105
Қазақстан тарихы
9-сынып емтихан тапсырмалары
Инновациялық мектептерге. I нұсқа
А бөлімі
1. Батыс Түрік қағанатында «он оқ бұдын» тайпалары мекендеген аумақ:
A) Шаштан Бесбалыққа дейін
B) Қаратаудан Жоңғарияға дейін
C) Алтайдан Балқашқа дейін
D) Жетісудан Сыр бойына дейін
2. Қазақ хандығының басқару жүйесі бойынша ең төменгі сатыда тұрады:
A) ауыл
B) ұлыс
C) жүз
D) хандық
3. Петербург университетінің стипендиаты, Семейлік алғашқы қазақ заңгері:
A) Әлихан Бөкейханов
B) Темірбек Нұрекенов
C) Мұстафа Шоқай
D) Жақып Ақбаев
4. Қазақ халқы арасында бір-біріне тегін көмек беру дәстүрі аталады:
А)
сыйақы
В) садақа
С) асар
D)
зекет
5. Құрылысы киіз үйге ұқсас ескерткіш:
А) Дың
В) Ақыртас
С)
Сардоба
D) Тектұрмас
6. Қазақ жазба әдебиетінің негізін салған тұлға:
А)
Абай Құнанбайұлы
В) Ыбырай Алтынсарин
С)
Ахмет Байтұрсынұлы
D) Шоқан Уәлиханов
7. Түркология ғылымының негізін салған Махмуд Қашқаридің еңбегі:
А) «Диуани лұғат ат- түрік»
В) «Құтты білік»
С) «Ақиқат сыйы»
D) «Азаматтық саясат»
8. 1886 жылдан бастап Түркістан өлкесіне енген облыстар:
А) Ақмола, Семей, Жетісу
В) Орал, Торғай, Орынбор
С)
Сырдария, Ферғана, Самарқан
D) Жетісу, Сырдария, Бұхара