ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі - әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар – шығармашылық, жоғары интелектілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық.
Осы нақты бағыттарда іздене отырып, біз білім беру жүйесінің жаңа мазмұнға ие болуына қол жеткізбекпіз, яғни қазіргі мектеп бәсекеге қабілетті және құзыретті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту үшін оқу - тәрбие үрдісін ұымдастыру ордасы болуы қажет. Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде қабылданған Қазақстанның стратегиялық дамуының 2030 жылға дейінгі дағыттары жас мемлекеттің ұлы таңдауы болса, қазір біз мемлекеттігіміз бен экономикамыз нық дамыған жаңа даму кезеңіне қадам басқан елге айналып отырмыз. Енді біздің алдымызда жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның міндеттері тұр, яғни біз білім беру жүйесін әлемдік деңгейге көтеруіміз қажет. Елбасының білім беру жүйесіне жасап отырған нақты қамқорлығы өз кезегінде бізге нақты міндеттерді де жүктейді. Мұғалім тек өз пәнінің білгірі болып қана қоймай, оқытудың қашықтан жүргізу жүйесін, әлемдік интернет жүйесін пайдалана отырып күнделікті сабақта ақпараттарды пайдалануды дағдыға айналдыруы қажет.
Осыған байланысты мектеп баланың дамуында негізгі рөл атқарады. Баланың жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуы мен ой-өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасында қаланады. Онда жан-жақты дамып, өз ой-пікірін еркін жеткізе алатын болады.
Сонымен қатар, қазақстандық білім беру үрдісінде соңғы уақытта, көбіне, оқушының жалпы білім, білік, дағдысын қалыптастыру ғана басты назарда болып келді. Оқу-тәрбие процесі баланың жеке ерекшелігі ескерілмей құрылды. Қазіргі білім беруде біршама өзгерістер болуда. Оның кейбір тұстары ғана емес, оқыту мен тәрбиелеу жүйесі түбірімен өзгеруде.
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Я.А.Коменскийдің, И.Гербарттың дәстүрлі объект-субъектілі педагоги-касының орнын басқасы басты, ол балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде, өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағыттылған. Мұндай жағдайда педагогикалық үдерістің маңызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер – оқытушы мен оқушының тұлғалық – бағытталған өзара әрекеті болып табылады.
Жаңа білім үлгісі бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын ғана емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |