Байланысты: 11. Емтихан тапсырмаларынын жинагы. 9-сынып. 1- том
Қазақстан тарихы 9-сынып емтихан тапсырмалары 9. Қазақ тіл білімінің негізін салушы, қоғам қайраткерін белгілеңіз.
A) А.Байтұрсынұлы
B) Ә.Бөкейханов
C) С.Сәдуақасов
D) М.Дулатов
10. 1970-1985 жылдары көлге құятын өзендер суы азайып,металлургия кәсіпорындары
өндіріс қалдықтары әсерінен ауыр металдар мен күкірт оксидтерінің мөлшері артқан
көлді көрсетіңіз.
A) Жасыбай
B) Балқаш
C) Зайсан
D) Алакөл
11. Горбачев барынша қатқылдау сөйледі: «Бұл мәселені шешуді бізге қалдыр.
Республикаға жақсы коммунист жіберіледі». Қазақстанда осы коммунистің келуімен
орын алған оқиғаны белгілеңіз.
A) 1958 жылғы Теміртау оқиғасы
B) 1979 жылғы Целиноград оқиғасы
C) 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
D) 1989 жылғы Жаңаөзен оқиғасы
12. Комитет дүниежүзі елдері мен КСРО үкіметінің назарын Арал теңізінің экологиялық
апатына аударуда көп жұмыстар атқарды. Комитет кімнің бастамасымен құрылғанын
табыңыз.
A) О.Сүлейменов
B) М.Шаханов
C) Ә.Кекілбаев
D) Д.Қонаев
13. 1993 жылы 15 қарашада Қазақстанда болған тарихи оқиғаны табыңыз.
A) Мемлекеттік рәміздер қабылданды
B) Жаңа Конституция қабылданды
C) Президент сайлауы өтті
D) Ұлттық валюта теңге айналымға шықты
14. Қазақстанда 31 мамыр қандай күн деп белгілендігін анықтаңыз.
A) 1986 жылғы қайғылы оқиғаның құрбандарын еске алу күні
B) Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
C) Семей ядролық полигонының жабылған күні
D) Ауған соғысы құрбандарын еске алу күні
15. Лондон олимпиадасының чемпионы, Вэл Баркер кубогына ие болған қазақ жерінен
шыққан үшінші спортшыны табыңыз.
A) С.Сәпиев
B) Б.Саттарханов
C) Е.Ибраимов
D) А.Таңатаров