Қызылорда облысының білім басқармасы



бет1/4
Дата24.11.2022
өлшемі1,28 Mb.
#52188
  1   2   3   4
Байланысты:
«Жас өспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» (1)


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі


Тақырыбы:
«Жас өспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу»



Оқу тобы: СП-22о
Топ жетекшісі: М.Т.Советбай

Қызылорда, 2022 жыл

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Жас өспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу»
Мақсаты: Білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтары біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап
Көрнекі құралдар: нақыл сөздер, слайд - презентация
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, назарын аудару, психологиялық ахуал туғызу.
Жүру барысы:
Кіріспе сөз.
Оқытушы: Құрметті ұстаздар мен студенттер! Мемлекетіміздің ата Заңының 1 – бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырылды. «Оның басты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөзді кіргізген. Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы.
Бугінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу»
Презентация: «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу»
Бүгінгі тәрбие сағатымызда біз жасы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында жиі кездесетін Әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың түрлері, қылмыстық жауапкершіліктің мерзімі жөнінде таныстырып өтеміз.
Бұл тақырып бүгінгі таңда қоғамды алаңдатып отырғандығы баршаңызға белгілі. Мемлекетіміздің ата Заңының 1 – бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырылды. «Оның басты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөзді кіргізген.
Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы..
Қазіргі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу,кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет