Байланысты: 11. Емтихан тапсырмаларынын жинагы. 9-сынып. 1- том
Қазақ тілі мен әдебиеті 9-сынып емтихан тапсырмалары 2-тапсырма. Төменде берілген әр сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз. Сөйлемдерді
берілген сөздермен бастаңыз.
Мысалы:Наурыз мерекесі әлемнің ең көне мерекелерінің бірі болып саналады. Көне мерекелердің бірі _______________________________
Жауабы:Көне мерекелердің бірі дүниежүзі бойынша Наурыз мерекесі екен. 1. Бұл мереке Орта Азия халықтарында мыңдаған жылдар бойы тойланып келеді.
Орта Азия халықтарында ______________________________________________
_________________________________________________________________________
2. Парсының «нау» сөзі әр түрлі өзгерістерге ұшыраса да, мағынасы көп халықтың тілінде
сақталған.
Әр түрлі өзгерістерге ____________________________________________________
_________________________________________________________________________
3. Шығыс жыл санағы бойынша, бұл мереке ирандықтардың жаңа жылы- Наврузға жақын.
Бұл мереке ____________________________________________________________
________________________________________________________________________
4. Қазақтардың Наурызды тойлау тарихын ұлы ақын Абай өзінің «Біраз сөз қазақтың
қайдан шыққаны туралы» жазбасында көшпелі халықтардың тарихымен ұштастырады
«Біраз сөз қазақтың қайдан шыққаны туралы» жазбасында ____________________
_________________________________________________________________________
5. Шығыс халықтарының Наурыз мерекесін қалай тойлағаны туралы деректер көп
Наурыз мерекесін ______________________________________________________
_________________________________________________________________________
6. Жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжаған.
Болашақты ____________________________________________________________
_________________________________________________________________________
7. Үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – «күн символын» салған.
Күн символын _________________________________________________________
_________________________________________________________________________
8. Наурыздың дәстүрлі тағамы «Наурыз көже» туралы деректер өте көп.
Наурыз көже ___________________________________________________________
_________________________________________________________________________
9. Қазақстанда Наурыз мерекесі 1988 жылдан бері қайта жаңғырып,халық болып тойлау
дәстүрі өз жалғасын тапты.
Наурыз мерекесі _______________________________________________________
_________________________________________________________________________
10.Сан ғасырлық парасат пен еңбектің нәтижесінде қалыптасқан Наурыз мерекесі
халықтың жарқын болашағының кепілі болып қала береді.
Наурыз мерекесі _______________________________________________________
_________________________________________________________________________