1.Екі қаладан бір мезгілде бір-біріне қарсы екі машина шықты. Біреуі 3 сағатта барлық жолдың 0,08 бөлігін, ал екіншісі 2,5 сағатта 7/120 бөлігін жүріп өтті. Егер екі машина кездескенде екінші машина 800км жүріп өткен болса, оның жылдамдығы қандай?
2. Екі қала аралығын жеңіл машина 2 сағатта , жүк машинасы 3 сағатта жүріп өте алады. Екі машина бір-біріне қарсы қозғалғанда жүк машинасы 1 сағат бұрын шықса, олар кездескенше жолдың қандай бөліктерін жүріп өтеді?
3. Бірінші құбыр су қоймасын 15, екінші-18, үшінші құбыр 24 сағатта толтыра алады. Егер екінші құбырдан сағатына 98 текше метр (кубометр) су ағатын болса,үш құбыр бір мезгілде ашылса, су қоймасы толғанша әр құбырдан қанша су ағады?
4. Бірінші құбыр су қоймасын 24, екіінші -30, үшінші- 40 сағатта толтыра алады.Бірінші құбыр екінші құбырға қарағанда сағатына 6 текше метр су артық құяды.Су қоймасы толғанша әр құбырдан қанша су құйылады?
5. Қазір сағат 4.Неше минуттан кейін сағаттың минуттық тілін қуып жетеді?
6.Ағысқа қарсы 9 сағат жүрген қайық, қайтуға 7 сағат жұмсайды. Өзеннің ағу жылдамдығы 2км/сағ болса, екі бағыттағы қайықтың жылдамджығы қандай?Ақпайтын судағы қайықтың жылдамдығы тұрақты.
7. Машина тауға қарай орташа 40км/сағ жылдамджықпен жүреді. Төмен түсерде 60км/сағ жылдамдықпен жүреді.Жоғары көтерілуге кететін уақытпен салыстырғанда төмен түсуге кететін уақыт 45 минут кем болды.Бір бағытта жүретін жол неше км?
8.Моторлы қайық ағысқа қарсы 9сағат жолын қайтарында 6 сағатта жүріп өтті. Өзеннің ағу жылдамдығы 4км/сағ болса, қайық неше км жерге барып қайтты? Тынық судағы қайықтың жылдамдығы тұрақты.
9.Екі от басына тік төртбұрыш тәрізді, аудандары тең, саяжай бөлінді.Біреуіне берілетін жердің ұзындығы 72м, екіншісінің ұзындығы 63м, бірақ екінші ауданның ені 6м-ге ұзын.Саяжайлардың ауданы қандай?
10.3 бригада жұмысқа бірге кіріссе, 8 күнде бітіріп шығар еді.Бірінші бригада жеке істесе,30 күнде бітірер еді. Бірінші мен екінші бригадалар бірігіп істесе, 12 күнде бітірер еді. Екінші, үшінші бригадалар жеке-жеке жұмысты неше күнде бітірер еді?