Қызықты есептер



бет2/44
Дата02.12.2023
өлшемі320,58 Kb.
#132519
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
Қызықты есептер-emirsaba.org

10 20 30 40
10 20 30 40
10 20 30 40
10 20 30 40

Жасыл 10 - Қатты жолға қарағанда неге құмды жолмен жүру қиын? (Қатты жолда күшті тек жүруге жұмсаймыз, ал құмды жерде аяғымыз құмға батып, ондағы үйкелісті жеңу үшін денедегі энергия жұмсалады. Энергияның артық жұмсалуы адамды шаршатады)


Жасыл 20 – Қолыңызға 30 см сым берілді сымнан құрастырылған тіктөртбұрыштың периметрінің ауданын тап. (периметр көпбұрыштың қабырғаларын бір түзудің бойындағы ұзындығы 30 см)
Жасыл 30 – Неге су отты өшіреді? (су буға айналып, оттың көп жылуын алады. бу отқа ауа жібермейді. Ал ауасыз от сөнеді)
Жасыл 40 – тарелкеге су құйылған. Оның ішінде тыйын салынған, сол тыйнды саусақтарыңыз суға малынбай алу керек. Сізге қағаз, стакан, сірінке берілген. (Қағазды өртеп стаканның ішіне саламыз да, тараелкеге тиыннан алшақ жерген төңкереміз, қағаз лезде сөнеді де, ауа қысымы тарылып, тарелкедегі суды стаканның ішіне тартады. Тиын құрғақ шығады.)

Қызыл 10 – Қардан жасаған ақ қалаға тон кигізссе еріп кетеме? (Жоқ ерімейді, себебі тон жылу бермейді)


Қызыл 20 – Винтті бұрғанда неге астына шайбы салынады? (тіреу ауданын ұлғайтып мықты бұрау үшін)
Қызыл 30 – температуралары әр түрлі, бірдей мөлшерде су бар екі ыдысқа бояу түйіршіктері салынды. Қай ыдыстағы судың салқын екендігін қол тигізбей анықтауға болады? (Жылы суға салынған бояу түйіршіктері тез еріп кетеді, ал салқын судан жай ерейді)
Қызыл 40 – Ортасы тілінген қағаздан адамды қалай өткізуге болады? Қайшыны пайдалануға болады (Тілік бойынша бүктеп оны шиыршықтай қиямыз. Қағазды жазған кезде шеңбер пайда болады сол шеңберден адам өтеді)

Көк 10 – Математика кішкентей қалашықта тоқтады да, шашын қысқартпақшы болады. Қалада тек екі шаштараз бар. Бірінші шаштараздағы шебердің шашы онша жақсы қиылмаған. Математика қай шеберге барады. (Екінші шаштараздағы шеберге барады)


Көк 20 – Баласынан әкесі 27 жас үлкен. Неше жылдан кейін баласы әкесінен 30 жас кіші болады? (мүмкін емес)
Көк 30 – Жолда бір қыз бен ер азаматты кездестірген кезде: «Сіздер бір-бірлеріңізге кімдер боласыздар?»-деген сұрағына қыз былай деп жауап береді: «Бұл кісінің шешесі, менің шешемнің енесі болады». Сонда олар бір-біріне кім болады? (Әке мен қыз)
Көк 40 – Төрт қайың қатар өсіп тұр, әрбір қайыңда 4-4 тен үлкен бұта бар, әр үлкен бұтақта 4-4 алма бар. Барлық алма саны қанша? (Бірле бір алма жоқ. Қайын ағашында алама өспейді)

Сары 10 – Қазақ халқы физиканы білген бе? Қандай мысал келтіресіз ( бесік тербелісі – маятник)


Сары 20 – Айдар қағаз парақты 5 рет бүктеді, сосын ол бүктеген қағазды тескен. Қағаз парақты қайта жазғанда неше тесік шығады? (16 тесік)
Сары 30 - Бір кішкене қыз атасынан, сіз нешедесіз деп сұрайды. Сонда атасы «менің жасымды алты есе кемітіп, 6-ны алса, 6 тең болады». Сонда атасы нешеде? ((6+6)*6 = 72)
Сары 40 – Табаға бір салғанда 2 самса салуға болады. Самсаның бір жағының пісуіне 1 минут, екінші жағына 1 минут, барлығы 2 минут уақыт кетеді. Үш самсаны 3 минутта қалай пісіруге болады? (екі табаның көмегімен)
Сайыскерлердің ұпайларын санағанша ортаға Қадіржанов Ернияз домбыра

Сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз. Келесі бөлімге өтетін 5 оқушыны таңдауларыңыз керек. Ұпайы аз 3 сайыскріміз бен қоштасуымызға тура келеді. Қол соғып қошеметтеп ойнымыздар шығарып салайық.


Келесі ІҮ бөлім: Беласар әр бетшеде жазылған логикалық есептерге 30 сикунт көлемінде ойлануға болады. Ұпай саны 5
1-бетшеде
Тышқан өз ініне жету үшін 20 адым жасау керек. Ал мысық тышқанның тұрған орнына жету үшін 5 рет секіру керек. Мысық 1 рет секіргенше тышқан 3 адым жасайды. Мысықтың бір секіру қашықтығына тышқанның 10 адымына тең. Екеуінің қозғалысы бір мезгілде басталса, мысық тышқанды қуып жете алама? (жете алмайды.)
2-бетшеде
Екі балықшыдан кәрзеңкелеріңізде неше балық бар деп сұрағанда біріншісі менің кәрзенкемдегі балық жолдасымның кәрзеңкесіндегі балықтың жартысына тағы да 10 балық қосқанға тең депті. Ал екіншісі менде жолдасымның барлық балығына 20 балық қосқанға тең депті. әрқайсысында қанша балық бар? (60, 40)
№ 45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет