26.Ағасы мен інісінің ақшалары 5:1 қатынасында.Ағасы інісіне 30 теңге берсе, ақшалар 5:4 қатынасында болады. Ағасында неше теңге болды?
27. Бірінші қоспа 1:2 қатынасында екі түрлі металдан тұрады. Сол металдар екінші қоспада 2:3 қатынасында. Бірінші қоспадан 18кг, екінші қоспадан 60кг алып қайта балқытса, металдар қандай қатынаста болады?
28.Аралығы 62км мекен-жайдан бір мезгілде бір-біріне қарсы жаяу жүргінші мен велосипедшінің жүрген жолының 11/20 бөлігін жүріпті. Егер велосипедшінің жылдамдығы 4,5км/сағ-қа артық болса, олар кездескенше неше сағат жүрді?
29.Арбаның алдыңғы доңғалағы шеңберінің ұзындығы 1,2м,артқы доңғалағының шеңберінің ұзындығы 2м.Артқы доңғалақ алдыңғы доңғалақтан 60 айналым аз айналса, арба қанша жол жүрді және доңғалақ неше айналды?
30. Арбаның алдыңғы доңғалағы шеңберінің ұзындығы 1,2м,артқы доңғалағының шеңберінің ұзындығы 1,8м. Алдыңғы доңғалақ артқы доңғалақтан 30 рет артық айналса, арба қанша жол жүрді?
31.Біір бригада 90га,екінші бригада 82га жерге қызылша егіп,бірінші бригада 2868ц. Қызылша артық алды. Бірақ екінші бригада әр гектардың 6 центнерден артық қызылша алған болатын.ү Сонда әр бригада 1га жерден қанша өнім алды?
32. Бақылау жұмысын сыныптағы балалардың 8-і 5-ке, 18-і 4-ке,12-сі 3-ке жазып шықты.Тағы бірнеше бала 2 алды.Оқушылардың орташа бағасы 3,8 болса, 2 алған бала нешеу?
33.Колхоз бірінші күні 3400кг аллманың килограмын 19 теңгеден сатты. Қалғанын келесі күні 16и теңгеден сатып еді, орташа есеппен алманың килограмы 17 теңгеден шығыпты.Барлығы неше килограмм алма сатылды?
34.Бір бригада гектарынан 21,6 центнерден, екінші бригада 19,2 центнерден астық алды. Бірінші бригада 200га жер артық сепкен. Екі бригаданың алған астықтарыорта есеппен гектарынан 20,7 центнерден болып шықты.Әр бригада қанша жерге егін екті?
35. Балаларға жаңа жылғы сыйлыққа килограмы 18 теңгеден алма, 130 теңгеден конфеттер алынды.Алманы 10кг артық алып еді,сонда 1кг сыйлықтың орташа бағасы 66 теңге болды. Әр балаға 500грамм сыйлық берсе, сыйлық неше балаға жетеді?
36.Болаттың бір сортының құрамындағы никель 0,6%, екінші сортында 0,4%. Құрамында 0,54% никелі бар 100 тонна болат қорытып шығару үшін әр сорттан қаншша болат алу керек?
37.12м жібекке 9,5м сәтенге төлегеннен 1120 теңге артық төледі. Жібектің метрі 60теңгеге қымбат болатын. Жібек пен сәтеннің метрі неше теңгеден?