Қызылорда, 2021 Л.Қ. Ахметова, Д. А. Биманов, М. А. Биманова тарихты оқыту әдістемесіндегі педагогикалық ТӘсілдер



бет20/41
Дата31.03.2022
өлшемі371,74 Kb.
#29495
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41
Байланысты:
ТАРИХ

Оқушының іс-әрекеті

Мұғалімнің іс-әрекеті

оқушы - оқыту субъектісі.

бағыт-бағдар беруші, кеңесші.

мақсатқа дербес өз іс-әрекетімен жетуші белсенді субъект.

жеке тұлғаға қарай бағытталған ұсынушы, нақты мақсат қоюшы

өзін-өзі және бір-бірін оқытушы

оқушының жетістігін құптаушы

өнерпаз, жасампаз еңбектің иесі

ынталандырушы, мақсат қоюшы

өз ізденісімен табысқа жетуші шығар-машылық тұлға

мақсаттарға жетелеуші

Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат – оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу.

Егер оқушы жобасы тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса - ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасады. Әр түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай отырып, әр түрлі адамдармен тіл табыса отырып, әр ортада дұрыс бағыт – бағдар бере алады.

Сонымен, жобаның тиімділігі – көзбен көріп, құлақпен естіп,есте сақтай отырып,оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде.

Жобалау технологиясының негізінде –оқушылардың жұппен немесе топпен бірігіп дайындайтын шығармашылық жұмыстар жатыр.

Оқушылардың жоба жұмыстарын ұйымдастыру үшін жоғарыда айтылғандай, оны жоспарлай білу қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет