Қызылорда облыстық ОҚу орталығЫ (Әдістемелік кабинет)



Pdf көрінісі
бет40/151
Дата19.05.2022
өлшемі9,1 Mb.
#34990
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   151
Байланысты:
11. Емтихан тапсырмаларынын жинагы. 9-сынып. 1- том

 
3-тапсырма
Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. Мүмкіндігінше, өз сөзіңізбен жауап 
беруге тырысыңыз. 
1. Ата Заңның негізгі міндеті қандай?__________________________________
2. Ата Заңымыздың басты ерекшелігі қандай? Кем дегенде 2 ерекшелікті атап 
көрсетіңіз._______________________________________________________________ 
3. Ата Заңның негізгі қағидалары қандай? 2 дәлел келтіріңіз? 
________________________________________________________________________ 


38 
Қазақ тілі мен әдебиеті 
9-сынып емтихан тапсырмалары 
 
Инновациялық мектептерге. ІІІ нұсқа
 
1-тапсырма. 
Төменде берілген мәтінді оқыңыз. 
Құлан - жоғалудың аз-ақ алдында тұрған жануар 
Қазақстанның “Қызыл кітабына” жоғалудың аз-ақ алдында тұрған жануар құлан да 
енген. 
Құлан, жалпы айтқанда, жылқы тұқымдас жануар. Құландар жылқы сияқты тебініп 
қоректенеді, шөп талғамайды. Зерек, батыл әрі сақ келеді. Адамның иісін алыстан сезіп 
қойып, 1 шақырым жерден қашып кетуі мүмкін. Сонымен қатар ол — өте қызыққұмар 
жануар. Далада келе жатып өзіне бейтаныс зат көрсе, жақын келіп, зерттеп кетеді.
Бір ғасыр бұрын қазақ даласын құланның 3 түрі мекен еткен көрінеді. Олар: 
монғол, қазақ және түркімен құланы. Монғол құланы Шығыс Қазақстанды мекендесе, 
қазақ құланы орталық және оңтүстік аймақтарды, ал түркімен құланы Батыс Қазақстанды 
жайлаған.
ХХ ғасырдың басында қазақ құланы түгел жойылып кетсе, монғол мен түркімен 
құланы біздің елдің территориясынан ауып кеткен. Оған әсер еткен әр түрлі факторлар 
бар. Негізгілері:1. Кең далада еркін жайылып жүрген құландарды аңшылар есепсіз 
аулағандықтан саны азайды. 2. Қазақ даласында бірнеше рет болған жұт та құландардың 
жойылып кетуіне әсер етті. 3. Құландардың жайылымдарын өңдеп, егістік, құрылыстар 
жүргізу жұмыстары да өз әсерін берді. 
1953 жылы құландардың көбеюін қайта қалпына келтіру мақсатында оны 
қайтарудың алғашқы жұмыстары басталып, Түркіменстаннан «Барсакелмес» қорығына 14 
құлан алып келінген. Қазақ даласына жерсінген құландар саны ақырындап өсе бастаған. 
Бұл жұмыстар бірнеше кезеңнен тұрды.
Барсакелмеске жеткізілген 14 құлан көбейіп, 200 басқа жеткенен кейін оларды 
құрлыққа жеткізу жұмыстары басталды. 1982-1983 жылдары құландар Баракелмес 
аралынан “Алтын-Емел” мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне жеткізілді. Кейін құландар 
Жамбыл облысындағы “Аңдасай” мемлекеттік қорығы мен Маңғыстау өңіріндегі “Ақтау-
Бозашы” қорықтарына кіргізілді.“Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн және 
жойылып бара жатқан түрлері мен киiктерді сақтаудың және қалпына келтiрудiң 2005 - 
2007 жылдарға арналған бағдарламасы” аясында бұл жұмыс қайта жалғасты. Жүргізілген 
жұмыстар нәтижесінде Қазақстанда құландардың төрт тобы қалыптасты. Олар: 
Барсакелмес, Алтын-Емел, Аңдасай және Ақтау-Бозашы құландары. 
Құландар табиғатта жайылу арқылы түрлі өсімдік тұқымдарының басқа жерлерге 
тарауына көмектеседі, жерді қопсытады. Сонымен қатар топырақ құнарлығының артуына 
ықпал етеді, экожүйедегі кішігірім өзгерістердің басталуына мүмкіндік береді. 
Экономикалық жағынан алып қарайтын болсақ, тұрғындарды жұмыспен қамтуды айтуға 
болады. Сондай-ақ эко-туризмнің дамуына жағдай жасайды. 
Сондықтан табиғатты сақтау мақсатында құландардың жойылып кетпеуіне жағдай 
жасау — әрбір адамзаттың басты парызы.
(319 сөз) 
Мәтіннен мына сөздердің сәйкес мағыналарын табыңыз. 
Аң – _______________________________________________________________
Таныс емес – _______________________________________________________ 
Тұңғыш – ___________________________________________________________ 
Әкелінген – _________________________________________________________
Борышы – __________________________________________________________


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет