат жинауға бағыттай-ды. Әрбір топ мүшесінің пікірін ескере отырып, ұжымдық талқылау шеші-мін тыңдайды, қажет болса өз ойымен бөліседі. Оқу-шылардың жобасы бойын ша күнделігін тексереді
|
Топ арасында әркімнің атқаратын қызметін анықтайды, өз тақырып тарын анықтау жұмыс істеу кезеңдерін жос-парлап, бірінші нәтиже ге жету уақытын белгі-лейді. «Қоғамдық» тапсырманы орындауға дайындығын көрсетеді.
|
Зерттеу жұмысы
|
Ақпарат жинау, ара лық нәти-жені тал-дау, зерт-теудің не-гізгі құрал дары: сұх- бат, анке-та, бақы-лау, алын-ған түрлі ақпаратты талдау
|
Оқушы күнделігін бақылап, әрбір жетекшісімен және топ мүшелерімен жеке-жеке сөйлесу, талдау, нәти-жені салыстыру арқылы алдағы жұмысқа бағыт беру
|
Жеке және жұптық жұ-мыс, анкета сұрақта-рын құрастыру. Қажет болса сценарий жазу, қоғамдық ұйымдармен қарым-қатынас қалып-тастыру. Білімін әр пән дік салада кеңейтеді, түрлі қоғамдық жұмыс-тармен танысады, шы-ғармашылық, белсенді лік, талаптылық қасиет терін бойында қалып-тастырады
|
Нәтижені талқылау
|
Ақпаратты талдау, ше шім шыға-ру, тұсау кесердің қандай түр де өтетінін жоспарлау
|
Бақылайды, кеңес береді. Топ ішіндегі жеке оқушы-лардың еңбегін бағалай отырып, бірігіп қорғау үшін ынтымаққа бір-біріне деген сыйластыққа шақырады. Тұсаукесерге келетін қонақ тар тізімін жазады, қажетті аудио-, жабдықтайды
|
Топ арасындағы әркім нің ролін анықтап, алынған ақпараттың арасынан ең негізгіні белгілеп жазады. Проб лемалық сұрақтарды анықтап, оны бірге шешуге дайындалады
|
5. Жұмыс-
тың тұсау кесері
|
|
Тыңдайды, проблемалық сұрақтарды қоя отырып, оқушыны сөйлетуге мүмкін дік жасайды
|
Алынған нәтиже тура лы есеп береді. Бір-бірін мұқият тыңдай- ды, сөйлеу мәдениетін ескере отырып бір-бірінің ойларын жалғас тырып отырады.
|
6. Бағалау
және жос-парлау
|
|
Шығармашылық жұмысты бағалайды, еңбек иелерін алдағы үлкен мақсаттарға жетелейді
|
Ұжымды талқылай оты рып бір-біріне, өздері не баға береді, алдағы жұмыс жоспарын құрайды
|
Технологиядағы жобаның түрлері:
Ғылыми жоба;
Шығармашылық жоба;
Ойын түріндегі жоба;
Ақпараттық жоба және т.б. түрлері бар.
Мерзіміне қарай қысқа мерзімді жоба болып бөлінеді.
Жоба жұмыстарын ақпараттық, шығармашылық жоба түрлеріне жатқызуға болады. Ұзақ мерзімді жоба жұмысы болғандықтан, оқушылармен жұмыс жүргізуде әр топ шешуі тиіс проблеманың негізгі сатыларын басшылыққа алады. Олар:
Ақпараттық – «не істеу керек?»;
Жоспарлық – «бұған қалайша жетуге болады?»;
Шешім қабылдау – «іске асырудың жолдары мен құралдарын анықтау»;
Орындау – «жүзеге асыру»;
Бақылау – «тапсырма дұрыс орындалды ма?»;
Бағалау – «келесі жолы нені дәлірек істеген жөн?».
Жобалау технологиясының дидиктикалық негізін белгілі тақырыптардағы жұмыстарға шолу жасай отырып, байқап көрелік.
«Менің болашақ мектебім» жобасын жасаудағы жоспарланған түпкі нәтиже-тұтынушылар: мектеп директоры, оқушылар және ата-аналардың тілектерін, армандарын ескере отырып, сәулетші, биолог маманы, жергілікті әкімшілік өкілі заман талабына сай мектеп макетін жасап, оны тұтынушылар алдында қорғай білуі.
Осы жобадағы қызықты және өзекті ойлар – оқушылардың ойы және олар болашақ мектептің әнұранын жазып шығарды:
«Мектебім – шырағымсың,
Сарқылмас бұлағымсың.
Өзіңе бар құштарымды
Әнге ұштастырдым».
«Біздің театр» жоба жұмысын жасаған оқушылар қаладағы театрлар туралы соңғы нәтижесі ретінде – «Нені білемін? Нені білдім? Нені білгім келеді?» деген сұрақтарға нақты жауап бере білді.
Сонымен, оқушыларға дайын өнімді қабылдайтын ғана емес, өз бетімен ізденетін, дербес іс-әрекет жасай алатын тұлға ретінде қарау – жобалау технологиясының негізі. Нақты тақырып төңірегінде оқушының алдына әр кезеңде мақсат қоя біліп, сол мақсатқа қол жеткізудегі іс-әрекеті, яғни сиқыршының көжекті цилиндрдің астына салу үшін ұзақ мерзім көлемінде атқарған еңбегі тәріздес. Конфуцийдің «Естігенімді – ұмытамын, көргенімді есте сақтаймын, өзім істегенімді меңгеремін» дегені – бұл технологияның негізгі ұстанымы.
Достарыңызбен бөлісу: |