102
Қазақстан тарихы
9-сынып емтихан тапсырмалары
Жалпы білім беретін мектептерге. III нұсқа
А бөлімі
1. Батыс Түрік қағанатының жазғы ордасы
A) Сығанақ
B) Тараз
C) Мыңбұлақ
D) Отырар
2. Қазақ даласында ислам дінін таратушылар
A) Батырлар
B) Қожалар
C) Билер
D) Сұлтандар
3. «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» еңбектің авторы
A) Құрбангали Халид
B) Мәшхүр Жүсіп Көпейұлы
C) Шәкәрім Құдайбердіұлы
D) Көкбай Жанатайұлы
4. Бабаджа хатун кесенесі салынған қала
A) Сайрам
B) Испиджаб
C) Тараз
D) Түркістан
5.Абай білім алған медрессе
A) Ғалия
B) Расулия
C) Хұсайния
D) Ахмед Риза
6. Алғаш рет жыл санау жүйесі туралы деректер , тригонометрия негіздері, астрономия
мәселелері айтылған Әбу Райхан Бирунидің еңбегі
A) «Құтты білік»
B) «Азаматтық саясат»
C) «Бақытқа жету туралы»
D) «Масхұд кестелері»
7.1867-1868 ж.ж. Орынбор генерал губернаторлығына кірген облыстар
A) Жетісу, Сырдарья
B) Ақмола , Семей
C) Орал, Торғай
D) Сырдарья, Ақмола
8. Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы
A) 1999 ж.
B) 2000 ж.
C) 1998 ж.
D) 2002 ж.