Қызылорда, 2021 Л.Қ. Ахметова, Д. А. Биманов, М. А. Биманова тарихты оқыту әдістемесіндегі педагогикалық ТӘсілдер



бет36/41
Дата31.03.2022
өлшемі371,74 Kb.
#29495
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Дискуссиялық оқыту. Бұл әдіс батыс еддерінің оқу орындарында кейбір міндеттерді шешуде басқа әдістерге қарағанда жақсы нәтижесін көрсеткен. Әдістің мәні нақты мәселені шешуде көзқарастар мен пікір алмасуда тиімді. Дискуссия көмегімен оқушылар жаңа білімді игеріп, өздерінің пікірін бекітіп, көз қарасын дэлелдеп шығуға көмектеседі. Оқыту дискуссиясының негізгі атқаратын қызметі танымдық қызығушылықты арттырады; қосымша қызметі оқыту, дамыту, тәрбиелеу және коррекциялы- бақылау.

Оқушылардың алдын ала немесе нақты мазмұнда және формаларды дайындығынан бұрын, лекцияның сапалығы басты роль атқарады. Басталатын дискуссияның тақырыбына байланысты білім жинау мазмұнды дайындықты қажет етеді. Білімді баяндау жолдарын анықтауға бағытталады.


Білімсіз өтілген дискуссия мәнсіз, мазмұнсыз және нақты болмай, қарама- қайшылықты және шашыраңқы. Сондықтан алдымен оппоненттерді сендіру керек. Мұғалім оқушылардың ойын дұрыс тұжырымдап, сұрақтар келтіріп, дәлелдер жасай білу білігін дамытуды қамтамасыз етеді.

Дискуссия тек қана гуманитарлық пәндерді тарихты, қоғамтануды
этика, эстетиканы, өнерді, психологияны, педогогиканы игеруде ғана емес, сонымен қатар берілген әдіс физика, химия, биология тағы басқа да пәндерді игеруде де нәтижесін көрсетеді. Дискуссия оқушыға танымал материалдардың мазмұнын толықтырып, оны тиянақтап және бекітуге көмектеседі. Мұғалім білімнің жүйесі терең ақпарат алуда, оқушылардың ойлау қабілетіне әсер етіп, әрі қарай дамытуына бағыт береді.

Дискуссия элементтері мектепте екінші бағытта практикаланып, әдіс толық мағынада жоғары мектептерде пайдаланып келеді. Оқушылар дискуссия арқылы өнермен танысады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет