31
Қазақ тілі мен әдебиеті
9-сынып емтихан тапсырмалары
2-тапсырма.
Төменде берілген әр сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз. Сөйлемдерді
берілген сөздермен бастаңыз.
Мысалы: Адамзат баласы жасаған мәдениет екі түрге бөлінеді.
Мәдениет
____________________________________________
Жауабы: Мәдениет
адамдардың жасауы бойынша екі түрге ажыратылады.
1.Адам баласының шаруашылыққа байланысты күн көрісінен туған дүниелер
материалдық мәдениетті құрайды.
Материалдық мәдениетті ________________________________________________
2. Көшпелілердің рухани мәдениетінің дамуы тіршілік қарекетінің, тұрмысының
ерекшеліктерінен туындайды.
Рухани мәдениетінің дам________________________________________________
________________________________________________________________________
3. Киіз үй — Орталық Азия халықтарының негізгі баспанасы, көшпелі тұрғын үйі.
Орталық Азия халықтарының____________________________________________
__________________________________________________________________________
4. Көшпенділердің киіз үйі — тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік құрылыс.
Тарихымыздағы________________________________________________________
________________________________________________________________________
5. Киіз үйдің ағаш құрамы үш бөліктен тұрады: кереге, уық және шаңырақ»,-деп жазады
Шоқан Уәлиханов.
Шоқан Уәлиханов____________________________________________________
_________________________________________________________________________
6. Қазанды татулықтың белгiсi ретiнде көрсететін аңыздар да бар.
Татулықтың белгісі______________________________________________________
_________________________________________________________________________
7. Мұны «төр» сөзi Орхон-Енисей жазбаларында мемлекет мағынасында
қолданылғанынан байқауға болады.
Орхон-Енисей жазбаларында _____________________________________________
_________________________________________________________________________
8. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды.
Жер сілкінісінде ________________________________________________________
_________________________________________________________________________
9. Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып
жүр.
Жер сілкінісінен________________________________________________________
________________________________________________________________________
10. Көшпенділердің киіз үйі- ғасырлар бойы өз құндылығын жоймай келе жатқан құнды
мәдени жәдігер.
Ғасырлар бойы_________________________________________________________
_________________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: